Главная » Файлы » В помощь учителю » Классному руководителю |
[ Скачать с сервера (1.14 Mb) ] | 2014-12-19, 2:37 PM |
Курчатов қаласы №3 орта мектебінің тәрбиешісі Смағұлова Гүлжанат Смақанқызы Оқу іс – әрекеті Көркем әдебиет Ашық сабақ тақырыбы «Ертегі әлеміне қонаққа барайық» Мақсаты: Балалардың бойында ертегілер туралы түсініктерін кеңейту, кейіпкерлердің айқын бейнесін көрсете білуге үйрету, балалардың ойлау қабілеттерін, қимылдарын дамыту, ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру. Көрнекілік: Ертегі кейіпкерлері, ойыншықтар . Іс – әрекет кезеңі. Тәрбиешінің іс – әрекеті Баланың іс – әрекеті Ұйымдастыру Музыка ойнап тұрады. «Ертегілер, ертегілер». Тәрбиеші: - Балалар, көк аспанда біз нені көріп тұрмыз? - Күнді. - Дұрыс. - Онда біз күн мен жермен амандасайық . (бәрі бірге) Армысың асыл күн! Армысы жер ана! Армысың достарым Жылуыма жылу қос, Міне менің қолдарым. - Балалар, мына сиқырлы ұшатын кілемге мінейікші. - Біз қайда келдік? - Ертегілер еліне. - Балалар, жан – жақтарыңа қараңдаршы, сендер нелерді көріп тұрсыңдар? - Аюды, қасқырды, күшікті, мысық пен тышқанды. - Дұрыс. Енді ертегілер елін аралайықшы. (Кейіпкерлерді көрсету.) - Балалар, ертегілер еліне қош келдіңдер! - Ертегілер еліне не үшін келдік? (Бала жауап береді) Ертегілерді жақсы көретін болғандықтан, біз ертегілер еліне саяхатқа келдік. - Жарайсыңдар, ендеше мен сендерді сынап көрейін. (Балаларды отырғызу) Қандай ертегіні білетіндеріңді анықтайын. - Балалар, баяғы заманда шал мен кемпір өмір сүріпті. Шал көмекке кемпірін, қызын, итін, мысығын, тышқанды шақырыпты. Бұл қандай ертегі? - «Шалқан» ертегісі. - Дұрыс айтасыңдар. Ол орманда саңырауқұлақ теріп келем деп адасып кетеді, содан бір ағаш үйге кездеседі. Үйге кіріп қараса, ешкім жоқ, үстел үстінде үш тостаған, үш қасық, үстелдің қасында үш орындық тұр екен. - Бұл қандай ертегі? - «Үш аю» ертегісі. - Дұрыс. Сендер білімді, зейінді балалар екенсіңдер. Енді мен бір ертегіден өлең айтып жасырайын. Лақтарым, шұнақтарым, есікті аш анаң келді, сендерге тамақ әкелді. - «Жеті лақ » ертегісі. Тәрбиеші: Балалар, сендер білетіндей ертегілер елінде сиқыршыларда көп болады , сол сиқыршылардың бір сиқырын сендерге көрсетейін. - Балалар сендер түстерді қалай ажыратады екенсіңдер сынап көрейін. (Балалар тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап береді). - Дұрыс, балалар өте жақсы сендерге ризамын. Тәрбиеші: Енді біз қонақтарға « Шалқан » ертегісін сахналап берейік. («Шалқан» ертегісін сахналау.) - Жарайсыңдар балалар, сендер шынымен – ақ өте өнерлі балалар екенсіңдер. Өркендерің өссін! (балаларды орыныдықтарына отырғызу) ҚОРЫТЫНДЫ - Енді өз елімізге оралып, сабағымызды қорытындылайық. - Сонымен балалар, ертегі әлемі сендерге ұнады ма? - Ертегі әлемінде кімді көрдіңдер? - Өте жақсы, осымен сабағымыз аяқталды. Көп рахмет сендерге! | |
Просмотров: 1254 | Загрузок: 28 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|