Главная » Файлы » В помощь учителю » Классному руководителю |
2014-06-13, 12:35 PM | |
Сабақты түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: жаңа бағдарламаны пайдалану, топтық жұмыс. Құрал жабдықтар : Қаныққан көмірсутектердің моделдері,интерактивті тақта. Сабақтың барысы : I.Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды тексеру, журнал толтыру. Сынып оқушыларын 4 топқа бөлу. Топты топ ережесіне назар аударту. Сабақ барысында топ ережесі сақталады. Сөйлейді және топ мүшелерін сөйлете біледі 1 2 3 4 Сұрақ қояды және топ мүшелерінің сұрақ қойып отыруына жауапты 2 3 4 1 Тапсырмалар орындайды және топ мүшелерінің орындауына жауапты 3 4 1 2 Есеп шығарады және топ мүшелерінің есеп шығаруына жауапты 4 1 2 3 Бағалайды 5 1 2 3 II.Үйге берілген тапсырманы тексеру. «Сен- маған, мен-саған» ойыны Топтар бір-біріне үй тапсырмасы бойынша сұрақ қояды. Ой қозғау сұрақтары. I-топқа: 1. Органикалық қосылыстарда көміртек , сутек , оттек атомдары қандай валентті көрсетеді? 2. Құрылымдық формуласында атомдар арасындағы байланыс қандай түрге жатады? II-топқа: 1. Органикалық қосылыстарға қандай заттар жатады? 2. Органикалық химияның негізгі заңы ? III-топқа: 1. Изомерлер деген не? 2. С5Н12 болатын көмірсутектердің неше изомері бар? IV-топқа сұрақ: 1. Көміртек атомдары өзара қалай жалғаса алады? 2. Метанның формуласы? III. Жаңа сабақ: Интерактивті тақтадан метан, этан молекуласының шарөзекті моделдері құрылып көрсетіледі. Метан жайында интерактивті тақтадан видио көрсетіліп, мәлімет беріледі. Оқушылар көргендерін қолмен жасап, құрастырады. "Маған айтып берсең- ұмытып қалармын Көрсетіп берсең - есте сақтармын, Өзіме жасатсаң -үйреніп алармын" Шығыс нақылы Зертханалық жұмыс арқылы оқушылар метанның қасиетімен танысып, кестені тәжірибелер барысында толтырады Тәжірибелер Нәтижесі IV.Бекіту: 2топ. Семантикалық карта . Атауы Молекулалық формуласы Құрылымдық формуласы Метан ............. ............. С2Н6 Пропан .............. ............ С4Н10 3топ . "Менің тұжырымым дұрыс па?" ойыны. 1. Қаныққан көмірсутектердегі көміртек арасындағы дара байланыс болады 2. Этан қанықпаған көмірсутектерге жатады 3. Қаныққан көмірсутектердің жалпы формуласы Сn Н2n+2 4.Қаныққан көмірсутектердің атауы -ан жұрнағымен аяқталып аталады 4топ. «Үшіншісі артық » Әр жолда қасиеті бойынша ұқсас 2 зат қасиеті ұқсамайтын 1 зат сызылып тасталады. СН4 , С2Н6 , С3Н9 метан ,этан , пропен С3Н8, С4Н8, С5Н12 этин, бутан, гексан С2Н 4 , С6 Н 14 , С7Н16 этан, пропан, бутен 1топ. Тест. 1. Метанның жану реакциясындағы коэфициенттер қосындысы А.6 Ә.7 Б. 8 В. 9 2. Этанның жану реакциясындағы коэфициенттер қосындысы А.18 Ә.19 Б. 20 В. 21 3. Пропанның жану реакциясындағы коэфициенттер қосындысы А.11 Ә.12 Б.13 В.14 4. Бутанның жану реакциясындағы коэфициенттер қосындысы А.30 Ә.31 Б.32 В.33 3. Есеп білсең, есең түгелденеді. Есеп шығару I-топқа: Метан молекуласы СН4 құрамындағы көміртектің , сутектің, массалық үлестерін есептеңдер (75; 25) II-топқа: Этан молекуласы С2 Н6 құрамындағы көміртектің , сутектің, массалық үлестерін есептеңдер (80; 20) III-топқа: Пропан молекуласы С3 Н8 құрамындағы көміртектің , сутектің, массалық үлестерін есептеңдер (81; 19) IV-топқа: Бутан молекуласы С4 Н10 құрамындағы көміртектің , сутектің, массалық үлестерін есептеңдер (82; 18) V.Қорытындылау. Синквейн құру. 1.Метан 2.түссіз, иіссіз 3.ериді, жанады, сумен әрекеттеседі 4.Метан қаныққан көмірсутектерге жатады. VI. Бағалау. Әр топтағы жауапты оқушылар сөйлеп, бағалайды Үйге: §44-45. (8-13) | |
Просмотров: 1675 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|