Главная » Файлы » В помощь учителю » Классному руководителю |
[ Скачать с сервера (67.2 Kb) ] | 2019-05-14, 6:08 PM |
Сабақтыңтақырыбы Су. Табиғаттағы су айналымы Күні: 20.12.2018 Сабақтың мақсаты Судың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын түсініе отырып, оны қорғауға, үнемді пайдалануға үйренеді. Оқушылардың ой - өрісі, тілі, дүниетанымы кеңейеді,өз ойларын айта алады. Көрнекіліктер слайдтар, географиялық карта , видео Қолданған әдіс - тәсілдер топтық жұмыс, рефлексия түрлері, формативті бағалау, өзін-өзі бағалау. Сабақтың түрі Жаңа сабақ. Сабақтың барысы Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті І.Ұйымдастыру кезеңі: 1. Топқа бөлу: 2. 1. Судың пайдасын жаз. 3. 2. Су туралы өлең жаз. 4. 3. Судың қасиетін жаз. Орындаған тапсырмаларына сай әр оқушы өз тобына отырады. ІІ.Үй жұмысын тексеру Үй жұмысы: Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар бойынша кластерді толтыр. Кластердегі идеяларды пайдаланып, мәтін құрастыр. Құм,саз,әктас-құрылыс материалдары. Олар кенге жатпайды. Бұл пайдалы қазбалар табиғатта жиі кездеседі. Күнделікті өмірде адамға өте пайдалы. ІІІ. Қызығушылықты ояту. Су туралы ролик. 2. Есепте Егер сенің салмағыңның 10кг -ның 7кг-ы судан жаралған болса, сенің салмағында қанша кг су бар? 30кг болса, 3*7=21кг /су/ , 70%-ы су 3. Глобуспен жұмыс Глобуста жасыл, қоңыр, аппақ жерлер де бар, ол мұз, қар ерімейтін қысы жазы. Жер бетінің көп бөлігін су алып жатыр. Бірақ оның ішуге жарамдысы 3%. Сондықтан таза суды не істеуіміз керек? Суды үнемдеу қажет. Жұптық жұмыс. Суреттерге мұқият қараңыз. Су туралы не айтасың? Слайд "Сарқырама, мұз, тұман, қар" Бұл суреттерден судың қандай күйлерін байқаймыз? Қатты күйі: өзен бетіндегі мұз, сосульки, қар Газ тәрізді: тұман, шәйнектегі бу Сұйық күй: сарқырама, өзен, мұхит Жаңа сабақ. Ертегі. Мен баяғы заманда үлкен мұхитта өмір сүрдім. Бірақ мен жалғыз болған жоқпын. Менің аға-інілерім көп болды. Біз көңілді өмір сүрдік. Әртүрлі ойындар ойнадық. Бір күні қатты ыстықта ойынға сондай беріліп, олардан айырылып аспанға жеңілдеп ұшып кеттім. - Бұл тамшы не туралы айтып тұр? - Күн ыстықта суға не болды? - Су қандай күйге айналып кетті? /газ/ Ертегімізді жалғастырайық Тамшы ұшып келе жатып, жерді жоғарыдан қараған қызықты екенін көрді. Жел оны ары қарай ұшырып әкетті. Тамшы ұшып келе жатып жолында аға-інілерін кезіктіре бастады. Біз барлығымыз бір бұлтқа айналдық. Бір уақытта салқын жел соқты. Біз тоңып жылыну үшін бір-бірімізге жақындай бастадық. - Осы жерде тамшы судың қандай күйін айтып тұр? /Жоғарыда салқын мен жылы ауа кезіккенде , газ тәрізді судың бөлшектері тамшыға айналады/ -Біз үлкен, ауыр тамшыға айналдықта биіктен төмен қарай құлай бастадық. - Тамшы жерге қандай түрмен құлады? /жаңбыр/ Міне, мен өзенге қайтадан құлап, аға-інілерімді кезіктіріп, ойнап-күліп өмір сүре бастадым. Мұндай саяхат маған өте ұнады. Географиялық картамен жұмыс «Мен көрсетемін, сен атауын жаз» Мынау – қай қала? Мынау – қай өзен? Мынау – қай көл? Сабақ соңындағы кері байланыс - Бүгінгі сабақтан алған әсерің қандай? - Сен үшін не қиын болды? - Неге қиын болды? Рефлексия "Портфель" Тамшы Жаңбыр Мұз Қырау Суды қорғау туралы өз ойларын айтты. Қатты, газ, сұйық Су буланып кетті Семей Ертіс Балқаш Жасыл - толық түсіндім; Қызыл- түсінбедім; Сары – сұрақтарым бар. Бастауыш сынып мұғалімі Баисова Жулдуз Мукашевна №10 ЖОББМ Семей қаласы | |
Просмотров: 625 | Загрузок: 11 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|