Главная » Статьи » Пионерский клуб |
Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Ростовка орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Тулеутаева Гаухар Қазтайқызы Елбасының жастарға арналған мына бір сөздері әр жас азаматтың санасында жанғырып тұратыны анық: «...Жастарға айтарым – сендер халықаралық кеңістіктегі бәсекелестік күрестен сырт қалмауға ұмтылыңдар. Ол үшін тиянақты білім керек. Сосын сол білімдеріңді өмірде жарата білуді, оны нақты пайдалана білуді үйреніңдер. Әсіресе не істеу керектігін жете түсінулерің қажет. Сонымен бірге, сендер қандай да бір өзгерістерге қашанда дайын тұруларың керек. Әйтпесе, ғаламдық деңгейдегі Қазақстанның бәсекеге қабілетілігі әншейін бос сөз болып қалады». Ұлт көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та біздерге, жастарға, ерекше сеніп арта отырып, жастардың жағдайын жасауға баса назар аударады. Ел президентінің жыл сайынғы Жолдауларының басым бағыттары жастармен тікелей байланысты болуы, кез-келген мемлекеттік маңызы бар стратегиялары мен мақалаларында, сөздерінде әркез өскелең ұрпақты тілге тиек етуі – соның айқын дәлелі. Республикамызда Қазақстандық «Бота» Қоғамдық қорында жастарға арнайы бағдарламалар құрылып, көптеген жобалар қаржыландырылады. Соның бірі «Жас көшбасшылар ассоциациясы». Теміртау қаласының «Жас көшбасшылар ассоциациясы» 2013 жылдың сәуір айында Ростовка орта мектебімен «Жас көшбасшы мектебі» жобасы арқылы бірігіп жұмыс жасап жатқаны жайлы айтқан болатынбыз. Бұл жоба негізінде көптеген жұмыстар жасалып, балалар да өздеріне көп жаңалық ашты. Бірінші конференция «Лидерами не рождаются, лидерами становятся» деген ұранмен Теміртау қаласының жанындағы «Самал» сауықтыру-демалыс орнында өткен, ал екіншісі Көкшетау қаласының «DISCOVERY-BOROVOE» жазғы сауықтыру лагерінде өтті. Конференцияларда балалар өте көп теориялық білімдерін толықтырып, оны практика жүзінде іске асырды, сонымен қатар адамдармен танысып, уақыттарын қызықты өткізді. Бүгінгі күнде жоба негізінде қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? Оқушылар қандай жетістіктерге жетті? Бұл жоба оларға қандай әсер берді? Деген сұрақтардың жауабын айқын айта аламыз. Осы жобаға қатысып жүрген Ростовка орта мектебінің жас көшбасшылары екі үлкен конференцияларға қатысып, қазіргі күнде практикалық тұрғыда мектеп оқушыларымен тренингтер жүргізуде. Бұл жоба оқушыларға көп оң нәтиже берді. Себебі тренингтердің арқасында оқушылар бойындағы көшбасшылық қасиеттерді айқындап, өздеріне және болашағына деген сенімділіктің пайда болғанын айтты. Сол сенімділік пен болашаққа деген оң көзқарасты олар мектеп оқушыларына насихаттауда. Көшбасшылардың дайындаған тренингтері оқушыларға қызықты және пайдалы. «Көшбасшы деген кім?», «Жетістікке жету жолдары», «Мен – көшбасшымын!», «Менің жарқын болашағым» атты тренингтер әртүрлі қызықты оқиғаларға толы болып өтіп жатыр. 5-6 сынып оқушылары өздерінен жоғары сынып оқушыларының жетістіктерін көріп, «Мен де жас көшбасшымын!» немесе «Мен де осындай тренингтер жүргізгім келеді» деген ықылас ниеттер пайда болуда. Біз үшін осы оң нәтиже!!! Ұстаздар болса осы жобаға қатысқан кейбір оқушылардың бойынан жақсы қасиеттерді байқады. Олардың жауапкершіліктері артып, кез-келген қоғамдық жұмыста өздерін көшбасшы ретінде танытып жүр. Бұл тренингтер оқушыларға өз қабілеттері мен мүдделерін тануға, өмірде жетістікке жету үшін қандай қасиеттерді қалыптастыру керектігін анықтауға көмектесті. «Біз әрқашан біргеміз!» деген ұранмен барлық жастарға бірлік, айқын мақсат пен арман, нәтиже және көшбасшылық шыңының жарқын жетістіктерін тілейміз! | |
Просмотров: 2412 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|