Главная » Файлы » В помощь учителю » Классному руководителю |
2014-10-28, 7:02 AM | |
«Ұстаз - мәңгілік, жанымда қалар жаңғырып» 11 – сыныптың орындауында ФЛЭШ-МОБ Выход (Орташа екпінде музыка ойналып тұрады.Сол кезде Ержан және Элиза сахнаға шығады) 1 – жүргізуші: Армысыздар Аяулы ұстаздар! Ұстаз деген – жарық күні ғаламның, Ұстаз деген – анасы ол адамның. 2 - жүргізуші: Бүкіл әлем мойындайды еңбегін, Сен де одан адам болып жаралдың «Ұстаз мәңгілік, жанымда қалар жаңғырып» атты мерекелік ойын – сауық кешіне қош келдіңіздер! Ән : « Аяулы мектебім »АИДА АҚБОТА ( Осы кезде слайд шоу көрсетіліп тұрады) 1 – жүргізуші: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған, Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған. 2 –жүргізуші: Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар, Өздеріңнен бастау алар бар арман. 1 – жүргізуші: Олай болса, қадірлі ұстаздар! Бірге : Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. 2– жүргізуші: Ал енді ұстаздар сіздермен «Мұз айдынына» аттанайық. Музыка Мариям: Ойын «Мұз айдыны» 1 – жүргізуші: Элиза,сен қалай ойлайсың? Менің ойымша кез – келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер, тағылымы терең өнер. 2 – жүргізуші: Ержан,өнерлі болу кез – келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. ЧАСТУШКИ. Нұргелді Жапарұлы (Баян ) (Оқушылар ортаға шығады ) Ән шашу : «Мектепке сағыныш» Мұсатаев Нұрсұлтан Элиза . «ЛОТОРЕЯ» ойыны. (Әр мұғалім аталған номер бойынша ортаға шығып отырады.) 1 – жүргізуші: Элиза, екеуіміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше,қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арнаған өлең шумақтарына кезек берелік.Ортаға мектеп табалдырығын биыл алғаш рет аттаған талабы биік 1 – сынып оқушыларын қошеметпен шақырайық. Әдеби – монтаж 1 –ші сынып оқушылары 2-Жүргізуші: Ержан Қиындықта кезіксең көп асуда, Қанша терің төгіліп жол ашуға. 1 – жүргізуші: Элиза Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек, Сен Өмірдің ұстазы боласың да! - Дей келе, құрметті ұстаздар лотореяойынын одан әрі жалғастырайық. 1– жүргізуші: Ұстаз – шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ендеше ортаға әр үстелден бірнеше ұстаздан шақырайық . Жансая «Сипап тап» ойынын ойнайық. Рахмет! Қошемет құрметті ұстаздар, қошемет! Би «Испанияға саяхат» орындайтын:10 «а» сынып оқушылары: ҚазезтайАлиза, Мажит Алтынай 1 – жүргізуші: Элиза, гүлсіз болса жер мұңды, Күлкісіз болса - ел мұңды. Күлкі ашылған гүл, Көңіл - шашылған нұр. 2-Жүргізуші: Ия, дұрыс айтасың.Ержан. Күлкі адамдарды жасартады. Күлкі жақсы көңіл-күй сыйлап, депрессиядан құтқарады. Ендеше ортаға Көңілді тапқырлар клубының әзілқойларын шақырайық! (Шара Жатайқызы, Гүльнар Амангелдіқызы, Әскер Қазизұлы, Өнер Адалбек, Кенжеғали Науқанбайұлы, Гүлнар Ұзаққызы) КВН Гүлдана Жұмабекқызы Ән « Мы желаем счастья вам» орындайтын :Элиза , Айдана , Жанат 1 – жүргізуші: Элиза, осы біздің мұғалімдер шәкірттерден емтихан алғанды жақсы көреді. Ендеше,біз де осы сәтті пайдаланып ұстаздарымызды сынап көрсек қайтеді? 2 – жүргізуші: Ержан,сен сонда ұстаздарымызбен орнымызды ауыстырып көрсек қайтеді дегің кеп тұр ма? 1 – жүргізуші: Ия,ия, тура солай, бүгін ұстаздар оқушы болсын, біз мұғалім болып емтихан алып көрейік. 2 –жүргізуші: Ендеше тыныштық сақтаңыздар! 1 –жүргізуші: Биылғы оқу жылында біздің мектебімізге 6 жас маман келіп қосылды.Атап айтсақ: 1.Қасымов Кенжеғали Науқанбайұлы – химия пәнінің мұғалімі. 2.Досымбекова Гүлмира Амангелдіқызы – аға тәлімгер, химия пәнінің мұғалімі. 3.Тасығожина Баян Болатқызы – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 4.Ажибаева Ақбота Қайсарбекқызы – тарих пәнінің мұғалімі. 5.Аманбаев Аслан Қанатұлы – физика, математика пәндерінің мұғалімі. Және сынып жетекшіміздің орынбасары, психолог Бектурганова Гульдана Жұмабекқызы. Осы аттары аталған мұғалімдерді ортаға шақырайық. Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз. Сұрақтар: 1) Жағажайда 3 құрбақа отыр, оның біреуі суға түсем деп шешті, қанша құрбақа қалды? 2) Сіз кішкентай жасыл адамды көргенде не істейсіз? 3) Абай қашан дүниеге келді? 4) Абай «Бақытсыз Жамалды» қай жылы жазды? 5) 1м неше мм? 6) Нені дайындауға болады, ал жеуге болмайды? 7) Англия мен Франция арасындағы жүзжылдық соғыс неше жылға созылды? 8) Семей, Орынбор, Шымкент, Қызылорда. Қай қала Қазақстанның астанасы болған жоқ. 9) Неліктен Лермонтов Пушкинді өлтірді? 10) Мектеп директорының туған күні қашан? 11) Сіздің жолдасыңыздың жұбайының толық аты – жөні. 12) М.Ғабдуллин қай жылдары өмір сүрді? 2-тапсырма : Мектеп директорына ант тапсыру және қабылдау рәсімін тапсыру (Орындықта мектеп диреторы отырады. Жас мамандар ант тапсырған соң ,мектепке қабылданды деген қағазды ұсынады.) Жұлдыз «Шаштараз» ойыны 2 – жүргізуші: «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз. Ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын,өнеге үйретіп,тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам. 1– жүргізуші: Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін, Ұстаздың алып жүрген атын еркін Біз сізге өлеңнен еріп ұсынамыз Жүректің алғысы мен рақметін! 2 – жүргізуші: Міне кезек тағы да бір ойынға келіп жетті,әр столдан 2 мұғалімнен ортаға шақырамыз. Жұлдыз «Алма жеу» ойын «Шығыс биі » орындайтын: Асылбек Ақжан Ержанның құттықтау рәсімі Әсем әуен ойналады (биден кейін музыка әуенімен ортаға торт кіргізіледі.Ержан Эльмира Майданқызына табыстайды) 1 – жүргізуші: Сахна төріне Эльмира Майданқызын шақырамыз. 2-жүргізуші: Ия, ия қанша есейіп кетсек те біз сіздер үшін бала есемпіз бе, аяулы ұстаздар. Ендеше сол шәкірттеріңізбен бірге Вальс биін билеуге ортаға шақырамыз! (оқушылар мұғалімдерді ортаға биге шақырады) Вальс Бірге : Мерекелеріңіз мерекеге ұлассын, бастарыңызға бақыт, дендеріңізге саулық тілейміз! Фейерверк атылады. | |
Просмотров: 1207 | Загрузок: 0 | Комментарии: 3 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|