Главная » Файлы » В помощь учителю » Классному руководителю |
2014-04-13, 6:26 PM | |
1-оқушы: Қазақстан – 2030 стратегиясы Қазақстан-2030 Стратегиясы 1997 жылы қазанда президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында қабылданды. Негізгі басым-бағыттары: - Ұлттық қауіпсіздік - Денсаулық - Білім беру саласы 2 –оқушы: «Қазақстан–2050» стратегиясы – Жасампаздықтың жаңа межесі 2013 жылдың 24 сәуір күні Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан хал¬қы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назар¬баевтың қатысуымен «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбында жолдау жарияланды. Маңызды мақсат-міндеттерді айқындады: • Мемлекеттілікті одан әрі дамыту және нығайту. • Экономикалық саясаттың жаңа қағидаттарына көшу. • Ұлттық экономиканың жетекші күші – кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету. • Жаңа әлеуметтік үлгіні қалыптастыру. • Білім беру мен денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы және тиімді жүйесін құру. • Мемлекеттік аппараттың жауапкершілігін, тиімділігі мен функционалдығын арттыру. • Халықаралық және қорғаныс саясатының жаңа сын-қатерлеріне парапар саясат құру. 3-оқушы: 2014 жылғы 17 қаңтар Қазақстан Республикасының Президентті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». Басым-бағыттар: 1. Инновациялық индустрияландыру трендін түзеу және күшейте түсу маңызды. 2. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру маңызды. 3. Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру. 4. Инфрақұрылымдық үштаған – агломерацияның, көліктің, энергетиканың қарқынды дамуын қамтамасыз ету керек. 5. шағын және орта бизнесті дамыту – ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы. 6. Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. 7. Мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру. Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. 4-оқушы: МЕН СҮЙЕМІН ЕЛІМДІ Бақыт нұры шалқыған гүл-өңінен, Кең өлкемді сүйемін жүрегіммен. Елге деген махаббат тыншымайды, Мұңая да біледі, күле білген. Өмір маған құшағын жайса дәйім, Жарқылдатып жүремін найзағайын. Майыспаймын қашан да елім үшін, Махамбеттер ұстаған найзадайын. Туған жердің мәңгілік жыр-әнін де, Жаттап өскем жасымнан, жүрегімде. Ақ арманым, Қуатым, Бар бақытым, Сен өзіңсің, Ұлы Отан, Тірегім де. Мен сүйемін жерімді, ер-елімді, Аямай-ақ, менен ал керегіңді, Бейбіт атқан әр таңда кезек күтіп, Түгендеумен келемін берерімді. Анық басып тірлікте әр ізімді, Адалдықпен өтесем қарызымды. Отан үшін, ел үшін ешқашанда, Ерінбеймін ақтаудан парызымды. Серпігенде бодандықтың тұманын, Жетті әлемге ұраным мен жыр-әнім. Өзің болдың көшбасшысы елімнің, Өзің болдың биік ұшқан қыраным. Ел тірегі- қайратым, Абыройым, айбатым! Отан даңқын асырдың, Көк туымды жайнатып. Бағымызға жүр аман, Нұр сәулетті, Нұр аға! Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген, Лебізіңнен ал арманы өрілген. Сенің арқаң- Қазақстан көркейіп, Достық әні шарықтайды төрімнен! ЖАН ДАЛА – ЖӘННАТ ДАЛА Өзіңсің , Қазақстан, ән, арманым да, Аяулым, алтын бесік, қара орманым да. Бір нәрсе жетпейді деу қате болар Өзіңдей ұлан байтақ далам барында. Гүл дала – Қазақстаным. Сен үшін бар сөздіктен сөз таңдайын көп, Сен барда басылмайды жез таңдайымда от. Мен сенен кете алмаспын, амалсыздан Бір кетсем, оралармын бозторғайың боп. Ән дала – Қазақстаным. Сен барда ғажап шебер, ғажап ұстамын, Түсінем өзендердің саз ағыстарын. Қалай ақын болмайын, мен түгілі Ұшады көгіңе жыр жаза құстарың. Қырандар қанатында даңқы кеткен, Дән дала – Қазақстаным. Сен менің шұғылаға толған даламсың, Жасампазым, сан асу жолдарды аларсың. Бабамның көздерінің қарашығы ең, Баламның бақытына да қорған боларсың. Жан дала – Қазақстаным. Керемет өріледі гүл өңірде өлең, Кезің қандай өрік пен шие гүлдеген. Жүрегіме сыйғызып бар бейнеңді, Қалсам деп ем өзіңнің жүрегіңде мен. Кең дала – Қазақстаным. Керегі жоқ даңқ дейтін маған сөренің, Жетер біраз есіңде қала алса өлеңім. Халқым маған сенеді әлсіз демей, Үйткені мен, туған жер, саған сенемін. Жасай бер , Қазақстаным. ҮШ БАҚЫТЫМ Ең бірінші бақытым – Халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін. Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын, Қымбатырақ алтыннан нарқым менің. Ал екінші бақытым – Тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей – кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім. Бақытым бар үшінші – Отан деген, Құдай деген кім десе, Отан дер ем! ... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба? Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен. Түтін түтет, Өс, өрбі, көгере бер, Немерелер көбейсін, шөберелер. Жадыңда ұста : Жақсылық күтпегейсің! От емес, оқ сұрасаң менен егер! Үш бірдей бақытым бар алақанда, (Мені мұндай бақытты жаратар ма?!) Үш күн нұрын төгеді аспанымнан, Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!! | |
Просмотров: 1291 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|