Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Классному руководителю

Қош, келдің Наурыз!
[ Скачать с сервера (20.8 Kb) ] 2012-04-09, 7:47 PM
Қарағынды қаласы №101 мектеп- лицейі
Манас Рыскуль Тунгышбеккызы
Қош , келдің Наурыз!
Мақсаты Оқушыларға қазақ халқының тұрмыс- тіршілігінде, әдет- ғұрпында ерекше орын алған «Наурыз » тойының ерекшеліктері туралы мағлұмат беру. Имандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
А) Кіріспе
Қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде, әдет-ғұрпында ерекше орын алатын ертеден тойланып келе жатқан мейрамның бірі-Наурыз. Яғни күн мен түннің теңеліп, қар еріп, көк шыға бастайтын көктем айы. Сондықтан наурыз күнін адамдар ертеденжаңа жылдың басы- Ұлыстың Ұлы күні деп есептеп, жақсы тілек , зор қуанышпен қарсы алған. Жұрт ел аралап, үйлерге кірген, наурыз көже ішіп, жастар ән шырқап, палуандар күресіп, ойын-сауықпен өткізген.
Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым аты- наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі астың құрамынан жасалады. Сүт, ет, қойдың басы, сүт, құрт, бидай, тұз, пияздан қазан толы көже берген. Басты ауыл қариясына тартқан. Бұның мәні – жаңа жылда тойымшылық, молшылық, мәнді де , дәмді, тартымды өмір болсын деген ырымды тілек ті паш ету.
1- оқушы Ассалаумағалейкум, халқым менің,
Ардақта Наурыз тойы- салтыңды елім.
Мереке басы болсын берекенің,
Игі істің жемісін бәрің жегін
2- оқушы. Наурыз қайтып оралды аты да аңыз
Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз.
Үй- дастархан , даламыз- сахнамыз!
Ұлы мейрам –Наурызға шақырамыз.
1- оқушы: Наурыз келсе, құт келгені , халайық
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық. ( шашу шашады)
2- оқушы: Сәнді көктем –нұрымыз
Наурыз тойы –жырымыз
Көңіл гүлдей жайнасын!
Құлпырсын түр қыр мен ой,
Құтты болсын , Наурыз той!
Қызыр баба.
Ау, аман ба, жарандар!
Алтын таңға қараңдар
Ерте жайнап атты таң,
Естіліп тұр шаттық ән
Жұрағатым қуанып
Рақатын тапты жан.
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Жас балаша нұрланып,
Жадырайды күніміз.
Күннің жаңа нұры бар
Мұның ғажап сыры бар.
Халық сүйген мейрам бұл!
Қарсы алайық тұрыңдыр!
1- Оқушы Басы барлық ырыстың,
Басы барлық ұлы істің.
Құтты болсын, Наурыз той
Ұлы күні Ұлыстың!
2-оқушы: Ау, жарандар, келіңдер!
Той қызығын көріңдер!
Наурыз айға бас иіп,
Күнге сәлем беріңдер.
(Сахнада Күн- Ана)
-О, қасиетті Жер-Ана! Табынамын саған , басымды иемін! Мен жылуыммен жер бетін қыздырып,әр кеудеге қуаныш сеуіп, әр жүрекке күлкі болып еніп, өзімнің Гүл – көктемімді, Қыз көктемімді шақырамын. Жаңа жылым жарылқа, ескі жылым есірке! Ұрпақтарымды аман ет!
- Ару Көктемім келе ғой!
Көктем: -Мен Көктеммін, жұрттан асқан көрікті, жаным нәзік сұлу қызбын.Нені болса да жүрегіме жақын алатын сезімталдығым , көркемдігім үшін мені сүйеді.
Хор «Келді, Көктем!»
Күн: Сәлем, ата- аналар!
Айналайын, балалар!
Қызыр баба аман ба?
Жаса жайлы заманда
Уақыт үдеп келдім мен
Бақыт тілеп адамға!
Наурыз: Сәлем анам алтын күн!
Сәлем қарты халқымның
Уақытыма риза бол,
Бақытыма шалқыдым.
Жиренше: Той әкелген қалама,
Күн мен Наурыз аман ба?
Бас иеді бабамыз
Бас иеміз саган да
Барша жұртым аман ба?
Тазша бала: Күн мен Айға әлемнің
Берем ыстық сәлемін!
Орындалсын ойларың,
Құтты болсын тойларың!
2-бастауыш: Күн мен Түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Соны тойлар ел енді.
Күн: Сәулесі мол Күнмін
Жұлдызы көп Түнмін.
Бірдей болып біздер
Теңелеміз бүгін.
Түн: Ал, ертең күн ұзақ,
Түн қысқарар бірақ.\
Ұйқы қанбай қалып
Жүрмеңдер тек жылап.
3-оқушы:Ұлыс күні қазан толса,
Сол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алсаң,
Сонда олжалы болар
4-оқушы: Амансыз ба, Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда болса, жол болсын!
5-оқушы: Ұлыс береке болсын,
Бәле –жала жерге енсін.
6-оқушы: Ұлыс бақыты болсын,
Әр күніміз жақсы болсын,
Достығымыз берік болсын,
Білім-өнер серік болсын!
1-бастауыш:
Кәнеки қарсы алайық жылдың басын
Қосылып жасқа жасың, басқа басың.
Барайық келер жылға төрт көз түгел,
Аман боп, алыс -жақын, кәрі- жасың!
2- бастауыш:
Биылғы жыл мерейлі жыл болсын!
Биылғы жыл елеулі жыл болсын!
Биылғы жыл кесір жылы болмасын!
Халқымыз тоқ болсын, суықта тоңбасын!
1- бастауыш:
Берілер тойбастарға түрлі пұлың,
Ұмытпас дәстүріңді қыз бен ұлың
Ерікті елімізге тілейтінім-
Қазақстан- құтты болсын Жаңа жылың!

Мақал- мәтелдер сайысы ( көрініс)
Би «Қара жорға»
Ән «Туған жер»
Хор «Наурыз»
Қорытынды:Балалар, Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы - Наурыз көже. Міне , бүгін аналарың сендерге наурыз көже пісіріп, үлкен дастархан жасап отыр.Олай болса тәрбие сағатымызды батамен аяқтай отырып, дастарханға шақырамыз.
Категория: Классному руководителю | Добавил: Рыскуль
Просмотров: 1589 | Загрузок: 169 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2025-12-31, 1:50 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко Информатика флипчарт животные новый год творчество логика геометрия глагол задачи Казахские пословицы Физика Зима язык Алгебра класс здоровый образ жизни педагогика стихи МАТЕМАТИКА Урок праздник музыка доклад программа литература география природа семья воспитание осень игра загадки Начальная школа Тест трудовое обучение технология Сказка ЗДОРОВЬЕ вода путешествие Оксана 8 марта искусство Английский язык театр психология учитель мир 3 класс Биология Классный час ЕНТ выпускной Школа 1 класс русский язык ЕГЭ Тесты ХИМИЯ начальные классы дети экология астана дошкольники любовь день учителя казахский язык самопознание английский родители добро Конспект спорт патриотизм дружба концерт история обучение чтение немецкий язык краеведение библиотека тренинг хореография разработка Физическая культура English Великая Отечественная Война Игры КВН логопедия Интеграция песня Детский сад День Победы воздух Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru