Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » История

Мың сан ерлік жасалды ғасырларда
[ Скачать с сервера (750.5 Kb) ] 2012-11-19, 8:30 PM
Айман Кабишевна Жылкыбаева
Тарих пәні мұғалімі
Ақмола облысы Бұланды ауданы
Айнакөл орта мектебі

Мың сан ерлік жасалды ғасырларда

Мектептегі өлкетану жұмысын ұйымдастырудың жолдары мен тәсілдері

Тарих ғылым және пән ретінде білімнің аса маңызды саласына жатады. Өйткені ол бүкіл адамзаттың тарихын, жүріп өткен жолын, жинаған тәжірибесін баяндайды.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы біздің еліміз азаматтарының тарихи білімін көтеруге ерекше көңіл бөлінуде. Бұл маңызды істің бастаушысы да, үлгі көрсетушісі де – ел Президенті Н.Назарбаев.
Оның жарияланған еңбектерінде, жасаған баяндамалары мен сөйлеген сөздерінде тарихтың маңызы баса көрсетілген.
Тарихты оқу деген «Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы-бергі тарихи жолын ой елегінен өткізіп, Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?-деген төңіректе ойлансын деген сөз»,- деп айтқан еді ҚР Президенті Н. Назарбаев.
Оқушы өзінің туып – өскен жерін, оның тарихын ата – бабасын жақсы білмесе, өз өлкесіне деген сүйіспеншілігі дұрыс қалыптаспайды. 5- сыныптан бастап оқушы өлке деректерін қызығушылықпен тыңдайды. Бабаларымыздың бұл өңірге қашан қоныстанғанынан бастап, олардың бүгінгі ұрпақтарына дейінгі тарихи, өзен – көл, тау, жер, су аттарының қалай қойылғаны туралы қызықты деректер оқушы білімін толықтыра түседі. Тіпті тарих пәніне деген суйіспеншілігі артады. Тарихи тақырыпқа сай келетін өлке деректерін мектептегі мұражаймен байланыстырып жүргізу өте тиімді.
Біздің өлкеміз жайлы деректер кең түрде тарихи кітапқа жазылған жоқ. Сол себепті материал іздегенде мынадай сұрақтарды басшылыққа алдым.
1.Өлкенің тарихы, табиғаты, адамдардың тұрмыс – тіршілігі, қандай әдеби шығармаларда баяндалған?
2. Өлкеде қандай тарихи ескерткіштер бар?
Тарихи оқиғаларға куә адамдармен, әсіресе соғыс және еңбек ардагерлерімен бірнеше кездесулер өткізіп естеліктерін тыңдап, қажеттерін жазып алдық.

Мен оқушыларды мұражай үйірмесінің жұмыстарына қатыстырып, олардың шығармашылық қабілетін әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру арқылы дамытамын . Тарихи құжаттармен жұмыс істеу, өлке қайраткерлеріне сипаттама беру, оқушылардың ғылыми ізденісін жетілдіреді. Алған білімін пайдалана отырып, өз бетімен шағын зерттеу жүргізіп, оқушылардың арасында реферат, баяндама дайындау шығармашылыққа бейімдейді.

9 сынып оқушысы Аутаева Альмираның Мариновка мұражайдағы өлкетану деректерін пайдаланып, іздену талабын дамыта отырып, зерттеу жұмысын жасадық.

Мың сан ерлік жасалды ғасырларда,
Тасып теңіз телегей басылды арна.
Тарих ана арнады жырмен дастан,
Елін сүйген ерлерге – асылдарға

Еліміз егемендік пен тәуелсіздік алғалы ұлы бетбұрыс басталғалы бері жан дүниеміздің жаңарып, төл тарихымыздың толысуы айрықша.
Осы орайда:
Еске түсіп, езіліп отыр ішім,
Тарих қойны қан мен жас - өкінішім
Таулар шөгіп,
Батырлар шейіт болған
Тәуелсіздік таңына жету үшін – дегендей, Атырау мен Алтай, Алатау мен Арқа аралығындағы халқымыздың басына түскен тауқыметтерді бірге тартып, ел үшін еңіреп туған ерлер шоғыры қазақ жұртында өте көп болғанын ешкім жоққа шығара алмайды.

Атбасар уезінің Мариновка селосы партизан қозғалысының ірі орталығы болды.
Бұл селода партизандардың штабы орналасып, оған Атбасар ғана емес, сонымен қатар Көкшетау, Ақмола және Павлодар уездерінің де партизан отрядтары топтасты. Партизандардың командирі болып Атасар уездік депутаттар Кеңесінің бұрынғы мүшесі Н.М. Ирченко тағайындалды.

Никифор Михайлович Ирченко бұрынғы патша әскерінің унтер офицері,ұзын бойлы, ақкөңіл, ауылдастарының алдында беделді болды.

Сондықтан Н.М.Ирченконы 1918 жылы ақпан айында Атбасар уездік депутатар Кеңесіне мүше ретінде сайлады.
1919 жылдың көктемінде партизандар колчакшыларға қарсы көтеріліс жасады.Мариинскіде көтеріліске қарулы шаруалар жиналып жатыр деген сыбыс-қауесет Таубай деген кішкентай ауылға да жетті. Осыны естісімен Оспан Кадренов дереу Новый Колутонға барып Осип Васильевич Лисуновпен кездесіп тапсырма алды

Оспан Кадренов (1866-1919ж). бұрынғы Ақмола уезінің Ақсирақ болысы Таубай ауылында(қазіргі Ақмола облысы Бұланды ауданы Айнакөл ауылы) шаруа отбасында дүниеге келген.Кадрен атам мен Айкен әжемде 4 ұл бала болған: Абсемет, Мұхамеджан. Оспан, Нұғман және қыздары: Қабира, Зағипа.Оспан әкем ұзын бойлы тұлғасы кесек жаралған адам. Өлең жазып домбырада шебер ойнайтын, өте әдемі халық әндерін жақсы айтып беретін. Оспан Кадренов 1891-1898 жылдары Петропавл қазіргі Қызылжар медициналық мектебін бітіріп Ақсирақ болысында фельдшер болып жұмыс істеген. Ол орыс тілін жақсы меңгерген, орыс адамдарымен жақын қарым-қатынаста болған, бай
адамдарды жеккөрген, молдалардың қарапайым халықты алдайтынын әрдайым сынап,ашық бетке басатын. Осы қабілеттері үшін сол кезде оны «орыс Оспан» деп атап кетті. Оспан Кадренов сол алыс жылдары ми далада өмір сүрсе де, сол уақытта жасырын тығып Ленинің «Правда» деген газетін оқып, сауатсыз, қарапайым адамдарға байлардың айлакерлігін, әділетсіздігін ашып түсіндіретін. Сондықтан менің әкемді байлар, молдалар «Оспан- күнәһар» деп жеккөріп сыртынан атайтын. Ауыл байлары Муканов Жақып пен Тілектің жала жабуымен Оспанды 13 ай Ақмоланың түрмесінде қамауда ұстады. Түрмеден шығып ауылға оралып ол қайтадан медициналық жұмысымен айналысты. Күні-түні, жауын-шашынға қарамай ол ауыл-ауылды аралап оспа деген ауруға прививка жасап жүрді. Осылай менің әкем аумалы төкпелі заманда мұң мен зардың, айтыс пен тартыстың, өмір мен өлімнің бел ортасында жүрсе де, азаматтық тұлғасына дақ түсірмеген.
Мариинск партизан көтерілісіне дайындық кезінде Кадренов бір жұма ішінде Красноводск, Ягодное, Воробьевка , Журавлевка, Оксановка, ауылдарын аралап,қару-жарақ жинастырып, ақ гвардияшыларға қарсы үгіт-насихат жүргізді. Осы ауылдардан жүздеген кісіні бастап Мариинскіге келеді. Ол көтеріліс басшыларының барлық тапсырмаларын адалдықпен орындауға тырысты, колчак әскерлерінің қалай, қайда жылжығанын жеткізіп отырды.
(Өміржан Кадренов-баласы, журналист –публицист, КазКСР еңбегі сіңген
мәдениет қайраткері. Жеке мұрағат құжаттарынан.)

Өміржан Кадренов (1924 1982ж.)
Солтүстік Қазақстан, Көкшетау облыстық «Ленин туы», «Көкшетау правдасының» редакторы.
1968 жылы КазКСР еңбегі сіңген
мәдениет қайраткері атағы берілген

Мариинск көтерілісі 1919 жылы 23 сәуірде басталды. Сол күні шаруалар жер туралы жиналысқа жиналды. Жиналыс жүріп жатқанда штаб отрядтары ақгвардияшылар милициясын, Атбасар уезінің бастығын. Тағы басқа
чиновниктерді тұтқынға алды.

Сөйтіп Мариинскіде Кеңес билігін орнатып, басшысын Н.М. Ирченконы қойды. Штаб бастығы А.Л.Белаш тағайындалды, мүшелері болып:
И.А. Ященко, К.М. Ирченко, И.М Белозеров кірді.

Көтерілісшілерде барлығы 30 винтовка, 300мылтық әртүрлі қарапайым айыр-штык болды.

Штаб өз қолына почта,телеграфты алып, Атбасар, Ақмола, Көкшетау байланыс жолдардына постарды қойды. Жақын ауылдарға делегаттар жіберіп, көтеріліске кісілерді тартты. Мариинскіге жан-жақтан қарапайым адамдар ағылып келе бастады.
Ковыльное ауылынан
45 адам, Ескі, Жаңа Колутоннан 150 адам, Петропавл уезі Келлеровка ауылынан 330 шақырым жерден де келген. Оспан Кадренов штабқа бір арба қару-жарақ әкелді.

Мариинск партизандары ерлікпен шайқасты, бірақ қару-жарақ нашар әрі жеткіліксіз болды сондықтан Мариинскіге генерал Волков пен полковник Катанаев басқаратын жазалау бөлімдері келіп көтерілісті басып тастады. 1500 партизандар ерлікпен қаза тапты, ал тірі қалғандары шағын топпен ауылдың шетіне шегініп, жасырын түрде жақын ауылдарға тарап кетті.

(газета Путь Октября 7 ноября 1987 год №133 очерк «Яркая страница» С.Ефимов)

Көтеріліс басылғаннан кейін Оспан Кадренов Жаңа Журавлевка даласындағы Ожан Жылқыбаев деген малшыға келіп бас сауғалайды.Ожан Жылқыбаев Таубай ауылының тұрғыны Оспан Кадреновтың кенже-қарындасы Қабираға үйленген. Ол ауылдан тамақ, киім-кешек әкеп берді.
Бір тәулік өткеннен кейін Кадренов Новый Колутондық Николай Васильевич Марченкомен бірге Қорғалжын даласына барып жасырынады, бірақ жергілікті байлар партизандарды Ұзынкөл жағасында қолға түсіріп , қарусыздандырады. Сол жердегі ауылда Атбасар жазалаушы отрядының, бастығы Арман Жайранов өз қолымен Оспан Кадреновты атып өлтіреді.
Ал Марченконы Оспан Кадренов: « Біз онымен таныс емеспіз, жай кесдейсоқ адам» деп құтқарып алып қалады. Жакупов байдың сатқындығымен Оспанның інісі Нуғман тұтқындалып атылды. Ол Оксановка деген ауылда баурластар моласында жерленді. (Өміржан Кадренов-баласы, журналист –публицист, КазКСР еңбегі сіңген мәдениет қайраткері. Жеке мұрағат құжаттарынан.)

Қазақ халқының ержүрек ұлы-Оспан Кадреновтың ерліктерін мәңгілік есте қалдыратын Сейтжан Омаровтың «Дала қызы» повесінде, Еркеш Ибраһимнің «Қырдағы қырандар» поэмасында және тағыда басқа әдеби шығармалар жазылған. «Қырдағы қырандар» поэмада «Амантай (Мариинск) көтерілісі» аталып Арқада кеңес үкіметін орнату жолында жанын құрбан еткен батырлардың тамаша ерлік істері шабытпен жырланады.

Аттанды бір топ жауға андағайлап
Басшысы жүз басының Оспан деген.
Оспан ба,жігіт еді қыран қабақ.
Тұратын жанарының жыр анталап...
Сол Оспан міне бүгін атқа мінді,
Ел үшін белін буды, отқа кірді.
Бүктісіп жатыр екен кәрі тарих,
Талай сыр сілкінгенде ақтарылды.

Еркеш Ибраһим

Өткен өмір ұрпақтан-ұрпаққа тарихи естелік ретінде жалғасып келеді. Қамшының сабындай қысқа өмірде адамзат тек жақсы ниеттерімен ғана келер ұрпақтың жаттанды ұранына айналары сөзсіз. Қазақ тарихында мұндай біртуар тұлғалар аз болған жоқ, сол ардақты тұлғалардың бірі- мен туған жерімнің жерлесі - Оспан Кадренов екендігін мақтанышпен айта аламын.

Мектептегі өлкетану жұмысын ұйымдастыра отырып, оқушылардың ғасырлар сырын тереңірек түсінуіне, сөйтіп, оларды ата – бабалары калдырған кең – байтақ жердің лайықты мұрагері, ұлтжанды азамат ретінде тәрбиелеуімізге болады.
Категория: История | Добавил: AIMAN56 | Теги: история, краеведение
Просмотров: 1409 | Загрузок: 138 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2026-01-22, 5:30 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко Информатика флипчарт животные новый год творчество логика геометрия глагол задачи Казахские пословицы Физика Зима язык Алгебра класс здоровый образ жизни педагогика стихи МАТЕМАТИКА Урок праздник музыка доклад программа литература география природа семья воспитание осень игра загадки Начальная школа Тест трудовое обучение технология Сказка ЗДОРОВЬЕ вода путешествие Оксана 8 марта искусство Английский язык театр психология учитель мир 3 класс Биология Классный час ЕНТ выпускной Школа 1 класс русский язык ЕГЭ Тесты ХИМИЯ начальные классы дети экология астана дошкольники любовь день учителя казахский язык самопознание английский родители добро Конспект спорт патриотизм дружба концерт история обучение чтение немецкий язык краеведение библиотека тренинг хореография разработка Физическая культура English Великая Отечественная Война Игры КВН логопедия Интеграция песня Детский сад День Победы воздух Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru