Главная » Статьи » Личности |
Қазақ тілі мұғалімі Ахметова Гүлнұр Кенесбекқызы Сабақтың тақырыбы : С.Сейфуллин « Тұлпарым» өлеңі Мақсаты : 1. Ақынның өмірі , шығармашылығынан жалпы мәлімет бере отырып , өлеңнің тақырыбын идеясын ашуға жағдай жасау. 2.Оқушыныңы іздемпаздық қасиеттерін дамытып , қалыптастыра отырып , ойлау , сөйлеу , есте сақтау қабілеттерін дамыту.Білім , білік дағдыларын арттыру. 3.Отансүйгіштікке , сыйластыққа ең бастысы адамгершілікке баулу. Түрі: Жаңа сабақты игеру . Әдіс- тәсілдері : сұрақ - жауап , баяндау , суреттеу , топпен жұмыс . Көрнекіліктер : интерактивтік тақта , маркер , плакат , портрет , қосымша материалдар . Пәнаралық байланыс : Тарих , география , қазақ тілі . Пайдаланған әдебиеттер : 1.Қазақ әдебиетіне арналған хрестоматия (3-кітап ) С.Т Елікбаев 2. Тарихи тұлғалар 3. Б.Кенжебаев « Жылдар жеңісі» Сабақтың барысы : 1. Ұйымдастыру кезеңі. (1 мин) 2.Үй жұмысын тексеру . « Сыр сандық» өлеңін жатқа айту . Өлеңді құрылысына қарай талдау.( 5 мин) 3. Жаңа сабақты игеру. Ой қызығушылығын ояту кезеңі : Кластер құрыңдар С.Сейфуллин кім? (2мин) Мағынаны ажырату: Оқушыларды үш топқа бөлемін. 1- топ « Ақынның өмірбаяны» 2- топ « Ақынның шығармалары» 3- топ « Ақынның достары , қоршаған ортасы» (10 мин) Суреттеу : Сонымен оқушылар «С.Сейфуллин кім ?» кластердегі білетіңдеріне не қосамыз ? Кластерді аяқтау , толықтыру .(3 мин) Тұлпарым өлеңін талдау . Балалар ,ақын «Тұлпарым» өлеңінде не туралы жазғанын өзімізше ойланып , елестетіп , қиялдап көрейік . (3 мин) Өлеңді талдау : - мәнерлеп оқу ( бірнеше оқушы ) ; - мазмұнына қарай баяндау ; - өз ойларын қосып әңгімелеу ; (5мин) Сұрақ - жауап : Слайдағы сұрақ тапсырмаларға жауап беріп көріңдер. (5 мин) Талдауға талап болсын ! 1. Өлең жолдарынан септік жалғауларының ең көп түрін анықтаңдар . 2 Әркім өз қалаулары бойынша өлеңнің бір шумағын құрылысына қарай талдайды.(5 мин) Ой толғау кезеңі : Қолдау . Сендер Сәкен аталарыңның ісін қолдайсыңдар ма ? Егер қолдасаңдар ақынға ашық хат жазыңдар.( 7 мин) Үйге : І .Жансүгіров « Әнші» поэмасын оқу , қосымша деректер қарастыру. | |
Просмотров: 4348 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|