Главная » Статьи » Творческие проекты учащихся |
Тақырыбы: Атбегілік – ата кәсіп «Ер қанаты - тұлпар» Мақсаты: атбегілік ата кәсіп екенін дәлелдеу, қазіргі кездегі атбегіліктің жағдайына тоқталу. Қарастыратын мәселе: атты баптау үшін қажет нәсрселер, оны табудың жолдары және атбегілікті дәріптеу, насихаттау. Жоспар 1. Кіріспе Атбегілік туралы жалпы түсінік 2. Негізгі бөлім Атбегіліктің қыры мен сыры 3. Қорытынды Жылқыны ердің қанатына балаған қазақта төрт тұяғын тең басқан толағай тұлпарлар аз болмаған. Солардың ішінде бүгінге аңыз болып жеткен, әйгілі Ақан серінің жан серігі, Ілияс Жансүгіровтей тұлғаның поэмасына арқау болған айтулы тұлпар - Құлагердің орны бір бөлек. Құлагерді баптаған әрине, атбегі - Ақан сері. Атбегілік - ұлттық спорт түрлеріне жатады. Биылғы жылдан бастап ұлттық спорт түрлерін дамытуға белгілі көлемде қаражат бөлінетін болды. Ол заңда қарастырылып, бекітілді. Менің атам - Мұқсиынов Аманхан. Ол Ақтоғай ауданы Жидебай селосында тұрады. Менің атам - атбегі. Атбегілік оған әкесі Мұқсиыннан дарыған. Менің әкем де кенде емес. Ат десе, ат жарысы десе ішкен асын жерге қояды. Мен де соларға қарап ат жарыстарын құр жібермеймін. Біз үшін атбегілік - табыс көзі емес, әуесқойлық. Алғашында атамның қазақы Ақтанау аты болған. Ол да біраз жарыстарға қатысып орындар алды. Кейіннен қазіргі заманға сай ағылшын тұқымдас таза қанды аттар сатып алды. Атамның асыл тұқымды жүйрік екі аты бар. Олар - Алмас, екіншісі - Жұлдыз. Атам ат баптаумен айналысқан бірнеше жылда табыс тауып отырмыз деп айта алмаймыз. Егер әрбір тұлпарың сайыстардан жүлделі келіп жүрсе, әңгіме, әрине, басқаша. Жарыстарға қатысу үшін сәйгүлікті жаратудың өзіне қаншама қаржы кететінін мен айтпай-ақ қояйын. Жалпы асыл түқымды жануарды, оның ішінде жел сәл қатты үрлесе, өкпесі өше қалатын ағылшын сәйгүлігін баптаудың машақатын біз жақсы білеміз. Біздің өңірдің қатты қыс мезгілінде оларды үлбіретіп үстауға тура келеді. Сондықтан да тұлпар жаратамын десең, алдымен қалтаңның біраз қағылатынын, содан кейін барып оның қайтарымының болуы екіталай екендігін де естен шығармаған абзал. Біз облыс көлеміне шығып жүргендіктен, үлкен дайындық пен біліктілік қажет. Жүз, одан да көп жылқының ішінде жоғалып кетпей, өз орныңды, өз жолыңды таба білу аттың дайындығы мен шабарманға байланысты. Тұлпардың әр қимылын көріп қана қоймай, түсіне де білу керек. Ат баптау таңғы сағат 4-те басталады. Оны азықтандырудың, жаттығуларының өз мезгілі бар. Жылқының жайы азықтан білінеді. Егер азығы алдынан қайтатын болса, онда жаттығудың аздығы. Жемін сүйсіне жеген малға тиісті жаттығумен қатар азығының мөлшерін де көбейткен жөн. Бүл ұсақ - түйек әрекеттер болса да, назарда болуға тиісті жұмыс ретінде бапкердің де күні - түні мазасын алары сөзсіз. Бабында тұрған жылқы алдындағы азығын да жейді, жүрісі де өнік. Ойнақтап, секіріп, құлағын қайшылап тұрған малға қарап сүйсінуге болады. Атам, әкем және мен жүріп аттарды біраз жарыстарға қостық. Осындай жақсы дайындықтардың жемісі ретінде жүлделі орындарға ие болдық. Мұның бәрі атбегінің жемісті еңбегі деп айту керек. Мен де атам сияқты атбегі болғым келеді. Менің де жүйрік аттарым көп болса. Атбегілік өнерін әрі қарай дамытуға өз үлесімді қосуға тырысамын. | |
Просмотров: 6368 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|