Главная » Статьи » Творческие проекты учащихся |
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ростовка орта мектебі Зерттеу жобасы Тақырыбы: «ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІНІҢ БІРІ – АСТАНА - БӘЙТЕРЕК» Бағыты: тарих-өлкетану секциясы Зерттеу жобасын әзірлеген: Медет Назира Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ростовка орта мектебінің 2«а» сынып оқушысы Зерттеу жобасының жетекшілері: Кивкей Гүлсәуле - сынып жетекшісі А.Ж. Жаппарова - Ростовка ОМ математика пәні мұғалімі Ростовка 2013 жыл Жобаның мазмұны: 1. Кіріспе: 1.1. Таңдауға негіздеме. 1.2. Жұмыстың мақсаты. 1.3. Міндеттері. 1.4. Жұмыстың кезеңдері. 1.5. Қажетті ресурстар. 2. Негізгі бөлім: 2.1. Теориялық негіздеме. 2.2. Практикалық бөлім. 3. Қорытынды. 4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 5. Қосымша. Аннотация «Қазақтың жеті кереметінің бірі – Астана-Бәйтерек» деген тақырыпта 2 сынып оқушысы әзірлеген жобаның негізгі мақсаты – мәдени мұраларымызды аша отырып, Қазақстан Республикасының астанасында орналасқан жаңа керемет – «Бәйтерек» монументінің пайда болу тарихына тоқталу. Жобаның негізгі бөлімінде автор қазақтың жеті кереметін атап өтіп, шығу тарихымен қысқаша таныстырып өтеді. «Астана-Бәйтерек» тақырыбына кеңінен тоқталып, мол мағлұмат береді. Тақырыбы түрлі әдебиеттерде жазылып, ашылған дүние болса да, бастауыш сынып оқушысын қызықтыратын, дүниетанымын тереңдете түсетін және отансүйгіштікке баулитын жоба. Мақсат-міндеттерін іске асыру үшін көп ізденуді қажет етеді. Оқушы барлық материалдарды дұрыс пайдалана білген, практикалық бөлімінде «Бәйтерек» макетін жасап, қызығушылық тудырады. Ізденіс нәтижесінде өзінің «Сыр сандық» арман-жобасын ұсынып, бала қиялын дамыта түседі. «Қазақтың жеті кереметінің бірі – Астана-Бәйтерек» тақырыбында презентация сәтті дайындалған. Пайдаланылған әдебиеттер мен ақпарат көздері тақырыпты ашуға сәйкес келеді. Патриоттық тәрбие беру үшін маңызы зор, барлық оқушыларға арналған жоба. 1. Кіріспе 1.1. Жобаның тақырыбын таңдауға негіздеме: «Ойлау таңданудан басталады». Аристотель Мен, Медет Назира, таңданудан жалықпаймын. Таңдану арқылы түрлі ойлар пайда болады, сұрақтар туындайды. Қоршаған ортаны, әсем ғимараттарды тамашалағанды ұнатамын. Балаға бәрі қызық болып көрінеді. Құпиясы көп, ерекше әдемі заттарды қызықтап, жасалуын, құпия-сырын білгім келіп тұрады. Кітаптардан, теледидардан көріп жүрген керемет ғажайыптарға таңдана отырып, сырын зерттеп, тереңірек білгім келді. Әлемнің әйгілі жеті кереметі бар екенін білдім және қазақтың да жеті кереметі туралы тереңірек зерттегім келді. Біздің елімізде де тамаша кереметтерге жататын дүниелеріміз бар. Тарих тереңінен бастап, қазіргі монументтерге дейін оқып таныстым. Менің өмір сүріп жатқан кезімдегі ең ғажайып ескерткіш – Астана қаласындағы «Бәйтерек» монументі туралы көп сырды ашып, білгім келді. Сондықтан «Қазақтың жеті кереметінің бірі – Астана-Бәйтерек» деген тақырыпты таңдап, жоба әзірледім. Жобаның негізі – мәдени мұраларымызды аша отырып, жаңа кереметке тоқталу. Бұл еңбегімді орындауға анам, математика пәні мұғалімі Айнур Жаппарова және сынып жетекшім Кивкей Гүлсәуле апай жетекшілік жасады. 1.2. Жұмысымның мақсаты: Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың “Мәдени мұра” бағдарламасында ұлттық құндылықтар мен этникалық ерекшеліктерді қолдау ерекше орын алғандығы белгілі. Олай болса, халқымыздың мәдени мұраларының біріне айналған “Бәйтерек” құпиясын зерттеп, сырына қанығу. 3 1.3. Жұмысымның міндеттері: 1. Әлемнің жеті кереметі және қазақтың кереметтері туралы әдебиеттермен танысу. 1. Қазақтың жеті кереметі саналатын заттардың тарихын зерттеп, терең оқып-білу. 2. Астанадағы «Бәйтерек» монументінің авторлары, құрылысы, ішкі және сыртқы көрінісі туралы мағлұмат жинау. 3. «Бәйтерек» монументінің макетін жасау және осы негізде өзімнің арман-жобамды құру. 1.4. Жұмыстың кезеңдері. 1. Әдебиеттермен және ақпаратпен жұмыс жасау. 2. Материалды өңдеу, дайындау. 3. Макет әзірлеу. 4. Жобаны қорғау. 5. «Қазақтың жеті кереметінің бірі – Астана-Бәйтерек» тақырыбына презентация дайындау. 1.5. Қажетті ресурстар: 1. Анықтамалық әдебиеттер, энциклопедиялар. 2. Ақпараттық-компьютерлік техника. 3. Интернет-ресурстар. 4. Макет жасау үшін материал. 5. Жобаны жинақтау папкасы. 4 2. Негізгі бөлім. 2.1. Теориялық негіздеме: «Көк аспанға дейін жететін мәуелі бәйтеректің жасыл желекке көмкерілген саясында қасиетті Самұрық құс мекендеген екен. Ол жыл сайын бір жұмыртқа жұмыртқалап, оны алпауыт жылан жеп қояды. Бірде, бәйтерек басына өрмелеп бара жатқан жыланды көрген Ертөстік, оны дәл көзінен жебемен атады. Алтын жұмыртқасын аман алып қалған Ертөстікке риза болған Самұрық құс, батырды жер асты патшалығынан алып шығады». Бәйтерек туралы көпке танымал аңыз көптеген деректі фильмдерде көрініс тауып, көркем әдебиет беттерінен орын алған. Астаналық тұрғындар үшін бұл аңыз шындыққа айналды. Астаналық Бәйтеректі – «ертегі ағашы», «шыны шар», «чупа-чупс» деп те атайды. Ол - қала қонақтарының, сондай-ақ, Алматыдан келетін туристердің ең көп баратын орындарының бірі. Әр елдің өзін ерекшелейтін бір айрықша белгісі болады. Мәселен, Голландия дегенде көз алдыңызға қызғалдақтар елестейді. АҚШ атауы естілсе, әйгілі «Бостандық» ескерткіші, Франция жайлы ойласақ, Эйфэль мұнарасы еске түседі. Ал біздің еліміздің таным белгісі ретінде «Бәйтерек» тұрғызылды. Табиғатта «Бәйтерек» атаулы ағаш жоқ. Бұл – ата-бабадан бізге жеткен ертегілердің қазаққа ғана берген өзгеше бір сыйы. Сол сыйды қазақ ерекше құрметтеп, оған үлкен үмітпен қарайды. Айналасына пайдасы тигендерді «Бәйтерекке» теңейді. Үрім-бұтағы өсіп-жетілгендерді тағы да сол «Бәйтерек» атауымен байланыстырады. Тамырды тереңге жіберу… Мәуелі бәйтерек болу. Айналасына пайдасы тиетін каһарман болу. Мінеки, біздің ұлттың ежелден тілеген ақ тілегі осы, қол созған асыл арман-мүддесі осы. 5 Сонымен, бізді таңдандыратын қазақтың жеті кереметі: таңбалы тас суреттері, алтын адам, қазақтың киіз үйі, домбыра, А. Иассауи кесенесі, Маңғыстау жерасты мешіті, Астана – Бәйтерек. Таңбалы тас суреттері Қола дәуірінің тасқа салынған суреттері көрген адамды таң қалдырады. Ертедегі адамдар күнге күйген жылтыр тау жартастарына жануарларды, адамдарды, арбаларды, соғыс көріністерін қашап салды. Бұл адамзаттың рухани мәдениетін, анық дүниетанымын білдіретін аса маңызды деректер жиынтығы саналады. Қазақстан жартастағы суреттер, петроглифтердің саны және әр алуандағы жөнінен әлемдегі ең бай жерлердің бірі Тамғалы жартастағы таңғажайып суреттерді археологтеріміз әбден зерттеді. Нәтижесінде олар дүниежүзі мәдениетінің қазыналы қорына қосылды. Ол суреттерде ежелгі адамдардың өмірі, көне тайпалардың салт-дәстүрі, діни нанымдары, аңшылық пен соғыс існе байланысты бейнелер бейнеленген. Алматы обылысындағы таңбалы тас суреттері - бүкіл әлемдік мәдени жәдігерлер қатарында. Алтын Адам 1960 жылдардың аяқ кезінде археолог ғалымдар Есік қаласына жақын жердегі обадан «Алтын киімді адамды» тапты. Ол мұнан 2500 жылдай бұрын жерленген жас жігіт екен. Марқұмға кигізілген бас киімнің, етігінің қонышының сыртына алтыннан жасалған түрлі ұсақ аттың, барыстың, таутекенің, құстардың бейнелері жапсырылған. Олардың саны төрт мыңдай. Есік қорғанынан табылған олжа бүгінде әлемге әйгілі. Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне де негіз болып отыр. Осы күнге дейін сақталып келген Алтын адам да қазақтың жеті кереметіне енді. Қазақтың киіз үйі Киіз үй - көптеген ғасырлар бойы Еуразияның ұшы-қиырсыз жазирасын басқарған ежелгі халықтың көшпенді тұрмысы мен өмір салтына мейлінше қолайлы болған баспана түрі. Соңғы қола дәуірінің өзінде-ақ (б.з.д. ІІ мыңжылдық тың соңы - І мыңжылдықтың басы) Еуразия даласында 6 доңғалақ үстіндегі алғашқы жылжымалы тұрғын жайлар пайда бола бастады. Орта ғасырларда платформаларға орнатылған, ондаған жетек малы сүйреткен орасан зор жиналмайтын киіз үй-ордалар кезіп жүрген. Арба үстіндегі тұрғын жай (күйме) - киіз үйлердің осындай салтанатты түрлері Қазақстанда ХҮІІ ғасырға дейін қолданыста болды. Д о м б ы р а Ендігі сөз қазақ халқының жан сезімі, жан серігі - домбыра туралы. Домбыра - халық даналығы. Домбыра - көшпелі елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі. Ол халықтың тарихи тағдырымен тамырлас. Тарихтың хатқа түспеген талай беттерін паш етіп, халқымыздың тарихнамасына айналады. Ғалымдар осыдан кемінде 2 мың жыл бұрыңғы бейнелердегі қос шекті аспаптың қазақ домбырасымен ұқсастығын айта келіп, оның Қазақстан жеріндегі байырғы көшпелілер арасында ең көп тараған аспаптың бірі болғандығын дәлелдейді. Домбыра - әр дәуірде мәдениетімізде дарынды тұлғалардың дүниеге келуіне мүмкүндік туғызды. Сондықтан, домбыра да қазақтың жеті кереметі қатарында. Ахмет Иассауи кесенесі Ахмет Иассауи Оңтүстік Қазақстанның Сайрам (бұрыңғы Испиджаб) қаласында 1103 жылы дүниеге келген. Ол алғаш білімді жергілікті дінбасы Арыстан бабтан алады. Өзінің ана тілінен басқа арабша және парсыша сөйлей білген. 63 жасынан бастап, соңғы 12 жылын ол жер астында жатып, күн сәулесін көрмей өткізді. Бүкіл Шығысқа әмірін жүргізген атақты қолбасшы Ақсақ Темір далалықтар мен қалалықтар қосылып пір тұтатын, күніне жүз мәртебе тағзым етіп, мінәжат қылатын Қожа Ахметке зәулім ескерткіш тұрғызуды қолға алды. Ескерткіш құрылысын Темір қарамағында игі істермен көрінген Мәулен Ұбайдулла Садырға жүктейді. Кесене нақты әрі гармониялық жоспармен салынған. Екі жағы мұнарамен жалғасқан бас портал еңселі арқадан тұрады. Қожа Ахмет Иассауи кешені 7 порталды - күмбезді құрылыс. Оның көлемі 46,5х65,5 метр. Орталық залдың айналасына әр түрлі мақсатқа пайдаланылған үлкенді-кішілі 35 бөлме орналасқан. Оның бірінде сопы ақынның мүрдесі жерленген. Орталық бөлмеде қолымен жазылған Құранның көшірмесі, діни кітаптар, шежірелер сақтаулы. Бұл күнде Қожа Ахмет Иассауи ғимараты-шығыс халықтарының тамаша сәулет өнері жұлдыздарының бірі. Жылда 100-150 мыңнан астам адам келіп тамашалайды. Оларды мұнда сұлулық пен ұлылықтың тылсым сырын білуге деген құштарлық сезімдері жетелейді. Маңғыстау жерасты мешіті Бекет Ата жерасты мешіті - Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген тұмсығының үзіліп қалған Оғыланды шоқысына қашалған тарихи-сәулет ескерткіші. Үш - төрт қанат киіз үйдің көлеміндей үш бөлме. Дерекке сүйенсек, Бекет ата 1750 жылы туылып, емші, көріпкел ғана емес, физика, математика, астрономия заңдылықтарын жақсы білген ғұлама ретінде аты танылған. Бұхарада оқып, ілім жинаған соң, өз өңіріне қайта келіп, бес мешіт салдырады. Жергілікті дін ғұламаларының арасында атақ-даңқы өсіп, Пір атанады. Пайғамбар жасында дүние салады. Бекет атаның мүрдесі осы жерасты мешітіндегі бөлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған. Бұл кенде мешіт басы күні-түні әулие басына зиярат етушілерден бір арылмайды. Астана – Бәйтерек «Бәйтерек» монументі Есіл өзенінің жағасындағы Қазақстанның астанасы Астана қаласында орналасқан. Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Монументтегі барлық дүние - төбесіндегі алтын күн, 97 метрлік биіктігі, және аспан әлемінің үш негізін кейіптейтін үш аймаққа бөлінген ішкі архитектурасы белгілі бір символды білдіреді. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» 8 әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа (әлемдегі ең үлкен шардың ең биікке көтерілуі бойынша) ие болды. Әлемдегі ең үлкен шардың ең биікке көтерілуі бойынша Қазақстан астанасында асқақтаған бұл «терек» жаңартулардың сәулеттік символы, тәуелсіз Қазақстан символы ретінде орын алады. «Бәйтерек», «Астана - Бәйтерек» - Астанадағы архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен; оған қол табы тигенде шиыршық түрінде жарық ағып түсіп, сәуле алақанға құйылады және Қазақстанның мемлекеттік әнұраны ойналады Жалпы мағлұмат: Орналасуы Қазақстан, Астана Құрылысы басталды 30 тамыз, 2002 жыл Биіктігі Антеннаның төбесі 105 м Шатыры 97 м Техникалық сипаттамасы Лифтілер 2 Дизайны мен құрылымы Сәулетшісі Норман Фостер Инженер-құрылысшы М. Вахштейн Монументтің авторлары: «Бәйтерек» кешенін жобалаушы архитекторлар тобы А. Рүстембеков (топ жетекшісі), С. Базарбаев пен Ж. Айтбалаев, инженер-конструкторы М. Вахштейн, интерьер дизайншысы А.Оспанов; сондай-ақ оның жобасын жасауға “Аэропорт” ААҚ, “ЭМК” ЖШС, “Архфонд” ЖАҚ, Архитекторлар одағы және “Алуа” ЖШС секілді қазақстандық жетекші фирмалардың мамандары қатысты; ал құрылысын “Имсталькон” ААҚ 9 құрылыс компаниясы (бас директоры В.Т. Кананыхин) салды. Оның негізгі идеясы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде өмірге келді. Ол бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді. Бұл нысан әлемдік сәулет өнерінің жоғары талаптарына толығымен жауап береді. Астана қаласында Сәулетшілер одағының халықаралық қауымдастығы өткізген 10-байқауда беделді халықаралық қазылар алқасының шешімімен 2002 жылғы ең таңдаулы жоба және құрылыс ретінде “Бәйтерек” кешеніне Гран-при үздік айырым белгісі берілді. Бәйтеректің түнгі көрінісі өте әдемі. Бәйтеректің ішкі көрінісі Панорамалық зал ортасында 17 жапырақтан тұратын, 17 әртүрлі әлем діндерінің уәкілдері қолы қойылған ағаш глобусы орналасқан. Ал қасында монументті жасау ойы туындаған Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алақанының ізі бар. Егер алақанға қолды қойып, арман-тілек тілесе орындалады деп айтылады. Күшті қарқынды даму қалаға астананы ауыстыру туралы шешімді қабылдағаннан кейін келді. 10 жыл ішінде Астана өзінің өзгеше және заманауи көркін табуына бұл оқиғаға міндетті. Қала көз алдында өсіп жатыр. Бұл жергілікті тұрғындарды ғана емес, сонымен қатар, астана қонақтарын қуантады. Әрбір біздің қалаға келуіңізде, сіз барлық жаңа және жаңа объектілердің куәгері болып, астананың қалай қарқынды өсіп келе жатқанына және өзгергеніне таңдана қарайсыз. Жаңа Астанада не өндірістік нысан, не мемлекеттік басқару қызметтерінің ғимараттары салынбай тұрғанда, Елбасымыз осы «Бәйтеректі» тұрғызуды жүзеге асырды. Бұған қарағанда «елдің айрықша белгісі халықтың рухын көтерсін» деген арманының жүзеге асқанын байқау қиын емес. Ең бастысы Нұрсұлтан Әбішұлы осы бәйтерек арқылы Қазақ елі тамырын тереңге жаятынын, саясы талайға пана болатынын, сөйтіп, болашаққа бейбіт жолмен сапар шегетінін әлемге паш етуді ойласа 10 керек. Қалай болғанда да қазақ ұғымындағы «Бәйтерек» жауыздықтан құтылудың, өсіп-өнудің, өмірге жолдама алудың бір тұрағы. 2.2. Практикалық бөлім Бәйтерекке қатысты кез келген ақпаратты жинадым. Кітаптарды оқып, теледидардан сан рет тамашаладым. Қолына қалам-қарындаш ала бастағаннан-ақ әсем Бәйтеректің суретін салмаған бала жоқ шығар. Қазақстан туралы тақырып қозғалса, ең бірінші Астана-Бәйтеректің суреті көз алдыңа келеді. Оқушылар суретін салады, ермексаздан немесе сымнан макетін жасап шығарады. Мен де суреттерін жинауды, өзім суретін салуды алдыма мақсат етіп қойдым. Жетекшілерімнің көмегімен «Бәйтеректің» макетін жасап шығардық. Жарқырай жанып тұратын шырша шамдарымен орап қойғанда түнгі Бәйтерек көрінісін де беріп тұрады. Бұл менің бала қиялымдағы кішкентай Бәйтерек болып шықты. Осы жұмыс кезінде мен өзімнің шағын ауылымда да бір ғажайып керемет болса деп армандадым. Сол үшін «Сыр сандық» деген қиял-жобамды ойға алдым, макетін жасап көрдім. Жеті жетекші Адамның басшысы – ақыл, Жетекшісі – талап, Жолаушысы – ой, Жолдасы – кәсіп, Қорғаны – сабыр, Қорғаушысы – мінез, Сынаушысы – халық. Басқа балалар сияқты менің де армандарым көп. Бүгін мен Сіздерге өзімнің арман – жобамды ұсынамын. Мен киелі, де қасиетті Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ ауылында тудым. Бес жасқа дейін сол ауылда тұрдық. Ата-анаммен қалаға келгенде көрмеген нәрселерімді көріп таң қалатынмын. Сол кезде біздің ауылда да балалар демалатын орындар болса ғой деп армандайтынмын. Қазір де 11 «Бәйтерек» сияқты алып ғимарат болмаса да, мектеп қасында ауыл балалары демалатын, қызықтайтын пішіні сандыққа ұқсас ғимарат болса деп армандаймын. Себебі, қалаға балаларын апаруға барлық ата-аналардың мүмкіндігі бола бермейді. Кейде уақыт та болмайды. Пішіні сандық сияқты дейтінім: сандыққа әжелер неше түрліні салып қояды ғой. Бұл ғимарат ішінде де балалар таң қалатын нәрселер болса. Ғимарат екі қабаттан тұратын болса. Оның ішінде бірінші қабатта ойын бөлмесі, күлкі бөлмесі, демалатын орын, оның жанында субұрқақ (фонтан) тұрса, асхана, спорт залы болса. Екінші қабатта қорқыныш бөлмесі, 3D көретін бөлме, караокемен ән айтатын бөлме орналасса. Мектеп жанында осындай ғимарат болса, ол ақылы болса да ауыл балалары оған күнде келер еді. Қария мен жас жігіт арасындағы әңгіме. - Арман деген не? – депті қария. - Ата, арман дегеніміз ақыл-ойдың шындығы. Құс – ұшсам дейді, бала – өссем дейді, қыз – көрікті болсам дейді, жігіт – бақытты болсам дейді, қарт – жүзге жетсем дейді, ұстаз – шәкіртіне үлгі болсам дейді. - Арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына жете алмайды. Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді, – депті қарт. Менің армандарым өте көп. Соның бірі – ауылымызда осындай ғимарат болса деген арман. 12 3. Қорытынды. Жоғарыда айтылғандардан мынандай қорытынды жасауға болады: 1. Мен өзімнің зерттеу жұмысымда еліміздің ғажайып заттарының, асыл мұралардың тарихымен таныстым. 2. Отанға деген сүйіспеншілік, ұлттық патриоттық тәрбие алдым. 3. Ақпарат жинақтап, қажеттісін пайдалануды үйрендім, өз бойымдағы шығармашылық белсенділікті, қиялдау және әсемдікті қабылдау қасиеттерімді дамыттым. 4. Мен сияқты оқушыларды таңдандырып жүрген талай сұрақтарға жауап табуға болатынын түсіндім және өзім білгенімді мектепте бірге оқитын басқа балаларға жеткіздім. 5. «Сыр сандық» атты өзімнің арман – жобамды жасадым. 13 4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. «Әлемнің ұлы кереметтері», Энциклопедия, Рассел Эш 2. Н.Ә.Назарбаев «Еуразия жүрегінде». 3. «Ежелгі Қазақстан», Энциклопедия, Т. Жұмаханов және т.б. 4. “Зерек”, Алматы, “Өнер” баспасы, 1991 ж. 5. Халық мұрасы, Сәбит Мұқанов, Алматы «Жазушы», 2005 5. Интернет беттерінен ақпараттар, суреттер. 14 Жетекші маман рецензиясы: 3 «а» сынып оқушысы Медет Назира таңдаған «Қазақтың жеті кереметінің бірі – Астана-Бәйтерек» тақырыбы кез келген баланы қызықтыратын өзекті тақырып. Жобаның мақсаты: «Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың “Мәдени мұра” бағдарламасында ұлттық құндылықтар мен этникалық ерекшеліктерді қолдау ерекше орын алғандығы белгілі. Олай болса, халқымыздың мәдени мұраларының біріне айналған “Бәйтерек” құпиясын зерттеп, сырына қанығу». Қойылған мақсат-міндеттерінің ерекшелігі, оқушының оқулықта берілетін ықшамдалған материалды одан әрі оқып-білуге қызғушылығы мен ізденушілік қабілеті болып табылады. Оқушы ең алдымен жобаның теориялық негізін түсіну үшін қазақтың жеті кереметін анықтап алып, олардың тарихын оқып, суреттерін тауып танысты. Бұл жобаның тақырыбы тарих саласымен және қоршаған дүниені тану саласымен тығыз байланысты болғандықтан оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымын дамытуға тигізер пайдасы зор. Жобаның практикалық бөлімінде мұғалімнің кеңесімен жұмыстың мазмұнын түсініп, өздігінен ізденуге ұмтылды. Ростовка Ресурстық орталығының ғылыми-практикалық конференциясында қорғап, екінші орынға ие болды. Қорғау кезінде материалды жеңіл меңгергенін көрсетті, мәнін түсінікті жеткізе білді. Жобаның тиімділігі - баланы туған өлке тарихын құрметтеуге, әсемдікті бағалауға, заманға сай жаңашылдыққа баулиды. Назира осы жоба бойынша жұмыс істеу барысында өз арман-тілектерін білдіріп, бала қиялын ашып көрсете бастады. Әр түрлі әсем ғимараттарға қызығып, Астанаға саяхат жасауды алдына мақсат етіп қойды. Баланың заманауи білім алған, жан-жақты дамыған тұлға болып өсуі үшін тигізер әсері көп, мазмұны терең, ашылар құпиясы мол, шығармашылық дағдысын дамытатын аса тиімді жоба деп санаймын. Жоба жетекшісі: Ростовка ОМ математика пәні мұғалімі Жаппарова Айнур Жолдыбаевна Жоба жетекшісінің пікірі: Медет Назира – алға қойған мақсатына үлкен еңбекпен, шығармашылықпен жете білетін ерекше талантты оқушы. «Бәйтерек» тақырыбын қорғауға оқушы өзі талпыныс білдірді. Оның мақсаты: «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес халқымыздың мәдени мұраларының біріне айналған «Бәйтерек» құпиясын зерттеп, сырына қанығу. Жоба барысында оқушы «Бәйтерек» монументінің авторлары жайында қысқаша мәлімет беріп, оның құрылымы және архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің ерекшелігі туралы терең мағлұмат жинады. Оның негізгі идеясы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде өмірге келгендігі, сонымен қатар оның «Бәйтерек» аталуының тарихы баяндалды. Бәйтерек бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын танытып, айқындап берді. Астанадағы Бәйтеректің қазақ еліндегі жеті кереметтің бірі екенін атап көрсетіп, оны өзге мемлекеттердің кереметтерімен салыстыра отырып, оның қазақ тарихынан ойып орын алатындығын дәлелдеді. Назира Ростовка ресурстық орталығында өткен ғылыми конференцияда жүлделі ІІ орынға ие болды. Жобаны өзінің шеберлігімен жасаған Бәйтеректің макетімен тіпті гүлдендіріп жіберді. Макетте бәйтерек нобайы өте тамаша көрсетілген. Жобаны қорғау барысында, ол өзінің «Сыр сандық» атты арман жобасын ұсынды. Аталған жобада оқушы өз қолымен жасалған «Сыр сандықтың» макеті арқылы оның құрылымымен таныстырды. Оқушы арманы бойынша «Сыр сандық» - тек балаларға арналған ойын-сауық орталығы болмақ. «Қазақтың жеті кереметінің бірі – Астана-Бәйтерек» тақырыбындағы жобасын Медет Назира жоғары деңгейде қорғады деген пікірдемін. Жоба жетекшісі: сынып жетекшісі - Кивкей Гүлсәуле. | |
Просмотров: 1884 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|