Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Классному руководителю

Шығармашылық жұмысқа бағыттау
2012-12-06, 4:19 PM
Баяндама
«Шығармашылық жұмысқа бағыттау»
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
А) Шығармашылық жұмыс-өмір талабы
Ә) Жұмыстың мақсаты, міндеті
Б) Бағыттау әдістері
3. Қорытынды
Кіріспе
Қазіргі таңда білім саласында жүргізіліп жатқан реформалардың басты міндеті - ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға қалыптастыру.
Жас ұрпақтың дарыны мен талантын ашу, шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіру, олардың өзіне деген сенімін нығайту, бір сөзбен айтқанда, өмірде өз жолын таңдауына түрткі болу - ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы абыройлы борышы.
Көрнекті педагог В.А. Сухомлинский: «Сабақ жасөспірімдердің интелектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады» деген.
Білім берудің қазіргі жаңа құрылымы және оқу әдістемелік мазмұнының өзгеруі мұғалімдердің кәсіби оқытудың мазмұны мен әдісіне байланысты. Оқытудың әртүрлі әдістерін оның ішінде ойындық әдістерді де қолдау арқылы жүйелі, мақсатты түрде оқушылардың ойлау қабілетінің икемдігін дамытуға, тұжырым жасауға үйретеді. Шығармашылық қабілетті дамытуда ықылас, есте сақтау, қиялдаудың даму деңгейлері маңызды орын алады.
Тапсырмалардың әртүрлі болып келуі оқушылардың ойлау қабілетінің дамуына әсер етеді. Оқулықтағы тіл дамыту мақсатында берілген мәтіндерді оқу, талдау барысында оқушылардың оқиғаға қатысы, көзқарасы қандай екендігін анықтай алуына назар аударылуы тиіс.
Ондай жұмыстарды қарапайым әдістермен бастауға болады. Мысалы:
• Мәтінге тағы қандай тақырып қояр едің?
• Кейіпкер несімен ұнады? Неліктен ұнамады?
• Автордың ойы қандай? Мақсаты не?
Шығармашылық әрекетті дамыту мақсатында 5-6 сыныптардағы қазақ тілі сабағында әр түрлі тапсырма беруге болады. Әңгімені, ойды жалғастыру, мәтін бойынша жарнама құру, әңгіме жазу, өлең шығару, сол мәтін бойынша қысқа да нұсқа сұрақтар дайындау. (Блумның сұрақ қою стратегиясы).
Бұны өзіндік жұмыстар арқылы дамыту кезеңінде біртіндеп күрделендіре отырып, келесі тапсырмалар қоюға болады.
Берілген мәтінге сүйеніп, диалог құрастыру.
Мысалы: «Абай Қарқалыдан қайтып келген соң, күндіз-түні кітап оқиды. Оқыған кітаптарынан көп асыл бұйымдар тапты.
Балалар былай деп құрды.
• Абай Қарқалыдан келген соң не істеді?
• Ол күндіз-түні кітап оқыды.
• Оқыған кітаптарынан не тапты?
• Өзіне қажетті мәліметтер тапты.
Әрі хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыруға жаттығады.
А) Шығармашылық жұмыстың мақсаты, міндеті.
1. Сынып бөлмесін қалыпқа сай безендіру, көрнекіліктер жинақтау.
2. Мерейтой иелеріне бұрыштар жасау және сол ұлылардың сөздерін жазып қою.
3. Грамматикалық талдауларды меңгерту.
4. Өз әдісімді түрлендіріп отыру.
5. Бұл жұмысты жүйелі, белсенді түрде тұрақты жүргізу.
6. Білім деңгейін саралап, шығармашылық жұмысқа тарту.
7. Жарыстарға қатыстыру.
8. Кітапханалармен байланысу. «Әдеби сөйлеудің көзді бұлағы – кітап»
9. Табиғатқа саяхат жасап отыру.
Б) Бағыттау әдістерім.
1. Мақал-мәтелді қолдану немесе мақал-мәтелмен ой түйіндеу. «Сөз – мәйегі – мақал»
2. Тірек сөздер бойынша әңгіме, ертегі құрастыру. «Ертегім – ер теңім»
3. Әрбір тарау бойынша сызба – нұсқалар, сөзжұмбақтар, шығармадан соң жоспар құру.
4. Шығарма кейіпкеріне хат, мінездеме жасау.
5. Әңгіме бойынша сурет салғызу. Ұйқас тірек сөздер арқылы өлең шығарту. «Болмасаңда ұқсап бақ...»
6. Даналардан шыққан сөз жинақтау. «Ұлылар сөз алғанда...»
7. Оқушының ішкі жан толғанысы.
8. Әр түрлі ой-толғау (Отан, тіл, ұстаз, табиғат, т.б)
9. Альбом жасау.
10. Ойын түрлерімен. (Сықырлы қалта, сөздік қоржыны)
11. Шығармаға пікір жазу.
12. Көркем туындыдан алған әсерін қысқаша баяндау.

Негізгі бөлім.
Шығармашылық жұмыс - өмір талабы. Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Осы жерде ұлы Абайдың сөзі еріксіз ойға оралады: «Өзіне сен, өзіңді сүйреп шығарар»
Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет, қабілет іздете білу, өмірден өз орнын тапқыза білу т.б. Өзін - өзі таба алмай, тұншықтырып жүргендер ортада болуы үмкін. Соларды таба білуіміз керек.
Беспалько әдісінен «Шығармашылыққа бағыттау» технологиясын өзімнің оқу – тәрбие жұмысына енгіздім.
Бұл жұмыстың мақсаты – оқушыларды сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, бойына әртүрлі тәрбие – имандылыққа, парасаттылыққа, сұлулыққа т.б. тәрбиелеу. Сонымен бірге тіл байлығын дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге, өзіндік пікір айта білуге итермелейді.
Шығармашылық қабілеттердің даму деңгейі шеберліктерін жаңартуын, шығармашылық ізденістерін шыңдауын қажет етеді.
Мұғалім ең алдымен бала жүрегінің пернелерін дәл тауып, оны ойната білетін тамыршы болуы тиіс. Ол ұстаздың өз мамандығына деген сүйіспеншілігінен, алдына мақсат қоя білунен туындайды. Бала жүрегіне жол таба білу – ұстаз шеберлігінің бір қыры. Бұл жайында ұлы Абай: «Мейірімділік – бауырым деп адам баласын жақын тартқанда іске асатын қасиет» деп айтып кеткен.
Шығармашылық әрекет – мәселені қою, ойды тұжырымдап айту, идеяның пайда болуы, оны шешу, оның логикалық дамуы, аталған мәселені шешуде тиімді әдістерді қолдану.
Қозы Көрпеш – Баян сұлу
р/с Тақырыптың
мазмұндық жоспары Мақал-мәтелдері
1. Қарабай мен Сарыбайдың кездесуі. Тау-тауға кездеспейді, адам-адамға кездеседі.
2. Достасу «құдалық». Құда – мың жылдық, күйеу – жүз жылдық.
3. Қарабайдың өтініші. Біреуге ор қазба, өзің түсерсің.
4. Сарыбайдың қылмысқа баруы. Алланың жазасы. Балалы үй – базар.
5. Қозы мен Баянның дүниеге келуі. Ақ жүрген азбас.
6. Үрей қорқыныш. Қарабайдың көшуі. Жолдасы жақсы жолды болар, жолдасы жаман қолды болар.
7. Қодар мен қарабай қараниет достық. Сыйлық қымбат емес, сүю қымбат.
8. Қозы мен Баян сәулелі махаббат. Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу.

Мақал – мәтелмен ой түйіндеу. Ұялған Ақылбек.
Бір отбасында екі бала болыпты. Бірі – Ақылбек, екіншісі – Дәурен. Дәурен 5 жаста, Ақылбек 15 жаста. Ақылбек күні-түні әке-шешесінен ақша сұрайтын жалқау бала болған. Ол оқуды да, жұмысты да көргісі келмейді екен. Ал Дәурен 5 жаста болса да, оқуға бармаса да үй-ішіне көмектеседі.
Бір күндері Дәурен:
- Аға сен неге жалқаусын?
- Еңбек деген не екенін білесің бе?
Сонда Ақылбек сасып:
- Үлкен адамға сөйлей ме екен, еңбек деген не нәрсе – ол, тек шаршатқаннан басқа не береді? – дейді.
- Жоқ, Ағажан, «Еңбексіз байлық жоқ» деген мақалын білесіз бе? Білмесең есіңе сақта.
Ақылбек басын бұғып ұялғаннан орнынан тұрып кетеді. Мұны естіп тұрған анасы Дәуреннің сөзіне риза болады.
Отарова Жадыра, 7 «в» сынып оқушысы

«Ертегім - ертеңім»
Ақылды бала Ақылбай
Ерте, ерте, ертеде ешкі жүні бөртеде, қырғауылы қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен. Бір ауылда кедей Әбдірахман деген кісі өмір сүріпті. Оның қолынан бәрі келетін, тек ауылда жұмыс болмаған. Бірақ ол байлардың заттарын өңдеп, кішкене болсын тамақ үйіне әкелетін. Оның үш ер баласы болады. Екі үлкендері мал бағып жүрді. Ал үшіншісі жаңадан төртке толыпты. Олардың аттары: біріншісінің аты – Манас, екіншісі Қалбай, ал кенжесі – Ақылбай екен. Ақылбай ағаларынан гөрі сөзге шешен дес бермейтін, ақылды бала болады. Өскенде ол да мал бағып жүреді. Екі үлкені үйленіп, бәрі бірге өмір сүрді. Бірақ Ақылбай көп көргісі келіп, ата-анасынан рұқсат пен бата сұрайды. Сол кезде әкесі: - Жақсы балам. Қайда барсаң да жолың болсын! Біз саған сенеміз. Бізді ұмытпа! Аман бол! – деп бата береді. Шешесінің көзі жасаурап, орамалына бір қара нан салып, қоштасып қалады. Сөйтіп Ақылбай жолға щығады. Ол көп кезіп жүріп, бір орманға келеді. Бұлақтан мөлдір, салқын су ішіп, нанның жартысын жеп, жартысын қалдырады да ағаштың көлеңқесінде ұйықтап, тынығып алады. Ол су ішіп әрі қарай жүріп кетеді. Оның көзіне бір шаһар көрінеді. Ол шаһарда жүріп, бір бай ақылды Ғалымжан деген кісімен танысады. Ғалымжан ағайда бәрі болады. Бірақ екі рет үйленсе де еш баласы болмапты. Ол Ақылбайды көргеннен оны өз баласындай жақсы көріп, оның көзін ашуға ұмтылады. Өскенде Ақылбай өнерін жалғастырыпғ бос уақытында кітап оқып жүреді. Бір күні сол шаһардың ханның баласы болмаған соң өзі қартайған соң, өзінің артынан қалар мұрагер іздейді. Ол: «Кім балам болғысы келеді сол, мына гүлді алып, келесі жылға дейін өсіріп, маған көрсетеді» - деп бұйырады. Бәрі арайдан гүл алады. Келесі жылы сарайға бәрі гүлмен жиналады. Бай бәрін қарап жүріп, қолында гүлі жоқ Ақылбайға көзі түсіп, оған:
- Сенің гұлің қайда? – дейді.
- Ол гүл, он жылда бір өсетін гүл оны ешкім бір жылда өсіре алмайды – депті.
- Міне, менің балам, менің орныма хан осы бала болады.
Өйткені мен берген, сендер алған гүл өспейді. Бәрің мені алдап басқасын әкелдіңдер – дейді. Сөйтіп бұл оқиғадан кейін, бір ай өткен соң хан көз жұмады. Сосын Ақылбай хан болып, елдің жағдайын жақсартады. өзінің ауылда қалып қойған отбасысын өзінің сарайына шақыртады. Және өзінің көршілес елімен тату-тәтті өмір сүру үшін, ханның қызына үйленіп, бақытты өмір сүріпті.
Қарабаева Мадина, 7 «в» сынып оқушысы
Категория: Классному руководителю | Добавил: Биғожаева
Просмотров: 5596 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.8/5
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2025-01-10, 9:22 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru