Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Классному руководителю

жолдау «Қазақстан-2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»
2013-09-27, 9:37 PM
Сынып сағатының мақсаты:
Мақсаты  Білімділік:
Жолдаудың толық  мазмұнымен  таныстыру;
Бұл бағдарламаның түпкі мақсаты - еліміздің тәуелсіздігін баянды ету, қазақ­тың ұлт болып өркендеуіне жол ашу, оның тілі мен мәдениетінің кең құлаш жаюына мүмкіндік туғызу екендігін  ұғыну;
Дамытушылық:Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына   арнаған  жаңа Жолдауына  талдау арқылы   оқушылардың  болашаққа  деген  ой толғауы   артады;  өз  болашағының  жарқын  да  кемелді    болатынына  сеніммен  қарап өз   үлесін  қоса  білетін  жеткіншек  болуға  ұмтылады.   
Тәрбиелік: Елін,  туған  жерін  қастерлей  білетін, білімді, салауатты оқушы  болуға  тәрбиеленеді. 
Түрі: пікір алмасу
Әдісі: сұрақ- жауап, пікір алмасу.
Көрнекілігі:тақырыптық кітап көрмесі
Жүру барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Сәлеметсіздер ме, Құрметті ұстаздар қауымы және оқушылар!
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы- ол әрқашанда тарихи маңызы жоғары, қоғамда алатын орны ерекше стратегиялық құжат.Биылғы жылы жолдаған Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»деп аталады. Осы тақырыпқа арналған сынып сағатымызда осы Жолдау төңірегінде ой талқылап, пікір алмасамыз. Қазақстанның Орталық Азияның барысы атанып, Азия барыстарының қатарына тең дәрежеде иық тіресе қосылуына елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан 2030» бағдарламасы бастау болды.
Ұлт көшбасышысы осыдан 16 жыл бұрын қабылданған «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілген міндеттердің мерзімінен бұрын орындалғанын айтты. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында еліміздің дамуының негізгі басым бағыттарына тоқталып өтті.
Жұмысқа қамту жолында
қойылды нақты үш міндет
оқумен қатар жұмысты
Алып жүруге мүмкіндік
жасайды енді үкімет
Ол үшін не істеу керек?
1- оқушы:Мемлекет болса, өз тарапынан жастардың сапалы білім мен саналы тәртіп алуына, қажетті мамандықты игеруіне, өз арман-мақсаттарын жүзеге асырулары үшін бар мүмкіндіктер жасап келеді. Осыларға әлемдік деңгейдегі Назарбаев Университеті, «Балапан», Назарбаев Зияткерлік мектептері, «Болашақ» бағдарламалары дәлел. Оның ішінде төртінші бағыт, білімсаласының қызметкерлері, біздер үшін өте маңызды болып табылады. Ол — жоғары білімді ұлт қалыптастыру қажеттігі. Бұл бағыт білім беру саласында еңбек етіп жүрген ұстаздарға жаңа міндеттер жүктейді. Оқыту әдістемелерін жаңғырту, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге тиістігі заман талабы. Жаңа заман талабына сай пәндерді өзгерту, ескірген немесе сұраныс жоқ ғылыми және білім пәндерінен арылу, сонымен бірге, сұраныс көп және болашағы бар бағыттарды күшейту мәселесін шешу деп Жолдауда айрықша атап өтілген
 Сұрақ: Сен қуансаң- қуанам таңдарымемен,
Сен мұнайсаңөмұнаям бар жаныммен,
Тағдырым бір, туған ел, тағдырыңмен,
Арманым бір, туған ел, тағдырыңмен.
Еліміз тәуелсіз екен, тіліміз де тәуелсіз болуға тиіс. Тіліміз азаттық алмай, өзінің тұғырына қонбай, біз қалайша Тәуелсіздіктің рухын сезіне аламыз. Тіл тәуелсіздігі — ел болашағы.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ тілінің де стратегиялық маңызға ие екенін айтты. Бір қуантқаны, 12 жылдан соң латын әліпбиіне көшеміз.
Мұғалім:Электронды үкімет дамытып,
әкімшілік рәсімді оңайлату
осыларға жету үшін халқымызда
Компьютерлік сауаттылықты арттыру
3-оқушы: Бұл мақсатқа жету үшін қазақ елінің барлық мүмкіндіктері мен жағдайы бар екендігін өз жолдауында Елбасымыз атап өтті. Ол үшін өңдеу саласын 2025 жылға қарай екі есеге, 2040 жылға қарай үш есеге арттыру қажеттігін айтты. Қазіргі таңда Қазақстанның ішкі және сыртқы әлеуметтік экономикалық тұрғысынан қарқынды дамып келе жатыр. Халықтың күн сайын әлеуметтік жағдай арта түсуде. Елімізде индустрия саласы да қарқынды дамуда. Жаңа кәсіпорындар бой көтеріп, адамдар жұмыспен қамтамасыз етілуде. Еңбек төлем ақысы мен зейнет төлем ақысы да жыл сайын көтерілуде. Халықтың демографиялық жағдайы күннен күнге арта түсуде. Елбасы Тәуелсіздік алған кезеңде еліміздегі таза қазақтың саны 6,8 млн құрап, жалпы халық санының 41% құраса, қазіргі таңда 11 млн жетіп 65% өскен. Халықтың қал-ахуалдары жақсарып, өмір сүру жасының өскендігін айтты.
  Мұғалім: Ел қамын жейтін ерлерді
Қолдайды халқы қашанда
Отаншыл болсын басшылар
Ел басқару жолында
21 ғасыр он жылын
татулықпен өткіздік
Еліміз тыныш болсыншы
Желбіресін биік көк туым
Біз Елбасы бәріміз білетіндей ең басты бірінші орынға адамға қатысты мәселені қояды.Бағдарламада Елбасы бүгінгі күннің ең маңызды мәселесі ел бірлігі мен тілге баса назар аударды. «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады». Бүгінгі Қазақстанның жеткен жетістіктері мен алған шыңдары бірліктің арқасы. Сондықтан қазақтың бірлігі — елдігіміздің кілті, ең басты мәселесі. Ел бірлігі — ең асыл қасиет», — деген Елбасы тұжырымы Отанын сүйген әр азаматтың жүрегінен орын тебуі керек. «Тілге деген көзқарас — шындап келгенде елге деген көзқарас. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде біз елімізді Қазақ мемлекеті деп айтатын боламыз», — деп Президент ел бірлігінің басты белгісі — қазақ тілі екенін баса атап өтті.
Мұғалім: Елбасының биылғы «Қазақстан-2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»атты халыққа арнаған Жолдауында айқындалған бағыттарының бәрі де ел тіршілігінің түпқазығы деуге болады. .
Қорытынды: Қазір еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты.
Біз бүгінде бәсекеге қабілетті, әлеуеті зор, экономикасы қуатты ел құрудамыз.
Біз бұдан бұрын да биік белестерді бағындырдық.
Сондықтан, мақсатқа жету біздің қолымыздан келеді деп Елбасымыз айтып өткендей құрметті оқушылар бүгінгі сабақта айтқан ой, тұжырымдарыңа толық қосыла отыра бүгінгі сабағымызды қорытындылайық.
Қорытынды:Құрметті, балалар! Сендер Отанымыздың болашақ ұрпағысындар. Жақсы оқып, тәртіпті болып, өз елінді, жерінді көркейтіп, Қазақстанның намысын қорғайтын келешегі, тірегі атанындар.
Категория: Классному руководителю | Добавил: Арай6615
Просмотров: 3109 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2025-06-29, 0:28 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru