Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Творческие проекты учащихся

Қазақстан Республикасында туризмді дамыту ерекшеліктері және болашағы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қазақ гуманитарлық-заң және инновациялық университеті

Мектеп оқушыларынын 2011-2012 оқу жылындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсы
Бағыты: Экономикалық ғылымдар

КОНКУРСТЫҚ ЖҰМЫС АТАУЫ: Қазақстан Республикасында туризмді дамыту ерекшеліктері және болашағы

Жоба жетекшісі:
География пәнінің мұғалімі
Қарсақбаев Нұртас Бағдәулетұлы

Жоба авторы:Қилыбаева Салтанат
М. Әуезов атындағы Қасқабұлақ
орта мектебінің 11 сынып оқушысы


Семей, 2012ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
I БӨЛІМ.Шығыс Қазақстан облысының туристік рекреациялық әлеуетінің
географиялық ерекшеліктері
II БӨЛІМ. Қазақстан Республикасында балалар – жасөспірімдер
туризмінің дамуы
III БӨЛІМ. Экскурсия – патриоттық сезімді ояту құралы
ретінде
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР (жоба бойынша слайдтар )

1. Шығыс Қазақстан облысының туристік рекреациялық әлеуетінің
географиялық ерекшеліктері

Халық шаруашылық салаларын аумақтық ұйымдастыру мен жоспарлы реттеудің тиімділігі ең алдымен ғылыми – дәлелденген аудандастырудан тәуелді, өйткені ол табиғи – географиялық жағдайлар мен ресурстарға баға беруіне және зерттеуге, сонымен қатар қоғамдық еңбектің аумақтық бөліністе оның орнын анықтайтын шаруашылық және басқа да территорияның өңірлік ерекшеліктеріне сүйенеді. Туризмнің дамуы, оның материалды – техникалық базасының ұйымдастырылуы мен кеңеюі, туризм дамуының мақсаты үшін табаиғи және мәдени – тарихи элементтердің интенсивті пайдалануы өңірдің әлеуметтік – экономикалық өміріне оның әсері туристік аудандыру мақсаты үшін территорияның зерттеуіне арнайы шешімді талап етеді.
Рекреациялық саладағы еңбектің аумақтық бөлінуінің тереңдігімен жүретін рекреациялық қызметінің өсуі бірқатар территориялардың рекреациялық қызметтердің орындалуының мамандануына әкеледі.
Территорияның аудандастырылуы мен баға беруі рекреациялық мақсаты үшін әр түрлі факторлардың – табиғи, экономикалық, әлеуметтік, физиологиялық, экологиялық, архитектуралық және т.б. есебін талап етеді. Туристік аудандастырудың әдістері аудандастырудың мақсаты мен масштабтарына тәуелді:
1) шаруашылықты дамытудың перспективалық жоспарлардың техника – экономикалық дәлелденуі үшін мемлекеттің ірі бөліктерінің туристік әлеуетін анықтау;
2) бөлек облыстардың аумағында халықтың демалысын ұйымдастыру мүмкіндіктерін анықтау;
3) жоспарланған демалу аймақтарында белгілі нақты туристік объектілерді орналастыру және олардың толық жоспарлауын құрастыру.
Туризм үшін жер бедері, сулар, өсімдіктер, климат, табиғи және мәдени объектілер бағаланады. Рекреациялық аудан керекті рекреациялық әлеуетке ие территория ретінде көрсетілінеді.
Аумақтың аудандастырылуы – аумақтық жоспарлаудың негізін көрсететін, географиялық зерттеу әдістерінің бірі. Аудандастыру табиғи және мәдени бай әлеуетімен экологиялық таза территориялардағы адамдардың тез өсетін қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен ауданның ресурстык мүмкіндіктері туралы керекті ақпаратты жинаудың жіберу сәті болып табылады.
Туристік – рекреациялық аудандастыру туристік саланы басқару мен жоспарлау үшін негіз болып табылады. Туристік аудандастыру мақсатында оның негізгі даму бағыттары анықталынады, туризмнің материалдық – техникалық базасының қоғамдық тиімді өсуі үшін аумақтық алғы шарттар бағаланады.
Табиғи және әлеуметтік – экономикалық ресурстар, көліктік жағдайлар, туризм инфрақұрылымының деңгейі, басқа қызметтер түрлерінің туристік қызметке оң және теріс әсері, туристік ауданның ішкі өндірістік және аумақтық құрылымға баға беру негізінде аудандастыру барысында әр түрлі таксономикалық дәрежедегі рекреациялық территориялар шектелінеді, олардың функционалдық және әлеуметтік мағынасы анықталынады, рекреациялық сыйымдылықпен рекреациялық игерудің реттілігі орнатылынады.
Аудандастырудың әр түрлі әдістерін қолдану аумағындағы әр түрлі мемлекеттердің тәжірибесін зерттегеннен кейін, келесі тұжырымға келуге болады, яғни территорияның аудандастырылуы бір немесе екі доминантты өлшемдердің бар болуымен жүргізіледі, ал ол әдетте табиғи және антропогенді ресурстар болып табылады. ШҚО облысының аудандастырылуы әкімшілік – аумақтық бірлік аумағында жүргізіледі, өйткені әкімшілік аудандар аумағында халықтың жұмыс басшылығы есептелінеді және бөлудің мұндай түрі ШҚО облысындағы туризм дамуы үшін берілетін ақша қаражатын бөлген кезде және статистикалық ақпараттың талдануын өткізу үшін ыңғайлы.

2. Қазақстан Республикасында балалар – жасөспірімдер туризмінің дамуы

Қазақстан – бұл таулы шыңдар мен шексіз дала, бұл алуан түрлі маршруттар. Бұл жерде кез-келген туристік жорықтар жасауға болады. Олар: демалыс күндеріндегі далалық және категориялы көп күндік жорықтар мен саяхаттар, жаяу экспедициялар, қыста шаңғымен, су арқылы байдаркамен, катамаранмен, велосипедпен де, мотоциклдерменде түрлі саяхаттар жасауға мүмкіндік бар. Өзендердің көгілдір таспасы, аппақ қардай таулар мен мұздықтар, күн сәулесі шағылысатын шөлді далалары, жасыл алқаптар, терең үңгірлер – міне осының бәрі Қазақстанның сарқылмас туристік мүмкіндіктері. Кез-келген жыл мезгілінде және кез-келген бағытта туристік маршруттың жаңа қызықты жолдарын салып өтуге болады.
Жас жеткіншектерге туристік тәрбие беру балалар бақшасынан басталады. Туризм арқылы балалар көп нәрсені үйренеді. Жанға жайлы салқын самал табиғат аясында жорықтарға шығып, туған өлке табиғатын тамашалайды, зерттеу-іздестіру жұмыстарын жүргізеді, денелерін шынықтырады, ұйымшылдыққа тәрбиеленіп, қоршаған ортаны танып біледі. Туристік жорықтардың денсаулықты нығайтуға баланың қалыпты өсуіне үлкен ықпалы болады.
Балалар-жасөспірімдер туризмінің маңызды мақсаттарының бірі спорт ретінде, сауықтыру және қызмет түрі ретінде балаларды тәрбиелеуде үлкен мемлекеттік маңызға ие адамның және толығымен қоғамның салауатты өмір салтын қалыптастыруы болып саналады.
Балалар және жастар еліміздің келешек ұрпағы екенін назарға ала отырып, қазіргі экономикалық жағдайда әдептілік бағытын жоғалтып, нашақорлық және қылмыстық ортаға жастардың түсіп кетуіне жол бермеуіміз керек. Бүгінгі таңда еліміздегі балалардың туристік қозғалысы алдында келесідей міндеттер тұр:
- жас ұрпаққа ғажап әлем спорттық туризмді жандандырып, оны дамыту;
- тиімді түрде қала және табиғат ортасында жасөспірімдердің аман қалуын, өмірлік қиындықтарды жеңе білуді үйрету.
Туризм ұзақ уақыт немесе бірнеше күн ішінде орындалатын жаяу жүру, велосипедтпен серуендеу, жүзу құралдарымен саяхат жасау, физикалық жаттығулардың формасы ретінде, сонымен қатар табиғи орта жағдайларында белсенді ойын түрлері формасы ретінде өскелеең ұрпақты сауықтыратын басты құралдың бірі болып табылады.
Елімізде болып жатқан жаңа экономикалық қатынастар балалардың спорттық-сауықтыру туризмінің мәселелерін қиындатып, массалық туризмнің ұйымдастырушылық базасы мен негізгі материалды қызметінің үрдісіне біршама өзгерістер алып келді. Егер 90-шы жылдардың басында балалар туризміне қатысты сұрақтармен білім беру жүйесі айналысса, қазіргі уақытта бұл жағдай түбегейлі өзгерген. Балалар туризмін дамытушы субъектілер ретінде коммерциялық фирмалар да, қоғамдық бірлестіктер де пайда болды. Сондықтан балалар туризмін дамыту тек қосымша білім беру қызметі көзқарасынан ғана емес, бұл бағыттың экономикалық тиімділігі тарапынан да қарап, балалар туризмін дамыту үлкен кәсіби тәжірибені талап етіп, зерттеу қажеттілігін туындатады.
ҚР спорттық-сауықтыру туризмі жүйесіндегі балаларды сауықтырудың зерттеу өзектілгі ең алдымен елімізде іске асырылып жүрген әлеуметтік-экономикалық реформаларға, балаларды сауықтырудың жаңа мемлекеттік жүйесінің құрылуына себебін тигізеді. Оданда басқа қазіргі таңдағы ҚР дамуында бұл тақырып аз зерттелген және ол ешбір нормативті, әдістемелік немесе экономикалық әдебиеттерде көрсетілмеген, ал жаңадан ғылыми зерттеулерді енгізу қазіргі таңдағы балалардың спорттық-сауықтыру туризмінің дамуына өте қажет. Біздің еліміздің индустриалды-инновациялық даму стратегиясында және ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауында туризм маңызды келешегі бар жоба деп анықтаған. Бірақ бәсекеге қабілетті отандық туристік индустрияны құру, білікті мамандандырылған туристік кадрларды дайындау және тәрбиелеу, халықаралық қоғамда Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру және туризмнің приоритетті түрін дамыту үшін әлі де көптеген жұмыстарды атқару керек. Ең алдымен жаңа экономикалық жағдайда келешекте жұмыс істейтін жас ұрпаққа басты назарды аудару керекпіз. Өкінішке орай соңғы 15 жылдың ішінде білім мекемелерінің массалық жұмыстарында туризм ең өзекті тақырып болған емес. Көбіне балалар-жастар туризмін дамытуға қосымша білім беретін салалар жүзеге асыратын.
Арнайы мамандандырылған мекемелер категориясының бірі деп балалардың туристік базасын айтуға болады. Базасының жарты бөлігі өзінің мемлекеттік немесе муниципалды мәртебесін алып қалған, ХХ ғасырдың 90-шы жылдары басқалары жекешелендіріліп немесе жеке меншік атанған болатын, бірақ олар оқушылармен жұмыстарын тоқтатқан емес.
Мұндай мекемелерде сауықтыру және демалысты ұйымдастыру әдеттегідей жолдамаларды сату жолымен іске асырылады, сонымен бірге сатушы ретінде білім беру органдары да, жастар жұмысы бойынша әлеуметтік қорғау мекемелері де болатын еді. Балалар туристік базасының бөлімі Әлеуметтік сақтандыру Фонды бойынша қаржыландырылады. Балалар туризмін дамытумен айналысатын қоғамдық ұйымдар ішінен арнайы мамандандырылған қоғамдық ұйымдарды (туристік клубтар) және көп профильді бірлестіктерді (әскери-патриоттық, скауттық және тағы басқа әр түрлі Кеңес жастары ұйымдары) атауға болады.
Туризм индустриясы экономиканың басқа салаларынан туристік бизнестен түскен пайда бір мезгілдік сипатқа емес, туристік қызметті тұтынушылар мен осы қызметтерді өндіретін өндірушілер арасындағы сенімді қатынастардың нығаюы арқасында артуымен ерекшеленеді. Сондықтан, жасөспірімдер мен жастарды ерте жасынан туризммен айналысуна қарату, жастарға жоғары эмоционалды қабылдау кезінде туристік өнімдердің ең жақсы үлгілерін көрсету есейген уақытта олардың туристік саяхаттар мен сапарларға шығу қажеттілігі туындайды. Оданда басқа, балалар туризмін дамыту туризмді өзінің негізгі кәсібі етіп және т.б. мәселелерді шешетін жастардың санының артуына да әкеледі, ал ол өз кезегінде қазіргі таңда өте қажетті туристік кадрларды дайындау проблемасын шешуі мүмкін.
Туризмді психология саласынан қарастырғанда, туризм қазіргі қоғамда көптеген өзекті мәселелерді жастардың бос уақыттарын дұрыс өткізбеуі, нашақорлыққа бейім болуы, темекі тарту сияқты мыселелерді шешуші құралдардың бірі болып саналады. Бос уақыттың және энергияның көп болуынан жастар өзін дұрыс жүзеге асыра алмауынан, стресс, депрессияның пайда болуына, стандартсыз және барабар емес реакцияға алып келетін алуан түрлі психологиялық жағдайларға тап болады, нәтижесінде денсаулыққа физикалық та, психикалық та зиян келтіреді.
Туризм және өлкетану - өскелең ұрпақты тәрбиелеу және білім беру жүйесінде, салауатты өмір салтын қалыптастыруда, сонымен бірге демалысты ұйымдастыру, рухани және физикалық күштерін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін маңызды құрал. Тіпті А.Я.Коменскийдің еңбектерінде «Тәрбиелеу – бұл келешек өмірге дайындық емес, бұл өмір үрдісі» деп жазып кеткен еді.
Егер бала бір немесе бірнеше күнге сапарға кетсе, ол қалалық өмірден тынығып, барлық стресс пен түңілуден демалып қайтады. Қала ортасынан бірнеше уақытқа сапар шегу социумның қолайсыз әсер етуінен өте пайдалы терапия болып саналатынына сіздер де келісесіздер деп ойлаймын. Туризм және өлкетанумен айналысу – салауатты өмір салтын қалыптастыру және сауықтырудың формасы, тәрбие және оқу үрдісінде өзін-өзі жүзеге асыру жолдары болып табылады.
Менің пікірімше, атқарылып жатқан жұмыстардың мазмұны мен дамуы Қазақстандық патриоттыққа тәрбиелеуге бағытталуы тиіс. Оқушыларға психологиялық және моральді, физикалық көмекті туризм мен өлкетанудың даму мен қалыптасу құралдарымен әсер етуі керек. Туристік дағдыларды арттыру, сауықтыру еңбектерін өз еркімен ұйымдастыру, алынған дағдыларды өмірде кездесетін қиын жағдайларда қолдану үшін қажет. Егер мектеп ордаларында мақсатты және жүйелі түрде белсенді туристік қызметпен айналыса отырып, салауатты өмір салтын насихаттаса, онда балалар жақсы жетіліп, психологиялық және физикалық шынығып, өз еркімен өмірге дайын болады. Мұндай бағытта Республикада аз ғана мектептер айналысады. Зерттеуде тереңірек туризм мен өлкетанудың салауатты өмір салтының негізін қалыптастыруға әсері туралы айтылады, сонымен бірге бұл мектеп 13 жыл бойы экспериментальді алаң ретінде сауықтыру жолының формасы болып өзін ақтауда. Мектепте экспедициялар мен саяхаттарда жинақталған өлкетану материалдары бар, оларды география, валеология, тарих, зиынды әдеттермен жұмыс кезінде, қиын жасөспірімдермен жұмыс істеуде әдебиеттер негізінде қолдануға болды. Қазақстан Республикасының балалар және жастар туризмі және өлкетанушылық қызметтері сонау 30-шы жылдардың басын алады. Алғаш рет жүйелі түрде 1951 жылы Қостанай қаласында ашылған балалардың туристік-экскурсиялық стансасы республикада жұмыс істей бастаған болатын. Қазақстанда 1962 жылы Ақмола, 1965 жылы Павлодар, 1968 жылы Алматы, 1969 жылы Семей, 1971 жылы Торғай, 1973 жылы Маңғыстау және Жезқазған облыстық балалар экскурсиялық туристік стнсалары ашылған болатын.
Алматы қаласының білім беру басқармасының Бостандық Ауданында 15 жыл бойы «РОМАНТИК» балалар-жасөспірімдер туристерінің Клубы жұмыс істеп келеді. Соңғы жылдары Клубты қаржыландыру қысқарып кеткенімен, бұл жерде жүйелі түрде аудандық 16 мектеппен, 2 интернет және 2 балалар үйімен жұмыс істеп келеді. Басқа аудандарында туристердің клубтары жоқ.
Елордамыз – Астананыңда балалар-жасөспірімдер туризмінің дамуына қосқан үлесі өте зор. Балалар туризмінің тарихы Астана қаласында ХХ ғасырдың 60 жылдарынан басталады, яғни сол жылдары Гуляев В.Е. басқарған облыстық білім беру бөлімінде жас туристердің облыстық стансасы ашылды.
Астана қаласының Білім басқармасы «Жас саяхатшылар станциясы» Мемлекеттік мекемесі 2005 жылдың қыркүйек айының 27-сінен бастап өз жұмысын атқаруда. Қалалық Жас саяхатшылар стансасы 2005 жылдан қалыптасып жұмыс істеп келеді. 47 топта 600-ден астам астаналық оқушылар қазақ және орыс тілінде әр түрлі үйірмелерде айналасып келеді. Қазіргі таңда астана қалалық «Жас саяхатшылар стансасының» директоры ҚР білімінің құрметті қызметкері, ҚР туризмінің құрметті қызметкері, туризм бойынша ҚР атақты нұсқаушысы, СО бас нұсқаушысы, спорт шебері кандидаты балалар жасөспірімдер туризмі және өлкетануының халықаралық академиясының академигі, академиялық жоғары марапаты «Алтын компас» және көптеген медаль және төсбелгінің иегері Шаяхметов Асхат Галиұлы. Стансада жалпы екі бөлім бар:: әдістемелік бөлімі және көпшілік-ұйымдастыру бөлімі.. Станцияның үйірмелеріне қатысып жүрген балалардың саны: 640 оқушы. Балаларға арнап тегін түрде қызмет ететін әр түрлі үйірмелер ашылған: «Бардтық өлең», «Жас ңұсқаушылар туризмі», «Тау туризмі», «Жаяу туризмі», «Жартасқа өрмелеу», «Спорттық бағдарлау», «Жас археологтар», «Жас экологтар», «Жас экскурсоводтар», «Шығын туризм», «Жас велотуристер», «Жас туристер», «Өлкетанушы-туристер», «Географ-өлкетанушылар», «Спелеотуризм», «Жас этнотуристер», «Изотуризм». Үйірме қызметкерлері үшін тақырыптық-оқу, авторлық және бейімделген бағдарламалар әзірленген.
№4, 13, 19, 25 мектептерде 4 базалық мектеп қалыптасып, №13 балалар бақшасында «Шағын туризм» бағдарламасы бойынша эксперименттік алаң әрекет етеді. 2000 жылдан бері оқушылардың жазғы демалу және сауықтыру орындарын баулып, туристік білім-дағдыларын жүзеге асыруда Ерейментау ауданында «Батыр» шатырлы лагері құрылды.
1997 жылғы өкімет қаулысымен Республикалық туристік, натуралистік және техниктер орталықтарының жабылуы сол кез жағдайында, ел экономикасымен тікелей байланыста болғандығын түсінуге болады. Бірақта уақыт өте келе сол жіберілген кемшіліктерді қайталамау үшін атқарылып жатқан істер мардымсыз. Қазіргі таңда Республика аумағында бірнеше облыстарда, тіпті басқа аумақтарда да балалар мен жастар туризмі, өлкетанушылық және экологиялық орталықтары ашылуда. Оларды ашуда Қазақстан балалар туризмінің тарихына сүйенбей, еш заңды түрде бекітілмей, жергілікті әкімшіліктердің еркіне берілуі орынсыз болып отыр. Қазақстан балалар мен жастар туризмін жолға қою үшін ең алдымен ұйымдастырушы ғылыми басшылық жасайтын Республикалық статусқа ие Білім және тәрбие Орталығы ашылуға тиісті. Ол ғылыми зерттеу институты ма, әлде лаборатория деңгейінде ме бәрібір, бірақ Білім және ғылым, туризм және спорт Министрліктері тарапынан шешілетін мәселе. Қазақстан өкіметі тарапынан балалар мен жастар туризмі, өлкетанушылығын және экологиялық қызметтерін жандандыру мәселесіне байланысты арнайы қаулы қабылдануға тиісті. Бұл мәселе кезек күттірмейтін мәселе. Оның басты себептері: балалар мен жастар туризмінің ардагерлері мен шын жанашырлары осы жұмыстардан қол үзіп, олардың орнын басатындардың аз болуы. Жоғарғы оқу орны бакалаврлық жүйеге көшуіне орай қосымша туризм, өлкетану істерін ұйымдастырушыларды дайындау мүмкіндіктерінің шектелуі. Жергілікті жерлерде және туризмге байланысты іс-шаралар жүргізетін мекемелердегі мамандар тапшылығы, балалар туризміне деген көзқарастың жоқтығы.
Соңғы кездерде ақпараттық құрал бетіндегі айтылып жүрген Қазақстан туризмі жайлы мәселені шешетін кез келген сияқты. Ол үшін ең алдымен еліміздегі балалар мен жастар туризмін дамыту концепциясын қолға алып, жас жеткіншектерді патриоттық рухты дайындауда туристік іс-шараларды кеңінен пайдалану жолдарын қарастыруымыз қажет. Әзірге оған түйіткі болатын басқарушы, ұйымдастырушы мекеменің жоқтығы. Сондай-ақ, облыстар көлеміндегі атқарылып жатқан іс-шаралар Қазақстан аумақтарында қолданысқа ие болатын кез де келген сияқты. Бұл орайда балалар мен жастар туризмі осы қарқынмен қалатын болса, Қазақстан туризмі де дамымай, ел экономикасына тигізетін ықпалы да аз, оқу-тәрбие ісіндегі жетістіктері ескерусіз қалатын жағдайларға душар болуымыз да ғажап еме

3. Экскурсия – патриоттық сезімді ояту құралы ретінде

Кешегі ел-жұртын оята алмай зар шегіп өткен ұлы Абайда өз ұлтына деген сүйіспеншілік сезімі қандай болып қалыптасқан еді? Ажал құрығы үйіріліп тұрған қатер астында, өз өмірлерінен гөрі, тәуелсіз, бостандықты, ұлттық асыл мұратты бәрінен жоғары қойып, биік ұстап, бастарын өлімге тігіп, сол идеялары жолында мерт боп кеткен Алаш арыстарында ше? Әрине, біз олардың өз ұлтының нағыз патриоттары болғанын жақсы білеміз. Бірақ біздің бұл жердегі осы бір «патриотизм» деген атаудың атын атап, қолданып жатқандағы бар біліп болғанымыз, оның өз ұлтына деген жанпида сезім мен көзқарасты білдіретіндігі ғана.
