Главная » Файлы » В помощь учителю » Классному руководителю |
[ Скачать с сервера (379.2 Kb) ] | 2012-02-11, 9:45 AM |
Дайындаған: Арынова Д.Қ. Семей қаласы. 8 мектеп-кешені. Тақырыбы: «Ұлағатты ұлттық ұғымдар» Сабақтың мақсаты: Тәрбиелігі: Аталар сөзін оқып-үйренуге баулу, жаман әдеттерден аулақ болуға бойларына жақсы қасиеттер жинай білуге тәрбиелеу. Оқушыларға ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, кейінгі ұрпаққа жеткен мұрасымен тереңірек таныстыру. Дамытушылығы: Қазіргі жеткіншектерге ұлттық педагогиканың элементтерін бойына сіңіру. Сабақтың түрі: Көрнекілігі: нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, т.б. Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі: 1. Тәрбие сағатының тақырыбымен таныстыру; 2. Кіріспе сөз (Мұғалім сөзі) 3. Оқушылар шығармашылығы Бүгінгі «Ұлағатты ұлттық ұғымдар» атты тәрбие сағатында ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, кейінгі ұрпаққа жеткен мұрасымен тереңірек танысамыз. Ата-бабам ардақты, Жамандыққа бармапты. Ардақ тұтып үлкенді, Ата жолын жалғапты Кең даланың ежелгі Қазақ деген халқымыз, Өзге ұлттай біздің де Бар дәстүр мен салтымыз. - Балалар! Бабамыздан бізге не қалған? - Шешендік сөз нәрі, - Салт-дәстүр нәрі, - Ерлік жолы, - Мереке сәні - Дастархан сәні қалған. - Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Себебі, ата-анасын сыйламаған бала туған-туысына, жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды. Соның ішінде ұл баланың тәрбиесінде әке рөлі маңызды. «Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі», «Жақсы әкенің атағы жаман ұлға қырық жыл азық», «Ата сөзін сыйлаған адал ұлды, хат оқыған молдадан кем демеңіз» деп, бекер айтылмаған. Ұл балаға намысшыл, қайсар, өжет, инабаттылық, жолын көрсететін - әке! Ата-ананың ақылы, Бұлтақсыз қара жолмен тең. Жақсылардың ақылы, Гауһар шырақ шаммен тең. Балалар, сендер үйлеріңдегі ата-аналарыңды, ұстаздарыңды, жалпы үлкендерді тыңдасаңдар жақсы адам болып өсесіңдер. Олардың ақыл-өсиеті жаңғыл жол сияқты. Жақсы адамның ақыл-кеңесі әр уақытта алдыңда шырақтай жарқырап жанып, саған жол көрсетіп тұрады, қисық-қыңыр мінезіңмен жат әдеттерге бой ұрмауыңа, теріс жолға түспеуіңе жағдай жасайды. Біздің қазіргі ер азаматтарымыз қандай болуы тиіс? Оқушылардың сөзі: «Ел елдігін сақтайтын - ерлер» 1. Ерекше сабырлылық, ең болмағанда сырттан сабырлы болу; 2. Сөз бен істе әділ болу; 3. Қимыл қозғалыстың ақылға қонымдылығы; 4. Тез тоқтамға келе алу; 5. Өзің жөнінде орынсыз бір сөз де айтпау; 6. Уақытты мақсатсыз өткізбеу, кездейсоқ іске ұрынбай, тек көңілге алған ісіңмен ғана айналысу; 7. Қажетті, не ұнамды нәрсеге ғана бой ұру, көрсе қызарлыққа салынбау; 8. Әр кез өзін істеген іске мұқият есеп беріп отыру; 9. Еш уақытта да өткендегі, не қазіргі, не алда болатын ісіңмен мақтанбау. Ұлағатты ұлттық ұғымдар Халқымыздың санасында қалыптасқан ұғым бойынша 7 қасиетті сан деп есептелген. Осыған орай, ел арасында жеті ата”, “жеті қазына”, “жеті қат көк”, “жеті қат жер”, “жеті амал”, “жеті жетім”, “жеті жоқ”, “жеті жұт”, “жеті ғашық”, “жеті жеткіншек” деген сияқты түсініктер қалыптасқан. Олар не? Енді осыған жеке-жеке жіктеп тоқталар болсақ. Жеті ата 1.Бала. 2.Әке. 3.Ата. 4.Арғы ата. 5.Баба. 6.Түп ата. 7.Тек ата. Жеті қазына 1.Ер жігіт. 2.Сұлу қазына. 3.Ақыл-білім. 4.Жүйрік ат. 5.Қыран бүркіт. 6. Берен мылтық. 7.Ит. Жеті қат көк 1.Ай . 2.Күн. 3.Шолпан. 4.Есекқырғын(Меркурий). 5.Қызылжұлдыз (Марс). 6.Сатурн. 7.Юпитер. Жеті қат жер 1.Тұңғық. 2.Жылан. 3.Су. 4.Қос балық. 5.Қара тас. 6.Қос өгіз. 7.Жер. Жеті амал 1.Күннің тоқырауы. 2.Қарашаның қайтуы. 3.Үркердің батуы. 4.Мұздың қатуы. 5.Киіктің лақтауы. 6.Қыс тоқсан. 7.Ай тоғамы. Жеті жетім 1.Тыңдамаған сөз жетім. 2.Киюсіз қалған бөз жетім. 3.Иесіз қалған жер жетім. 4.Басшысы жоқ ел жетім. 5.Аққу, қазсыз көл жетім. 6.Жерінен айрылған ер жетім. 7.Замандасың қалмаса, бәрінен де сол жетім. Жеті жоқ 1.Жерде өлшеуіш жоқ. 2.Аспанда тіреу жоқ. 3.Таста тамыр жоқ. 4.Тасбақада талақ жоқ. 5.Аллада бауыр жоқ. 6.Аққуда сүт жоқ. 7.Жылқыда өт жоқ. Жеті жұт 1.Құрғақшылық. 2.Жұт (мал қырылу). 3.Өрт. 4.Оба. 5.Соғыс. 6.Топан су. 7.Зілзала. Жеті әулие 1.Мекке. 2.Медине. 3.Бұхар. 4.Шам. 5.Қатым. 6.Құддыс (Мысыр). 7.Кәләм (Құран). Жеті Ғашық 1.Ләйлі-Мәжнүн. 2.Фархад-Шырын. 3.Таһир-Зуһра. 4.Арзу-Қамбар. 5.Уәлик-Ғарда. 6.Уәли-Күлшаһ. 7.Жүсіп-Зылиқа. Жеті жеткіншек 1.Арманның болашағы - ақыл. 2.Жетекшісі талап. 3.Жолаушысы ой. 4.Жолдасы кәсіп. 5.Қорғаны сабыр. 6.Қорғаушысы мінез. 7.Сынаушысы халық. Сонымен қатар қазақ халқының балаларына үйретіп отыратын ауыз әдебиеті де кең таралған. Олар көбінесе қазақ халқының дәстүрін дәріптейді: 1. Бата –тілек Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Қайда барсаң жол болсын Әумин! Ұлыс береке берсін, Бәле-жала жерге енсін! 2.Жұмбақтар Шыр көбелек айналар, Беліне жіп байланар (ұршық) Кіруге адам батпайды, Затыңды аман сақтайды. (сандық) Жүз мүйізі бар, Үстінде киізі бар (киіз үй) Дауысы бар, жаны жоқ, Шертсең күйі, әні көп, Құлағын он бұра Ол не?... (домбыра) Ел қорғайтын ерлікке Әуенімен шақырған Батылдыққа, елдікке Әуенімен шақырған (дабыл) Тыйым сөздер Үлкеннің алдынан кесіп өтпе! Көкті жұлма, жастай соларсың! Нанды жерге тастама Есікті керме, т.б. Ырымдар: Жолаушыдан «қайда барасың?» деп сұрамайды, «Жол болсын!» дейді. Сәби қолындағы заттарын «шашу» деп шашса, ол үйде той болады. Ұл балаға көз тимес үшін кекіл немесе тұлым қойған. Ал қыз болсы тұмар не көзмоншақ таққан. Нәресте дүниеге келгенде ырымдап атақты, ұлы кісілердің атын азан шақырып қойған. Дәстүрлі тағамдар: жент (қоспа), сүзбе, қатық, ірімшік, айран, т.б. Ұлттық киімдер: айыр қалпақ, сәукеле, кимешек, тақия, шапан, камзол, ішік, т.б. Бесік жыры: Әй-әй, бөпем, әй бөпем, Ақбесікке жат бөпем! Жылай беріп нетесің, Ертең-ақ өсіп кетесің. Әлди-әлди, әй бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем. Жылама, бөпем, жылама, Жілік шағып берейін, Байқұтанның құйрығын Жіпке тағып берейін Әлди-әлди, әй бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем. Тұсау кесер жыры: Қаз-қаз, балам, қаз, балам, Қадам бассаң, мәз болам. Күрмеуіңді шешейін, Тұсауыңды кесейін. Қаз баса ғой қарағым, Құтты болсын қадамың. Өмірге аяқ баса бер, Асулардан аса бер. Мұғалімнің қорытынды сөзі: Бүгінгі тәрбие сағаты берері мол, үлгілі, өнегелі сабақ. Бабаларымыз ежелгі заманнан-ақ ержүрек, еңбек сүйгіш, талапты, талантты, өзіндік мәдениеті бар еңселі ел болған. Тәуелсіздікті ғасырлар бойы аңсаған. Қарағым, ата-бабаң момын халық, Өтіпті бір-бірінің жолын бағып. Өсиетін бабаңның орындай бер, Одан ешкім кетпейді тоныңды алып. | |
Просмотров: 6022 | Загрузок: 275 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|