Главная » Статьи » Личности |
Әдебиеттік оқу ШҚО Семей, № 47 ЖОББМ Бөкембаева Нәзира Мейрамбайқызы Бастауыш сынып мұғалімі Сабақтың тақырыбы Б.Майлин. Күлпаш. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Б. Майлиннің Күлпаш тарихи әңгімесін оқыта отырып мәтіннің негізгі мазмұнын түсіндіру. Міндеттері: 1.Білімділік :Оқушыларға мәтіннің мазмұнымен таныстыра отырып, оқушыны жүйелі сөйлеуге, өз ойын жеткізе білуге үйрету. Мәтіндегі түсініксіз сөздердің мағынасын ашу. 2. Дамытушылық : Оқушылардың логикалық ойлауын,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Сөздік қорын байыту. 3. Тәрбиелік :Шыдамды,төзімді болуға,өз елін,Отанын жерін танып,сүюге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Биоақпараттану және Синергетика технологиясы. Ауызша – 1 картасы. Сабақ оқудың макро құрылымы Технологиялық картаның жұмыс тәртібі Түсініктеме 1- кезең Ұйымдастыру Мотивация. Сабақтың мақсат – міндетін түсіндіру. Психологиялық жаттығу. 2- кезең Оқушылардың субъектті іс- тәжірибесін өзектендіру Үй тапсырмасы. 1. Камера қандай? 2. Камерада отырған кім? 3. Абақты қараушысы не деп айтты? 4. Тоқаштың түрмеде отырғанына неше ай болды? 4. Тергеуге қашан шақырады? 5. Қашанға дейін ұстайды? 6. Қашанға дейін ұйқыға шыдайды? 7.Тергеушінің біреуін ақын қалай сипаттайды? 8.Тоқаштың бірқалыпты жауабы қандай болды? 9. Ұзын бойлы Тоқашты алақанының қырымен күре тамырдан не үшін салып жіберді? 10. Тоқаш қайда оянды? 11. Үш күннен кейін Тоқаш немен танысты? 12. Тоқашқа қандай айып тағылды? 13. Бекболат Әшекеев деген кім? 14. Бекболатқа қандай жаза қолданған еді? 15. Тоқашқа қандай үкім шығарылған? 16. Тоқаштың неге ерте оянды? 17. Темір тордың ар жағынан Тоқаш кімді көрді? 18. Ақбалтыр баласын неден таныды? 19. Анасы баласына не айтты? 20. Баласының сипалаған қолы анасының ойына не түсірді? 21. Тоқаштың анасына айтқан сөзі 22. Ертеңіне Тоқашты кім алып кетті? 23. Аяқ-қолына не салды? 24. Тынымбақпен қатарласа бергенде қандай дауыс шықты? 3- кезең Қабылдауды ұйымдастыру Біз бүгін Бейімбет Майлиннің «Күлпаш» деген әңгімесімен танысамыз. Бейімбет Майлин –қазіргі Қостанай облысының Таран ауданында туған.Бір жасқа толмай жатып әкесінен, алтыға шығарда анасынан айрылған.1911-1915 ж. Уфадағы «Ғалия » медресесінде оқып білім алған.Бейімбет -әңгіме жанрының шебері,әрі ақын.»Садақ»қолжазба журналының белсенді авторы. «Шұғаның белгісі» , «Раушан –коммунист» деген шығармалары бар. Бұл әңгімеде кедей отбасының ауыр тұрмысы сөз етіледі.Әңгімедегі негізгі кейіпкер- Күлпаш. 1930-1932 жылдары Қазақстан халқының саны алты милионнан асқан болса,соның екі миллионнан астамы аштықтан қырылды. Тірек сөздермен жұмыс: 1.Күлпаш 2.өрім - өрім 3.Қали 4.суық үй 5.қара су 6.Мақтым 7. дорба 7 сөзге 30сек.уақыт беріледі. 4- кезең Ойлауды ұйымдастыру Мәтінмен жұмыс Мәтіндегі оқу жылдамдығы 1 бетке 4 минут уақыт беріледі. 5- кезең Алғашқы түсінікті тексеру Қарама – қарсы сұрақтар: 1.Күлпаштың қандай күндерінің бірі еді? 2.Үстінде қандай көйлек? 3.оның сыртында қандай тон? 4. Басында не бар? 5.Бет-аузы қандай? 6.Қайда сүйеніп отыр? 7.Қасында кім бар? 8.Үй қандай? 9.Терезе қандай? 10. Үйде не жоқ? 12. Нәр татпағанына нешінші күн? 13. Қыс бойы ненің азабын тартты? 14. Оның сенетіні кім? 15. Мақтым не істейді? 16. Мақтым қашан келеді? 17. Ол не әкеледі? 18. Мақтым кеткенде Күлпаш неге үміттенеді? 19. Күлпаштың көптен бергі әдеті не? 20.Ол кімді қатты аяйды? 21. Сұрап алғанын кімге беретін болды? 22.Ауылдың бірсыпырасы қалай тұрады? 23. Күлпаш не деп жылады? 24. Қали не деп сұрады? 25.Не ашылды? 26. Қандай адам кірді? 27.Үстінде қандай тон? 28.Аяғында қандай етік? 29.Мойнында не бар? 30.Бұл кім еді? 31.Күлпаш оған қарап, неге мұңайды? 32. Қали не деп сұрады? 33.Мақтым не істеді ? 34.Қали орнынан қалай тұрды? 35.Екі көзі қайда? 36.Мақтым не деп жылады? 37.Оған қосылып кім де жылады? МПМ бойынша барлық оқушыдан сұралады. 6- кезең Бекітуді алғашқы ұйымдастыру Сын тұрғысынан сұрақтар: 1.Күлпаш көңілді. – 2.Үстінде жаңа көйлек. – 3.Тозығы жеткен қысқа тон.+ 4.Басында жаңа бөкебай. – 5.Бет-аузы көнектей ісік. + 6.Күлпаш жылы үйде отыр. – 7.Қасында бүк түсіп баласы Қали жатыр. + 8.Жыртық терезеден жел кіреді. + 9.Үйді жылытуға отын жоқ. + 10. Отын табылар жер де жоқ. + 11. Олар үш күн тамақ жеді. – 12. Алты ай бойы тамағы мол болды. – 13. Күйеуі Мақтымға сенеді. + 14. Ол ел қыдырып тілек тілейді. + 15. Ерте кетіп, кеш келеді. + 16. Тамақ тауып әкеледі. – 17. Күлпаш өзін өзі алдаумен күн өткізеді. + 18. Күлпаш өзін аяйды. – 19. Көршіден сұрап алғанын күйеуіне береді. – 20. Бұл ауылдың көбі кедей. + 21. Күлпаш: «Рақымсыз аштық-ай» деп жылады. + 22. Қали орнынан қозғалып, әкесін сұрады. + 23. далада тықыр білініп, есік ашылды. + 24. Есіктен толық адам кірді. – 25. Көзі адырайған, жағы суалған біреу кірді. + 26. Оның тоны жаңа. – 27. Басында қатқан ескі тымақ. + 28. Аяғында жаңа етік. – 29. Мойнында дорбасы бар. + 30. Бұл Мақтым еді. + 31. Күлпаш жалт етіп қарап, мұңайып кетті. + 32. Қали орнынан тұрып, Күлпаштың қасына барды. – 33. Мақтым: «Қарағым, дым жоқ» деп жылады. + 34. Күлпаш та жылады. + МПМ мен жұмыс. «-» бар оқушыларға көңіл аудару 7-кезең Тақырыптық сөздік қор. Тақырыпты қорыту. 5 минут Үйге тапсырма 93-95 бет оқу, мазмұндау Бағалау МПМ бойынша бағалау. | |
Просмотров: 1544 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|