Главная » Файлы » В помощь учителю » История |
[ · Скриншот ] | 2017-04-23, 7:10 PM |
Қазақстан тарихы бойынша ҰБТ-ға дайындау жүйесі Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) – мектеп түлектері, ата-аналар мен ұстаздарға күрделі сынақ. ҰБТ-ның проблемалары мен болашағы мектеп өміріне енгізілген уақыттан бері қызу талқылануда. «Қазақстан тарихы» пәні ҰБТ-да міндетті пән. Тестердің мазмұны ел тарихының негізгі кезеңдері және олардың хронологиясын, мемлекеттердің құрылуы, ішкі – сыртқы саясаттары, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және халықаралық өмірдегі өзгерістер туралы білімдерін тексеруге арналған. ҰБТ-ны сәтті тапсыру үшін оқушылар мектептегі тарихи білімнің үш негізгі мазмұнды бағыттар бойынша терең әрі толық білімдерін көрсетулері керек: • Тарихи уақыт – оқиғалардың хронологиясын білу, тарихи уақыттағы оқиғалардың дамуын анықтай білу. • Тарихи кеңістік: картада оқиғаның аясын анықтау, адамзаттың даму динамикасын бақылау, оның даму перспективасын бағалау. • Тарихи қозғалыс – адамның, мәдениеттің, өмір мен тұрмыстың жағдайының эволюциясын, қоғамның демографиялық ерекшелігін, оқиғаны, тұлға қызметін, үрдісті саралау. Математика және қазақ тілімен салыстырғанда Қазақстан тарихы пәні жеңіл болып көрінгенімен кешенді тестілеу кезінде оқушылар осы пәннен қиындықтарға кезігеді. Мұның мынадай себептері бар: 1. Қазақстан тарихының ежелгі кезеңі, орта ғасырлардағы және жаңа замандағы оқиғалары мектептің орта буынында өтілгендіктен оқушылардың естеріне түспейді. 2. Тестерде ұсақ мәліметтер мен сұрақтар басым, керісінше маңызды деректер ұсынылмайды. 3. Көп оқушылар тест тапсырмаларын қайталауға тырысады, ал теориялық материалды қайталауға көңіл бөлмейді. Сондықтан сұрақтар құрылымы ауыстырылғанда оқушылар дұрыс жауапты анықтай алмайды. ҰБТ-ға дайындаудың өз тәжірибеме сәйкес жолдарын ұсынамын: І. Оқушыларды 5-10 сыныптарда дайындау: 1) 5-9 сыныптарда хронологиялық анықтамаларды және тақырыптық тестерді пайдалану. 2) 10-11 сыныптарда Қазақстан тарихы пәнінен қолданбалы немесе таңдау курстарын ҰБТ-ға дайындыққа пайдалану ІІ. Оқушыларды 11 сыныпта дайындау. 1. Қазақстан тарихы пәнінің толық курсын қайталау. 2. Жаңа буын оқулықтары бойынша жеке тақырыптарды жүйелі қайталау: 1 тоқсан – Ежелгі Қазақстан тарихы бойынша тақырыптарды қайталау; 2 тоқсан – Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы бойынша тақырыптарды қайталау; 3 тоқсан - Жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы бойынша тақырыптарды қайталау; 4 тоқсан – тестік тапсырмалармен жұмыс. 3. Қайталанған тақырыптар бойынша қате жіберген оқушылармен жеке жұмыс. 4. Көп қателер кездескен тақырыптар бойынша ауызша сынақ өткізу. 5. Байқау сынақтарының нәтижелері бойынша ғана емес, сонымен қатар жеке тақырыптарды меңгеру деңгейін бақылауда ұстау. 6. Қосымша тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы үлгерімі төмен оқушылармен жеке дайындық сабақтарын ұйымдастыру. 7. Ата-аналармен белсенді жұмыс жүргізу. Нақты бір тақырыпты мысалға алып, ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын ұсынамын. Мысал ретінде «Қазақстан аймағындағы ортағасырлық мемлекеттер» тақырыбын алуды жөн көрдім, себебі менің ойымша бұл тақырыпта оқушылар хронологияны, қағанаттар аймақтарын, тарихи тұлғаларды, саяси оқиғаларды шатастырады. Осыған байланысты қағанаттарды оқып білуде келесілерге назар аудару қажет: - Қағанаттар тарихын тірек конспектілері бойынша оқып білу; - Хронологияны есте сақтау; - Картамен жұмыс; - «Қазақстан аймағындағы ортағасырлық мемлекеттер» тақырыбы бойынша жинақ кестені толтыру; - Тақырып бойынша тестілеу. ҚАҒАНАТТАР ТАРИХЫН ТІРЕК КОНСПЕКТІЛЕРІ БОЙЫНША ОҚЫП БІЛУ Әрбір мұғалімнің алдында оң нәтижеге жеткізетін жұмыстың түрлері мен әдістерін іріктеу проблемасы тұрады. Осындай әдістердің бірі оқу үрдісін тірек конспектілерін пайдалану негізінде ұйымдастыру. Оқу материалы тірек конспектілерінде сурет, сызбанұсқа, ұғымдар және т.б. шартты белгілер түрінде беріледі, осы арқылы жеке тақырыпты сонымен қатар тарауларды өтуге болады. Тірек конспектілері оқу материалын толық меңгеруге жағдай жасайды, себебі конспект оқу материалын терең түсінуге, жеңіл есте сақтауға, алған білімдерін жүйелеуге мүмкіндік береді. Тірек конспектілерін пайдалану мұғалімге оқу материалын көрнекі түрде ұсынуға және олардың назарларын күрделі тұстарға шоғырландыруға, бірнеше рет қайталауға мүмкіндік береді. ХРОНОЛОГИЯНЫ ЕСТЕ САҚТАУ Тарихи даталарды есте сақтау үшін оларды ассоцияциялауды ұсынамын, мысалы, Түрік қағанаты 51 жыл, Түргеш қағанаты – 52, Батыс Түрік қағанаты – 101 жыл өмірсүрді. Сонымен қатар тарихи оқиғаларды даталармен сәйкестіруге, хронология бойынша орналастыруға, бос орындарды толтыруға және т.с.с. жеке тапсырмаларды орындатуға болады. Хронология бойынша ақпаратпен жұмыс жасау жылдар бойынша ғасырды анықтауды, жылдың ғасырдың басына, бірінші және екінші жартысына қатыстыруды, жылдар мен тұлғаларды оқиғалармен сәйкестіруді талап етеді. Жылдар мен ғасырларды сәйкестіруді 5 сыныпта үйретеді, бірақ практика көрсеткендей, мұны кейбір жоғары сынып оқушылары орындай алмайды. Сондықтан осы дағдыларды қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу керек. КАРТАМЕН ЖҰМЫС Тарихи кеңістікті картасыз оқып білу мүмкін емес. Тарихи карталарда мемлекеттердің құрылуы, аймақтарының өзгеруі, халықтардың қоныстану аудандары, әскери жорықтардың жолдары, шайқастар мен қақтығыстардың орындары, аймақтардың экономикалық сипаттамасы және т.с.с. мәліметтер кездеседі. ТЕРМИНДЕРМЕН ЖҰМЫС Тарих пәнінде түрлі дәуірлердің эпикалық ерекшеліктерін көрсететін және оқушылардың сөздік қорларын кеңейтетін терминдер жетерлік. Терминдер және олардың мағынасын есте сақтау үшін сәйкестіру әдісін пайдалану тиімді. «ҚАЗАҚСТАН АЙМАҒЫНДАҒЫ ЕРТЕОРТАҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР» ЖИНАҚ КЕСТЕСІН ТОЛТЫРУ Кестемен жұмыс оқушылардың белсенді өзіндік ойлауларын дамытуға жағдай жасайды. Кестелер хронологиялық, салыстырмалы-сараптамалық, қорытындылаушы болады. Кестелер мен сызбанұсқаларды салыстыру тақырыптағы маңыздыны іріктеуге, оқиғаларды талдауға және сәйкестіруге, белгілі бір қорытынды жасауға үйретеді. Тас ғасырындағы Қазақстан Кезең аты, оның хронология-лық шектері Адам эволюция-сы Қоғам-дық қатынас типі Кәсібі Еңбек құралдары Археологиялық тұрақтар, орналасу аудандары Б.з.д. І мыңжылдықта Қазақстан аймағын мекендеген тайпалар: Тай-па аты Ке-зең Орна-ласу аймағы Қоғамдық қатынас-тары Шаруашы-лығы Саяси тарихы-нан негізгі мәлімет-тер Материал-дық және рухани мәдениеті Түрік дәуіріндегі Қазақстан Мемлекет аты Өмір сүрген уақы-ты Ай-мағы Халқы Саяси тарихы-нан негізгі мәлімет Мемлекет тік ж/е қоғамдық қатынастары Шаруашы лығы Матер. ж/е рухани мәдениет Осы үлгі бойынша «Қазақстан аймағындағы Шыңғыс тұқымдарының мемлекеттері» кестесі толтырылады. Қазақстанның ортағасырлық қалалары Қала аты Орналасқан жері Маңызы XV-XVII ғ.ғ Қазақ хандығы Қазақ хандары Басқарған уақыты Саяси қызметіне сипаттама Кеңес дәуіріндегі Қазақстан өнеркәсібінің дамуы Дата Оқиға Қорытындысы мен маңызы Қазақ жерлерінің Ресей империясына қосылу сатылары Кезең Негізгі оқиға Маңызы Ресей империясының отарлау саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық күресі (XVIII-XXғ.ғ басы) Көтері-ліс уақы-ты Айма-ғы Себе-бі Жетекшілер Қозғаушы күштері Ерекшелігі, негізгі оқиғалары Нәтижесі Кеңес дәуіріндегі Қазақстан өнеркәсібінің дамуы Кезең, дата Ірі өнеркәсіп объектілері Экономикадағы ролі ТЕСТІЛЕУ Білімді тексерудің тестік жүйесі көп көмегін тигізеді. Тестілеу мұғалім жұмысын жеңілдетеді. Тестік тапсырмалар бақылау жүргізіп қана қоймай сонымен қатар жаңа мәліметтерді игеруге, білімді жүйелеуге жағдай жасайды. Жоғары сынып оқушыларына үй тапсырмасы ретінде тест құрастыруды беруге болады. Бұл жұмыстың мақсаты- оқу материалының меңгерілуін тексеріп қана қоймай, сонымен қатар ақпаратты түсінгендерін бағалау, алған білімдерін қолдануға ықпал ету. Тестердің «ашық» және «жабық» түрлерін қолданамын. Міндетті түрде атап өтетін жайт, тестілеу оқушылармен жұмыс жүргізудің басты түріне айналып кетпеуі керек, себебі, тестер оқушылар білімдерінің барлық қырларын бағалауға мүмкіндік бермейді (мысалы, тестер оқушылардың өз дәлелдерін келтіруді, қорытынды жасауды, мазмұндауды тексеруге мүмкіндік бермейді). Бірақ аталған кемшіліктерге қарамастан тестілеу қазіргі уақытта оқушылар білімдерін тексерудегі жылдам, сенімді әрі әділ құрал болып табылады. Тақырыптық тестерді жүйелі қолданудың тиімділігі жоғары. МОНИТОРИНГ Оқушылардың білімдерін қадағалаусыз ҰБТ-ға дайындық жүйесі аяқталмаған болар еді, сондықтан мониторинг міндетті түрде жүргізілу керек. Тақырыптар бойынша мониторинг жүргізу, нашар меңгерілген тақырыптарды анықтауға және қайталау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Қорытындылайтын болсақ, жоғарыда аталған жұмыс түрлерін кешенді қолдану, оларды белгілі бір жүйеге келтіру оң нәтижелерге жетуге септігін тигізеді. Өткен 2013-2014 оқу жылындағы Қазақстан тарихынан ҰБТ-дағы орташа көрсеткіш – 19,7 ұпайды (аудандық – 15,3), 2014-2015 оқу жылында 19,4 ұпай (аудандық – 17,3) құрады. Дайындық барысында пайдаланатын негізгі әдебиеттер: • 5-9 сыныптың жаңа буынға арналған Қазақстан тарихы оқулықтары; • БТМСҰО-ның 2000-2015 жылдар аралығында шыққан тест жинақтары: • Тест жинақтары. Базарбеков Қ.Ж. Семей. 2015 ж. • Қазақстан тарихы. Х.К.Ермұханова. Шың-кітап. Тарих-тамыр болса, мұғалім-бұтақ, оқушы-гүл. Міне, осы жайқала өскен гүлді әдемі қалпында өсіріп, сақтау біздің басты міндетіміз. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 1 Недосекова И.Ю., Тыдыякова И.Ф. «Некоторые аспекты подготовки учащихся к ЕНТ по истории Казахстана». Интернет 2 Бородина Н.С. «Система работы по подготовке учащихся к ЕНТ по истории Казахстана». Интернет 3 Г. Ж. Манзул « Программа подготовки к ЕНТ. Государства раннего и развитого средневековья» Журнал « История Казахстана: преподавание в школах и ВУЗах» №4 2004 г. ЛЕБЯЖІ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ ҚАЗЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ «Қазақстан тарихы бойынша ҰБТ-ға дайындау жүйесі» . Тарих және география мұғалімі Жупарбеков Мейіржан Махамбетүмбетұлы | |
Просмотров: 2119 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|