Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Классному руководителю

Адамгершілік -асыл қасиет
[ Скачать с сервера (35.5 Kb) ] 2015-04-20, 9:56 PM
Тақырыбы: Адамгершілік – асыл қасиет
Мақсаты: Оқушыларға адам бойындағы асыл қасиеттерді таныта отырып, адамгершілікке, әдептілікке, қарапайымдылыққа, инабаттылыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу. Оқушылардың бір-біріне деген сыйластық қасиеттерін арттыру, адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге үйрету.
Әдісі: топпен жұмыс, әңгімелесу, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: плакатқа жазылған нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, сұрақ белгісі түрінде қиылған фигураларға жазылған сұрақтар, «Жағымды әдеттер» және «Жағымсыз әдеттер» екеуі жеке плакаттың басына жазылған, маркер, үлестірме карталар, магнитофон.
Кіріспе:
Барысы: (Ұйымдастыру) Тәрбие сағатының тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
Мұғалім: -Құрметті оқушылар! Бүгінгі «Адамгершілік – асыл қасиет» атты тәрбие сағатымыз сіздерге терең ой салатын өзіндік салмағы бар тақырып деп ойлаймын. Барлығыңызды тақырып бойынша ашық әңгімеге шақырамын. (Алдын-ала дайындалған сұрақ белгісі түрінде қиылған фигураларға жазылған сұрақтарды бір-бірден тақтаға жапсыра отырып, сұрақ-жауап әдісімен оқушыларды сөйлету).
- Адамгершілік дегенімізді қалай түсінесіңдер?
- Адамның адамгершілік қасиеті қай кездерде көрініс береді?
- Ол қасиет бізге керек пе?
- Әдепті адам қандай болады?
- Әдепсіз адам қандай болады?
- Адалдық дегеніміз не?
- Әдет дегеніміз не?
- «Ауру қалса да әдет қалмайды»,-дегенді қалай түсінесің?
Негізгі бөлім:
1. Сахналық көрініс:
Бір ана жұқа қалтаға толтырып салынған алмасы бар, аялдамаға жақындай бере сүрініп кетіп, қалтасы жыртылып алмасы шашылып қалады. Аялдамада тұрған топ бала шу етіп күліп жібереді.
Оқушыларға сұрақ қойылады: Сендер сол балалардың ішінде болсаңдар не істер едіңдер? (оқушылар өз ойын айтады, мұғалім қорытындылайды)
2. Көрініс:
Үш ана басы қосылып әңгімелесіп тұрады.
Бірінші ана: «Менің балам өте ақылды, әнші, өнерлі, математикадан нашар болғанымен болашақта керемет бір танымал кісі болатынына сенемін»,- дейді баласын мақтап.
Екінші ана: «Менің балам әдемі, таза киінгенді ұнатады. Ақшаның да есебін жақсы біледі. Шамасы болашақта балам үлкен бизнесмен болады-ау»,-деп мақтанады.
Үшінші ана: үндемей тұрып қалады.
Сол кезде үш ана қарияның жолдан өтуге көмектесіп, қолтығынан демеп, сөмкесін көтерісіп келе жатқан баланы көреді. Бұл үндемей қалған үшінші ананың баласы еді. Қария балаға алғысын жаудырып кете берді.
Үш бала аналарына жақындады. Алғашқы екі ананың балалары аналарынан балмұздаққа ақша сұрай келді. Ал, үшінші бала анасына бүгінгі сабақтан «бестік» баға алғанын айта келеді.
Сұрақ: Қай баладан болашақта не күтуге болады? (оқушыларды сөйлете отырып, сұраққа жауап алу)
Мұғалім көріністі мақалмен қорытындылайды:
«Жақсы маман болу міндет емес,
Жақсы адам болу борыш».
3. Оқушылар екі топқа бөлініп, адамгершілік туралы айтылған өлең жолдарын талқылайды.
Мұғалім: Ұлы Абайдың «Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол;
Адам болам десеңіз»,-деген өлең жолдарын қалай түсінуге болады? Ол қандай қасиеттер?
1 топқа сұрақ: Неден жирену керек? (Оқушылар өлеңді жалғастыру арқылы жауабын айтады) «Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ». Абай
2 топқа сұрақ: Неге үйрену керек? (Оқушылар өлеңді жалғастыру арқылы жауабын айтады)
«Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым»
4. С.Сейфуллиннің өлеңін талдау.

«Шырқ айналар шіркін тауық,
Жемің болса қолыңда
Қайдағысы сені тауып,
Топырлайды жолыңда.
Досыңмын деп ант береді
Жем іздеген жанама.
Жем таусылса жалт береді,
Сенерлік дос санама.
Нағыз достар бірақ қалып,
Шындай берік сүйіскен.
Бір-біріне сыр ақтарып,
Сыр түйінін түйіскен.
Әр адамның ішкі сыры-
Берік қойма сақталған.
Сол қойманың бір түкпірін
Достың досы ақтарған.»

5. Әр оқушыға үлестірме карталар таратып, «өз бойыңда қандай жақсы қасиеттер бар?»,-деген сұраққа жауап алып, әрбір оқушының жауабымен танысып, жақсы қасиеттері айтылады, дұрыс жауаптар марапатталады.
6. Топпен жұмыс:
Бірінші топқа «Жағымды әдеттер» деген сөз жазылған плакат беріледі.
Екінші топқа: «Жағымсыз әдеттер» деген сөз жазылған плакат беріледі.
Әр топқа 2 минуттан сұраққа жауап жазуға, 1 минут қорғауға уақыт беріледі. Маркермен плакаттағы сұрақтар бойынша жағымды, жағымсыз әдеттерді тізіп жазады. Әр топ ортаға шығып, плакаттарын қорғайды, тақырыпты өздері қорытындылайды. (ой талқы)
Қорытынды:
Оқушы: Құрметті достар! Әрқайсымыздың адамгершілік қасиетіміз бен рухымыз биік болсын дей отырып, бүгінгі тәрбие сағатымызды адамгершілік туралы, жағымды, жағымсыз әдеттер туралы мақал-мәтелдермен аяқтаймыз: (Плакаттарға жазылып ілінген мақал-мәтелдерді, нақыл сөзднрді оқу, оның мазмұнын айту)
1. «Көңіл аудар даналардың сөзіне,
Адал жанды өнеге тұт өзіңе».
(Ж.Баласағұн)
2. «Жақсы бала ата-ана басын төрге сүйрер,
Жаман бала ата-ана басын көрге сүйрер»
Категория: Классному руководителю | Добавил: asem_0311
Просмотров: 1554 | Загрузок: 19 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-12-24, 5:45 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru