Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Личности

Рухты оятқан көрме
РУХТЫ ОЯТҚАН КӨРМЕ
Әлемді мойындатқанымызбен ішкі келбетімізде ұтылып жатқан жақтарымыз бар. Оның негізгі себебі меніңше, біздегі ұлттық сапаға сай келетін ұлттық рухтың тапшылығы мен намыс-жігердің әлсіздігі ғой деп ойлаймын. Cараптап байқасаңыз, кешегі бабаларымызға тән тектілік пен асқақ рухтың бүгінгі ұрпақтарымыздың бойынан тым аз ұшырайтынын байқайсыз. Сондықтан ұлт азаматтарының ұлттық жігеріне, рухтық намысына жан бітіріп, өзегіне нәр болып құйылатын қозғаушы күш ــ ұлттық рухты ту қылып көтеру қажеттігі күн тәртібінен түспеуі тиіс. Осы мақсатпен қаламыздағы №92 гиназияның ұстаздар ұжымы мен оқушыларының көмегімен ашылған этномұражай көрмесі бабаларымыздың дүниетанымын дұрыс түсінуді, олардың тарихтағы маңызын дұрыс бағалауды, ұлтымыздың ұлылығы мен болмысын дәріптеуді жүйелі түрде жүргізіп жатқанын көріп, әр ойлы боп келген көңіліміз марқайып қалды. Олай дейтінім «рухты оятатын көрмені көріңіз» деген шақыру туралы хабарды естігенде таң қалғаным рас, содан болар, көрме аты құлағыма рух болып сөйлей кіргендей әсер етті. Көрмені көруге және оның базасында өткізілетін семинарға қатысуға ардагер ұстаздар, ата-аналар және Сәтбаев, Жезқазған қалаларының мектеп басшылары шақырылыпты. Көрме залының есігін аштық. Бір аудиторияның үлкендігіндей екен. Төрт қабырғасы қолдан жасалынған қуыршақтармен өрнектелген қазақтың – көшпенділердің бағзы заманнан бергі тұрмыс салтын, әдет-ғұрпын бейнелейтін жәдігерлерге толы, сыңсып тұр. Негізгі жүргізушілер келгенше тағат таппай танысып, үлгеріп жатырмыз. Бір жерден қобыздың сарыны, домбыраның жағымды қоңыр үні естіледі.
«Қош келдіңіздер! Бабалар әлеміне!», -деп бастап жүргізушілер тобы келді. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Тілдердің үш тұғырлығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңімен іске асыруды көздеген болатын. Осы идеяны жүзеге асыруда біздің мұражай өз үлесін қосуда. Былтырғы оқу жылында «Жер-Ана» және «Болашақ» университетінде өткен Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға ұсынылған «Өшпес уақыт іздері» атты көрме материалдары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіліп мақтау-мадақтауларға ие болып, Республикалық тұрғыда жақсы бағасын алды. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «...өткенді зерделеп, жақсы мен жаманды, ақ пен қараны айырып, оны бүгінгі күннің кәдесіне жарату – қоғам алдында тұрған ең өзекті мәселелердің бірі. Өйткені, айта беретін тәуелсіздігіміз осы тарихты тануға тікелей байланысты: өткенді білмей, болашақты анықтау мүмкін емес», -деген болатын. Олай болса, осы істі жалғастыру біздің де, бізден кейінгілердің де ата-баба алдындағы борышы. Сол борышты ақтау жолындамыз. Бүгінгі күні мұражайда көптеген бейнетаспалар, бейне көріністер, тұрақты, ауыстырылмалы экспонаттар қоры жиналды. Қазіргі кезде қазақ халқының рухы қайта жаңғырып жатқан кез. Бұған, біріншіден, ата-бабаларымыздың ешбір өзге елге бағынбайтын, азат ұлттық мемлекет құру туралы қиялы, арманы, мақсатының шындыққа айналуы, яғни тәуелсздікке қол жеткізуіміз дәлел. Екіншіден, халықты рухтандыратын жері, елі, тілі, өнері т.б. этностық қасиеттері, аттары аңызға айналған көсемдері, батырлары, билері, жыраулары, ақындарының рухы. Ендеше бүгін ұлттық рух, ұлттық болмысымызды толғандыратын кезекті «Ата-баба келбеті» атты көрмемізбен таныс болыңыздар, -деп аяқтады жүргізушілердің қазақ тобы. Осы айтылғандарды жүргізушілердің орыс тобы іліп әкетті. Іле-шала ағылшын кетті. Ағылшынша сөйлеген Әміртай Сабина деген жалғыз-ақ бала. Жүргізушілердің бірде-біреуі қағазға қарамайды, ауызша, ділмәрлік тілмен, тіс қаққан шешендерше, бір жерде қаққан қазықтай тұрып қалмай, экспонаттарды жағалай, таяқшасымен көрсете жүріп, көшелі ойларымен сөз мәйегін ағызуда. Қазақ тобы: -көріп отырған боларсыздар, осындағы мұрағаттардың барлығы да оқушылардың өз қолынан шыққан дүниелер. Қуыршақ кейіпкерлер ғасырларға созылған тарих көшінде қалып бара жатқан ата-бабамыздың басынан кешкен тұрмыс салтын, елін, жерін қорғау жолындағы күресін, тіршілік-тынысын бейнелейді. Мұнда билердің кеңесі, хан айналасы, көшіп бара жатқан ел көріністері, әншінің домбырасы, бақсының қобызы, арудың білезігі, шашбауы мен шолпысы, баланың бесігі, былғары торсықтар, аяққаптар, тоқылған шилер, киіз үйлер, ат-арба әбзелдері, қымыз ыдыстары, келілер, қалыңдық жасаулары, ер-азамат киімдері, жауынгер сауыт-саймандары–шоқпар, айбалта, найза, кездік, садақ т.б. толып жатқан ата-бабаларымыз пайдаланған көне заттар – бәрі де оқушылардың қолынан шыққан дүниелер. Керек емес киімдердің қиындыларынан, тарқатылған түрлі-түсті жіптерден құрастырылған көздің жауын алатын бейнелер жеткілікті. Оқушылардың салған суреттері: «Кеңістік», «Айлы түн», «Жайлау», «Ауылым», «Кешкі қала», «Ауыл тіршілігі», «Ұлы адам» т.б. жүрекпен сезініп, даланың ұлылығын ұғынып, көшпенділер сырын, тұрмыс-тіршілігін түсініп оған өзіндік бедерін таба білген шығармашылық туындылары ешкімді бей-жай қалдырмайды. Осы айтылғандар орысша да, ағылшынша да келушілер жүрегіне жол тауып жатты.
Ата-баба келбетін, бабалар өмірін мұражай ішіне тізбектеліп орналасқан қуыршақ бейнелер арқылы сөйлете беретін болса, бір күндік саяхат жетпейтіні түсінікті. Сондықтан мұражай кеңесінің мүшелері біздің назарымызға үш композицияны дайындап қойған екен. Біріншісі, «Асан Қайғы», екіншісі, «Өсиет», үшіншісі, «Елім-ай».
«Асан Қайғы» туралы сыр шертілді. Асан Қайғы тарихи тұлға. Қазақ Ордасы іргесінің беки бастаған тұсы. Бірақ, Әз-Жәнібектің оның астанасы етіп Астраханды жариялауы Асан Қайғыға ұнамайды. Қуыршақ бейнелерден Асан атаның ренжіп тұрғаны, Желмаясына мініп, жаудың құрығы жетпейтін, кең сахараның қойнауына, даланың төсіне қарай, қазаққа пана болар «ЖерҰйықты» іздеуге жол жүргелі тұрғанын көреміз. Ол Астраханның астана болмайтынын және ерте ме кеш пе орыстың шабуылы басталатынын болжаған. Айтқаны дәл келді. Ол қазақ жерінің о шетімен бұ шетін түгел аралаған. Қазақ мемлекетінің халқының айрандай ұйып, бірлікте, келісімде, татулықта өмір сүретін жері Сарыарқа болуы мүмкін деген болжамы қиялдың жемісі емес екендігін бүгін көріп отырмыз. Сол бабамыз аңсаған «қой үстінде боз торғай жұмыртқалаған» заманда өмір сүріп жатырмыз. Қазақ хандығының ұраншысы болған, рухын көтеруші, елдік намысын жанушы, ұлы ойшыл Асан Қайғы бабамыз осындай еді. Қуыршақтарды сөйлетіп, сөзін бізге жеткізген саяхат жүргізушілерден біздің ұққанымыз осы.
Келесі композиция «Өсиет». Бұл Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері Абылай ханға арналған композиция. Жүргізуші: - назарларыңызды алтын тақтың үстінде отырған Абылай бейнесіне аударыңыздар. Абылайды үш жүздің өкілдері бірдей Ұлы хан етіп көтеруі жайдан жай емес екені тарихтан белгілі. Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. Шығыс Түркістанмен іргелес өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде қалған казақ жерлерін қайтарып, елдің дербестігін толық қалпына келтіруге барынша күш салған. Абылай қазақ жерінің бүтіндігіне қол сұққан басқалармен де ымырасыз күрес жүргізген. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті. Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізудің нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент қалаларын қайтадан қайтарып алған. Екі жүз жылға созылған қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының санасында «шаңды жорық» деген атпен белгілі. Бұл 1771ж. Еділ қалмақтарының жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы береді. Балқашқа жақындаған кезде Абылай бастаған қазақтың қалың қолы қалмақтарды қоршауға алады. Осы кезде қалмақ басшылары Ұбашы мен Серен бітімге келуді, бүкіл ел жұртымен бодандыққа қабылдауды сұрап, елші жібереді. Кіріптар ұсынысты талқылау үшін шақырылған әскери кеңесте Абылай тағы да көрегендік танытып, жеңілген жауды қырып–жоюдың қажеті жоқ екендігін дәлелдеуге тырысады. Еділден ауған қалмақпен келіссөзге келіп, тым құрыса олардың Жоңғарға еркін өтіп кетуіне мүмкіндік беру жөніндегі Абылай түйінінің аржағында шығыстағы ұлы көршімен болашақтағы қарым-қатынасты ойлау жатыр. Жоңғардан азат етілген шығыстағы жерлерге қазақ ауылдарын апарып түпкілікті қоныстандыру да Абылай саясатының тереңдігін, кемеңгерлігін айқын көрсетеді. Оның әрбір іс-әрекеті қазақ халқының бүтіндігін, елі мен жерінің тұтастығын сақтауға бағытталды. Абылай соғыс жағдайына сай қол астындағы елде, әсіресе, әскер ішінде қатаң тәртіп орнатты. Сондықтан да хан бастаған жауынгерлердің ел-жұрты мен ата мекенін қорғау рухы жоғары, ұзақ жорықтарға шыдамды, шайқас даласында тегеуріні қатты болған. Абылай сан жағынан әлдеқайда басым жаумен шайқасудан еш тайынбаған және көбіне үстем шығып отырған. Абылай қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан қуатты мемлекет құра білді. Абылай Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат жүргізді. Қытай әскерлері жоңғарларды жойып, Орта Азия мен Қазақстанға ене бастаған кезде мұсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, Ауған шаһы Ахмад Дурранимен келіссөз жүргізді. Түркияға елшілік жіберу ниеті де болды. Қытаймен қатынас жақсара бастаған кезде орыс бодандығынан бойын тартып, патша әкімшілігінің шақыруымен хандық белгілерді қабылдау үшін 1779 жылы қазан айында Петропавл бекінісіне барудан бас тартты. Пугачев соғысы кезінде 3 мың әскерімен «Қасірет белдеуі» бойындағы орыс бекіністерін шапты. Мемлекет шекарасы Абылай хан билік құрған кезеңде одан әрі кеңейе түсті. Халықтың рухы көтеріліп, мерейі үстем болды. Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол «Ақ толқын», «Ала байрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жорға», «Қоржынқақпай», «Майда жел», «Сары бура», «Шаңды жорық» т.б. күйлердің авторы. Абылай өмір жолын ат үстінде, жорықтарда өткізген. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген. Даланың дара тұлғасы Абылай бабамыздың өмірі тұнып тұрған тарих. Абылай ханның дүниеден өтер алдында «елім мал емшегін емген ел еді, жер емшегін емізе алмадым, тұсымда қан көп төгілді, оны тоқтата алмадым, елде телі мен тентек көп болып еді, бастарын біріктіре алмадым», -деп айтқан тұспалы сөзі кейінгі ұрпаққа өсиет. Композицияның атауын осылай алдық, -деп түйіндеді саяхат жүргізушілер. Осыдан сөз қадірін терең пайдаланған, шешендік өнерді қатты қадірлеген, алысты болжап көре білген, даңқты хан Абылайдың осынау асқақ арманы арқылы ел болашағын тереңінен ойлағанын пайымдаймыз. Абылай хан туралы саяхат жүргізушілердің өршіл дауыс екпіндері біздің өзімізді жігерлендіріп рухтандырып жіберді.
«Елім-ай» композициясы. Әйгілі ғұлама шежіреші Толыбайұлы Қожаберген жыраудың өткен жылы аталып өтетін 300 жылдығына орай дайындалған екен. Қайғы-қасіретке ұшырап, шұбап, көшіп бара жатқан елдің бейнесі көрінеді. Көш соңында боздаған бір тайлақ. «Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді...» – бойыңды аза тұтқан зарлы әуен естіледі. Саяхат жүргізушілер бірінен соң бірі ағытыла сөйлеп, біздің өзімізді де елітіп әкетті. Ән кезінде халықтың рухын көтеріп, әнұранға айналғанын білеміз. Әлі де сол қадір-қасиетін жоғалтпаған ән қанға сіңіп, бойыңды шымырлатып, тарап барады.
Бабаларымыздың асыл қазынасын қастерлеп құрметтеуде, сыры кетсе де сыны кетпеген сол дәуірді, сол заманды алдымызға әкеліп, қыруар еңбек еткен мектеп оқушылары мен ұжымына, ұлттық болмысымызды жандандыратын, рухқа толы осы мұражайдың ашылуына тікелей басшылық жасаған намысшыл мектеп директоры Мусина Айман Оразқызы мен мұражай меңгерушісі Әкімжанова Қарлығаш Терлікбайқызына алғысымыз шексіз. «Ата-бабалар келбеті» атты этносаяхаттың жұмысын облыстық Р.Хасенов атындағы тарихи-педагогикалық «Ұлағат» мұражайының жетекшісі Т.Әміртайұлы қорытындылады. Этносаяхат соңы «Өркениетке қол созған, өрісті өлке» ән-шашуына ұласты.
Ошақбай СУХАНБЕРЛИН,
ҚР Журналичстер Одағының мүшесі.
Қарағанды қаласы.
Категория: Личности | Добавил: osh (2015-12-10) | Автор: Ошақбай E
Просмотров: 1034 | Теги: №92, көрме, этномұражай, рух, ұлт | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 3:26 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru