Главная » Файлы » В помощь учителю » Классному руководителю |
[ Скачать с сервера (19.5 Kb) ] | 2012-02-15, 7:47 AM |
Смагулова Роза Солтанаевна Семей қаласы. 8 мектеп-кешені Сыныптан тыс жұмыс Тақырыбы: Семей ядролық полигонының ресми жабылғанына 20 жыл: “Қырық жылға созылған қасірет”. Мақсаты: 1. Қазақ жерінде Семей ядролық-сынақ полигонының қасіретін қазіргі жеткіншектерге нақты дәлелдермен көрсету, ядролық қарудың ғаламшарға, табиғатқа, адамзат қоғамына төндіретін қаупін түсіндіру. 2. Экологиялық тәрбие беру, қоршаған ортаны аялауға, табиғатты қорғауға тәрбиелеу. 3. Синтездеу, талдауға, ойын еркін жеткізуге, логикалық ойлау қабілеттерін, қорытынды тұжырым жасай отырып танымдық қабілеттерін дамыту. Құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, суреттер, кітаптар көрмесі. Өтілу формасы: «дөңгелек стол» Кіріспе: Семей полигоны жабылды 29 тамыз Қазақстан тарихы үшін ерекше күн. Бұл Семей полигонындағы сынақтардың басталған күні және полигонның жабылған күні. Екі оқиғаның арасында 42 жыл өтті. Алғашқы сынақтың ғылыми жетекшісі Курчатов болып жарияланды, ол Берияның жарлығына сәйкес РДС-1 сынағын өкізуге өкім шығарды. Жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7-де полигон көз шағылыстырарлық жарық берді, бұл КСРО алғашқы атом бомбасын әзірлеу мен сынақтан өткізуді табысты аяқтады дегенді білдірді. Жарылыс қуаты тротил баламасының 22 килотоннасын құрады. Полигон тарихында барлығы 456 ядролық және термоядролық жарылыс болды. Ядролық зарядтардың жинақталған қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасы қуатынан 2,5 мың есе артық болды. Бұл сынақтардың халық пен экологияға тигізген зардабын әлі күнге дейін бағалау мүмкін емес.1989 жылы Қазақстанда ядроға қарсы Олжас Сүлейменов бастаған «Семей-Невада» қозғалысы пайда болды. Ядросыз өмір үшін күрескен қазақстандықтардың басты мақсаты Семей полигонын ғана емес, жер бетіндегі басқа да полигондарды жабу болды. 1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны президентіміз Назарбаевтың Жарлығымен жабылған болатын. «Дөңгелек стол» барысының жоспары: І. Ядролық қасіреттің басталуы. 1.1. Семей ядролық-сынақ полигонының тарихы. 1.2. Ядролық жарылыстар, ядролық сынақтар: а) 1949-1989 жж ІІ. Семей ядролық полигонының жабылуы. 2.1. “Невада–Семей” қозғалысы ІІІ. Полигонның қазақ жеріне тигізген қасіреті, зардаптары. ІV. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Семей ядролық полигонының жабылуы. Барысы: КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысында адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын ол жер астына жасала бастады. 1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек қан-тамыр, жүйке және психикалық аурулар күрт өсті. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалып саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей ядролық полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді және ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атбашаров басқарды. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радияциялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтарының тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалды. 1949 жылғы 29 тамызда сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп аспанға көтерілген. Бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі №2 оқу полигонында РДС-1 плутоний зарядын жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады. Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарылуы еді. 1953 жылы 12 тамызда сутегілік құрылымы РДС-2 полигонының қуаты 480 килотонна болды. Жарылыстан кейін пайда болған нарттай жанған радиоактивті газдардың саңырауқұлақ секілді бұлты 16 км биіктікке көтерілді. 1955 жылы 22 қарашада ТУ-16 әскери бомбалағышы Семей полигонының үстінен ұшып бара жатып, жаңадан жасалған қуаты 1,7 мегатонна болатын термоядролық РДС-37 зарядын тастады. Бомба бір жарым километрлік биіктікте жарылды. Бұл жарылыстың соққы толқыны мен жер қабатының дірілі бүкіл дерлік Қазақстан аумағы мен Ресей көршілес аймақтарында сезілді. 1962-1989 жылдар арасында Семей полигонындағы Дегелең тауының жер астындағы шахталарында 340 жаралыс жасалды. Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрды. Осынау жарылыстың салдарынан бір кездері жартастардан құралған Дегелең тауы іс жүзінде қиыршық тас үйіндісіне айналды. Жер астындағы әрбір үшінші жарылыстан соң жарылыс нәтижесінде пайда болған жарықтар мен саңылаулардан радиоактивті газ шығып жатты. 1989 жылы 12 ақпанда кезекті жоспарлы ядролық сынақ өткізді. Үңгірлердің бірінде қуаты 70 килотоннадан астам ядролық заряд жарылды. Содан пайда болған радиоактивті бұлт 30 мыңнан астам адам тұратын аумақты бүркеді. Бұл аймақта радиациялық фон 3000-4000 микрорентгенге жетті. Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайда сағатына 15-20 микрорентген болатын табиғи радиациялық фоннан екі жүз есе асып түсті. 1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада-Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастады. Халықтың бастамасымен тұңғыш рет КСРО үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу мораторий жасау туралы шешім шығарды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауасы – ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды. Шығармашылық жұмыс: Базарбай Толғанай 9 «Ә» сынып Семейім үлкен қаласың, Көп жанға өзің панасың. Ертісің анау өзенің, Қайда кетіп барасың? Қанша жылдар кетті ме? Небір қиын өтті де! Сонау сұрапыл полигон Шаң қақтырып кетті ме? Сұм жауызға жем болып, Ата-баба көнді ме? Полигон оғы атқылап, Тыныштығың кетті ме? Күйретіп байтақ даланы, Бомба үні жеңді ме? Сонау қазақ топырағы, Қара күлге енді ме? Қиындықты көп көріп, Шаршадың ба, сорлы елім? Өткен тарих жолдары, Ақыл-ой берген данасын. Мына сенің көркіңді, Солдырды қатал құз асу. Әсемге толы жүзіңді, Жандатар енді кім асыл? Қорытынды: Семей полигонының Қазақстан жеріне, халқына материалдық, әлеуметтік-экономикалық қанша зиян келтіргені әлі күнге дейін есептелген жоқ. Қырық жалдық ядролық сынақ қоршаған орта мен ондағы тұрғылықты халықтың денсаулығына орны толмас зиянын тигізді. Радиоактивті тозаң жер қыртысын, топырақты, өсімдіктерді, су көздерін ластады. Сынақтар өткізген кезеңнің зиянды әсері адамдардың екінші және үшінші ұрпақтарына ауыр зардаптарын тигізуде. Елбасымыз еліміздің әлемдік қоғамдастық үшін аса маңызды ірі істі бастап берді. Ол – Қазақстанның Семей ядролық полигонын жауып, ядролық қарусыз әлемге адамзат тарихында алғаш қадам басқандығы. Бұл оның жаһандағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосқан үлесі. Әлемдегі ең ірі ядролық полигонның бірін жабу туралы президент Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығы мен әлемдегі 4-ші ядролық қару-жарақ қоймасын жою туралы тарихи шешім қабылдаған Қазақстанның қадамы әлемді ядролық қарудан азат етуде ілгерілеудің жарқын үлгісі болып табылады. Барша халықтар мен мемлекет басшыларының саяси еркі болған жағдайда мұндай таңдау жасауға мүмкіндік бар екеніне кәміл сенуге болады. 450-ден аса ядролық жарылыс көрген Семей сынақ полигонының жабылғанына 20 жыл толды. 2009 жылдың желтоқсанында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні ретінде жариялау туралы Қазақстан ұсынған қарарды бірауыздан қолдаған болатын. Бұл халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанның әлемдік ядролық қарусыздану үдерісіне қосқан үлесін мойындаудың жарқын көрінісі болды. | |
Просмотров: 7146 | Загрузок: 349 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|