Главная » Файлы » В помощь учителю » История |
[ Скачать с сервера (155.6 Kb) ] | 2012-03-16, 11:55 AM |
О. Ж. Жұмағалиев тарих пәнінің мұғалімі №8 мектеп- кешені Тақырыбы: «Зайырлы елдің, заңы да алтын!» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды еліміздің тарихымен, ҚР Конституциясының мазмұнымен таныстыру, болашақта Отанымыздың Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру. Тәрбиелік: Өз Отаның сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу. Дамытушылық: Оқушылардың тілдерін дамыту, мәнерлеп айту, сөйлеу мәдениетін дамыту. Сабақтың әдісі: Интеллектуалдық сайыс Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, қазақ әдебиеті, тарих, құқық негіздері, география, биология және экология пәндері. Көрнекілігі: шарлар, интерактивтік тақта, сандық фотоаппарат. Армысыздар құрметті ұстаздармен оқушылар! Еліміз өзінің Тәуелсіздігінің жиырмасыншы мерейтойлық жылына қадам бастық. Біз осынау тарихи тұрғыдан алғанда қысқа мерзімде ғасырларға тең жолдардан өттік. Тәуелсіздіктің арқасында Қазақстан кеңестік кезеңдегі бұратана шеткері аймақтан, бүкіл төрткүл дүние таныған, бірлігі мен келісімі жарасқан, экономикасы өркендеп, жоғалғанын түгендеген, ұлтымызды терезесі тең елдердің төріне шығарған асқаралы ел болды. Ата Заңы халқымыздың тәуелсіз ел болуды армандаған мүддесін заң тілінде айшықтаған, әлемге, адамзат ғаламына Қазақстан деген мемлекет бар екенін паш еткен юридистикалық құжат болып табылады. Еліміздің Ата Заңы – бостандық пен тәуелсіздіктің негізі, Республика халқына ең бастысы – таңдау құқығын берді. Құқықтық мемлекет, заңның жоғарғы мәртебелілігі, Конституцияның мызғымас беріктігі ұлттық идеологияның негізі және түп қазығы екенін мойындауымыз керек. Осы игі шараға бізде өз үлесімізді қосу мақсатында мектебіміздің «Заңгер» үйірмесінің ұйымдастыруымен «Зайырлы елдің, заңы да алтын!» тақырыбы аясында өтетін интеллектуалдық сайысты бастауға рұқсат етіңіздер. Мерекеде шаттанады көңілі. Ата заңның мәртебесі биіктеп, Нұрлы болсын азат елдің өмірі. Орнағанда әрбір елге заңдылық, Ата берсін алдымыздан таң күліп. дей келе,- ортада «Заңгер» үйірмесінің 8 сынып оқушылары қазақ билерімен, қарсы алыңыздар. «Заңгер» үйірмесінің 8 сынып оқушылары қазақ биі «Ерке назды» билеу үстінде Интеллектуалдық сайыс сабақтың жоспары мен таныстырайын: І- кезең «Білім ағашы» ІІ- кезең « Құқық әліппесі» ІІІ- кезең «Сөз тапқанға» IV- кезең «Тарихқа саяхат» Сайыс сабақта әділ баға беріп, ұпай санын шығаратын әділ- қазылар алқасымен таныстырып өтсем: 1. Тәрбие ісінің меңгерушісі: Айқымбекова Ақмарал Социалқызы 2. Тарих және құқық пәндерінің мұғалімі: Төлеуқоңыр Алмас Жеңісбекұлы 3. Тарих пәнінің мұғалімі: Кабдуллин Талғат Бекенұлы Сайыскерлеріміз дайын болса, І- кезең «Білім ағашы». Әр қатысушы Білім ағашының жапырағындағы жасырылған сұрақтарға жауап береді. Әр қатысушыға бір сұрақтан беріледі және сұрақтың жауабына қарай әділ- қазы алқалары 1,2,3 ұпайдан қояды. Бірінші кезеңнің тапсырмалары: 1. Қазақстан тарихында «Жеті жарғы» заңдар жинағының пайда болуы қай ханның есімімен байланысты? (Тәуке хан) 2. ҚР Үкіметі қандай билікті жүзеге асырады?(Атқару) 3. ҚР- ның басқару түрі? (Президенттік) 4. ҚР заң шығару билігін атқаратын орган? (Парламент) 5. ҚР азаматтығын алу мәселесін кім шешеді?(Прездент) 6. Азаматтығы жоқ және шетел азаматтары Қазақстанда әскери міндеттілік қызметін атқара ма? (атқармайды) 7. Республикалық референдум өткізу туралы мәселені кім шешеді? (Конституциялық Кеңес) 8. ҚР-ның Конституциясы бойынша Үкіметті кім құрады?(Президент) 9. Конституциялық Кеңестің мүшесі қанша адамнан тұрады? (7) Ата Заңым- ар намысым айбарым, Сенің арқан бұзылмаған қаймағым. Ата Заңның аясында көш бастап, Тұғырлардан желбірей бер байрағым. дей келе,- ІІ- кезең «Құқық әліппесі»- сайыскелерге интерактивті тақтаға 9 әріп беріледі. Сайыскерлер өздеріне ұнаған әріпті таңдайды. Қойылатын сұрақтың жауабы таңдаған әріптен басталады. Әділ- қазы алқалары сұрақтың жауабына қарай 1,2,3 ұпайдан қояды. Сонымен қатар сайыстың шарттарына байланысты ең төмен ұпай жинаған 3 сайыскерімізбен қоштасамыз. Екінші кезеңнің тапсырмалары: 1. Талдап түсіндірілетін заңдар жинағы.(к- кодекс) 2. Билік мұраға қалдырылатын мемлекеттік басқару формасы. (м- монархия) 3. Ер мен әйелдің отбасын құру үшін құрған заңды одағы (н- неке) 4. Ресми жарияланған бағдарламалық мәлімдеме (д- декларация) 5. Аса маңызды мәселелер бойынша бүкілхалықтың дауыс беруі (р- референдум) 6. Мемлекет тарапынан заңдастырылған, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі (қ- құқық) 7. Қылмыстық құқықтың қылмыс жасауда кінәлі деп танылған адамға сот үкімі арқылы тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы (ж-жаза) 8. Сотқа арызданушының немесе талапкердің ісін жүргізуші (а- адвокат) 9. Дауыс беру арқылы мемлекеттік органдарды құрудың тәсілі.(с- сайлау). Ата Заңым- егемендік, теңдігім, Қанат жайып көкке өрлеген кеңдігім. Ата заңмен іргелімін мен бүгін, Ата заңым еңселеген елдігім. Қатысушылардың ІІІ- кезеңнің тапсырмаларын орындау барысында дей келе,- ІІІ- кезең «Сөз тапқанға» бұл сайыста интерактивтік тақтаға «Азаматтық» деген сөз беріледі. Сайыскерлер 1 минут ішінде осы сөзден бірнеше сөз құрауы керек. Сайыскер өзінің әр құраған сөзіне 1 ұпайдан жинайды. Сайыстың шарттарына байланысты ең төмен ұпай жинаған 1 қатысушымызбен қоштасамыз. Ата Заңым – Тәуелсіздік таңысын, Арайланып атар ұрпақ қамы үшін. Әділеттің ақ жолына бастайтын, Ата Заңым- туған елдің бағысың. дей келе,- IV- кезең «Тарихқа саяхат»- интерактивті тақтадан әр қатысушыға 2 сұрақтан қойылады. Әр сұрақтың жауабына қарай сайыскер 1,2,3 ұпайдан жинайды. Төртінші кезеңнің тапсырмалары: Қатысушылардың IV- кезеңнің тапсырмаларын орындау барысында 1. ҚР Қарулы Күштері туралы қай жылы, қай айда және қай күні құрылды?(1992ж 7 мамыр) 2. Семей ядролық полигоны қай жылы, қай айда және қай күні жабылды? (1991ж 29 тамыз) 3. ҚР- ның ұлттық валютасы – теңге қай жылы, қай айда, қай күні айналымға енді? (1993ж 15 қараша) 4. «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму» бағдарламасы қай жылы, қай айда және қай күні жарияланды?(1997ж 10 қазан) 5. Республикалық референдумда ҚР- ның жаңа Конституциясы қай жылы, қай айда және қай күні қабылданды?(1995ж 30 тамыз) 6. «ҚР мемлекеттік шекарасы туралы» заңы қай жылы, қай айда және қай күні қабылданды?(1993ж 13 қаңтар) Әділ- қазы алқалары сайысымыздың қорытындысын шығарғанша, «Заңгер» үйірмесінің 7 сынып оқушылары Әдиямен Ботакөз өзідерінің «Ата Заңым» атты өлеңдерін тарту етеді. Сайыс сабақта әділ баға беріп отырған әділ- қазылар алқалары ұпай санын шығарсаңыздар. Сайыс сабағымызда жеңіске жеткен қатысушыларды тарих және құқық пәндерінің мұғалімі: Төлеуқоңыр Алмас Жеңісбекұлы алғыс хатпен марапаттайды. «Зайырлы елдің, заңы да алтын!» атты интеллектуалдық сайыста жеңіске жеткен сайыcкерлер Қорытынды. Ата Заңымыз − дүние жүзіндегі ең жас Конституциялардың бірі. Ол − мызғымас мемлекеттігіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі. Конституция біздің Тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті және бүкіл қоғамды берік етті. Сондықтан да біздің ортақ парызымыз – Негізгі заңға құндылықпен қарау, оны өз Отанымызды, өз Тарихымызды құрметтегендей құрметтеу. Әрбір қазақстандықтың Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, сонымен бірге жеке өзі, өз отбасы мен өз балалары үшін де мәнділігін бағалай білуі, конституциялық міндеттемелерін қастерлеп, сақтап, орындауы маңызды. | |
Просмотров: 4168 | Загрузок: 187 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|