Главная » Статьи » Творческие проекты учащихся |
Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» Әр елдің өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін тәлім тәрбие арқылы өлшенеді. Біздің халқымызда «Қыз» деген сөзді әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданады. Жарық пен жылу, от пен су жоқ жерде тіршілік жоқ, ал осылардың көктегі көзі-күн, жердегі көзі-адамзат. Адамдардың бір-біріне мейірімі мен ұлағатты тәрбиесі тіршілікті сақтайды. Тәрбиесі түзелмей елдің көсегесі көгермейді, отбасы түзелмей болашақ түзелмейді. Бесігінде жақсы тәрбие алған , үлгі-өнеге көрген қыз бала болашақта да сол әдебін сақтамақ. Әдепті, инабатты, адамгершілігі мол, сыпайы қыз тәрбиелеу- бүгінгі мектептің , қоғамның және ата-ананың негізгі міндеті... Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы-қоғамның бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы - әйел адам. Қазақ халқының мақсаты – әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып , қыз балаға келешекте ана , ақ босағаның аруы , шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындыру, әдептілікке , сыпайылыққа , инабаттылыққа, мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа тәрбиелеу. Қыз бала бойжетіп, әке-шешесінің, бауырларының ортасында бұлғақтаған дәуренін қалдырып, басқа бір үйге келіп келін атанады. Өз шаңырағын көтеріп, үй мен шаруаға иелік етіп, түтін түтетеді, ана болып өмірге перзент әкеледі. Жар құшып ана болу – қыз баланың мақтанышы , әрі бақыты. Бұған әсіресе, атан-ана қуанады. Қыздың бой жетуі, яғни жан-жақты жетіліп, белгілі дәрежеде өмір тәжірибесіне ие болуы заңды құбылыс. «Қыздың жолы жіңішке» , «қызға қырық үйден тыю» деген сияқты халықтық, тәлімгерлік талаптарының мәнін түсініп қана қоймай, бойжеткен одан өзіне қатысты қорытынды шығара білуі, іс-қимыл , жүріс-тұрыс дағдысын басшылыққа алуы керек. Ұят-әдеп жоралғыларын белден басып отырғанда, тұрғанда өзінің әйелдік жаратылысын ескермейтін, қызға, келінге жарасатын қымсыну, қызару, тартыну, имену дегендер ойына кіріп шықпайтын қыз өзіне ғана емес, ата-ана, бауыр туғандарына сөз келтіріп, жерге қаратады. Сондықтан, қыз ибасы, қыз әдебі дегенге жеңіл-желпі қарауға мүлде болмайды. Біздің халық ұрпақ тәрбиесінде екі нәрсені естен шығармаған. Біріншіден, дүниеге келген ұрпақтың жалпы тәрбиесіне баланың ержеткенге дейінгі бағым-күтімі, жүріс-тұрысы бәрі-бәрі енген. Екіншіден, ұл мен қыздың тәрбиесін екі бөліп жүргізуге тырысқан. Мұнда негізінен қлдың тірбиесі әкеге, қыздың тәрбиесі шешеге байланысты жүргізілген. Олардың әдепті , тәрбиелі, тындырымды , іс-әрекетін тиянақты болуын қадағалаған. Соған орай ақыл-кеңес беріп отырған. Ұлы ғұлама Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова: « Қыз баланың мына өмірдегі міндет-парызының жүгі ауыр, әрі ардақты. Ол-адамзат ұрпағынөмірге әкелетін болашақ ана0 үй ұстап, жар күтетін адалжар, ата-ене сыйлап, иілетін қамқор келін. Ол осыны қаласын-қаламасын, бұл-өмір заңы» -деген. М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенті Сейтқазы Ақбота Жетекшісі: Нурланова Айгерим Куандыковна | |
Просмотров: 2575 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|