Главная » Файлы » В помощь учителю » Классному руководителю |
2017-02-20, 7:33 PM | |
КГУ «Восточно - Казахстанская областная школа-интернат для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей» управления образования ВКО Воспитатель: Токтарова Айман Советбековна Тақырыбы: «Шын жүректен» Мақсаты: Балалардың қиял мен арман туралы түсініктерін кеңейте отырып, өзін қоршаған адамдарға жақсылық сыйлау, қол ұшын беру. Міндеттері: Білімділігі: Балаларға қиял мен арманның маңыздылығын түсіндіру арқылы жақсылыққа жетелей білу. Дамыту-түзетушілік: Балаларды жақсы қиялдар мен армандарға жетелей отырып, батылдық, шынайылық, қамқорлық, ізеттілік қасиеттерін дамыту. Тыңдау арқылы ой-өрістерін жетілдіру, дұрыс қабылдауын, ойын, сезімдерін, ұсақ қол саусақтарының маторикасын жетілдіру, сұрақ-жауап арқылы сөздік қорларын дамыту. Тәрбиелілігі: Балаларды батылдыққа, еңбекқор, қамқорлыққа, талаптылыққа, әділеттілікке, топта жұмыс істей білуге тәрбиелеу. Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Балаларды келген қонақтармен амандасып, бүгінгі сабаққа сәттілік тілеу. Бұл сабаққа ең маңызды көтеріңкі көңіл күй мен тапқырлық екенін айтып өту. 1. «Шаттық шеңбері» Балалар бір-біріне сәттілік тілеп, тілектерін жолдау. 2. «Құпия сөзді тап» Бірнеше бөлікке бөлінген жүректі құрастырып, шыққан сөзді оқу.( «Шын жүректен») Тәрбиеші: «Шын жүректен» біз бір-бірімізді қуанышта, жақсылықта, жақсы істерге тілектес болуда, жақсылық жасау, бір сөзбен айтқанда әр жақсылыққа ортақ болған кезде алатын сезім. Қазіргі заман жаңа технологиялар заманы. Біз әрқайсымыз компьютер, интернет, ұялы телефон,смартфондарды күнделікті өмірде қолданамыз. Бір-біріміздің қуаныш – ренжісімізді, көңіл - күйімізді білдіріп смайликтер жіберіп жатамыз. Бүгін біз сендермен сол смайликтер еліне саяхатқа барамыз. Ол үшін бізге көтеріңкі көңіл күй керек. Смайликтер елі тапсырмаға толы екен. Әр балаға мына көңілді смайликтердің дайындаған тапсырмалары бар екен. Ал ол тапсырмаларды біз бірігіп шешуіміз керек. 1-тапсырма: «Амандасу» (әр адаммен амандасу түрлерін көрсету.) 2-тапсырма: «Жақсы сөз» (әр айтқан жақсы сөзге бір қадам алға басып отырады.) 3-тапсырма: «Болота» (бұл ойынға барлық балалар қатысады, қатысушылардың екі немесе үш баланың көздері байлаулы болады. Ойынға қатысушылардың міндеті бір-бірінің қолдарынан мықтап ұстап, жібермей болотадан тастарды басып өту. Егер тастан аяқтары шығып немесе қолдарын жіберіп қойса ойын қайта басталады. Ойын, балалар бір- біріне көмектесіп, бір-бірін қолдап, бір-бірін түсініп болотодан өткенше ойналады.) 4-тапсырма: «Түсін мені» (бейнероликте не жайлы айтылғанын түсініп, табу керек) 5-тапсырма: «Шын жүректен» (бұл үй тапсырмасы. Сендер өздеріңнің ең жақын адамдарыңа, шын жүректен айтар тілегіңді дайындау керек болатынсыңдар, ол сендердің өздеріңнің ой-қиялдарыңа байланысты.) 6-тапсырма: «Қызықты сұрақтар» (шарлардың ішінде жасырылған сұрақтарға жауап беру) 1. Атасы немерелеріне сақтап қойған асығын бергісі келді.Оларға жетеуден берсе, асықтың екеуі артық қалады. Ал сегізден берсе, асықтың біреуі жетпей қалады. Атаның неше немересі бар? Асығы нешеу? 2. Төрт бұрыштан 1 бұрышын алып (қиып) тастасақ неше бұрыш қалады. 3. Сіз ұшақта отырсыз, Сіздің алдыңызда жылқы, артыңызда көлік тұр. Сіз қай жердесіз? 4. Кімнің шашына жауын жауғанда мүлдем су тимейді? 5. Мына есепті калькуляторсыз, ештеңге жазбай, ойша шешуге тырысыңыз. 1000 оған 40-ты қосыңыз.Таңы бір мың қосыңыз.Оған 30-ды қосу керек.Тағы 1000.Қосу 20.Қосу 1000.Және тағы 10-ды қосыңыз.Неше шықты? 6. Жасыл адамды көргенде не істеу керек? 7. Көл бетінде 6 үйрек жүзіп жүрді. Аңшы біреуін мылтықпен атып тастады. Көл бетінде неше үйрек қалды? 8. 9. Бірінші төрт аяқты, кейін екі аяқты, одан кейін үш аяқты ол не? 7-тапсырма: «Аяқталмаған ертегі» (қағазға ертегі басын жазып, ерегіні өз қиялдарын, ойларын қосып аяқтауға тапсырма беру.) 8-тапсырма: «Менің жұбым» (вазада тұрған әр түсті гүлден балалар бір-бірден алады. Әр гүлдің бір күлтесі жоқ. Ол біздің қонақтарда. Өздерінің гүлдерінің түсіне байланысты күлтелерді тауып, сол адаммен жұп болады. Сол жұппен бірігіп, бүгінгі тақырыпқа келтіре отырып өз өнерлерін көрсету.) Қорытынды: Міне біздің саяхатымыз да аяғына жетті. Саяхаттың сәтті өтуіне сендердің білімдерің, тапқырлықтарың, өнерлерің бір-біріңе көмектесулерің және көтеріңкі көңіл күйлерің көмектесті. Сендердің өмірлеріңде қуанышқа толы қызықты күнерің көп болсын,осы мектеп қабырғасында алып жатқан білім, өнерлерің болашақ өмірде бақытты болу үшін көп көмегін тигізсін деп шын жүректен тілеймін. | |
Просмотров: 790 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|