Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Классному руководителю

Желтоқсанның алауы
2012-12-05, 4:46 PM
1-жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, көрермендер! «Тәуелсіз елдің өнерлі ұрпақтары » атты әдеби-сазды бағдарламасын бастауға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші: Армысыздар, айналайын адамдар, Айналаңа шын қуанып қараңдар. Жиырма жыл болды, Тәуелсіздік алдық біз, Келді кезек болашақты бағамдар.
1-жүргізуші: Сан ғасырлар тарихынан кешегі, Туған жердің шежіресі өседі. Менің елім, Қазақстан-Отаным, Болашағы бізбен бірге өседі.
2-жүргізуші:
Ия, бүгін үлкен мереке. Тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл толып отыр. Халқымыз сан ғасырлар бойы аңсаған арманына жеткен тәрізді. Халықтың тыныс-тіршілігін тарих таразысына салып, ұлы көш алға басып барады. Бұл-уақыт көші, өмір көші.
1-жүргізу
Дүниені дүр ілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 86-ның 16 желтоқсанында болған оқиғаға биыл 25 жыл болды.
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы, Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы, Өздеріңдей өр намысты, жас өркені елдің, Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.
2-жүргізуші: Өтеп келген тарихты біз жасырсақ, Бөтен елдің билігіне бас ұрсақ. Бұның бәрін дұрыс болмас түсінген, Тәуелсізсің, біліп қойғын жас ұрпақ!
1-жүргізуші: Еліңнің сен намысы үшін, Құрбан еттің жаныңды. Мазақ етіп қорлай алмас, Ешкім сенің арыңды.
2-жүргізуші: ХІV-ХV ғасырда дүниеге елді билейтін хандар келді. Ең алғаш ел басқарған қазақ хандары халықтың негізін салушы Жәнібек пен Керей болса, бұл хандықтың одан әрі күшейте түскен Әбілхайр хан, Қасым хан, Есім хан, Тәуке хандар.

1-жүргізуші: Әрі батыр, әрі ақылды үш жұздің басын қосқан қазақ елінің тұтастығын сақтауға бар күшін, жігерін салған Абылый хан, мектеп ашып елді ағартушылыққа тартқан Жәңгір хандарды атап айта аламыз.
2-жүргізуші: Сол кезендерде хандарға ақыл-кеңес беріп, ел билеп атағы шыққан, шешендік сөздің шеберлері Әйтеке би, Қазыбек би, Төле билер елді аузына қаратқан.
1-жүргізуші: Абылый заманы- батырлар заманы. Найзаның ұшымен, білектің күшіменқасық қаны қалғанша елі мен жері үшін айқасқан бабалар аманатын жалғастырған боздақтар қаншама?!
1-көрініс: /Қалмақ ханының ордасы. Хан тақта отыр/ Уәзір: Ләппай тақсыр! Қазақтар келіп тұр. Хан: Кірсін! Ия, қазақтар неменеге келдіңдер! Айтатындарыңды айтыңдар да үйлеріңе кайтыңдар! Қазыбек би: Біз қазақтеген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасн деп, найзаға үкі таққан елміз. Досты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды. Анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен қалмақ та біз қазақ қарпысқалы келгенбіз. Қазақ-қалмақ баласы табысқалы келгенбіз. Табысуға көнбесеңіз, шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан да біз арыстан, алысқалы келгенбіз. Берсең жөндеп бітіміңді айт, не ұрысатын жеріңді айт. Хан: Балам, атың кім? Бала: Атым Қазыбек. Әкем Келдібек би, ұлтым қазақ, руым қаракесек. Хан: Ендеше, дауысың қаздың дауысындай қанқылдап шығады екен, есімің Қаз дауысты Қазыбек боп қайта жаңғырсын. Қамаудағы қазақтарды босатыңдар! Уәзір: Ләппай тақсыр! Музыка: /Күй/ Дәулеткерей «Көрұғлы»
1-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы Республика халқын дүрсілкіндірді. Әсіресе, қала жастары қатты толқыды. Жастар талабына билік өкілдері көкейкесті мәселеге қатысты жауап берудің орнына күшпен таратпақшы, баспақшы болды. Жастардың наразылықтарын ешкім елемей, алаңға асығыс әскер әкеліп, оқиғаны ұйымдастырған қылмысты топтар, ұлтшыл ұйымдар ісі деп жариялап, нашақорлар, мәскүнемдер деп айыптап жатты.
Мұны халыққа Д. Қонаевқа жанындағы қылмысты топтар ұйымдастырған басбұзарлық, тәртіпсіздік деп әр түрлі лақаптар таратты. Шындықты жазған газеттерді, адамдарды барынша қатаң сөгіспен жұмыстан шығарды. Сөйтіп, бұл оқиғаның ақ-қарасы 4 жылдан соң дәлелденді.

2-жүргізуші:
Ел үшін жанын қиған боздақтар жайлы сыр шертейік.

1-жүргізуші:
Қар үстінде қызыл кан, қара бұрым,
Халық та көп көшеде, қара құрым.
Жас арулар келеді мығым басып,
Қорқу, үрку бойынан қашқақтаған.

2-жүргізуші:
Үміт оты жүректе лапылдаған,
Алай-дүлей күдік те тақымдаған.
Қыз денесін жауратып, жаулап алды,
Желтоқсанның аязы сақылдаған.

«Желтоқсан желі. Қайраттың сөзі»
“Тәуелсіз елім”
1-жүргізуші:
Тәуелсіз 20 жыл!
Сенің нұрың сөнбесін,
Ашық аспан жарық күн.
Келешегі сөнбесін,
Қазақ деген халықтын!

2-жүргізуші:
Тәуелсіз 20 жыл!
Күн болды бұл керемет,
Ақ түйенің қарны жарылған.
Ел болдық, шүкір не керек,
Әлемге аты танылған!

1-жүргізуші:
Тәуелсіз 20 жыл!ды. Бір күні мал бағып,
Туыңды биік ұстадың,
Көтерді халқың ұақыттың қатал қыспағын.
Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,
Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!

Халық әні « Гүлдерайым»

Алақай, алақай сал-серілер келе жатыр! Қашаған, Нұрым жыраулар келеді. «Сыр сандығым ашылды». (Сыйлықтар таратылып, шашу шашылады. Балалар асық ойнайды)
Қазанғап «Шыныаяқ тастар»
Маңғыстау өңіріне белгілі жыраулардың бірі Қашаған. Қашаған жырау ХІХ ғасырда өмір сүрген.
Қашаған жастайынана жетім қалды. Сөйтіп күнін көру үшін жалданып, мал бағып, өкшесі ойылып, мал соңында азап көріп, арып аршып шаршаған бала таяғын жерге шаншып, шапанын күрке етіп жата қалса, баланы қолынан тартып тұрғызып:

- Дорбалап аласың ба, қапшықтап аласың ба? - деп сұрайды.
-Бергеніңді аламын дейді Қашаған. Қара кісі қолын жайып бата береді.
-Өнер бердім, елге шаш дейді. Қашаған осыдан кейін суырып салма ақын болады.¬ Қашаған ұйқыдан атып тұрса, жүрегі кеудесіне сыймай бір нәрсе керіп бара жатады, ал қой болса ұзап кеткен екен. Алқына жүгіріп мал шетіне жете бергенде, жел айдаған бір түйеқарын қойды дүрліктіре үркітіп, ұзатып әкетеді. Ызаланған Қашаған осы жерде іле шала түйеқарынға өлең шығарады:

-Ассалаумағалейкум, түйеқарын!
Адасқан ақылынан сен бір жарым.
Келдің де қия шеттен қойды үркіттің,
Алдыңда білмейсің бе қойдың барын?

Және түйеқарын болып іле жауап береді:

-Уағалейкумассалам, түйеқарын!
Адасқан ақылынан дейсің жарым
Жол жүріп алыс жерден келе жатсаң
Алдыңда білер ме едің ненің барын?!

Нұрымның термесі « Мен қашанғы жүйрігің»

1-жүргізуші:
ХІХ- ХХ ғасырдың басында Маңғыстау өңірінде ірі жыраулардың ұлы көші болған. Олар: Абыл, Нұрым, Сүгір, Сәттіғұл ,Қашаған жырау күйші Құрманғазымен жос болған. Екеуі ел аралап жүргенде бір молданың үйіне келеді. Молданың кішкентай баласы Құрманғазының домбырасын қызықтап отырса,
Көрініс: Мола балсына :
-Ей қолыңдағы таяғың қу ағашың не?
Сайтанның таяғын тасата, әрі дейді.
Сонда Қашаған: Қолымда қу ағаш
Сөйлеп тұрған бұл ағаш
Қолымдағы ағашым
Алып жүрген домбырам.
Дарияның бетіне
Пырақ болған бұл ағаш
Ғаріп пенен қасірге
Қуат болған бұл ағаш
Балта ұстаған шеберге
Кәсіп болған бұл ағаш
Өзіңді қазақ молда дейді
Боқтағаның ұай ағаш
деп молданы жерге қаратқан екен.

Б. Бейсенова « Қасиетті домбыра»
“Домбыра”

Құрманғазы Динаға домбырасын ұсынады:

-Домбырам мұрам, ал бала! Мүлкім осы қалдырған
Ұсынамын қолымнан, иеліп ет, ал ,балам!
Құрманғазы кім десе өмірін отқа шалдырған
Ұрпаққа мәңгі өшпейтін
Артында із қалдырған, деп домбырасын ұсынады.

Құрманғазы «Балбырауын» күйі

2-жүргізуші:
Тәуелсіздік – тәтті ұғым, қандай ғажап!
Халқымның орындалды басты арманы.
Туғпн тілдің мәртебесін тасқа қашап,
Күмбез көкте желбіреді көк байрағы.

1-жүргізуші:
Тәуелсіздік шаттығы,
Тәуелсіздік қуанышы,
Тәуелсіздік тойы
Тұғырлы, баянды болсын, ағайын!

Халық күйі « Жастар биі»

2-жүргізуші:
Осы күн сіздерді,
Шын жүректен құттықтаймыз!
Азат елдің білікті, білімді.
Жігерлі азаматьы боп өсіндер!

Халық әні «Қалаулым»

Бабаларым, рахмет сендерге
Балаларым болмасын деп бос кеуде
Домбыраңмен қосып әеге тіл бердің
Өмірге мен мылқау болып енгенде
М.Мақатаев.
Назар қойып тыңдағандарыңа рахмет, осымен бағдарлама аяқталды!
Категория: Классному руководителю | Добавил: Салима
Просмотров: 2076 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2025-01-10, 9:55 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru