Наша библиотека
«Ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу – парызымыз»
| 2015-06-08, 7:26 PM |
Конырова Еркежан Манарбековна, биология пәнінің мұғалімі, Семей қаласы, «№ 25 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ «Ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу – парызымыз» Ұрпақты ата – салтымызбен ұлтжанды етіп тәрбиелеу ұстаздар қауымына үлкен талап қоюда. Себебі бала мектеп табалдырығынан көрсем – білсем деген алып – ұшпа құмарлық сезіммен келеді. Осы сәтті ұтымды пайдаланып, білімді ұлттық тәрбиемен ұштастыра білген мұғалім ғана жемісті жетістіктерге қол жеткізеді. Жас ұрпақты халқымыздың әдет – ғұрып, салт – санасымен сусындату ел ертеңін ойлайтын саналы азамат қалыптасуының бірден – бір кепілі Өз пәніне деген қызығушылықты ұстаз тек жеке басының өнегесімен ғана іске асыра алады. Тәрбие жұмыстары бойынша интербелсенді әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеті жоғары жан – жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру арқылы оқушылардың шығармашылығын арттырып өз бетімен іздене білуге сабақта алған білімдерін, өмірде қолдана алуға үйретуге болады. Әр оқушыда ашылмаған шығармашылық қабілеттер бар. Сынып жетекшінің міндеті үйірме жұмыстары, сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушы бойындағы дарынды анықтап, таныта білу. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін тек қызықты тапсырмаларды орындау барысында ғана анықтауға болады. Ата-аналардың мінез-құлқы-бала тәрбиесіндегі басты фактор. Әсіресе отбасындағы дау-жанжалдың зияны көп: одан балалар үлкендерден гөрі көбірек залал шегеді. Жеке бастың үлгісі –түсіндірудің ең жақсы жолы. Егер әкесі темекі шегетін болса, өсіп келе жатқан балаға темекі тартуға тыйым салу қиын. Егер анасы салақ әрі талғамыз киінетін болса, қыз баланың тап-тйнақтай болып өсуі күмәнді. Бұл туралы Лев Толстой былай деп жазған: «біз өзімізді емес, балаларды тәрбиелейтін болсақ, тәрбие күрделі әрі қиын болып қала береді... Егерде өзгелерді өзің арқылы тәрбиелеу керектігін түсінсең, тәрбиелеу жайлы мәсележойылып, өзің қалай өмір сүруің керек деген сұрақ қана қалады. Егер әке, шеше тамақтану, киінуде қарапайымдылықты сақтап, жұмыс істеп, білімін жетілдіретін болса, балалар да соны жасайды... Тәрбие деген өзің жақсы өмір сүру, яғни жақсы жүріп-тұруға ғана келіп тіреледі, адам тек осынысымен ғана өзгелерге әсер ете алады, өзгелерде, өздеріне қарап өсетін балаларды тәрбиелейді.»
|
Категория: Классному руководителю | Добавил: Айко1962
|
Просмотров: 1085 | Загрузок: 0
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[
Регистрация |
Вход ]