Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Творческие проекты учащихся

Тәуелсіз мемлекет-балалар көзімен!
Тәуелсіз мемлекет-балалар көзімен!

«Пай, пай, пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер!
Ғашықтар бір - бірін өпкен жер,
Сарылып сал – сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!»- деп М. Мақатаев айтқандай, ең біріншіден, туған жеріміз Қазақстанға тағзым етіп, тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанымды мақтан тұтамын.

«Қазақстан Республикасы», «Тәуелсіз Қазақстан»! Неткен керемет, киелі ұғымдар десеңші..! Бүгінде біз – қанатын кеңге жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда.

Тәуелсіздік жалауының желбірегеніне де, міне, 28 жыл толады. Алпауыт елдер қатарындағы біздің мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның 28 жылда биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты. Ал қазіргі уақытта Қасым-Жомарт Тоқаев ел басқарып жатыр. Ерен еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай көшбасшымларымыздың болғанына да мақтанамын. Мен тәуелсіз елдің патриотымын!

Ешқандай қиыншылық көрмей жүргенімде, ата - анамның жүздерінен қуаныш пен шаттық іздерін байқағанда, көкірегімді керіп «Тәуелсіз елдің патриотымын!»деп айта бергім келеді. Еліміздің бейбітшілігінің, тәуелсіздігінің арқасында күліп - ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті елдің еркін ұланының бірімін!

Н. Ә. Назарбаев: «Алдымызда асу - асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!»- деп айтқандай, біздер, жас ұрпақ, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек. Бүгінгі партада отырған оқушы – ертеңгі азамат, ел патриоты. Сол азаматтардың ең бірінші міндеті – өзінің тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші міндеті – сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін дәлелдеу.

«Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін!» - деп өршіл ақын М. Жұмабаев болашаққа, жастарға үлкен сенім артты емес пе? Ақынның өлеңде келтірген көркем сөздеріне лайық болатынымызға сенемін.

Елімнің ертеңінен, болашағынан жүрегім қорықпайды, керісінше, қуанады, ендеше, келешегім нұрлы болмақ. Оған негіз – бүгінгі «арыстандай», «жолбарыстай», «қырандай» күшті жас ұрпақтың әрекеттері мен ұмтылыстары. Мен осындай бай, байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма бақыттымын. Өйткені, мен Тәуелсізбін, тәуелсіз елдің патриотымын!
Категория: Творческие проекты учащихся | Добавил: Diashka (2020-03-17) | Автор: Диана E
Просмотров: 459 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-10-07, 7:49 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru