Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Творческие проекты учащихся

Ғылыми жоба М.Ешекеевтің шығармашылығы туралы
Аннотация

Ғылыми жоба қазақтың дәстүрлі ән өнері тарихынан сыр шерте отырып,Бородулиха ауданы жерінде дүниеге келген , атақты
Жүсіпбек Елебековтің шәкірті, теңдесіз әнші М.Ешекеевтің шығармашылық жолы туралы баяндайды.
Оның дауысының ерекшелігі, Абай әндерін орындаушы бірден-бір талант иесі екендігін қазіргі кезде көзі тірі Абайтанушы-ғалым,Абай мұражай-үйінің ғылыми кеңесшісі Т.Ибрагимовтің, Абай-Шәкәрім әндерін насихаттаушы,әнші Семей музыка колледжінің дәстүрлі ән сыныбының оқытушысы Т.Рахимовтың,әншінің шәкірті А.Жікеновтың аузымен көркем кестеленген.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы

Жұмыс аймақтық компоненттерді сабақта тиімді пайдалануға,өлкетану,тарих мәселелеріне теориялық ойпікір қосады..Бұл жұмыс халық өнерін құрметтейтін, өз туған жерінің тарихын білсем дейтін барша қауымға арналады.
Зерттеу нысаны
Зерттеу нысаны ретінде Т.Ибрагимовтің «Толқын толғау» атты кітабы
З.Кеңесқызының «Қазақты табындырған Мәдениет», Ж.Кәрменовтің «Бүлкілдер әнге салса көмекейі»Семей таңы.-1986.-24 желтоқсан
атты мақалаларынан алынды.
Зерттеудің мақсаты
Қарағайлы өңірінде дүниеге келген жерлесіміздің өнерін ұлықтай отырып,қазақтың дәстүрлі ән өнеріне деген жас ұрпақтың қызығушылығын тудыру.Жастарды өнерге,әсемдікке,табандылық пен қажырлыққа тәрбиелеу мақсатыннда аймақтық компоненттерді тиімді пайдалану.

Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың қазынасы,фольклордің музыкалық саласының бір тармағын құрайды. Ән-халықтың сүйіп айтатын,тыңдайтын,сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылады.
Қазақ халқы әнге бай. «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай болып көрінеді» деп, қазақ халқының әдебиеті мен өмірін зерттеген Шоқан Уәлихановтың досы Г.Потанин айтқандай, қазақта әнсіз өмір жоқ. «Тойбастар» айтқан жігіт, кешкі ауыл сыртында алтыбақан тепкен қыз-бозбала, шілдехана күткен жас, кәрі, «Жар-жар» айтқан екі топ, елінен еріксіз ұзатылып бара жатқан қыз, өлген жұбайын жоқтаған жесір, түйеге мініп әр үйдің сыртында қақсаған жарапазаншы, ақ киім киіп, өгізге мініп ауыл аралаған дуана, «жынын» шақырып, зікір салған бақсы – бәрі де әндетеді. Бәрі де жай сөзбен айтқанда жетпейтін сезім тасқынын ән арқылы шығарады.
ХVII ғасырдың аяғы мен ХVIII ғасырдың басында Арқа елінде ертеден дәстүрге айналып, кейінірек әртүрлі себептермен бәсеңдеп қалған сал-серілік өнері ХIХ ға-сырда қайта жаңғырып, дами бастады. Сал-серілер өз жанынан өлең, ән-күй шығарып, ел аралап, сауық құрып, ойын-тойлардың ұйтқысы, құрметті қонағы болған. Сал-серілік өнерді жоғары дәрежеге көтерген әнші, күйші, суырып салма ақындар серілік үрдісті қатаң сақтап, нағыз бесаспап өнер иесі бола білген. Сонымен қатар олар атақты мерген, сұңқар, лашын ұстаған құсбегі, аттың ең жүйрігін таңдап міне алатын атбегі, он саусағынан өнері тамған теңдессіз шебер, керемет зергер де бола білген.Сал-серілерді халық әрқашан ардақ тұтып, оларды қайда болса да қуанышпен қарсы алып, өнерін аңыз етіп, мақтан тұтқан. Біржан, Абай, Ақан сері, Жаяу Мұса, Кенен Әзірбаевтармен бірге сал-серілік өнерді, дәстүрді әрі қарай жалғастырып, өз үлесін қосқан басқа да әйгілі ақын-сазгерлер, солардың бірі көпке танымал «Ғалия» әнінің авторы Балуан Шолақ Шаймұрзаұлы мен Құлтума ақын. Бұлардың екеуі де Біржан салдың шәкірті болып қасына еріп тәлім алғандар; Біржан дәстүрін ХІХ ғасырдың орта кезінде халыққа кең таратқан, «Гәкку», «Қарақат көз», «Сүйгенім», «Қараторғай» әндерін шығарған Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы; «Әсет», «Гауһар қыз», «Кіші Ардақ», «Қоғыр қаз», «Қысмет» әндерінің авторы Әсет Найманбаев; «Қорлан», «Жайқоңыр», «Еркем», «Қаракөзді»шығарған Естай Беркімбайұлы; «Мәди», «Үш қара», «Қарқаралы», «Қаракесек» сияқты әндер шығарып, ірі әнші ақындар қатарындда тұрған Мәди Бәпиұлы Арқаның ән ақындық дәстүрінің көрнекті өкілдері болып, Біржан салдың шәкірттері аталса, Қазақстанның Шығыс өңірлерінде Ноғайбай ақын мен Құдайберген Әлсеитовтың аты шықты. Батыс жақта Мұхит Мерәлиевтың «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние», «Паңкөйлек», «Алуаш», «Бала-Ораз», «Иіс» сияқты әндері халықтың сүйіспеншілігі мен құрметіне бөленді, ал Жетісу өңірінің ән дәстүрі Сүйімбай, Жамбыл, Кенен тәрізді ақындардың есімімен тығыз байланысты аталады .
Сонау Ақан мен Біржандардан соң сал-серіліктен кейін арқаның дәстүрлі әнін мектеп етіп жалғастырушы Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, есімі қазақ музыка тарихының төрінен Әміре Қашаубаев, Қали Байжанов, Қосымжан Бабақов, Қуан Лекеров, Әлли Құрмановтармен қатар орын алатын Жүсіпбек Елебеков «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай айтқандай, өмірінің соңғы кезеңін жас ұрпаққа тәрбие беріп, әншілікке баулыды. Өзінің әншілік өнерін биік сатыда алып жүре алатын дарынды ізбасарларын дайындауға кіріседі. 1965 жылдан бастап өмірінің соңғы күніне дейін Алматының эстрада студиясының педагогі қызметін атқарып, бойына жиған ән байлығын жас буындарға үйретуден жалықпады. Жүсекеңнің әншілік мектебінен үлгі алған Мағауия Көшкінбаев, Мәдениет Ешекеев, Жәнібек Кәрменов, Қайрат Байбосынов, Мұратбек Жүнісбеков тәрізді белгілі әншілер ән сырының сиқырлы сазын терең түсініп, сан алуан ырғақтарын, неше түрлі сұлу үндерді меңгерді. Осылайша сал-серілік заманнан келе жатқан Арқанның дәстүрлі ән өнері Арқаның дәстүрлі ән мектебі болып қалыптасты.
Өнер гүлі өмірге әнмен келдім
Думандата өңірді сәнмен келдім
Жас ұлғайып қалса да қажымаймын
Әлі дағы келеді шырқай бергім,-
деп Жүсекеңнің айтқанындай, артына өлмес, өшпес із қалдырған ерен әншінің дәстүрін жалғастыратын тамаша әншілердің бары ән сүйгіш қауымды қуантады. Осылайша Арқаның дәстүрлі ән мектебі өз дәрежесінде дамуда.
Осы мектептің талантты шәкірті, тума талант иесі, Бородулиха ауданының маңдайына біткен шоқ жұлдызы Мәдениет Ешекеев – біздің бүгінгі ғылыми жобамыздың тақырыбы.
Ешекеев Мәдениет 1936 жылы 12 желтоқсанда бұрынғы Семей облысының Жаңасемей ауданы Құрманқожа ауылында туған.
1954 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Мәдениет колхозда жұмысшы болып еңбеке етті. 1955 жылы Алматы қаласында Республикалық көркемөнерпаздар байқауында ерекше көзге түсіп, әншілік дарыны ашылды. 1956 жылы атақты әнші Жүсіпбеке Елебековтың шәкірті ретінде «Қазақ концертке» шақырылды. Сол 1975 жылдан өмірінің соңына дейін Семей облыстық Ә.Қашаубаев атындағы филармониясында еңбек етті.
Ешекеевтің даусы әсем үнді, кең диапазонды, лирико-драмалық тенор. Әншінің концерттік бағдарламасында қазақтың халық әндерінен бастап Абайдың, Біржанның, Ақанның, Жаяу Мұсаның, Балуан Шолақтың, Кененнің, сазгерлер Шәмшінің, Болаттың шығармалары кеңінен танылған. М.Ешекеев әсіресе Абайдың музыка мұрасын кеңінен насихаттаушы ретінде танымал әнші болған.
Атақты әнші Ж.Елебековтың шәкірті Ешекеев арқа өңірінің Біржан сал бастаған әншілік мектебінің жалғастырушы ірі тұлғасы деп айтуға болады.
Он екісінде қолына домбыра алып, он төртінде топ алдына шығып, он тоғызында Жүсіпбек Елебековтей әншіліктің асқан сарапшысының қуаныштан жүрегін соқтырған, бірден қуаныш құшағын өзіне аштырған Мәдениет Ешекеев Жүсекеңнің бірден көрінген, ең айқын танылған шәкірті боп,ән ауылына халық әні «Сұржекей» ,Естайдың «Айқоңырымен» келгенді
Жәнібек Кәрменовтың сөзімен айтсақ: «Жүсекең - асыл тас, Мәдениет -сол асылдың сәулесі секілді.Сәуленің аты- жарық,сұлулық нұры ғой. Ол өнер ән болып құйылғанда жүрек шіркін қалай толқымасын».
Бұл сөз кімді болса толқытпауы, ойлантпауы мүмкін болмаса керек.Мәдениет Ешекеевтің әншілік өнер ерекшелігіне ой жүгіртіп,көз салып,көңіл аударуға ықпал етсе керек.
Халқымыздың біртуар талантарының бірі Жәнібек Кәрменов кезінде былай деген екен: «Мәдениет – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, қанына сіңген әншілік дәстүрдің жалғасы.Бұдан кейін де жалғаса жатар. Әзірше Мәдениет жалғыз.....»
Шындығында да, әзірше қазақты табындырған Мәдениет жалғыз. Өнердің ерекше шыңына шыққан М.Ешекеев Қазақстан Республикасының «Алтын кітабынан» орын алуы да тектен –тек емес. Мәдениет - өзі айтқандай бүгінгі артынан ерген К.Өлмесеков, Т.Сембаев, Т.Рахимовв сынды шәкірттері бар бақытты жан. Ең қуаныштысы, елі құрметтеген, жұрты аялаған, өз ортасы қадір тұтқан дара тұлға. Мәдениет Ешекеевтің салып кеткен сара жолы ғаырлар бойы өз жалғасын таба беретініне бүгінгі ұрпақ кәміл сенері анық.
«Жақсының аты өлмейді»,- дейді халықта.Өскен ортасы бар, елі-жұрты бар, халық жүрегіне із қалдырған өнері бар Мәдениет атамыздың аты өлмейді. Туған жер аспанында қалықтаған әсерлі даусы – құлақта, рухы бізбен бірге.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі
Шығыс Қазақстан облысы

Бағыты: Қазақтың дәстүрлі ән өнері
Секциясы : қазақ әдебиеті

Жобаның тақырыбы : «Сенсің бүгін сал-серісі Арқаның».

Жобаның авторы:
Бородулиха ауданы
«Н.Островский орта мектебі»
Мемлекеттік мекемесі
10-сынып оқушысы Советхан Нұржан

Жетекші:
Бородулиха ауданы
«Н.Островский орта мектебі»
Мемлекеттік мекемесінің
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Жұманбаева Жанар Слямбекқызы

Бородулиха ауылы
2010 жыл
Категория: Творческие проекты учащихся | Добавил: Акежан (2012-03-17) | Автор: Жанар Слямбековна Жуманбаева E
Просмотров: 4366 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 8:05 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru