Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Классному руководителю

Мұхтар Шаханов
[ Скачать с сервера (17.2 Kb) ] 2012-02-22, 8:47 PM
Ғасырдың ғаламат ақыны

Мырзағарина Алтын Мұратқызы
Ақтөбе қаласы,
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжі

Мақсаты:Студенттердің Мұхтар Шаханов туралы білімдерін жетілдіру,пысықтау.Ұлы адам өмірінен,шығармашылығынан үлгі-өнеге алуға тәрбиелеу. Ақын шығармаларына деген қызығушылығын арттыру,шығармашылығын,өзіндік ізденісін дамыту.
Көрнекілігі: М.Шаханов суреті,кітаптары,интеративтік тақта.
Өту барысы:
«Балбырауын» күйі орындайтын Э-24 тобының студенті Молдағалиева Бибінұр
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен студенттер!
2-жүргізуші: Халық үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан халқымыздың біртуар азаматы, ақыны Мұхтар Шахановқа арналған «Ғасырдың ғаламат ақыны» атты кешімізді бастауға рұхсат етіңіздер!
1-жүргізуші:
Сәлем бердік, кешіміздің көрермені
Қазақтың ол анық қой өнер кені
Ақынның кешіне хош келдіңіз,
Алдарыңда болашақ өрендері.
2-жүргізуші:
Осыдан 67-жыл бұрын асыл қазынамыз «Абай жолы» эпопеясының бірінші кітабы жарыққа шығыпты.Ұлы шығармалармен қатар дүниеге келген,кіндігі кесілген перзенттерінің бірі-Мұхтар Шаханов. Оны ақын ағамыздың өз өлеңінен тыңдап көрейік. «Мені неге Мұхтар қойған?» Оқитын Э-11 тобының студенті Әбдіғалиев Есенғали.
1-жүргізуші:
Ақынның өзі айтқандай, Мұхтар Шаханов өз талантын алыс –жақынға түгел танытқан беделді де белді ақын, белсенді қоғам қайраткері, халық депутаты және Қазақстанның Қырғызстандағы өкілетті елшісі де болған.
Көркемсөз «Достық өлкесінің заңы» Э-14 тобының студенті Гүлзат
2-жүргізуші:
Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2-шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында туған.Жеті жылдық мектепті бітірген соң трактордың тіркеушісі, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде корректор, әдеби қызметкер болды. «Лениншіл жас» газетінде оңтүстік облыстар бойынша меншікті тілші, Қазақстан жазушылар одағы басқармасының хатшысы, республикалық «Жалын» журналының бас редакторы, т.б. қызметтер атқарды.
1-жүргізуші:
Тек мына аман тұрсын, нұрлы Отаным,
Туламас көңіліңді тулатамын.
Әніммен, ала құйын жырыммен
Мен әлі құлағыңды шулатамын, - деп өзі айтқандай енді ақын ағамыздың өлеңдеріне кезек берейік. М.Шахановтың сөзіне жазылған «Туған күн кешінде» әнін Б-31тобының студенті Құбайділдаева Айдана мен Б-33 тобының студенті Турланова Жаңылдың орындауында қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші:
КСРО халық депутаты. КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, ҚР Халық депутаты. 1993-2003 ж. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметінде болды. Қазір әлем ойшылдарының басын біріктіретін «ХХІ ғасыр және Руханият» атты халықаралық элита клубының Президенті. Ақынның тағы бір өлеңіне кезек берейік. Сахнада Э-15 тобының студенті Өтегенова Перизат «Жанерке»
1-жүргізуші: (Көрермендермен қосылып айту)
Аңсаған бақытым сияқтанып
Ай туып келетін қияқтанып
Ән . «Кешікпей келем деп ең» Орындайтын ЭС-32 тобының студенті Жасұлан
2-жүргізуші:
Мұхтар Шаханов Қырғыз республикасының Халық ақыны, Қ.Р-ның Халық жазушысы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта бағдарламасы сыйлығының, Қазақстан және Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлықтарының, Түрік Республикасының «Түрік дүниесі үшін», халықаралық «Руханият» түрік дүниесі жазушылар бірлестігінің «Шахрияр», ЮНЕСКО-ның «Боорукер» клубы сыйлықтарының иегері.
Би. Сахнада Э-21 тобының студенті Қожаева Динара
1-жүргізуші:
2002 жылы «Жазагер жады космоформуласы» шығармасы үшін Калифорния Ғылым, индустрия, білім және өнер академиясының А.Эйнштейн атындағы алтын медальі, Түркияның Гебзе қаласында «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» сыйлығы берілген.
Мұхтар Шахановтың « Ғайша» өлеңі. Оқитын А-12 тобының студенті Жұматаева Арайлым
2-жүргізуші:
Балладалары мен поэмалары дүние жүзі халықтарының 20-дан астам тілдеріне аударылған. «Махаббат заңы», «Сенім патшалығы», «Сократты еске алу түні» атты драмалары республикамызда және шетел театрларында қойылған. Сонымен қатар бірнеше өлең кітаптарының және халық арасына кең тараған бірқатар әндерінің авторы.
Келесі кезекте М.Шахановтың «Жұбайлар жыры» әнімен АСУ-22 тобының студенті Айдана мен ЭС-31 тобының студенті Срашев Ерланды ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші:
«Ақын болу дегеніміз – туған халқының парасат биігін меңгеру» дейді. Мұхтар ақынның адам бойындағы жігер, намыс, ерлік, батылдық сезімдерін оятатын өлеңдері бар. Соның бірі Мұхтар Шахановтың «Жігерлендіру» өлеңі. Оқитын АСУ-12 тобының студенті Қилыбаев Еркебұлан
2-жүргізуші:
«Туған күн кешінде», «Жұбайлар жыры», «Гүлдәурен» (Әшір Молдарайымов), Шәмші жазған «Қуаныш валсі», «Ақ бантик», «Кешікпей келем деп ең», «Арыс жағасында» өлеңдері, Әсет Бейсеуов жазған «Жайықтан қайтқан тырналар», «Айналайын» әндері халықтың сүйсіне айтатын әндер болып табылады.
- Ендеше, ән тыңдайық. «Гүлдәурен» әнімен Б-33тобының студенті Таухабаева Венера
1-жүргізуші
Қазақ-қырғыз бір туған» деп жатады ғой.Қазақ пен қырғыз халқының асыл азаматтарының үлкен шығармашылық достық қарым-қатынасының айғағы ретінде 1987 жылы «Ғасыр айрығындағы-кездесу немесе құз басындағы аңшының зары» атты роман-диалок жарық көрді.Осы жерде ақынның ең бір биік тұғырдан көрінер жері :ол ақынның өз бойына төрт қасиетті сіңіре білуі .1.Туған ана. 2.Туған жер. 3.Туған тіл. 4.Дін.
«Төрт ана» Оқитын А-12 тобының студенті Қуанышбаева Мөлдір
2-жүргізуші: Ендігі кезекте көремендерге мен мынадай сұрақ қойғым келіп тұр.
-Мұхтар Шаханов өлеңдеріне ән жазған, қазақ ән өнеріне шоқтығы биік сазгер кім? (Ш.Қалдаяқов)
Олай болса, М.Шахановтың сөзіне жазылған Ш. Қалдыаяқовтың әні «Ақ бантик» Орындайтын А-13 тобының студенті Карибаева Айбота
1-жүргізуші
Мұхтар шығармаларында адамдар арасындағы бауырмалдық ерлік, батылдық қасиеттері кең сөз болады.Ұлы ақындарға арнаған өлеңдері де баршылық . Соның бірі -ақын Төлеген Айбергеновке арнаған өлеңі . Сахнада Асу-12 тобының студенті Ақжолова Жансая «Айбергенов шыңы» өлеңімен.
Ән «Отырардағы той» Орындайтын: ЭС-31 тобының студенті Ешмағанбетова Бекзат
2-жүргізуші:
Мұхтар Шаханов –елдің елдігі,азататтың азаматтығы,адамдардың адамдығы үшін күрескер ерлік пен елдіктің ұраншысы ,халықтың қамқоршысы халқының ары мен ұяты ,кең жүректі асқақ әуенді ақын.
-Мұхтар Шахановтың айтуымен беті ашылған қазақ тарихындағы елеулі оқиға.(Желтоқсан оқиғасы)
Ендеше М.Шахановтың Желтоқсан оқиғасына арнаған өлеңі «Желтоқсан алаңы» Оқитын ОТС-11 тобының студенті Абдешев Оразай
« Желтоқсан тағылымы» Оқитын А-11 тобының студенті Сырғалиева Айгерім
1-жүргізуші: Мұнайшы да, балықшы да, малшы да Мұхтар әнін салады. Мұхтар жырларымен айта алмай жүрген ойларын жұртқа жеткізеді. Нағыз өнер құдіреті деген-осы. Мұндай ақыны болған халық бақытты.Келесі кезекті Мұхтар ағаның әніне береміз.
«Аялдама»әні. Орындайтындар: М-11 тобының студенті Итемген Аман мен А-13 тобының студенті Карибаева Айбота.
1-жүргізуші:
Шыңғыс Айтматов: «Менің өмірімде екі Мұхтар болды. Бірі-әкемдей болған ұстазым, ұлы жазушы Мұхтар Әуезов те, екіншісі-үлкен ақын, айтулы тұлға, менің іні досым Мұхтар Шаханов» деген еді. Олай болса, М.Шахановтың өлеңі «Жігіттің екі сипаты». Оқитын Б-32 тобының студенті Қошқарова Салтанат
1-жүргізуші:
Ән. «Өмір-өзен» Құбайділдаева Айдана
2-жүргізуші:
Келесі кезекті өздерінің ақын аға М.Шахановқа арнаған жүрекжарды арнау өлеңдерін оқуға береміз. Т-11 тобының студенті Өтеген Ерболат, Б-33 тобының студенті Беркімбаева Ақнұр, Э-15 тобының студенті Өтегенова Перизат, А-12 тобының студенті Жұматаева Арайлым..
1-жүргізуші:
Шәмші Қалдаяқовтың әніне жазылған «Арыс жағасында» әнін білмейтін қазақ жоқ шығар.Олай болса, әнді айтып көрейік.
Өзіңмен Арыстың
Бойында таныстым
Осы әнді А-22 тобының студенті Бексұлтанның орындауында қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: Мұхтар Шаханов ұлттық шектеулікке бағынбайтын шын мәніндегі қазақ ақыны
1-жүргізуші:
Ғасырдың ғаламат ақыны М.Шахановтың өлеңдері мен әндері өшпейтін мұра. Олай болса, еліміздің біртуар азаматтарын қадірлей білейік ағайын!
Категория: Классному руководителю | Добавил: Baha89
Просмотров: 5412 | Загрузок: 728 | Рейтинг: 2.8/5
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2025-01-25, 5:39 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru