Главная » Статьи » Личности |
Рысбай Ғабдиевтің өмірі жайлы Домбырашы, дирижер, Қазақстанның халық артисі Рысбай Ғабдиев 1936 жылы Ресейдің Астрахань облысындағы Қызылжар ауылында дүниеге келген. Алматы музыкалық училищесін (1958 ж.), Шымкент өнер институтын (1979 ж.) бітірген. Қазақ халық аспаптары оркестрінің домбырашысы, концертмейстері, Атырау музыкалық училищесінде оқытушы, Доссор музыка мектебінде директор, Атырау педагогикалық институтының музыка факультетінің деканы болып қызмет істеді. Алғашқыда қызығушылығына қамшы болған өзінің туған ағасы Ғалымжан Ғабдиев.Рысбай Ғабдиев бала жасында ен алғашкы рет күйші анамыз Дина Нүрпейісованын алдына барып Кұрманғазынын " Төремұрат" күйін орындаған азаматтардын бірі. Кейін Кали Жантілеуовке шакірт болып, Атакты күйші Оқап Кабигожиннін шебершіліктерін менгереді. Рысбайдын казір Айгүл Батырхайырова, Батыржан Мыктыбаев атты шакірттері Рысбайдын жолын ұстанып жур. Атырау қаласы, Нұрсая ықшамауданындағы № 3 көшеге Рысбай Ғабдиевтің есімі берілді Ал Рысбайдың өзінде екі ұл екі қыз болған. Домбырашының тартқан, қолданған домбырасы Ұлы Арыстанда қалыпты дейді. Бірақ ол кісі бір жола әкесінің жолын қуып күйші болмаған. Анда санда ілүлі домбыраны алып бір екі күйдің басын қайрып қоятыны бар екен. Әрине бұл қазақы ырымның бір көрінісі деп білуге болады. Ал жолын қуып музыка өнерімен тікелей айналысқан немерсі Артур Ғабдиев - Вокалист. Ал Бельгияда оқитын немересі Фатима скрипкашы. Қазір Рысбай ұрпақтары Қызылжар ,Атырау ,Астрахан өңірлерінде тұрып жатыр. Қазірде ол кісінің ұрпақтары жер жерлерде түрлі концерттер өткізіп деректі фильмдерді жұртқа паш етіп жүр. Әкесін емес әкесінің өнерін насихаттап жүр бүгінде. Оның шәкірттерінің бірі Мұстахим МҰХТАРОВ ұстазы жайлы былай деді: «Ағайдың жүрген жерінде тәртіп, тып-тыныш, артық дыбыс болмайтын. Шеберлік сабағын ағай жүргізетін. Мен ол кезде оркестрде контрабаста ойнадым. Құрамда 40 кісі болатын». Концертте Рысбай ағаның жиен немересі Бибіфатима АЗИЕВА да өнер көрсетті. Ал студенттер болса ән мен күйді әуелетті. Елімізге белгілі домбырашы Айгүл БАТЫРХАЙЫРОВА Динаның «16 жыл» күйін орындап берді. Кеште Рысбай ағаның өзі құрған Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптарының оркестрі де өнер көрсетті. Қызы Ақмарал ҒАБДИЕВА келген қонақтарға әкесінің орындауындағы күйлер жазылған дискілер мен кітаптарды таратып, әкесінің өнер жолын баяндайтын деректі фильмнің дайындалғанын айтып, музыка және өнер кафедрасына музыкалық орталықты тарту етті. Рысбай Ғабдиев - әрі күйші әрі дирижер ретінде ел есінде. Оның домбырада ойнау шеберлігі бөлек әңгіме. Ол әр күйдің тарихын естір құлаққа дөп жеткізе білді. Шакірттерін алдымен домбыраға үйреткенде перне басып ішек тартудан бұрын домбыраны қалай ұстаудә үйретеді екен, домбыраны ұстай білудің өзі өнердің басы екенін еріксіз мойындатады. Мұні мен Рысбай Ғабдиевтің "Құрманғазы" атындағы консерваторияда сабақ беріп отырғанын көрсеткен бір деректі филімнен көріп қалдым, ол кісінің орындаушылығы бір басқада ұстаздығы бір басқа, домбыра өнерінің білгіші екенін мойындаймыз. Бұл жайлы Бекболат Тілеухан былай дейді: "Рысбай ағамыз шерткенде мынау саусақтары илген қамшы секілді адуынды тиген жерінде орнын таба алады. Рысбай ағаның добырашылығында адам айтып жеткізкісіз бір керемет бар. Бекерден бекер ол кісіні күйдің қағаны деп айтпайды" Қазақтың маңдайына біткен осы бір жарық жұлдызы, өткенмен бүгінгі күй дәстүрінің алтын көпірі болған Рысбай Ғабдиев 2006 жылы жүрек ауыруынан қайтып кетіпті. Өзінің жақын досын машина қағып кеткенін көрген Рысбай Ғабдиев үйіне келісімен ақ аурып жатып қалады, сол жатқаннан бір жола оянбай кетті дейді. 2,2 Рысбай Ғабдиевтің өнері жайлы Қазақ күйшлік өнерінің әр дәуірде шарықтау шыңы қалыптасып отырған. Атап айтар болсақ Рысбай Ғабдиевтің орындаушылық шеберлігі құбан дүзде дара жапқан қара тұлпардай еді. Ол орындған әр бір күйдің өңі кіріп түсі құлпырған. Халық күйі "Қарайсай" "Кербез Ақжелең" Құрманғазының "Адай" "Төремұрат" "Аман бол шешем аман бол" "Алатау" Есқали Есжановтің "қостасу" мен "бозашысы" Динаның "Байжұма" "Көркем ханым" Дәулкткерейдің "қосішек" "байжұма" ерекше орындау шыңына көтерген Жантөренің "Шалқыма" күйлері бар. Әрине адамға домбырашылық құдайдан дариди. Бала кезден сол өнерге ерекше ықылас танытып өседі. Домбыра шерткен мықытыларды пір тұұтады шіркін солардай болсам екен деп армандайды. Бұл болшақта өнер майталманы болатын баланың заңды қиялы. Бұл қызығушылық тек қана тамсанумен шектелмейді сол өнердің ішіне сүңгіп кіруге жол сілтейді, қазанында қайнауға итермелейді. Міне Рысбай Ғабдиевтің де балалық шағы дәл осылай болған., оны Домбырашы ағаның өзі былай деп жеткізеді. Мен мынау Чайковыйски атындағы учлишшесін бітірген. Сол жерде оқып жүріп Құрманғазы оркестріне жұмысқа шақырды, оркестрде прима аспабында отырдым және домбырада жеке орындаушы болдым. Онда Қалижан Тілеуов Рүстембек Омаров, Нұрғиса Тілендиевтерді өзіме ұстаз тұта отырып солаға еліктеп өнерімді шыңдадым. Денсаулық сыр беріп дәрігерлердің Алматыда қалуға болмайды деген кеңесімен ауылға кеттім, мұндағы тағы бір себеп күй атасы Құрманғазының күй анасы Динанның күй дәстүрлерін жалғастыру үшін өз елімнің музыка өнерін көтерейін деп елге келдім. Ал ұстазы болмаған дәстүр тірі болып осы кезге дейін жетпез еді. Құраманғызмен Динаның туған жерінде неге бір жақсы оркестр болмайды. Оның аты Динаның атында неге болмайды міне соныменен осы оркестрдің ұйымдастыру жұмысмен айналысып кеттім.. Сол оркестр бүгінгі күнге дейін жұмыс істеп келеді. Қорытынды Қазақтың күй өнері жайлы зерттеу Ахмет Жұбанов , Ақселеу Сейдімбек, Уәли Бекенов, Қаршыға Ахмедияров, т.б секілді ғалымдардың арқасында қалыпқа түсті деп айтуға болады. Деседе соңғы келе жатқан буын осылардың жолын қуып жаңа дүниелермен толықтырып отырғаны нұр үстіне нұр болмақ. Сонда ғана қазақ күй өнері өлмей қазақпен бірге өмір сүрмек. Ал, шебер орындаушы Рысбай Ғабдиев жайлы қазіргі зерттеулер мардымсыз. Уақыт өтекеле алып домбырашы жайлы үлкен еңбектер жазылады деп білемін. Себебі қазақ күй дәстүрінің алтын көпіріне айналған өнер иесінің ұлтқа қосқан еңбегі де орасан. Ал менің бұл кіші-кірім еңбегімде ол Рысбай аға жайлы жүйелі айттым деп айта алмайым. Деседе оның орындаушылық шеберлігіне тәнті болғандықтан зерттеу ісі қолға лағым келді. Мүмкін болып жатқан жағдайда Атырауға барып сол кісінің ортасымен араласып жаңа ла тың дүниелерді ізестіріп көргім келеді. Осы зерттеудің әрі қарай жалғасуына жол салғым келеді. Бұл зерттеу жұмысының дерек көздері аға жайлы түсірілген деректі фильмдер бойынша жазылды әрине бұл жеткіліксіз. Өнер иесінің өрісі әр қашан кең болған басқада кісілерді тауып қомақты зерттеу жұмысын жазып шығарыма сенемін. | |
Просмотров: 2607 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|