Талай арыстарды өз ұлты үшін жандарын қиюға итермелеп, шексіз берілдіріп қойған сезім қандай идея арқылы пайда болып жатты? Құрылыс түзілісі жағынан қандай болып қалыптасты? Тек бұл жағына келгенде бізге ештеңеде мәлім емес. Соңғы кезде қоғамда, осы патриоттық тәрбиенің қажеттілігі жайлы көтерген мәселелер, жиі-жиі талқыланып та жатыр. Бірақ әліге дейін бұл сезімді баяғы ескі ізбен, батырлар жырын жаттату арқылы калыптастыруға болады деп ойлайтындардың мардымсыз ұсыныстары тұщымды жауап болмай тұр.
Олай болса, мынау ұлттық ортамызда, осы айтылып жатқан өз ұлтымызға деген патриоттық сезім деген сезімді қалай қалыптастырамыз? Әрине, өз ұлттық ортамызда, өз ұлтымызға деген, сүйіспеншілік сезімді қалыптастырып шығаруымыз үшін, бізге ең алдымен, өз ұлтымызга деген көзқарасымызды патриоттык көзқарас етіп қайта қалыптастыруымыз керек. Яғни патриоттық көзқарас жоқ жерден ешқандай патриоттық сезім де шықпайды. Біз айтып жүрген патриоттық сезіммен патриоттық көзқарас ұғымдары екеуі екі бөлек болып, бір-бірінен ажырап тұратын түсініктер. Ендеше, патриоттық көзқарас деп отырғанымның өзі не? Бұған өзімізше жауап та беріп көрейік.
Этносаясат теориясы бойынша, дүниеде адам баласының өз ұлтына байланысты қалыптасатын таным, түсінік көзқарасының үш бөліктік түрі болады. Дәлірегі, нигилистік, космополиттік және патриоттық деп аталатын үш-ақ түрі бар. Оның біріншісі, өз ұлтын өзге ұлттан кем санап, өзін осы ұлттың өкілі болғандығы үшін кеміс көріп, менсінбеушілікпен жек көретін болып қалыптасқан көзқарастағылар. Екіншісі, дүниеде адамзат баласының ұлтқа, нәсілге бөлінбей, бүтіндей ұлтсыздықты, тексіздікті, бір сөзбен қайырғанда, тамырсыз біртұтас адамзат қоғамына айналуына мақұлдаушылықпен қарайтын көзқарастағылар. Негізінен бұлар өз ұлтының ұлт ретіндегі ұлттық ар-намысының не екендігін нақты ашып, айырып, тани білмейтіндер. Ең алдымен, оларда өз ұлтының асыл тегін, жаратылыс қалпын, тахуалық сезіммен сүйе білушілік қасиеті жоқ. Ал бұл сезім жоқ болып тұрған жерде, олар ұлтымыздың ұлт ретіндегі ең қатаң қорғалынуы тиіс, ең басты да, ең негізгі де көрсеткіші – ұлттық намыс дегеннің не екендігін айырмайды. Ел басына күн туып заман ауа қалған жағдайда да елін, ұлтын сатып шыға келетін сатқын жаратылыстылар да осы топтағылар болмақ. Мұндайда қашанда өз позициясында тапжылмастан нық тұрып қалатындар, тек өз ұлтын шын, әрі дұрыс сүйе білетін нағыз патриоттар ғана. Яғни, бұл өз ұлтына байланысты қалыптасатын көзқарастың үшінші түрі деп атап, енді таныстырғалы отырған, өз ұлтының таза қанды, таза тәнді, адал жаратылысты қалпына шаң тигізуге де қимай, оның былғанып, бүлінуіне әсте жол қоймау идеясын ұстанып қалыптасқан, патриоттық деп аталатын көзқарастылық. Негізінен бұл көзқарас өзі барлық істің жетекшісі болып, ең маңызды орынды иеленетін, сезімнен құралған.
Біздің пікірімізше, әр азаматтың бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін әр ұлт пен ұлыстың тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз , сонымен қатар олар бір - бірін танып біліп, құрметтеуі тиіс. Кез келген қазақстандық қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, өз болмысында еш бұрмалаусыз танып, білуі шарт.
Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі - Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге өзінен - өзі келмейтін баланың бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім. Бұл сезім әркімде әр кезеңде оянып, кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып , тәжірибемен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, балабақша, отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар әсерімен қалыптасады. Патриоттық сезім тұлғада тәрбие арқылы өсіп жетіліп патриоттық сана түрінде қалыптасады. Сондай-ақ жеке адам өз ұлтының қасиеттерін бойына сіңіруі керек.
Оған көмектесетін, өзінің ықпалын тигізетін әр тұлғада патриоттық сезімді оятуға, оны шындауға көмектесетін құрал қазіргі уақыттағы туризм индустриясының ақсаңқыраған саласы – экскурсиялық қызмет. Бұл қызметтің қарқынды түрде дамымауының себептерінің бірі әрбір екінші азаматтың экскурсия жайлы ойларының дұрыс қалыптаспауында. Мәселен, «Экскурсиялар сізді қаншалықты қызықтырады?» «Сіздің алдыңызда 3 сағаттық экскурсияға бару және 2 сағаттық киноға бару деген таңдау тұрса қайсысын таңдар едіңіз?» деген сұрақтармен жүргізілген сауалнама нәтижесінде барлық сұралған 20 адамның 5і ешқашан экскурсияларға қатыспаса, 9 азаматқа экскурсия уақытты бос өткізу деп санайды, ал қалған 6на экскурсовод жақсы болса, барар едім деп жауап қайтарды. Ал 2ші сұраққа 15 адам киноға баруды таңдап, қалған 5уі экскурсияны таңдады. Осы сауалнаманы жүргізу барысында менің түсінгенім халықтың көбі экскурсияны уақытты бос өткізуге, ұйықтап демалуға арналған құрал ретінде қабылдайды. Менің осы мақаланы жазуға түрткі болған себептің бірі сол ойды жоюға өз ықпалымды тигізу. Менің ойымша экскурсия нағыз патриотты тәрбиелейтін мықты құрал, ендеше оны қалай пайдалануымыз керек? Мен сол сұрақтың жауабын іздеуге тырыстым. Экскурсия ол қолмен ұсталып, көзге көрінетін тарихи мәдени нысандардың мән-мағынасын, қыр-сырын танытатын, болған оқиғаларды ішкі дүниеңмен сезінуге мүмкіндік беретін, адамға үлкен әсер тигізетін, рухани дүниесін байытатын, білімін көтеретін туризм саласының жүрегі. Тек экскурсия кезінде ғана адам нысанға немесе тарихи жерге барып толық ақпарат ала алады. Ал ол ақпаратты жеткізетін – экскурсовод. Әр экскурсоводтың алдында алғышарт ретінде келесі міндеттер тұру керек: - Экскурсантты Отанын сүюге, туған жерге махаббатын оятуға баулу;
- Экскурсантты халқын, ұлттық мәдениеті мен дәстүрлерін жақсы көріп, сыйлауға шақыру;
- Туған жердің табиғатын қорғауға ынталандыру, махаббатын ояту;
- Мемлекеттік тілді, туған тілді сыйлау, құрметтеуге, жақсы көру сезімдерін қалыптастыру;
- Экскурсантты Отанға қызмет етуге, Отанға деген құдіретті сезімдерді ояту;
Бұл міндеттерді қалай жүзеге асыруға болады? Менің ойымша ол үшін мүмкіндігінше экскурсияларды көбіне қазақ тілінде, яғни өз тілімізде жүргізуіміз керек. Қазақ тіліндегі экскурсиялардың бар екендігі жайлы халыққа насихаттау керек, ана тіліміздегі экскурсияларға сұранысты арттыру қажет. Оның аздығын өзімнің экскурсиялық қызметтегі тәжірибиемде де байқадым. Мәселен, бір айда орыс тілінде шамамен 5-8 экскурсияға, шетел тілдерінде 4-5 экскурсияға тапсырыс берілсе, қазақ тіліндегі экскурсияларға айына 2 көп болса 3 экскурсияға ғана тапсырыс беріледі.

Сұраныстың аздығынан болар біздің қаламызда қазақ тіліндегі экскурсовод мамандарының саны саусақпен санарлық, кей жағдайларда қазақ тіліндегі экскурсияны қалаған тұлғаларға орыс тілінде экскурсиялар өткізуге мәжбүрліктер туындайды. Себебі маман тапшы. Қазақ тіліндегі мамандарды даярлауға ЖОО, арнайы білімін жетілдіру курстары баса назар аудару керек. Мемлекеттік тілді көтеру – қазақтың ғана шаруасы емес. Меніңше, ұлттық мәдениет орталықтары тек өздерінің этностық проблемаларымен шұғылданып қана қоймай, өздерінің рухани құндылықтарымен қатар қазақ халқының да бай рухани құндылықтарын насихаттап, дамытуы керек.
