Тақырыбы: «Тарихты тарту еткен Тәуелсіздік!»
Мақсаты: оқушылардың туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
1-Жүргізуші: Армысыздар құрметті жиналған қауым! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік 23 жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған «Тарихты тарту еткен Тәуелсіздік!» атты салтанатты жиынға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:Аңсаған күнге қол жетіп, ақ түйенің қарны жарылған аса айтулы қуанышымыз құтты болсын. Салтанатты мерекемізді ашық деп жариялаймыз.
1-жүргізуші:Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізілсін.
Гимн ойналады.
2 -жүргізуші:1986ж 16-17 желтоқсан күндері болған желтоқсан оқиғасына, онда бейбіт ереуілге шыққан, сонымен тарихта аты қалған желтоқсан көтерілісіне қатысушыларға, онда қаза болғандардың рухына арналады.
Желтоқсанда шәйт болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық.
Желтоқсан құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынады.
„Желтоқсан” өлеңін оқиды
1-оқушы
Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып
2-оқушы
Қанды қырғын-қалған іс,
Бейне теңіз сең соққан.
Жарқылдайды ар-намыс,
Алматы. Аяз. Желтоқсан.
3-оқушы
Дүрсілдейді жүректер,
Сесі күшті күшті қарудың.
Жүзіне мұң түнетті,
Үлбіреген арудың.
4-оқушы
Арманы алда, сенім көп,
Оранды отқа үміттер.
Мұрты жаңа тебіңдеп,
Келе жатты жігіттер.
5-оқушы
Жасамай ездік босқа айбат,
Намысымен от шайнап.
Халық үшін бас байлап
Жанып та кетті жас Қайрат.
6-оқушы
Қанды қырғын от өрген,
Жарқылдады ақыл-ой.
Бәрін соның көтерген,
Біздің халық батыр ғой!
Хор „Қара бауыр қасқалдақ“
1-жүргізуші:( Сұрақ қою) Сіз білесіз бе, Желтоқсан оқиғасының шығуының себебі неде ?
2-жүргізуші:Иә, 1986ж 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің пленумы болды, онда Д.Қонаевты Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшылығынан босатып, орнына Колбинді сайлады.Колбин Қазақстанда тұрмайды, онда қызмет етпеген. Міне, осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде наразылық білдіріп алаңға шықты. Жастар шеруі желтоқсан айының 17-18 күндері болды. Бұл оқиға сол себепті де тарихта желтоқсан оқиғасы деген атпен қалды.
Көрініс:
1-жүргізуші: Сол бір суығы ерте түскен қыс кездерінде, тоқырау тажалының ызғарында аяусыз тапталған ар-намыстың ышқынған дауысы құлағымызда әлі де шыңылдап тұрғандай.
(Алаңда жастар бейбіт, жайбарақат, қолдарында «Каждомународу-своеговождя», «Қазақ ежелден еркіндік аңсаған» деген транспоранттары бар. «Қазақстан жаса» деген дауыстар естіледі.)
Жастар:: Қонаевты шақырыңдар! Ақиқатын айтып, түсіндірсін барлық жайды!
Жастар : Қазақстаннан адам табылмады ма? Қазақстанға басқа жерден басшы әкелгені несі?
Прокурор: Жастар! Уа, жастар! Мен Республика прокурорымын. Тарқаңдар! Жатақханаларыңа қайтыңдар! Ұят болады! Мен сендерге күш қолданам! Үйге қайтыңдар!
Әскери адам:Первая рота! Слушай мою команду! Производится операция «Құйын». Немедленноразогнатьэкстремистов и хулиганов!
(Осы кезде залға сыртынан қаруланған әскери адамдар баса- көктеп кіріп, алаңдағы жастарды ұрып-соға бастайды. Шеруді қуғындау басталады).
(Сахнада Қайрат пен жеңгесі дастархан басында отырады. Үйге миллиционер жігіт кіреді.)
Миллиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты тұтқындауға келдік. Прокурордың санкциясы бар. Міне!
Жеңгесі: Қайрат , бері кел!
Миллиция: Тез жинал, бізбен бірге кетесің.
Жеңгесі: Ойбай-ау, бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар? Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз.
Миллиция: Жеңеше, сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты. Анық-қанығын тексерген соң қайтарамыз.
(Қайратты миллиция алып етеді)
Інісі: Апа, апа, Қайрат көкемнен хат келді.
Анасы: Рас па? Құлынымның хаты ма? Әкелші, өзін көрмесем де, хатын оқып мауқымды басайын.
Қайраттың хаты: Амансыздар ма, анам, туған-туыстарым! Менің нақақтан абақтыда отырғаныма сіздер сенеді деп ойлаймын. Жасақшыны ұрды, өлтірді деген жалаға сене көрмеңіздер. Алаңда, жатақхана жанында ұсқыны суық жасақшылардың жиналған қазақ жастарын ұрып-соғып, бейкүнә қыздарды шашынан сүйреп, қорлағандарын көріп шыдамадым. «Еруліге қарулы» деп мен де топ ішіне кіріп, көмектесуге ұмтылдым. Алаңға барғанымыз-азаттық іздегеніміз. Біз ұлтшылдықтың емес, «ұлтжандылықтың» үлгісін көрсеттік. Аман болыңдар!
Анасы: Ұлым менің! Сен әлі 21-де ғанасың. Аман болсаң, бір жерден шығатын алмастай өткір жігіт боларсың деп үміт күтеді анашың.....
(Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып,өлеңін оқып отырады. Содан кейін қатты шаршап, былай дейді)
«-Уһ, әбден шаршадым-ау, жүйке тамырым жұқарды ғой! Қайран бостандық!!!
Жалалы боп, қатты батты жаныма,
Жазалаушы қағаз алдым қолыма.
Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек,
Жазған екен маңдайыма сорыма.
Біріншіден, мен сағындым анамды,
Екіншіден, бұл құдайға не қылдым?
Бостандықта еркін жүрген жан едім,
Енді, міне, абақтыға жабылдым.
Кезекші: Заключенный Рыскулбеков на допрос.
Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков, сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?
Қайрат: Егер ол көшеге бармасам оларды қайдан көремін?
Тергеуші: Савицкийді сен өлтірдің бе?
Қайрат: Жоқ, өлтірген жоқпын?
Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.
Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір, бұл өтірік жала.
Тергеуші: Ах, ты, декабрист несчастный. Я тебе покажу өтірікті! Жала
дейді еще! Ей, Рыскулбеков, сен, «Савицкийді өлтірдім» деп
мойныңа ала сал, сонда сенің жазаң жеңілденеді. Егер,сен
Савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң, әкеңе тиіспейміз.
Әйтпесе әкеңді де…
Қайрат: Жолдас тергеуші, бұл жала ғой! Өлтірмеген адамды өлтірдім деп қалай мойындаймын, адам түгіл тышқанды да өлтіріп көрген емеспін.
Тергеуші: Заключенный Рыскулбеков, сен ақымақ болма,
«Савецкийді өлтірдім» деп мойында. Бұл – бір. Сен әкеңнен 4 мың сом алып, мына менің алақаныма сал, бұл – екі. Түсіндің бе, мақұлық?
Қайрат:
Жолдас тергеуші! Айылда әзер күнін көріп отырған ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және не үшін ақша төлеуім керек?
Не үшін? Ешқандай қылмысым жоқ.
Сот залы
Тергеуші: Ақымақ! Әкетіңдер, көзін құртыңдар! Орындарыңыздан тұрыңыздар соткеле жатыр!
Үкім: Қазақ КСР Жоғарғы сотының сот мәжілісі залындағы ашық сот отырысында 1987 жылдың 25 мамырынан 16 маусымына дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтің айыптау ісін қарай келіп, Қазақ КСР Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 287, 299 және 301 баптарына сәйкес сот алқасы Үкім етеді. Қайрат Рысқұлбеков кінәлі деп танылып мынадай қылмыстық жазаға тартылсын: «Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 60 бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан, 65 бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыруға, Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 173-1 бабы бойынша ең жағарғы өлім жазасына, атуға кесілсін»
Анасы: Шырақтарым кешіріңдер! Ол әлі жас қой! Кешіріңдер, балаларым! Сендердің де балаларың бар шығар? Мен-анамын, ақ жаулығымды сыйлаңдаршы? Оның атынан кешірім сұраймын, кешіріңдер! (Жылайды)
Қайрат: Көтер ана, көтер ана басыңды
Өтті, кетті жауынды күн жасынды
Қазақпыз ғой мың өліп, мың тірілген,
Мына иттерге көрсетпе көз жасыңды!
Тергеуші: Ақтық сөзің бар ма?
Қайрат: Бар
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде басым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең, алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты-құрбандық»,
Атам десең, атыңдар!
Бейне ролик «Желтоқсан желі»
1-жүргізуші:Жазаға тартылған 99-дың 76-сы ерлер де, ал қалған 23-і қыз-келіншектер болған. Осы ел намысын қорғап, ел болашағын ойлап, ерлігімен көзге түскен 23-тің атынан Ләззат туралы айтқым келеді. Чайковский атындағы училищенің студенті-Ләззат танкімен тапталып өлтірілген. Оған көптеген ақын жазушылар жыр арнады. Желтоқсан оқиғасы туралы режиссер Қалдыбай Әсенов түсірген ”Аллажар” фильмінің басты кейіпкері де – Ләззат.
2-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы біткен соң әділдік орнады ма?
1-жүргізуші:Қыршын кеткен жастардың күткені-әділдік еді.Ол үміттері ақталмады. Бірақ сондай жаза қолданатындай олардың бұзықтық жасамағандығы бірнеше жылдардан кейін анықталды.Желтоқсан жаңғырығы алысқа жетті.1989 жылы 6-шілдеде Қазақ ССР жоғары кеңесі Президиумының Комиссиясы құрылды. Мүшесіне 12 адам кірді. Комиссия қыруар іс жүргізді. 25 томнан тұратын 2 мыңдай құжат тексерілді. Ақыр аяғында желтоқсан оқиғасы ақталды. Қазақстан өз тәуелсіздігіне ұзақ та, қиын-қыстау күрес жолдарынан өту арқылы қол жеткізді. Осы күресте 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының алатын орыны ерекше. Ол қазақтың қаншалықты қажыр-қайратты, төзімділігі бар екенін көрсетті.
Ән: „Қазақстан“
Әдеби монтаж
(Слайд «Тәуелсіздік шежіресі» жүріп тұрады)
1-оқушы:
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
2-оқушы:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
3-оқушы:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі
4-оқушы:
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
5-оқушы:
Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
6-оқушы:
Ағалардың алып берген биігін
Абыроймен асқақ ұстан жастарың.
Қазақстан деген алып мемлекет
Қарыштап тек алға қадам басқаның.
Атағыңа ғашық болсын жер жаһан,
Азат елім, ашық болсын аспаның!
7-оқушы:
Ұраның да жасасын! Құраның да жасасын!
Қасиет кие дарыған, ұланың да жасасын!
Қанатынанқайрылып, қыларқаннанмайрылып,
Қонақтәуелсіздіктен, қалакөрмеайрылып.
8-оқушы:
Енді міне біз тәуелсіз ел болдық
Басқалармен терезесі тең болдық
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай
Отан үшін болуға да құрбандық
Хор «Нұр аға»
«Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына қабылдау рәсімі
2- жүргізуші:Құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Халелова Эльмира Майданқызына береміз.
3- жүргізуші: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы шығарылсын.
|