Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Творческие проекты учащихся

"Бесқарағай – қасиетті мекенім!" Өлеңдер жинағы
Алғы сөз

Ұстаз бен шәкірттің шығармашылық жұмысының нәтижесі болып шыққан өлең жиынтығы.
Туған жеріне Отанына деген сүйіспеншілік сезімің, алдыңғы толқын ағалардың ізін жалғастыру мүмкіндігімен өз ұйқасын тауып жүректен шыққан әдеби шығармашылық өз оқырманын табады деген сезіммен құрылды.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде отбасынан бастап мектебің, ауылын, достарын, еңбек адамдарын мақтан етіп, ел тарихына үңіліп болашаққа сеніммен қарауға зор ықпалың тигізіп жеке тұлғаны қалыптастыруда үлесін қосатын құрал.
Әртүрлі жастағы оқырманға ұсынылады.

Шығармашылық жетекшісі: Ишмакина К.К.
Шәкірті: Төлеутаев Аслан

Ұстазым менің

Ең алғаш мектепке мен келдім
Ұстазым қарсы алды, мектебім.
Күн сайын біліммен сусындап
Мен өстім еркелеп, армандап

Аяулы анамдай болдыңыз
Ашылды білімге жолымыз
Ешқашан ұмытпас шәкіртің
Білімнің бастауы өзіңіз

Мектебім!

Мектебім менің, мектебім
Сенде өсіп көктедім.
Арманға мені жетелеп,
Биікке келемін өрлеп.

Қызық қой шіркін, бал дәурен
Қиялдап кетеміз елден,
Келеміз біліммен жарысып
Толқындай таласа асығып..

Сенен шабыт алдым мектебім,
Құтты болсын мерей тойың мекенім,
30 жасқа келіп қалдың, міне дағы
Талай ұрпақ білім нәрін шыңдады.

Анашым!

Қымбаттысын, ардақтысың жан Анам!
Өлең жолын өзіңізге арнағам
Қалай ғана ақтаймын деп өзіңнің
Төртке бөліп түн ұйқыңды оянған

Табиғат та өзіңіздей жан ана
Берері көп аямастан адамға
Осылайша жаратыпты ананы
Жүрегіңмен сезесін өз балаңды,


Сыңғырлай бер, қоңырау!


Ауылымда мектебім,
Зәулім, биік, көрікті
Оқып шығып кетеді,
Талай бала жүйрікті.

Үш қабатты, тап-таза
Жарық әсем бөлмелер
Ауласында жаз бойы
Көктеп өседі сан гүлдер.

Бау-бақшасы тағы бар
Көкеніс пен жемістер,
Татқан талай балалар
Еңбек күшін сіңірген.

Еңбегі әр кез қайнаған,
Мектебім менің жайнаған
Шеттен келген адамға
Осылайшы мақтанам!

Ақ қайың!

Ақ қайын балалардың мерекесі,
Балауса балдәуреннің берекесі.
Балақай өнеріне тамсанатын,
Ел жұртым қуанышпен қауышатын.

Бақытты ғой, осындай балалық шақ,
Өнеріміз өрлесін көпке ортақ,
Сөз өнерін мен дағы насихаттап.
Келемін Ақ қайыңға шаттық арнап.

Ауданым аталады Бесқарағай,
Адамдар еңбек етеді тыным таппай,
Үлкен менен кішінің құрметіне,
Бөленіп келеді ғой осы күнде,

Ақ қайын зор еңбектін жемісі деп,
Ән мен күй шаттығының жеңісі деп
Осы тойға арнаған өлеңімді
Шырқаймыз Бесқарағай өңірінде!

Қос шынар

Мәншүктей айбатты,
Әлиядай қайсарлы,
Қахарынан қан төкті
Елім деп, жерім деп,,

Жанын қиып, паш етті.
Қос шынардай қазақ қызы қайсарлы,
Бізді қорғап, өмір сыйлап
Неткен батыр, айбарлы!

Тас мүсінге үңіліп бір қарасаң
Биік тұрған қорған болып келеді.
Төбедегі куә оған көк аспан

Сырласады оларменен жымыңдаған жұлдыздар
Әлия мен Мәншүгімнің ерлігі,
Ұмытылмас еш уақытта ешқашан


Ұлы Жеңістің 65 жылдығына!


Ұлы Жеңіс құтты болсын халайық,
Есімізге сол жылдарды алайық
Соғыс деген суық сөзбен айтылған,
Көрсетпесін адамзатқа ешқашан.

Ауылымда бар осындай аталар,
Сол соғыстан аман келген батырлар
Қарай мын ғой мен оларға таңдана,
Отан сүуген, елін сүйген,
Келмегені қаншама,,,

Қандай құрмет көрсетсек те ылайық,
Ардагер ге құрметпенен қарайық
Сол күндерден 65 жыл өтсе де
Әр адамның сақталады есінде.

Тәуелсіз Қазақстан!

Отаным – Тәуелсіз Қазақстан,
Ежелден бабалар аңсаған,
Армандап тәуелсіз ақ таңды,
Жастары тарихты жаңартқан.

Қайрат пен Ербол, сабира
Ләзаттай қызы, ұлдар да
Қазақтың намысын қорғаған
Терең ой тастады сол алаң

Желтоқсан алаңы боп қалды,
Тәуелсіз ұрпаққа жол ашты
Қазақтың ұл-қызы каһарман
Елімде батыр атанған.

20 жыл бұрын құантқан,
Тәуелсіз мемлекет атанған.
Өмірдің қиын жылдарын,
Намысын көтере атқарған.

Абай ата өсиеті.

Ақын ата! Жетелейді өмірде,
Жүрегіңнен бізге жеткен, сөзің де.
Адам болғым келеді білім алған,
Дүниені кеңінен аралаған.
Ой мен қиял алысқа апарады,
Өмірде әр адам жол табады.
Жол табады әр адам еңбек еткен
Білімге Абай ата бағыт берген.
Инемен құдық қазғандай боп,
Басқаша жол табылмас, амал да жоқ.
Тауып бердің адамның қасиетін,
Маған да сезіндіріп сөз құдіретін.
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек
Қазағыма-нығыз байлық бұл өсиет.
Абай ата! Ақыл сөзбен ой тербеттің
Табиғаттың тамашасын өрнектедін.
Қалай жүрем жылмезгілін байқамай!
Ерекше ғой, Абай ата айтқандай,
Қысқы аяз, боран соққан қаһарын
Көктем лебі аңқытады жұпарын!


Қазақстан – құт елім!


Қазақстан алтын ордам, бесігім,
Қазақстан берекелі құт – елім!
Көк аспанда желбіреген байрағым,
Азаттық пен татулықтықтың белгісі!
Елімнің көтеріліп мәртебесі,
Бірліктің де достықтың да айғағы,
Туған жердің таңы болсын арайлы!


Елін сүйген,
Елі сүйген – Елбасы.


Қазақ деген атыма мен мақтанам,
Қазақ деген затыма мен қуанам.
Талай ғасыр ата – бабам аңсаған
Тәуелсіздік болып келді бұл арман.
Самрұқ құсы – қазағымның бақ құсы
Арта берсін ел ішінде ырысы.

Қасиетті Ұлы дала Перзенті
Аман болсын Нұр ағамыз – Елбасы.
Ел тізгінің берік ұстап қолында,
Өркениетке жетелейтін жолында
Елбасының болашаққа тартуы
Жайнап тұр ғой бас қаламыз Астана!

Сара Алпысқызына арнау.

Жылы жүзді,
Күлімдейсіз көктемдей.
Күн нұрымен жылы лебіз жеткендей.
Кездескенде теледидар арқылы
Үлкен кіші қанаттанып қалады.

«Бөбек» деген жанға дауа естілед
Сіз салыпсыз осыған күш, зор еңбек.
Ана деген қасиетті ұғымды
Үлгі етіп барша ана ұстанды.

«Бөбек» деген болашаққа тәрбие
Бөбек болсын әрқашанда әр үйде
Бейбіт өмір, еңбек және береке
Ырыс толсын қазағымның жеріне!

Алыстан асқақтаған Астанам!

Еліміздің мақтанышы – бас қалам
15 жылдың аясында бой көтеріп
Әлемді таңдандырған Нұр қала!
Астана – Елбасының төл перзенті

Өркениет әлеміне жол сілтеді
Астана – болашағым, ақ арманым
15 жылдық тойына жыр арнадым
«Бәйтерек», «Хан шатыры», «Ақ Орда».


Жаңа қала Астана!


Есілменен Нұраның қақ ортасы
Зәулім, асқақ ғимараттар көз тартады
Гүлді кілем көшелерді жайнатады.
Атқылайды күміс сәуле фонтандары

Ерекше бір сән береді гүлзарлары
Жаңа қала, жас қала өзіңиенен
Мен қазақ, еркіндікпен өсіп келем!
Категория: Творческие проекты учащихся | Добавил: Gulsara0752 (2014-10-27) | Автор: Гульсара E
Просмотров: 1992 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 11:50 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru