Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Классному руководителю

ТАҚЫРЫБЫ: «ҚҰТТЫ БОЛСЫН ЖАҢА ЖЫЛ!»
[ Скачать с сервера (41.0 Kb) ] 2013-11-23, 11:12 AM
ТАҚЫРЫБЫ: «ҚҰТТЫ БОЛСЫН ЖАҢА ЖЫЛ!»
Мақсаты: балаларда мерекелік көңіл күй тудыру, шыршының қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, Аязатаның, Ақшақардың, Жалмауызкемпірдің, Клоуының,Қызыл Телпектің карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату,оқушыларға мерекелік көңіл күй жасау.

Қатысушылар: 2 жүргізуші, Клоун, жалмауыз кемпір, Ескі жыл,Қызыл Телпек, Алдар Көсе, Қар ханшайым, Қоян, Қасқыр, Қарақшы, Аязата, Ақшақар, Жаңа жыл.
Зал меркелік іс-шараға сай безендірілген. Залда ақырын көңілді музыка ойнап тұрады.

1 жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата-ана, қымбатты ұстаздар,
оқушылар, қонақтар!
2 жүргізуші: Жаңа Жылым жаңа бақыт сыйласын,
Көгімізде бейбіт құсы самғасын.
Төгілтіңдер жаңа жылдың жақсы әнін
Қуанышпен арайлансын ақ таңың!
1Жүргізуші: Айнала қоршап шыршаны,
Шашылар шашу жыр әні,
Мынау әсем шыршаға
Бірге: Қош, келдіңдер, балалар!
2Жүргізуші: Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?
Барлығы: Жаңа жыл!

1Жүргізуші: Жаңажылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөз мектебіміздің директоры Өмірбаев Нүриден Марякұлына беріледі.

2Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша!
1Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп!
2Жүргізуші: Бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астында бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша! Сыйлықты ашып көрейік. (көңілді муз. Ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Клоун атып шығады)

Клоун: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап-қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы,
1Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар,
Ата-аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңажылдық мерекемізге кім жетіспейді?
Балалар: Аязата, Ақшақар.
2Жүргізуші: кәне, онда Аязатаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.
Балалар: Аязата, Аязата (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да, сыпырғышына мінген Жалмауыз кемпір жүгіріп кіреді.)
Жалмауыз кемпір: Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарыңды жыртып жатырсыңдар?!
1Жүргізуші: Ал, сен неге амандаспайсың? Әдепті адам алдымен амандасып
алады дегенді білмейсің бе?
Жалмауыз кемпір: Білсем бұйырмасын!
2Жүргізуші: Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал, сен сияқты үлкен адамға ескертудің өзі ұят. Сен не, мектепте оқымадың ба?
Жалмауыз кемпір: Оқыған жоқпын! Маған бір танысым – Орман перісі- мектепте сондай қызықты болады, бір барып көрсең, көрсең ғой деп қоймаб еді, ал, бардым .... Онда кешке дейін тақпақ-әндер, көбейту кестесін жаттатады, ал мұғалімдері бұрамалы ойыншық сияқты: қанша? Неше? Қайда? Ойланыңдар, ойланыңдар дейді де жатады, не одан басқа сөз жоқ па?
Еще 45 минут партада қадалып отыру керек. Бүйткен мектебі құрысын!
1Жүргізуші: Балалар, Жалмауыз кемпір шын айтып тұр ма? Мектепте көңілсіз бе? Айтыңдаршы мектепке не үшін барады?
Оқушылардың жауаптары
2Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. (Жалмауыз кемпірге қарап)
Түсіндің бе? Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аязатаны шақырып едік қой?!
Жалмауыз кемпір: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсыңдар?
Аязата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха-ха-ха(деп секіреді)
1Жүргізуші: неге олай еттің? Аязата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек?
Жалмауыз кемпір: ә, бәлем, солай ма екен! Әйтпесе мектеп... оқу... жазу... Енді, сендерді мен оқытамын! Қазір денешынықтыру сабағы болады. Бүгінгі сабақта, біз бет-аузымызды қисаңдатып үйренеміз.(көңілді музыкамен «Айна» ойыны ойналады. Ойын ойналып болған соң)
Енді тест аламын, кім сараң екенін анықтаймын (іші ақшаға толған, жіпке байланған әмиянды лақтырып қалады, мәз болып, тырнақтарын қағады)
2Жүргізуші: Тоқта, тоқта!

Ескі жыл: Телеграмма, телеграмма келді. Аяз Атадан жеделхат келді!
«Құрметті Ростовка орта мектептің бүлдіршіндері. Бүгінгі Жаңа жыл мерекесіне қатыса алмаймыз, себебі жолда қарақшыларға тап болдық. Мені қарақшылар Жаңа жыл мерекесіне алып кетуді өтінді де, жолда тоңып қалған түр көрсетті... Мен оларды аяп, тонымды шешіп бердім. Ал олар менің сиқырлы асатаяғымды, тонымды жұлып алды да, шанаға отырып, тартты да кетті!»
Ескі жыл: Не дейді, келе алмайды ма? Енді қайттік? Балалар не дер екен?
Орман жануарлары: Балалар, Аяз Атаға көмектесейік. Көмектесесіңдер ме?
Бәрі: Иә...иә...
\Залға Қар ханшайым мен Алдар Көсе кіреді.\ Фон
Алдар Көсе: Сәлемет пе, балалар!
Аулада аяз болғанда
Бар ағаш күміс жамылар,
Шырша отпен гүлденер,
Демек, Жаңа Жыл келер!
Қар ханшайым: Сәлеметсіңдер ме, балалар!Сендерді Жаңа Жылмен бірінші болып құттықтасақ деп Алдар Көсе екеуіміз әдейі ерте келдік.
Қызыл Телпек: Көңіл күйіміз болмай, мерекемізді бастай алмай отырмыз. Аяз Ата қиындыққа тап болыпты.
Алдар Көсе: Ал, достар олай болса қарап тұрмайық! Қар ханшайымы екеуіміз балалармен мерекені бастай берейік. Сендер тез барып Аяз Атаны құтқарып алып келіңдер.
Қызыл Телпек: Жақсы, біз ендеше жолға шығайық. Қар ханшайымы балалар өзіңе аманат. Менің сиқырлы айнам бар. Біздің бағытымызды содан қарап отырыңдар. Қатты қиналсақ, көмекке келерсіңдер.
Қар ханшайымы: Жолдарың болсың!
Алдар Көсе: Ал, балалар, АязАта мен Ақшақар келгенше мерекемізді бастай берейік.
Қар ханшайымы: Ал, кәнеки, балалар,
Ән мен жырға басайық.
Шыршамызды айналып
Той думанды бастайық.
1.Хоровод «Орманда шырша туыпты..»

\Қар ханшайымы айнаға қарап тұрады.\
Қар ханшайым: Кәне, мынау қай қонақтар?
\Залға қоян қасқырды ертіп әкеле жатады\
Қасқыр: Бар-май-мын! Көр-мей-мін, орманға қайтамын!
Қоян: Не деп тұрсың, сен өзің? Біз мына мерекеге келіп тұрмыз ғой.
Алдар Көсе: Қоян, мынау Қасқырға не болды?
Қоян: Не болғанын өзім де білмеймін. Әу баста қоңілді еді, күліп-ойнап жүрген.Сендерге арнап ән айтып бермек те болған. Ол осында жақындай бергенде, сүрініп қалып, жылап жіберді.
Алдар Көсе: Балалар, мына Қасқырдың көңілің көтеруге сендердің көмектерің керек. Көмектесесіңдер ме?
Бәрі: Иә... иә... көмектесеміз.
Алдар Көсе: Кәне, ортаға барлығымыз шығып ,көңілді ойын ойнайық!
3.Ойын\топқа бөлініп\
Қасқыр: Балалар, мен сендерге дайындап келген әнімді айтайын!
4. Ән+би.
\Қар ханшайымы айнаға қарап тұрады.\
\Залға Жалмауыз кемпір мен қарақшы Аяз Ата, Ақшақар болып киініп кіреді.\ Фон
Қар ханшайымы: Балалар, Аяз Ата мен Ақшақарды қарсы алайық! Сәлеметсіздер ме, Ата, Ақшақар!
Алдар Көсе: Мынау кім, Ақшақар ма? Осындай сойдиған тырнақтарымен,әрі тіптен жуылмаған...
Жалмауыз кемпір: Иә, Ақшақармын, Ақшақармын. Көрмей тұрмысын немене?
Алдар Көсе: Мұнда бір кілтипан бар. Сен Аяз Ата болсаң, сенің қызыл мұрнын қайда?
\Қарақшы мұрнын уқалайды.\
Қарақшы: Міне, қара, мұрным қызыл ма, қызыл.
Алдар Көсе: Ал егер сен Аяз Ата болғанда, сенің сақалың қайда?
Қарақшы: Сақал, қандай сақал? \Жалмауыз кемпір оның құлағына бірдеңе сыбырлайды.\ А-а-а, сақал ма? Қырып тастадым, сақал қою модадан шығып кеткен!
Қар ханшайым: Ал мынау неткен оғаш Ақшақар? Ол, менің есімде, Сұлу және жас болатын, ал мынау...
Жалмауыз кемпір: Иә, жас емеспін... Ал мен қалай жас болмақпын? Үш жүз жылдан бері бір демалмай Ақшақар болып Күні-түні балаларды көңілдендіремін! Тым болмаса біреу рақмет айтса ғой! Міне қазір өкпелеймін де, сендерден кетіп қаламын! Сонда ешқандай мейрам болмайды.
Қарақшы:Мен де балаларды көңілдендіре аламын. Балалар, Жаңажылдық мейрамда шырша жанып тұру керек па?
Бәрі: Иә...
Қарақшы:\қалтасынан сіріңкені алады\ Жағып жіберу керек болса, жағып жіберейік!
Алдар Көсе: Ей, сен не істегелі жатырсың?\Сіріңкені тартып алады\ Сен, немене , бізді өрт сөндірушілер мерекеден қуып шықсын деп тұрсың ба?
Қарақшы: Мені ренжіттіңдер! Менің мұрным, сақалым буларға ұнамай қалыпты! Ендеше, балаларды өздерің көңілдендіріңдер!
\Қарақшы мен Жалмауыз кемпір кетіп бара жатқандай түр көрсетеді\

\Алдар Көсе қатты сыбырмен Ханшайымға айтады.\
Алдар Көсе: Мен мұның нағыз Аяз Ата емес екенін бірден түсіндім!
Қар ханшайым: Ал нағыз өзі қайда?
Алдар Көсе: Менің ойымша, Жалмауыз кемпір мен Қарақшы жол бойында Аяз Атаға шабуыл жасап, тонын шешіп, Асатаяғы мен шанасын тартып алған. Міне енді ол ертегі-орман ішімен біздің мейрамымызға жаяу келе жатыр. Бірақ бұл ештеңе емес, пәле басқада. Оның тоны мен асатаяғы сиқырлы.
Қар ханшайым: Демек, тон мен асатаяқты тартып алу керек. Бірақ, қалай?
Алдар Көсе: Айламен алдап аламыз. Ал балалар бізге көмектеседі.
Атаның келгенін қалайсыңдар ғой? Естімей тұрмын!\Балалар айқайлайды.\
Біз қазір бәріміз Қарақшы мен Жалмауыз кемпірді аязға қатырамыз.
Бір топ бала суық желді бейнелейді-үреді.
Бір топ бала желден майысқан ағашқа айналады.
Бір топ бала жапалақ қар болады.
Бір топ бала ашулы қасқыр болады.
Кәне, келіңдер, репетиция жасайық. Тамаша!
Қар ханшайым: Ал содан кейін?
Алдар Көсе: Тс-с! Бұл құпия!\Қасақана ерке үнмен\ Аяз Ата! Ақшақар! Қайдасыңдар сендер? Ау!
Қарақшы мен Жалмауыз кемпір: Не керек саған?
Алдар Көсе: Иә, сендерді шақырсақ деп шештік.
Қар ханшайым: Сендерсіз бізде мейрам оңбайын деп тұр!
Жалмауыз кемпір: Міне мәселе қайда! Әйтпесе-кәрі деп! Өмірлік тәжірибе-үлкен шаруа. Алдымен ән саламыз ба, әлде би билейміз бе?
Қарақшы: Би билейік!
5.«............ биі»
Қарақшы: Би биледік, енді ойнауға да болады. Қандай ойын ойнаймыз?
Алдар Көсе : Мынандай бір ойын бар, «Аязбек» деп аталады.Онда аязға кім тоңбайтын болса, сол ұтады.
Қарақшы: Бұрын ешқашан естіген емеспін. Бірақ, жарайды, ойнайық!
6.Ойын
Алдар Көсе: Сонымен. Бірде қысқы орман ішінде қатты жел соқты.\Үреді\ Ағаштар майысып, шуылдады.\Шу\ Қар жауды.\Айналу\
Суық түсіп, тіпті ашулы қасқырлардың өзі аяздан ұлып қоя берді.\Ұлу\
\Жалмауыз кемпір мен Қарақшы осы сөздер кезінде тоңа бастайды.\
Жел қатты соға түсті...Ағаштар қаттырақ шуылдады...Қар қалың боп жауа берді...Қасқырлар мүлдем қатып қалды да, өте ызалы боп кетті...\
\Алдар өзіне ыстық болып тұрғанын бейнеледі.\
Қарақшы: Мен сені түсінбей тұрмын, Алдар Көсе.Сенің үстіңдегің тесік шапан, жел өтпейтін жері жоқ, ал саған ыстық? Ал менің үстімде мынандай тон бар, бірақ неге екенін, маған суық, бұл қалай?
Алдар Көсе: Өйткені менің шапаным сиқырлы, ал сенің тоның Аяз Атанікі.
Қарақшы: Кел, алмастырайық!
Алдар Көсе: Жоқ! Ештеңеге де!
Қарақшы: Ал мен саған асатаяғымды қосып берем, бәрібір ол маған керек емес!
Жалмауыз кемпір: Сен не, жындандың ба, немене?
\Қарақшы кемпірден қашып, тез тонын шешеді де, шапанды киеді.\
Алдар Көсе: Біз ұттық! Міне сендер енді қолға түстіңдер!
Жалмауыз кемпір: Ех, неге ғана мен сені сыбайлыстыққа алдым екен? Құрыды біздің сыйлықтарымыз!
Қарақшы:Құрыды...
Алдар Көсе: Ал енді АязАтаға орманнан адаспай шығуына жәрдемдесу ғана қалды. Келіңдер, балалар, бәріміз бірігіп оны шақырып алайық.
Бәрі: Аяз Ата!
\Залға Аяз Ата, Ақшақар, Ескі жыл, Қызыл телпек келеді.\ Фон

Аяз Ата: Амансың ба, ұлдарым,
Амансың ба, қыздарым?!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем билерің.
Аталарың сендерге,
Асау желмен алысып,
Шаршап келді алыстан.
Балаларым балғыным
Өмір гүлім шалғыным
Тілейтінім жыл бойы
Сендердің денсаулығын

Ақшақар: Амансыздар ма,қымбатты достар!
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.
Жылан жылы молшылықтың мәресі,
Береке, бірлік, молшылық әкелсін.

Аязата: Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!
Қуант, бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)

Балалар: Қуант, бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! (қолдарын шапалақтатады)
Шырша жарқырайды.
Ақшақар: Кәне, балалар, бәріміз «Шырша» әнін жақсылап айтып жіберейік, Аязатамызбен Ақшақарымызбен, Жаңа жыл бар, Клоун бәріміз.
2Хоровод: «Кәне достар тұрмайық..»

Ақшақар: Ән айтып, би билеген балаларға Аяз Атаның сыйлықтары бар. Ал, босқа тұрмайық, көрсетейік өнерімізді!
Аяз Ата: Жаңа жыл келгенше балалардың өнерін бірге тамашалайық. Солай ма балалар?\1-4 сыныптар\
Аяз Ата : Ескі жыл, сенің де қоштасар уақытын жетті. Рұқсат енді, Жаңа жыл да табалдырыққа келіп тұрған шығар. Жолың болсын!
\Ескі жыл кетеді \ Фон

2 Жүргізуші: Асыға күткен, Жаңа жыл,
Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл,
Жаңа заман, жаңа айлар,
Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!
Аяз Ата:Ау, балалар, біраз ойнап, көңілімізді көтердік, бірақ осы Жаңа жылымыз қайда? Неге шақырмаймыз?

Ақшақар: Балалар, барлығымыз қосылып, Жаңа жылды шақырайық.
Бәрі: Жаңа жыл!\3 рет\Жаңа жыл келеді\ фоногр

Аяз Ата: Амансың ба, Жаңа жыл!
Балалар, биылғы келген жыл- Жылан жылы. Ал, Жаңа жыл!
Келген қадамың құтты болсын!Сен әкелген жыл бақыт жылы болсын! Береке-бірлік, татулық, ырыс жылы болсын! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіңе аманат.Он екі ай бойы бағып-қақ. Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа жыл!

Ақшақар: Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа Жыл кешімізге
Жаңа табыс тілейік ісімізге
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін.
Мына отырған барша жан бәрімізге

1Жүргізуші: Ал, канеки, балалар,
Ән мен жырға қосайық.
Той-думанды жалғайық,
Жаңа жылда шыршамызды айналып,
Би билеп,ән шыркайық!

3.Хоровод «Жаңа жыл !»

Аязата,Ақшақар оқушыларға сыйлықтар таратады
Аяз Ата: Ал, балалар, біз Ақшақар екеуіміз тамаша демалдық. Ойнадық, ән айтып, би биледік. Біздің баратын жерлеріміз көп. Сендер сияқты талай бүлдіршіндер күтіп отыр. Біз аттанайық. Сау болыңдар, балалар.
\Аяз Ата, Ақшақар кетеді.\ Фон

Жаңа жыл: Жаңа жылда, балалар,
Тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан,
Жаңа жылда, балалар,
Тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық
Қастарыңда болмасын
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2013 жылы қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан.!

Дискотека
Категория: Классному руководителю | Добавил: shynar
Просмотров: 3623 | Загрузок: 271 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2025-01-11, 9:58 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru