Главная » Статьи » Творческие проекты учащихся |
«Білім процесінде АКТ-ны қолдану» Әли Эльмира Темірханқызы Байганин ауданы Байганин орта мектебі Тақырыптың өзектілігі: «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды» құру білім саласында еңбек етіп жүрген ұстаздар алдында жеке адамдардың, қоғамның және еңбек рыногының талаптарын қанағаттандыра алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр.Елбасының жолдауында: «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады» деген. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында жеке тұлғаны қалыптастырудағы білім берудің мақсаты мен оның тәсілдерін жетілдіру міндеті айқын көрсетілген.Атап айтқанда, онда «Орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген. «Бала құқықтары туралы конвенция» 29 – бабында білім алудың мақсаты туралы «Жеке тұлға ретінде дамуына, баланың бойындағы дарынын және ақыл – есін, дене бітімдік қабілеттерін барынша толық дамытуға» тиісті делінген.Білім алу тұлғалық, дарындық, саналық және шымырлық қабілеттің барынша дамуына бағытталуы керек.Білім, баланы азат қоғамдағы ересек әрі белсенді өмірге дайындалуы керек.Оқушылардың субъект ретінде дамуы және қалыптасуы үшін оның зерттеу – ізденушілік жұмыстарға үйренуі танымдық іс - әрекетінде маңызды орын алады. Адам өмірі үшін зерттеу – ізденушілік дағдылар тек ғалымдарға ғана емес, адамға кез – келген сферада жұмыс жасағанда керек. Жеке тұлға бойындағы негізгі дағды ретінде ізденушілік қасиеттің қалыптасуы қазіргі заман адамының стилі болуы қажет. Оқушыны зерттеу іс - әрекетіне үйрете отырып, оның субъектілігін қалыптастыратын қасиеттерін дамыту. Зерттеу объектісі: оқу – үрдісі. Зерттеу пәні: Ақпараттық – коммуникативтік технология - зерттеу – ізденушілік жұмыстарды ұйымдастырудағы тиімділігі. Мақсаты: Оқушыларды субъект ретінде дамыту үшін, ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдана отырып, зерттеу – ізденушілік жұмыстарды тиімді ұйымдастыру. Алған білімдерін практикалық іс - әрекеттерге қолдану, шығармашылық, жауапкершілік, белсенділіктерін дамыту. Өзіндік ой тұжырымдауға, саралауға яғни оқушының өзі арқылы өзін тәрбиелей отырып білім алуға үйрету. Зерттеу міндеттері: - Ғылыми – педагогикалық әдебиеттерден ақпараттық – коммуникативтік технология, зерттеу – ізденушілік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру туралы мәліметтер жинақтау, озық тәжірибелермен танысу, іс – тәжірибеде қолдану. - Оқушылардың зерттеу – ізденушілік жұмыстарға қабілеттерін, бейімділігін зерттеу арқылы іс – шаралар жоспарлап жүзеге асыру. - Зертеу – ізденушілік жұмыстарды ақпараттық – коммуникативтік технология арқылы ұйымдастырудың оқушының субъект ретінде қалыптасуына тигізетін әсерін анықтау. Ғылыми болжам: Егер оқушылардың зерттеу – ізденушілік жұмыстарын ақпараттық – коммуникативтік технология негізінде тиімді ұйымдастыра білсе, олардың шығармашылығы, белсенділігі, жауапкершілігі артады. Ақпараттық – коммуникативтік технология көмегімен орындалатын жұмыстар өзінің кез келген формасында тиімдірек орындалады, адамның дамуына әсерін тигізеді.Ақпараттық технологиянық артықшылығы ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығушылығын арттырады,өз бетінше оқып – үйренуі жүзеге асады,нәтижесін бірден көруі, жіберген немесе дұрыс меңгермеген тақырыптарды қайтадан оқу мүмкіндігі, оқу үрдісін басқару мүмкіндігі,бұрын алған білімдерін кеңейтеді. Кіріспе Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу. Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны. Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым. Ақпараттық-коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады. Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологиялары бағыттары: а) электронды оқулықтар; ә) телекоммуникациялық технологиялар; б) мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар; в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады: • Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру, әдістемелік пәндік Web –сайттар ашу; • Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану; • Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасау. (мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар). • Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету. Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру. Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін - ұйымдастыру және сұқбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады. Оқытудың ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологияларын пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда. Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады. Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы – білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады. Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп. Оқу процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар мүмкіндігін комлексті түрде қолдануды жүзеге асыру көп функционалды электрондық оқу құралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушылардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Ақпараттық-коммуникациялық құзырлық дегеніміз не? Ақпараттық құзіреттілік: - сын тұрғысынан ұсынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға; - өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жету үшін танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға; - ақпаратты өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта қарауға сақтауға, түрлендіруге және тасмалдауға, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға; - логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеу, аналогия бойынша дәлелдеу, моделдеу, ойша эксперименттеу, материалды жүйелеу) қолдана отырып, ақпаратты өңдеуге; - өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпаратты қолдануға мүмкіндік береді. Ақпараттық-коммуникациялық құзырлылық – бұл оқу, тұрмыс және кәсіби бағыттағы міндеттерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Коммуникативтік құзіреттілік: - нақты өмір жағдайында өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға; - коммуникативтік міндеттерді шешуге сәйкес келетін стилдер мен жанрларды таңдауға және қолдануға; - әдептілік ережелеріне сәйкес өзіндік пікірін білдіруге; - нәтижелі өзара іс-әрекетті, түрлі көзқарас және әртүрлі бағыттағы адамдармен сұхбат жүргізе отырып, шиелініскен ахуалдарды шешуді жүзеге асыруға; - жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі көзқарастағы адамдар тобымен қатынас (коммуникация) жасауға мүмкіндік береді. Информатика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр. Сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың тиімділігі: • оқушының өз бетімен жұмысы; • аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу; • білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру; • шығармашылық есептер шығару; • қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы; • қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі; • экономикалық тиімділігі; • іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену; • қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі; • оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор. • Қашықтықтан білім алу мүмкінділігінің туындауы; • Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкінділігі; • Экономикалық тиімділігі (бару, келу, тұрмыс тауқыметі т.с.с. материалдық шығынды қажет етпеу); • Білім сапасына әсері зор. Әсіресе, тіл сабақтарын игеруге (ағылшын, орыс, қазақ т.с.с. тілдерді) айқын сезіледі; • Іс - әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуге (би өнері, қол еңбек, дене шынықтыру сабақтары т.с.с.); • Қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақпен есту мүмкіндіктер болмайтын табиғаттың таңғажайып үрдістері мен әртүрлі физикалық, химиялық, биологиялық тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді; • Оқушының ой - өрісін, дүниетанымын кеңейтуге де, ықпалы зор (теледидардағы ғылыми – көпшілік, рухани, тарихи танымдық хабарлар мен компьютерлік жүйедегі шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ т.с.с логикалық ойындар). Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жеке тұлғаның құзыреттілігін дамыту құралы: Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі. Біздің ойымызша, ақпараттық-білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат оқушының өздігінен оқуға талаптандыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады. Ақпараттық технологияларды қолданудың артықшылықтары: 1. Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады. 2. Білімге бір – бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады. 3. Оқытудың жүйесінің көп денгейлі жетілдіруі олардың таралымдалуы мен оқу сапасын арттырады. 4. Оқушы өз бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады. 5. Оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады. Осылайша оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тесттік бақылауға арналған программалық құрал. Білім беру жүйесінде электронды оқулықтарды пайдаланып, үлкен табыстарға жетуге болады. Электронды оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі -пәндік білім, екіншісі - компьютерлік білім. Электронды оқулықтарды пайдалану оқушының өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді. Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. Осылайша жас ұрпақты оқытуда инновацияны пайдаланудың – шығармашылық жетістіктің негізгі көзі. Ақпараттық технологиялар орталарын пайдаланудың мақсаттары: 1. Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде оқу-тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіру: - оқыту процесінің ықпалы мен сапасын арттыру, - пәнаралық байланысты тереңдету, - қажетті ақпаратты іздеуді оңайлату және көлемін ұлғайту. 2. Оқушы тұлғасын дамыту, ақпараттық қоғамда өмір сүруге даярлау. - коммуникативтік қабілеттерді дамыту, - күрделі жағдайда оңтайлы шешім немесе шешу нұсқаларын қабылдау дағдыларын қалыптастыру. - компьютерлік графика, мультимедиа технологияссын пайдалану арқылы эстетикалық тәрбие беру, - ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, ақпаратты өңдей білу: 3. Қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындау: - Ақпараттық сауаты бар тұлғаны даярлау; - компьютерлік орталарды пайдаланушыны даярлау: Оқыту үрдісінде компьютерлік технологияларды пайдадалану келесі мақсаттарға бағытталады: - компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін іске асыру арқылы оқыту үрдісінің ықпалдығы мен сапасының деңгейін көтеру: - танымдық әрекеттердің белсенділігін арттыратын ынталарды қамтамасыз ету: - қазіргі заманғы ақпарат өңдеу орталарын пайдалану негізінде пәнаралық байланысты тереңдету. Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсаты негізінде білім беру ұйымдарында 2015 жылы – 50 %, 2020 жылы – 90 % «E-learning» электрондық оқыту жүйесі қолданыла бастады. Бұл жобаның негізігі мақсаты «Е-learning» - ақпараттық коммуникациялық технологиялардың көмегімен әркезде және әрқашан білім алу. Қазақстанда электрондық білім беру жүйесін енгізудің басты мақсаты – ауыл мен қала оқушыларына әлемдік білім беру қорларын бірдей қолжетімді ету. Барлық білім беру ұйымдарында арнайы инфрақұрылым құрылады. Ондағы барлық компьютерлер Интернетке шығатын жергілікті немесе сымсыз желілерге біріктірілетін болады. Жоба аясында 4-10 мбит/сек. жылдамдықтағы кеңжолақты Интернет әр білім беру ұйымында қызмет көрсететін болады. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы ең жаңа жабдықтармен, оның ішінде планшетниктермен нығайтылатын болады. Оқу процесін автоматтандыру (электронды журнал, электронды күнделік, жоспарлау) мұғалімдердің есеп беру мен жоспарлауды құру кезіндегі еңбегін айтарлықтай жеңілдетеді. №53 мектеп-лицейінде 2012 жылдан бастап осы аталған жүйемен жұмыс жасауда. Электрондық оқытуды енгізу оқушы мен оқытушының өзара ынтымақтастығы үлгiсiн оқу процесiнде қалыптастыру мен әртүрлi оқу-iс-әрекетiн қамтитын оқыту әдiстерiнiң үйлесiмдiлiгiн, оқу сапасын, білімді басқарудың тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуін арттырады. Мектептегі оқу-тәрбие үдерісінің құзырлылық тәсілдерінің негізгі бағыттарының бірі - ақпараттық құзіреттілік. Білім беру үрдісінің сапасына бақылау жүргізу, оқу-тәрбие үрдісіндегі мәселелерге талдау жасауда ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолдану тиімділігі жоғары. Осы бағытта оқушылар автоматтандырылған жүйеде жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар электрондық дəптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметін (алда болатын жоспарлы жəне жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар, есептілік жəне т.б. жіберу) толтырады. Қорытындылай келе төмендегідей ұсыныстарға тоқталамын: • білім беретін оқу орындарын қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал-жабдықтармен жабдықтау, интерактивті тақталар мен мультимедиялық кабинеттермен және арнаулы пәндер бойынша электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету; • кәсіптік білім саласында оқытудың жаңа ақпараттық-технологияларын пайдалану бойынша білім жетілдіру курстарын жиі ұйымдастыру; Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудан күтілетін нәтиже жаңа заманға сай ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігі қалыптасқан, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алатын, информатика пәнін басқа пәндермен байланыстыра алатын жеке тұлға қалыптастыру. Олай болса, қоғамның әрбір мүшесі ақпаратты сауатты, ақпараттық мәдениеті мен ақпараттық құзыреттілігі дамыған тұлға болуы қажет. Ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың болашағы мен дамуы. ХХ ғасырдың ортасында атақты ғалым В.М.Глушков: «ЭЕМ желілері мен оларға терминал арқылы байланысу жүйелерінің дамуы келесі ғасыр басында техникалық жағынан жетілген елдерде ақпараттың басым бөлігі, бірінші кезекте, ғылыми техникалық, экономикалық, саяси - әлеуметтік мәліметтер қағаз күйде – ЭЕМ жадында сақталады. Соның салдарынан ХХІ ғасыр басында осындай ақпаратты пайдалана алмайтын адам ХХ ғасыр басында оқи да, жаза да алмайтын жанға ұқсас болады...», - деген болатын. Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, осы жолдаудың ІІІ тарауы, он сегізінші бағытының жетінші тармақшасында: «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген, сондай – ақ он жетінші бағытының үшінші тармақшасында «Он – лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет» деп атап көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдарының кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу – тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр. Ақпараттық – телекоммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса зор. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тәрбие үрдісінің бардық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. БҰҰ – ның шешімімен «ХХІ – ғасыр ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған үрдіс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді және компьютерлік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту, нақты жүзеге асыру шаралары. Ақпарат алмасу істеріндегі компьютерлік технологиялар рөлі өте жылдам өсіп келе жатыр, соңғы кезде телефон, радио, теледидар сияқты құралдар орнына электрондық телекоммуникациялық құрылғылар пайдаланыла бастады, олар - өндірістік, әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерге кеңінен араласып келе жатқан электрондық почта мен Интернет жүйелері болып табылады. Ақпараттық технологияларды тәжірибе жүзінде пайдалану жолында арнайы білім беру мақсатында жаңа пән – информатика сабағы соңғы 20 жыл көлемінде оқылып келеді. Оның орта білім жүйесіндегі алатын орны қазіргі ақпараттық қоғамдағы кәсіби қызметінің негізі болып табылатын әлемнің ақпараттық – жүйелік бейнесін жасау, ақпараттық орта мен адамның тиімді қарым – қатынасын қалыптастыру сияқты мәселелермен анықталып келеді. Осыған қоса қазіргі кезде педагогикалық ғылым саласында да оның әдіснамасы мен парадигмасын жетілдіруге қажет тереңдетілген әлеуметтік өзгерістер болып жатыр. Бүгінгі күні білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің басты мақсаты – заман талабына байланысты ақпараттық қоғамның шарттарына сәйкес оқушыларды тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік өмір салаларына толық әрі тиімді түрде араластыру болып табылады. Ақпараттандыру ісінде білім жүйесінің адамзат тіршілігінің барлық әлеуметтік аймақтармен әрекеттесуі және олардың бір – біріне әсер етуі толық бейнеленеді. Мұнда білім беру ісінің өзі де күрделі құрылымнан тұратын жүйе ретінде қарастырылады. Осындай күрделі жүйенің бір – бірімен және қоғамдық өмірдің басқа аймақтарымен де тығыз байланысқан бес бөліктен тұратыны анықталды; олар: теориялық – методологиялық, педагогикалық, экономикалық, ұйымдастырушылық және технологиялық жүйелер. Сол себепті қазіргі кезде білім саласындағы ең өзекті мәселеге ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық жағы емес, керісінше оның ұйымдастырушылық, әлеуметтік және педагогикалық жақтары айналып отыр. Қазіргі ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде жаңа педагогикалық әдістерді қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін ақпараттандыруды зерттеу істері оқулықтар шығарумен қатарласа немесе оның алдында атқарылуы керек. Информатиканы және ақпараттық – коммуникациялық технологиялар (АКТ) қазіргі ақпараттық әлемде ерекше орын алады. Компьютерді иелену дағдылары, күнделікті жұмыста АКТ пайдалана білуі, WWW (Интернетпен) жұмыс істеу, теориялық информатика негіздерін білу, мектеп түлектерінің ақпараттық мәдениеті, адамзат қолындағы электрондық ақпараттық ресустарды жасау және пайдалана білу – жаңа ғасырдың артықшылығы осындай. Білім беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары; - методологиясын жетілдіру мен стратегиялық мазмұнын таңдау; - әдістері мен формаларын ұйымдастыру; - қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту; - оқытудың әдістемелік жүйесін жасау; - оқушының интеллектуалдық потенциалын дамытуға бағыттау; - өз бетімен білім алу біліктілігін қалыптастыру; - ақпараттық – оқу, эксперементтік – зерттеу қызметінің өз бетімен түрі іс - әрекеттерін жүзеге асыру; - тестілік, диагностикалық бақылау әдістері мен оқушылардың білім деңгейін бағалау. Қорытынды Болашақта Қазақстанда білім беру жүйесін ақпараттандыру телекоммуникациялық желілерді жасау және дамытумен ұштасады. Ал білім беру жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас телекоммуникациялық желіні құру және дамыту арқылы шешіледі. Олар: - ақпараттық мәдениетті ұйымдастыру мен жеделдету үрдісі жоғары деңгейге жеткізу; - жасалынған және дамып келе жатқан телекоммуникациялық желілерді біртұтас бүкіл әлемдік ақпараттық кеңістікте интеграциялау; - біртұтас ақпараттық кеңістікте әртүрлі деңгейдегі ақпараттармен алмасуды қамтамасыз ету; - білім беруді дербестендіруді қамтамасыз ету, дистанциялық оқытуға мүмкіндік жасау. Дәстүрлі информатика курсында телекоммуникациялар орта, кейде жоғары буында оқытылатынына қарамастан, желімен және электрондық почтамен жұмыста пропедевтикалық курстар мен ерте дамыту үйірмелеріне қосқан дұрыс. Бүгінде бастауыш сынып оқушылары қатыса алатын көптеген жобалар бар. Жобалар ғаламдық немесе төңіректік ауқымда болуы мүмкін. Бірі мектеп немесе сынып аясымен шектелсе , келесісі ұлттық , тіпті халықаралық деңгейге шығады. Оларға қатысу арқылы балалар жаңа достар табады, жеке немесе ортақ мәселелерді шешеді өзіндік идеяларын, ынтымақтық пен шығармашылық қабілеттерін жүзеге асырады. Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдыларын негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру. Қорытындылай келе интерактивті құралдарды орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» (Ел президентінің халыққа жолдауы) 2007 жыл 2. «Қазақстан - өз дамуында жаңа серпіліс жасау қарсаңында» (Ел президентінің халыққа жолдауы) 2006 жыл 3. Оқу – тәрбие үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі. «Информатика негіздері» 2008 жыл, №4 Ж.Сатыбекова 4. ҚР білім беру жүйесін 2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. 5. «Интерактивті тақтаны қолдану жолдары», Мектеп республикалық ғылыми әдістемелік журнал №9-72. 6. «Бала құқығын қорғау конвенциясы»\\ 29-бап, 7 бет | |
Просмотров: 6059 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|