Рухани, мәдени құндылықтарды насихаттау экскурсия кезінде экскурсантта патриоттық сезімдерді тәрбиелеудің бір кілті. Отанын сүйген, елін жаудан қорғау үшін қасық қаны қалғанша аянбай шайқасқан Қобыланды, Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс тұлғалары, ақын - жыраулардың, билердің татулыққа, адамгершілікке, елін сүюге шақырған өлең жырлары , шешендік сөздерін теориялық түрде оқып-білгізіп қана қоймай, өткенді бүгінгі таңда байланыстыра отырып, экскурсия барысында көркем әрі түсінікті жеткізу қажет. Экскурсияның тақырыбына орай, елдің тарихын, даму кезеңдерін, белгілі бір тұлғалардың Отанына деген қызметін, қазақтың дәстүрін, ою-өрнек, фольклорын, құлаққа жылы естілетін туған тілде экскурсантқа айтып, экскурсант білмеген өз елінің тылсым сырларын ашу, белгілі ақпараттардан тыс жаңа ақпарат беру керек. Экскурсия соңында әр экскурсант өз елін мақтан тұтуы қажет. Бірақ, экскурсовод ешқашан жалған ақпарат бермеуі тиіс, асыра сілтеудің де қажеті жоқ. Экскурсант болған оқиғаны, нысанды қаз қалпында көруі керек, сөйтіп күйінетін жеріне күйініп, қуанатын жеріне қуанып шынайы сезімдерді сезінуі керек.
Экскурсанттан елдің патриотын даярлау үшін экскурсовод экскурсанттың елі үшін қажеттілігін, туған жер үшін маңыздылығы жоғары екендігін сездіре білуі керек. Еліміздің көркеюі, ары қарай дамуы әрбір азаматтың қолында екендігін және бәріміз үлес қосу керек екенімізді айтып, жеткізуі керек.
Өзімен бірге саяхаттап жүрген экскурсантта Отанға деген сезімдерді тәрбиелеуге үлес қосуы үшін ең басты шарт ол өзі өз ұлтын, туған жерін, елін қалтықсыз сүю керек. Оның бейнесінен, істеген қылығынан, жүріс-тұрысынан қазақилықтың иісі анқу керек. Қазаққа тән сыпайылық, қонақжайлылық, ұяңдық, кішіпейілдік экскурсоводтан табылып, экскурсантқа үлгі болуы керек. Экскурсия барысында қазіргі уақытта ұмытылып бара жатқан қасиеттердің орнын басқан немқұрайлылық, дөрекілік, бассыздықты жоюға аз болса да өз үлесін қосуы керек.
Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе, қазақ елін дамыту үшін, Қазақстанды әрдайым жоғары биіктен көру үшін соған жеткізетін нағыз ел патриоттары болу керек. Ол үшін біз қоғам болып, ел болып өз елін, туған тілін, салт-дәстүр, тарихын жақсы білетін азаматтарды тәрбиелеуіміз керек. Ал туризм саласы оған зор үлес қоса алады. Әсіресе, туризм индустриясының кішігірім саласы экскурсиялық қызмет арқылы адам білімін жоғарылатып, рухани байиды, жалпы ұлттық рухты оятады, қоршаған орта мен еліңнің әрбір тасын жақсы көруге баулиды. Тек экскурсияны патриоттық сезімді тәрбиелеу құралы ретінде тиімді пайдалану керек. Ол үшін:
- Мемлекеттік тілдің мәртебесін үстем ету керек;
- Экскурсовод өз ұлтына, Отанына деген шынайы сезімдерін қазақтың мақал-мәтелі, өлең-жырлары, ән-күйі арқылы жеткізуі керек;
- Экскурсовод бойындаға білім мен білікті барынша жетілдіріп, экскурсия барысында ел игілігіне шын жүрекпен жұмсауы керек;

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. А. Құсайынов «Білім және Реформа», Алматы, 2006ж.
2. Б. Әбдіғали «Қазақ ұлтын қалай қалыптастырамыз?», «Егемен Қазақстан» газеті, 21.07.2009
3. Г.П. Долженко «Экскурсионное дело», Мәскеу, 2006
4. Линдерт П.Х. Экономика мирохозяйственных связей М.: Прогресс, 2002.
5. Добрецов А Экспорт услуг и международный туризм / Экономика и жизнь. 2005.
6. Казаков А. Общее туристское пространство СНГ: первые шаги по трудному пути / /Внешняя торговля 2008, № 11 – 12.
7. Легорнев С. Ф. Туризм в экономике открытого типа // Вестник Московского Университета. 2009 .
8. По материалам журнала «Travel & Tourism» // Туринфо 2005. №4.
Категория: Творческие проекты учащихся | Добавил: Айдос (2012-11-06) | Автор: Қазақстан Республикасында туризмді E
Просмотров: 7688 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 10:57 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru