Главная » Файлы » В помощь учителю » Классному руководителю |
[ Скачать с сервера (73.5 Kb) ] | 2012-03-09, 8:08 PM |
Қарағанды қаласы №23 орта мектеп 4 «ә»сынып жетекшісі: Лапиева Гулайым Каппаровна Ана тілім-тірлігімнің айғағы. Мақсаты: Оқушылардың еліне,ұлтына,тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ой-өрісін дамыта отырып,сөздік қорын және тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге,тіл мәдниеті сақтай білуге үйрету,тіліміздің қадір-қасиетін бойларына дарыту. Көрнекілігі:Ұлағатты сөздер, интерактивті тақта.шар мен безендірілген ертегі кейіпкерлері. Мұғалім:Құрметті қонақтар,ата-аналар,оқушылар! Бүгін біз сіздердің назарларыңызға «Ана тілім-тірлігімнің айғағы» атты өнеге сағатымызды ұсынамыз. Ана тілі халықтың өткен ұрпағын,қазіргі және келешек ұрпағын мәңгілік бірліктерін ең сенімді құрал болып табылады.Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды,Отанымызды танып білеміз.Біздің ана тіліміз -қазақ тілі.Қазақ тілі-дүние жүзіндегі ең бай беделді де бейнелі тілдердің бірі. Өткірдің жүзі, Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас,-деп ұлы Абай атамыз таңырқап тағзым еткен болса, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деген Олай болса,сіздер ұшқыр ойлы,өткір тілді,ана тілінің тұғырын биікке көтеретін еліміздің ұландары,осы ана тіліміздің мәртебесін биікке ұшыратын сұңқары,бәйгенің алдын бермес тұлпары 4-«ә» сыныбына қош келдіңіздер! Психологиялық дайындық: 1-оқушы:-Балалар бүгін қай күн? 2-оқушы:жұма 1-оқушы:-Қазір жылдың қай мезгілі? 2-оқушы:-Көктем 1-оқушы:-Ауа-райы қандай? 2-оқушы:-Тамаша! 1-оқушы:-Балалар,көктемгі мезгіл қандай тамаша!Ару көктемде құстар мекеніне оралып,жер қайта көктеп,барлық тіршілік иелері мәз-мейрам.Ендеше бізде көңілімізді көтер өнеге сағатымызды бастайық! 1топ:-Армысың ,Шапағатты күніміз! (Күнге қарайды сайдтан) 2 топ:-Армысың,Мейірімді жеріміз! (Қолдарын жерге жақындатады) 3 топ:-Армысың табиғат анамыз! Келді сізге өзіңіздің балаңыз! 25-оқушы суретін салу сайдқа табиғат суретімен қоса келтіру 4 топ:-Қуан далам! Қуанатын күн бүгін! Серпіп таста Мұңды жүрек тұңдігін. 5-топ:Қуан халқым,күшіне енді «Тіл»заңы, «Сүйінші»деп ақын ұлың жырлады Ел елдігі бағаланпр тілменен, Сол арқылы құлпырады гүл бағы. 1-оқушы:Құрметті қонақтар,ұстаздар,ата-аналар,оқушылар Бабамыздың тілі деп, Даламыздың үні деп, Туған елдің тілі деп, Қазақ тілін, Қазақ тілін сүйеміз,-деп жырлағандай бүгінгі «Ана тілім-тірлігімнің айғағы» атты өнеге сағатымызды жалғастырамыз. Хор:Ұрпақ үні: Көрініс:Сөз қадірі: Автор:Өте ерте заманда бір қадірлі шешен қария дүниеден көз жұмарында баласына. Әке:Балам,мен көп ұзамай дүние салам. «Әкем маған қазына қалдырмады деп өкпелеме.Ел ішінде қалдырып бара жатқан асыл мұрам бар. Соны іздеп тап, қадірле, қастерле!» Автор:Мұны естіген бала әке мұрасын іздеймін деп табанынан таусылса да таба алмайды Ойы сансаққа кеткен бала бір күні ел ішіндегі абзал қарияға келеді. Бала: ата,әкем маған қандай қазына қалдырды. Мен іздеп таба алмадым.Мұны сіз білетін шығарсыз ,айтыңызшы. Қария: Әкеңнің сөзі рас,балам.Оның саған қалдырған мұрасы-тіл.Ол шешен адам еді ғой.Бәріміз сөйлеуді сенің әкеңнен үйрендік Тілден қымбат қазына байлық жоқ . Мұғалім:Тіл-сарқылмас қазына Ол халықпен бірге дамып,күнделікті қарым-қатынас,ісіне,қасиетіне қарай байып отыады.Тіл бабаның көзі,атаның мұрасы. «Бабалар өсиеті –балаға мұра» дегендей Бабалардан қалған – асыл мұрамызға тоқталмақшымыз 5-топ жұмыс жасайды.(Әр топтың газеті шығады ,ілінеді)Интерактивті тақтда Кітаптың бетін ашқандай келтіру «Атадан қалған -асыл мұра»ауызша жеткен халық шығармалары 1-асыл мұрамыз-Ертегілер 2-асыл мұрамыз- Жұмбақтар 3-асыл мұрамыз-Шешендік сөздер 4-асыл мұрамыз-Айтыс 5-асыл мұрамыз Мақал-мәтел Интерактивті тақтада плакаттары көрсетіледі 1-топ:Анасы: Ертегілерді негізінен жан-тәнімен беріліп жас балалар оқиды.Ойдан шығарылған,ертегілердің барлығы да «Ерте,ерте,ертеде,Баяғы өткен заманда,Сонау бір атам заманда»деп басталады. Ертегілерді міндетті түрде осылай бастап айтқандығы ата-бабамыздың өте терең білім иелері болғандығын білдірді.Себебі-ертегі кездейсоқ арзан дүние емес,керісінше,халық ауыз әдебиетінің құрылымы жағынын алғанда ең қарапайым,ал рухани құндылығы жағынан баға жетпес аса қымбат көркем туындысы болып табылады.Ертегі-рухани тәрбилік мәні аса зор,көзіміз көріп,құлағымыз ести алмайтын,тек ақылмен ажыратып,жүрекпен ғана түйсіне алатын,көрініс. -Ертегінің қандай түрлері бар? -Жан-жануарлар туралы,қиял-ғажайып ертегілер,шыншыл ертегілер. Ертегі.Түлкі мен бөдене көрініс: Түлкі мен бөдене екеуі айрылмас дос болыпты. Екі дос талай жерді шарлапты, талай қызық көріпті. Күндерде бір күні: - Досым, мені бір күлдірші, - депті түлкі. - Жарайды, күлдірейін. Сен менің артымнан ер де отыр. Мен ұшамын да отырамын, - депті бөдене. Сонымен бөдене ұшыпты да отырыпты, түлкі желе жортып, еріпті де отырыпты. Бір жерге келсе, бір кемпір сиыр сауып отыр екен, шалы бұзауды ұстап тұр екен. Бөдене ұшып барып, сиыр сауып отырған кемпірдің басына қона кетіпті. Түлкі анадай жерде тығылып қарап тұрыпты. Бөденені көре сала: - Кемпір, кемпір, қозғалма! Мен мына төбеңдегі бөденені соғып алайын,- депті шал. - Жарайды. Бірақ қатты соқпа, - депті кемпір. Шал жерде жатқан күректі алып, салып қалғанда, бөдене ұша жөнеліпті. Күрек кемпірдің басына тиіп, кемпір құлапты. Шелектегі сүті төгіліп қалыпты. Түлкі ішек-сілесі қатып күліпті. - Досым, күлдің бе? - депті бөдене. - Күлдім, досым, күлдім. Разымын, досым, разымын! - депті түлкі. Күндерде бір күн түлкі: - Ал, досым, енді мені бір мықтап тұрып қорқытшы! - депті. - Қатты қорқытайын ба, ашуланбайсың ба? - деп сұрапты бөдене. - Жоқ, ашуланбаймын, қатты қорқыт! - депті түлкі. - Жарайды, қорқытайын. Бірақ сен көзіңді тас қылып жұм. Мен сенің төбеңе қонып, екі қанатыммен көзіңді жабамын. Содан кейін сен жүр де отыр. Оңға десем оңға, солға десем солға жүр. Қашан мен төбеңнен ұшып: «Көзіңді аш!» дегенше, ашпа, - депті бөдене. Сонымен бөдене түлкінің төбесіне қонып, екі қанатымен көзін жауыпты. Түлкі көзін тас қылып жұмып, бөдененің жүр деген бағытына жүріпті де отырыпты. Осылай жүріп келеді, жүріп келеді. Бір кездерде бөдене: - Аш көзіңді! - деп, ұша жөнеліпті. Түлкі көзін ашып жіберсе, тазы ерткен бір топ аңшыға таянып қалған екен. Аңшылар қызыл түлкіні көре сала қиқулап, куып беріпті. Түлкі қашып беріпті. Әрі-бері қашқан соң түлкінің алдынан қалың орман кез болыпты. Түлкі жалт беріп, орманға кіріп, өлдім-талдым деп аңшылардан әзер құтылыпты. Бір кезде бөдене келіп Қалай досым қорықтың ба?-деп сұрапты: - Қорқыт - қорқыт дегенде осылай қорқыт деп пе едім?! - деп, түлкі бөденені бассалып, жемек болыпты. Бөдене түлкінің аузында тұрып: - Досым! Ұзақ жылдар дос болып, ойнап-күлдік, талай қызық көрдік. Қазір мені жегелі тұрсың. Қайтем, жесең же! Бірақ осы күнге дейін аты-жөнімізді сұрап біліскен емеспіз. Жесең де, атымды айтып жесейші, ақырғы тілегім болсын! - Атым Маңғыт, еді - депті бөдене. Түлкі аузын ашып: Маңғыт дей бергенде: - Аузыңа саңғыт! - деп, бөдене ұша жөнеліпті. Осыдан былай түлкі мен бөдене достықтан айрылысыпты. Автор: «Сөз тапқанға қолқа жоқ » дей келе Бөдененің аман қалғанын байқап отырсыздар. Интерактивті тақтада плакаттары көрсетіледі 2-топ:Жұмбақтар: Ана:Жұмбақты не үшін айтамыз?-Ойы ұшқыр,терең ойлы, білімпаз болу үшін Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте дей келе бұл кезеңде жұмбақ жасырылады.Жауабы 3-тілде айтылуы керек Көрермендермен бірге шешу. Қане,олай болса,балалар,бір-бірімізге жұмбақ жасырайықшы...... 1Үндемес серік,ақылы берік(кітап-книга-book) 2.Бесікте тентек бала шырылдайды, Көтерсең құлағыңа сыбырлайды. (телефон-telephone) 3.Толып келіп бос кетеді.(қасық-ложка-spoon) 4.Жемге ауыз салса- ұтылғаны, Айналып өтсе-құтылғаны.(балық-рыба-fish) 5.Тұмсығымен қозғалар, Соңында аппақ із қалар.(бор-мел-chalk) Бірде төмен, Бірде шығып жоғары, Сөз сөйлесең Қозғалыста болады. (тіл) -Дұрыс балалар,Тіл-адамның қарым-қатынас құралы. «Тілден қымбат қазына жоқ»деп бекер айтылмаған. Интерактивті тақтада плакаттары көрсетіледі 3-топ:Шешендік сөздер. Ата:Қазақ тілі-өзінің даласындай кең пішілген жайдары да, жалпақ тіл.Қазақ нені айтса да ауызды толтырып айтады.Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Шешендерден шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз келісім ,іштей үйлескен ырғақ болады. Кейде қазақ болып туғаның үшін және әлемдегі бай,сұлу тілде сөйлегенің үшін өзіңді бақытты сезінесің! Оқушы:Асан қайғы,Жиренше Сөйлеп өткен қазақ тіл. Әз Жәнібек,Қойлыбай Сыйлап өткен ғажап тіл. Уатқан бізді баба тіл, Сол туған тіл отауы- Ежелгі біздің қазақ тіл. Оқушы: «Үш кемеңгер дүлділім, Сақтаған ел бірлігін!» деп қазақта қара қылды қақ бөлген Төле би,Қазыбек би,Әйтеке биледің сөз үлгілеріне зер салайық. Төле би:Уа,халқым! Көсіле шабар жерің бар, Тау көтерген елің бар. Қол бастайтын ерің бар, Атадан қалған сара жолың бар. Сөз қадірін біліңдер. Қазыбек би:Біз қазақ деген мал баққан елміз, Бірақ ешкімге соқтықпай Жай жатқан елміз. Елімізден құт -береке қашпасын деп, Жеріміздің шетін жау баспасын деп Найзаға үкі таққан елміз, Басымыздан сөз асырмаған елміз Әйтеке би: Тамыры суда тұрса да, Уақыты жеткенде Қурамайтын құрақ жоқ. Тек жақсыдан өлмейтұғын сөз қалады. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей Аңқылдап есіп тұрады. Интерактивті тақтада плакаттары көрсетіледі 4-топ: Айтыс Ана: Бүгінгі кеш өзге кештерден өзгеше,өйткені қазақ-сөз қадірін өз қадірім деп білген халық.Кеңдігін де,елдігін де,кемеңгерлігі мен көсемдігін сөзге сыйғызған. Бүгін сіздерге бала ақындар айтысын ұсынамыз.Айтыскер оқушыларымызбен таныспас бұрын айтысқа аз кем тоқтала кетейін Айтыс-бұл ұлттық өнер.Айтыс халық өнерін бейнелейтін көркем әдебиет саласының бірі Айтысқа суырып салма,сөзге шешен,қиыннан қиыстырар білімді,бір сөзбен айтқанда сегіз қырлы бір сырлы адам қатыса алады Міне сол ақындарға « Болмасаң да ұқсап бақ»деп Абай атамыз айтқандай,осы бір ұлттық өнерге біз де талпыныс жасап көрейікші. Оқушы:-Әр ақынның өзіндік шамасы бар, Алып жүрер халқының бағасы бар, Халайық байқайсыз ба осы сіздер, ------------------------------------------ ------------------------------------------ Ақын болуға талабы бар. (-------------------------------------------------------------) Қыз:Аманбысың ақын бала, Сыныптағы батыр бала, Айтысып сәл көрейікші. Қазағымның салтын сала Ұл:Сәлем бердім ақын қыз. Сыныптағы батыр қыз Қазағымның дәстүрін, Жалғастырып жатырмыз. Қыз:Жақсы әнге бір салайықшы, Өткенге бір қарайықшы. Алты алаш деп кімді айтады, Білсең егер ал айтшы? Ұл:-Алша ханның алты ұлы Қазақ,Қырғыз,Өзбегім Қарақалпақ,түрік халқы, Жайылхан батыр өз елім. Қыз:-Жақсы жігіт болады , Сегіз қырлы бір сырлы. Өнерімен алады, Жүлделерді сан түрлі. Ұл:-Халық айтса біледі, «Талаптыға нұр жауар» Өнерлі өрге жүзеді, Талапсыздар құр қалар. Екінші жұп айтыскер аындарымызды шақырамыз. Ұл:Домбырамды қағайын, Еркемайға салайын. Бұл қыздарды- дәл бүгін Әзіл сөзбен қағайын. Қыз:Айтыссаң сен бастайын, Айтқаныңды қоштайын, Ұнамасаң егер досым Шертіп қана тастайын. Ұл:-Жымың қағып алдайсың, Шын сөзіме нанбайсың. Сәл ойнасам өзіңменен Қыр соңымнан қалмайсың. Қыз:-Жігітсініп батырсың, Өзіңше сен ақынсың. Мектеп,қала жайлы айт, Не бітіріп жатырсың? Ұл:-Үнемі алда мектебім Өзім содан көктедім Қарғандым бай қалам, Гүл жайнаған көктемім. Қыз:-Сөз маржанын теріпті, 77-ге қалам келіпті Берекесін төгіп жерім Қара алтынын беріпті. Ұл:-Қарағандым- сән қалам, Келбетіңе таң қалам! Қарағандым артық деп Барша жұртқа жар салам! Қыз:-Табыстарға жетейік Осыменен кетейік. Алашымың айтысын, Көкбайрақтай етейі! 5-топ:Мақал-мәтел -Балалар мақал-мәтелді қалай түсінеміз? -Мақал-мәтелді сөзімізге қосып айтсақ,сөзіміз мәнерлі,сәнді болады.Мақал тиянақты,түсінікі,шешен сөйлеуге үйретеді Ол терең мағыналы түрде айтылады.Оны дұрыс тыңдамаған адам мағынасын түсінбей де қалады.Мақал сөздің мәйегі демекші туған тілімізге қатысты,тіл өнеріне байланысты мақал-мәтелдер айтайық Қане өзіміз білетін мақал-мәтелдерді кезектесіп айтып көрелік. -1-Өнер алды-қызыл тіл. 2-Тіл тас жарады, Тас жармасабас жарады. 3-Ашуың келсе қолың тарт, Айтпас жерде тілің тарт 4-Піл көтермегенді тіл көтереді 5-Бас кеспек болса да Тіл кспек жоқ 6-Шебердің қолы ортақ Шешеннің сөзі ортақ 7- Ең тәтті де тіл Ең ащы да тіл Ең қатты да тіл Ең жұмсақ та тіл 8-Жеті жұрттың тілін біл. Жеті түрлі ілім біл 9- Икемді тіл инеден өткір 10-Құлақ екеу тіл жалғыз Аз сөйлеп, көп тыңдаңыз 11-Қос тіл-қос қанатың. 12-Тіл тағдыры-ел тағдыры 2-түрі Мақал-мәтелдегі орнынан түсіп қалған сөздер қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде айтылады. 1.Ауылдан асқан байлық жоқ, Неден қымбат қазына жоқ. ( кітап,книга,book) 2Талапсыз жас,қанатсыз не? (Құс,птица,................) 3.Кім қылығымен көркем?(Қыз,девочка,...............) 4.Бас кеспек болса да,не кеспек жоқ?(Тіл,Язык,..................) Тіл туралы ойлар әр топтан 1-оқушы Ертегілер тобынан: 1) Халық бар жерде- тіл бар. Тіл бар жерде- өнер бар. Өнер бар жерде-жан-күйер бар. Жұмбақтар тобынан: 2Әр халықтың ана тілі- оның бақыты,оның қуанышы. Шешендік өнер тобынан: 3) Өз тілінді білу,өз тілінде ер жетіп, ел қатарына қосылу-өмірден алған ең үлкен сыйың. Айтыс тобы. 4) Ана тіліңде елдігіңді,ерлігіңді жырлайсың. Мақал-мәтел тобы: 5) Ана тіліңде сөйлеу мәдениеттіліктің өлшемі болып табылады. Қорытынды: Мұғалім: Біздің «Ана тілім- тірлігімнің айғағы»атты өнеге сағатымыз аяқталып келеді. Тіл- әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұлт та, ел де, жер де болмақ. Сондықтан әрқайсымыз өз ұлтымыздың тілін, осы тілі арқылы бүкіл әлемге танытпақпыз, тіл арқылы басқа да салт- дәстүрлер ді, әдет- ғұрыптарды, тарихын, мәдениетін, әдебиетін үйренеміз. Сондықтан әр азамат өз ұлтының қамқоршысы, жаршысы, қорғаны болары сөзсіз. | |
Просмотров: 5390 | Загрузок: 1349 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|