Главная » Статьи » Творческие проекты учащихся |
Атауы: Анаға махаббатпен 2015 жылғы 3 наурызда Қалалық мәдениет сарайында Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында жандарына медеу тауып, қайырымды жандардың қамқорлығына ие болған жарымжан жандар, мүмкіндігі шектеулі және мүгедек балалардың көңіл – күйлерін бір сәт серпілту мақсатында «Анаға махаббатпен» аттыконцерттік бағдарлама өткізілді. Мерекемен құттықтауға «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-ніңдиректоры Тынысова Рымжан Толеуханқызы қатысып, осынау жарқын аналар мерекесі біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек, әрбіріңізге шаттық пен бақыт, отбасының аманшылығын, еліміздің өсіп-өркендей беруін тілейміндеп өз лебізін білдірді. Шақырылған қонақтар арасында балалардың ата-аналары, әжелері және орталықтың демеушілері болды. Құттықтау сөзден кейін, әйелдер қауымын М.Төлебаев атындағы музыкалық колледждің оқушылары құттықтап, «Кербез» бишілер тобы би билеп өздерінің ән- шашуларын сыйға тартты. Сол сияқты облыстық Әміре Қашаубаев атындағы филармонияның шығармашылық ұжымы да өздерінің концерттік бағдарламасын ұсынды. Филармония әншісі Гүлдана Ноғайбаева, Мұхтар Мәдениет, Ербол Тұрғазиев сияқты әншілер күмбірлете күй шертіп, ән салып, би биледі. Мерекелік іс-шарада орталықтың тәрбиеленушілері ата-аналарына, қонақтарға арнап көркем сөз оқып, ән салып, өз өнерлерін көрсетті. Мерекенің соңында барлық қатысушыларға сыйлық таратылды. Шараға 150-ден астам бала қатысты. Осындай балалық шақтың бақытты сәттерін сезініп, көңілден кетпестей әсер қалдырған іс-шара жыл сайын жалғасып, мүмкіндігі шектеулі балалардың үмітін алға жетелей береді деген сенімдемін. Аталған шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз дәрежесінде өткізілді. Күльзияш Исабаева «Арнаулы әлеуміттік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің әлеуметтік қызметкері. | |
Просмотров: 629 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|