ОҚУШЫНЫҢ ТАБЫСТЫ ӘЛЕУМЕТТЕНУІНДЕ НЕГІЗГІ ФАКТОР ОҚУШЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАМУЫ
«Дана балаға қанат бітіру керектігін мұғалімге ескертті. «Оны қалай қанатты кылам,егер өзім жерде жүрсем» деп мұғалім таң қалды. Бірақ уақыт өте дана көкте қалықтап жүрген баланы, оған ілесе алмай келе жатқан қанатты мұғалімді көреді.Олар данаға жақындап келіп, мұғалім баланың қанаттарын қолдарымен сүйсіне сипап, мақтай бастады. Сол кезде дана «ал маған сенің қанаттарың көбірек ұнайды»депті. (Ш.Амонашвили) Жеке өзінің және қоғамның мәселелерін шеше алатын, жеке қабілеттері айқын бейнеленген белсенді, дербес, шығармашыл тұлға- бұл бүгінгі қоғам сұранысы. Бұл әлеуметтік тапсырыс жеке тұлғаның өзін көрсете білуге, өздігінен кемелденуге, табысты әлеуметтенуіне негіз болатын оқушылардың шығармашылық даму мәселесіне аса көңіл аудартады. Бүгінгі күні қоғамдық қажеттіліктермен сәйкес: қоғамға шығармашылық мүмкіндіктеріне, тапсырыстарына, қызығушылықтарына, ішкі жан дүниесінің дамуына аса көңіл бөлген дарынды адам, интеллектуалды тұлға жаратушы адам керек. Адамзаттың бар мәдени мұрасы – шығармашылық еңбегінің ескерткіші болып табылады. Шығармашылық қоғамдық сана, қоғамдық өмір өзгерген жағдайда негізгі мағынаға ие болады, адам шығармашылық жұмыспен айналысқан кезде ғана басында жаңа идеялар, тың ойлар, түрлі стереотиптер, жаңа өмірге деген көзқарас пайда болады. Жастар шығармашылығына терең үңілу, әр жас – шығармашылық жұмыстың қажеттілігін түсіну, сезу, білу шарт және оны алдына үлкен мақсат етіп қою қажет. Бізде әлі шешімі табылмаған өзекті мәселелер бар – олар оқушылардың қоғамдағы әлеуметтік шығармашылығы - қоғамдық қарым-қатынас саласындағы қызмет. Бұл жерде олар әлеуметтік маңызды жобаларға қатысушы және жетекшілері ретінде өздерін сынай алу. Әлеуметтік-маңызды және жеке қасиеттерді қалыптастыру әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде өзінің жеке мінез үлгісін, шығармашылығы мен өзбеттілігін, қоғамда болып жатқан өзгерістерге тез және дәлме-дәл шешім шығара білуін нақты өмірлік ұстанымын дамыту. Жетекші шығармашылық құндылықтарды дамытудағы оқушылармен жұмыс «әрбір бала аспандағы күн, тек қана оған жарқырауға мүмкіндік беру» дегеннен бастау алады. Егер баланың өнер құндылықтарын ашу жас кезінен бастамаса, онда оны есейгенде жүзеге асыру қажеттілігі жоқ. Егер мектеп кезінде оқушының шығармашылық дамуына мүмкіндік жасалмаса, шамасы біз баланы болашағында үлкен қиындықтарға душар етеміз. Сондықтан тұлғаның шығармашылық дамуына үлкен жауапкершілік артады. Адам шығармашылығының бастауы- ол әрқашан алға, үрдіске, жаңалыққа талпыныс, ал шығармашылық жұмыс-қоғамдық маңызы бар жаңа құндылықтарды қалыптастыру себеп. Олай болса оқушылардың бойындағы шығармашылық қабілеттерді дамыту мақсатында көптеген технологиялардың ішінен әлеуметтік жоба жұмысы қолданыс алды. Білім беру мекемелерінде толық нәтижелі әлеуметтік жоба жұмысын ұйымдастыру мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда оқушылар арнайы әлеуметтік топтық мәселесін шешу жұмысымен айналысады. Әлеуметтік жобаның ғылыми жобадан айырмашылығы - ол аумақтық қоғамды немесе толық қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған жұмыс. Яғни оқушы жақын әлеуметтің өзекті мәселелеріне көңіл аударып, туындаған мәселені өз күшімен тәжірибе жүзінде шешуге тырысып, үйренеді. Осындай жобалардың бірі әлеуметтік жоба – «Тақиялы періште» шығармашылық жобасын алуға болады. Бұл жобаны жүзеге асырушылар сынып жетекшісі мен 9 АВ сынып оқушылары. Жалпы бұл жұмысты жүзеге асыру әлеуметтік жобаның негізгі алты кезеңі бойынша жүрді.Әрбір кезеңде оқушылар үшін жаңа дүниелер ашылды. Алдымен оқушылар жұмыс жүргізілетін тақырып шеңберін анықтады. Ең бастысы мәселенің өзектілігі, тақырыптың түсінікті болуы.Бұл жерде жетекші «миға шабуыл» әдісі қолдануы тиіс. Миға шабуыл – бұл оқушылардың ұсынатын пікір, ой нұсқасын алып, «сұраптау» үшін қолданатын әдістердің бірі. Оны өткізу тәртібінде: сынауға жол бермеу;ұсынылған ойлардың көп болуы;басқалардың ойларын одан әрі дамытуға көмектесуді естен шығармаған жөн. Нәтижесінде оқушылардың (екі сынып) «Тақиялы періште» мюзиклі тақырыпқа тоқталуына, өткен сынып сағаттарында «оқушылардың мектептегі, сыныптағы іс-шараларға белсенділік танытпауы» туралы сөз етілгені себеп болды деп білем. «Тақиялы періште» киносы оқушылармен таңдалып, келесі сынып сағатында жалпы сценариді көзге елестетуге акт залында кино көрсетілімі ұйымдастырылды. Біз бұны әлеуметтік жобаның 1-ші дайындық кезеңі деп білеміз. 2-ші кезең іздеу кезеңінде неліктен бұл тақырып таңдалды, егер басқаша болса деген сұрақтарға жауаптар іздестірілді. Бір сөзбен айтқанда, әрбір бала бойында қасиетін танып, одан әрі дамыту, қазақ халқының салт дәстүрін дәріптеу. Сонымен қатар сынаптар арасында жақсы қарым – қатынасты жандандырып, достық қатынасты нығайту.3-ші кезеңі аналитикалық кезең. Бұл кезеңде жетекшінің, оқушылардың, музыкалық жетекшілердің, хореографтардың қатысуымен мақсатқа жетудің әдістері анықталып, талқыланды. Алдымен негізгі орындалатын актілер белгіленіп, оқушылардың әрбіреуіне лайықты рөлдер таңдалды. Орындалатын әндер, билер, өлең жолдары анықталды. Бұл жерде айта кететіні әрбір қатысушы 43 оқушы міндетті түрде бір рөлді ойнауы шарт еді. Осыған орай жобаны жүзеге асыру үшін қандай ресурстар қажет етілетіні бірден көрінді.Ол мысалы ең бастысы актерлерге костюмдер, сахнаны безендіруге тұрмыстық үй заттары, музыкалық аппаратура, ән жинақтары, қаражат т.б. Сонымен бірге сыныпта жұмыс істейтін пән мұғалімдерін қатыстыруды жөн көрдік. Бір сөзбен айтқанда «Тақиялы періште» мюзиклін жақсы қою үшін қандай қадамдар жасау керегі анықталды. 4-ші тәжірибе кезеңі. Толық сценарий жазылып, қатысушыларға сөздер таратылып, жаттау кезеңі. Бишілерге би, әншілерге ән үйретіп жаттықтыратын кезең. Жетекші бұл кезеңде толық бақылау жүргізеді. Нақ осы кезеңде әрбір баланың бойындағы шығармашылық қабілеттерді ашып, одан әрі өрбітуге үлкен мүмкіндік болды. Өмірінде ән айтпаған балалар ән айтып, би билемеген балалар би биледі. Әрине бұл бірден бола қойған жоқ. Сансыз репетициялар, қуанышты сәттер, толқулар да аз болған жоқ. Сонымен қатар осы кезеңде оқушының өзіндік мәдениетінде де қарапайым болса да, өзгерістер байқалды. Дұрыс сөйлеу, ойлау, есте сақтау, өзін сахна төрінде орынды ұстай білу, топпен жұмыс істеу, ақпаратты өздігінен іздеп, өңдей білуі. 5-ші бақылау кезеңі. Біздің жобада бұл кезең бір күнге созылды.Жобаны көрсету халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік музыкалық қойылым болғандықтан, мектеп директоры мен тәрбие ісінің меңгерушісі соңғы дайындықты тексерді. Мереке күніне бір жұма қалғанда мектепте мюзикл афишасы ілінуінен, шақыру билеттері таратылуынан бір күн бұрын мәжіліс залын безендірілуінен оқушылардың өзіндік біршама жұмыстарын байқауға болады. Оқушылардың ұйымшылдығы көзге түсті. 6-шы қорытынды кезең, ол 06.03.2012 жылы мәжіліс залында «Тақияла періште» мюзиклі әлеуметтік жобасының сахнада алғаш қойылуы. Сонымен қатар жалпы осы жұмыс үрдісінің нәтижесі: Жұмыс барысында қосымша ақпарат алу арқылы оқушылардың мәдени деңгейін жоғарылату; жеке әлеуметтік құзіреттіліктерін қалыптастыру: қоғамда өзін орынды ұстау дағдысын, пайдалы әлеуметтік дағды мен біліктілікті игеру (алдағы болатын істі жоспарлау, қажетті ресурстарға есеп жүргізе білу, жұмысқа талдау жүргізе білу т.б.); әлеуметтік мобильділік; топпен жұмыс дағдысын бекіту; шығармашылық жұмыс туралы оқушылардың білімінің толықтырылуы; қойылған міндетке шығармашылық жолмен шешуге ұмтылыс, сыныптағы қолайлы психологиялық ахуал және берік, ұйымшыл ұжымның қалыптасуы. Бұл жұмыс оқушының шығармашылық дамуымен бірге, жеке тұлға ретінде қалыптасуына себеп болды. Оқушылардың мектеп өмірінде белсенділіктері артып, жиі бастама қадамдар жасайтын болды. Олар өздерінің мүмкіндіктеріне деген сенімдері артты. Оқушылардың көпшілігі нақты қысқаша өзінің ойын білдіріп, оны қорғай білуге үйренді. Осылардың бәрі жұмыс нәтижесі. Жалпы әлеуметтік жобамен айналысқан кезде тікелей қатысушы екі топты байқауға болады: Әлеуметтік жоба субъектісі – (әлеуметтік жобаны жүзеге асырушылар) жеке тұлға немесе ұйым, еңбек серіктестіктері, әлеуметтік институт, арнайы ұйымдастырылған әлеуметтік топ болуы мүмкін. Біздің жобада бұл топ болып 9АВ сынып оқушылары мен қатысушы мұғалімдер тобы. Әлеуметтік жоба объектісі – (жоба жұмысы осы топқа бағытталады) болу мүмкін.Ал бұл жерде «Тақиялы періште» мюзиклін тамашалаған мектеп мұғалімдері, оқушылар, ата-аналар. Жұмыс соңында, яғни қойылым аяқталғаннан кейін «кері байланыс» өтті. Басты рөлде ойнаған Нигматула Тасжан: -Осы қойылымнан кейін мен қазақ тілінде әрқашан сөйлесем, таза қазақша сөйлей алатыныма сенемін. Ән айтуға керемет болмасамда, аздап даусым барына көзім жетті. Дайындық кезінде балалардың көмегімен менің теріс қылықтарыма оң бұрылыс барын байқадым. Хамза Дина (11сынып оқушысы): Тақиялы періште мюзиклі өте әсерлі қойылымдардың бірі болды деп ойлаймын. Өзім де осы мюзиклда рөл ойнағандықтан, бұл жеңістің қолымызға қандай күшпен келгенін білемін. Сансыз репетициялар, толқулар, қуаныштар барлығы қосылып нәтижесінде осындай керемет мюзиклдің пайда болуына әкелді. Бұл таңғажайып проект сыныбымыздың бірігуіне, достасуына, бір-бірімізді жаңа қырлардан ашып тануға үлкен үлесін қосты. Қазір де осы қойылымды көре отырып, қуанышты көңіл-күйге бөленемін. Бұл мәңгі, ұмытылмас әсер үшін “Тақиялы періште” мюзикліне мың да бір алғыс. Сыздыкова Раушан Рашитқызы (тарих пәнінің мұғалімі): 2011-2012 оқу жылы біздің мектебімізде аналар мерекесіне арналған тамаша қойылым өтті. Бұл қойылым барша көрермендерге белгілі «Тақиялы періште» фильмі негізінде 9 «А» және «В» сыныптар мюзиклі түрінде өткізілді. Тамаша әртістік шеберлік көрсете білулері, би билеп, ән шырқап өнерлерін дүйім жұртқа паш етті. Айта кетерлік бір жайт мұндай мюзикл дайындау оңай емес екені бәріне мәлім, алайда шебер де ұйымшыл куратор Гулжанат Сатыбекқызы мен музыканың хас шебері Нұрлан Толыбайұлының жетекшілігімен қойылым жоғары деңгейде өтті. Соңғы түйін жасай келе алдағы уақыттада оқушыларымыз бізді осындай тамаша қойылымдарымен қуанта берсе екен деген арамандамыз және жалғасы табылар деген ойдамыз. Есинбаева Слушаш Кұдабаевна: Еліміздің сүйікті «Тақиялы періште» атты кино актерлерінің қойылымын жас жеткіншектердің «Тақиялы періште» атты мюзиклге айналдыруының өзі өте тартымды болды. Бұл қойылымның көпшілікке ұнағанын сезген оқушылар мен оқушылар жетекшілері қуаныштарын жасыра алмады. Ал көрермендер қойылымның қызықты орындалғанына ризашылықпен әр актісіне қол соқты. Жоба жетекшісі: Жалпы оқушылардың әрбіреуінің өз алдына қойған мақсаттары орындалды деп ойлаймын. Егер жұмыстың оң жақтарына тоқталсақ: Бұл әлеуметтік жобаға ойдағыдай шақырылған мұғалімдер, оқушылар, мектеп жұмысшылары барлығы көрермендер ретінде қатысуы; оқушылар қойылым соңында өздерінің үлкен жұмыс орындағандарын сезінгендер, яғни үлкен мен кішілер алдында өзінің қажеттіліктерін сезінуі; сонымен қатар дайындық кезіндегі 9 А мен 9В сынып, ұлдар мен қыздар арасындағы жақындастық, достастық сезілуі; сахнаға мүлде шықпаған оқушыларға шығып, өз өнерін паш етуге бір мүмкіндік болуы; сыныптағы пән мұғалімдерінің әлеуметтік жобаға қатысуы. 2010 жылдың тамыз айында Астана қаласында өткен «Проектные технологии в работе куратора» атты Г.Б. Голубтың семинарынан алған теорияны және шағын тәжірибені іс жүзінде қолданыс таба білуім. Теріс жақтары, яғни жұмыс барысында тек қана жақсы жақтары ғана байқалып қоймай, сонымен бірге әлсіз жақтары да көрініс тапты: сынып ата-аналарының әлеуметтік жобаға қатыспауы, дайындық кезіндегі туындағын қиыншылықтардың бірі уақыттың аздығы және соңғы сәттерде қатысушылардың денсаулығына байланысты рөлдерді ауыстыру; айындық уақытын ұтымды пайдаланбау; мектепте дайындық жүргізетін арнайы залдардың оқу процесімен бос болмауы; қажетті ресурастардың толық болмауы.
|