Главная » Файлы » В помощь учителю » Классному руководителю |
[ Скачать с сервера (37.5 Kb) ] | 2016-02-01, 5:56 PM |
Кантарбаева Жаркын Сералиевна Ақмола облысы Жарқайың ауданы Шойындыкөл негізгі мектебі Менің Отаным және тәуелдік жалғау Ашық сабақ 5 сынып Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сөйлемде тәуелдік жалғауды сауатты және дұрыс қолдана білу, үш жақта тәуелдей білу. Оқушыларды тестік материал жұмысының дағдысын қалыптастыру, мақал – мәтелдердің мағыналарын анықтау. Дамытушылық: ой-өрісін дамыту, тілін дамыту, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелік: халқын, ұлттық салт- дәстүрлерін құрметтеп, еліне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы,кесте, кәртішкелер, сурет, үнтаспа. Сабақтың әдіс- тәсілдері: пікір алмасу, сұрақ- жауап, іздену, диалог. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. 2. Өткен модульді қайталау. Алматы қаласын сурет бойынша әңгімелеп беру. 3. Жаңа сабақ. А) Сабақтың тақырыбын айтып, мақсатын жеткізу. Ә) Балалар үнтаспадан «Отан» өлеңін тыңдайды. Отан – сенің ата- анаң, Отан – досың, бауырың. Отан - өлкең, астанаң, Отан – аудан, ауылың. Отан – тарих, Отан – тіл, Жасаған елің, ер халқың. Отан - өлең, Отан – жыр, Көтерген көкке ел даңқын. Отан осы достарым, Көңілге мұны түйе біл. «Отан» деп өс, жас қауым, Оны ардақтап сүйе біл! Балалар, осы «Отан» деген сөзді сендер қалай түсінесіңдер? (оқушылар жауабы) Отан деген сөз қай септікте тұр. Ал, егер менің Отаным деп айтатын болсақ, Отаным сөзіне қандай жалғауы алғанып тұр? Бұл тәуелдік жалғауы. Олай болса біз қазір жаңа грамматикалық тақырып өтеміз. (кесте арқылы тәуелдік жалғауын түсіндіру) Кәртішкемен жұмыс. Берілген сөздерді тәуелдеңдер аға, әке, мектеп, дәптер, үй, қалам, дос. Кітаппен жұмыс. 2 - тапсырма . Мәтінді түсініп оқып, тәуелдік жалғаулы сөздерді көшіріп, аудару. Жаңа сөздер: Қуатты – сильный, мощный Ерікті – имеет право Қалаған еңбек – любимое дело Еркін – вольно, свободно 4- тапсырма. Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауды қойып жазу. Логикалық ойын. «Артық сөзді тап» А) балта, балға, шеге, қысқыш, ине. Ә) кітап, қалам, ай, дәптер, өшіргіш. Б) өзен, көл, жер, шаш, тау. Тест сұрақтары. 1. Қазақстанның тұңғыш президенті. А) Қонаев Ә) Назарбаев Б) Горбачев 2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. А) орыс Ә) қазақ Б) ағылшын 3. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларация қай жылы қабылданды? А) 1991 жылы 16 желтоқсан; Ә) 1990 жылы 25 қазан; Б) 2000 жылы 1 мамыр 4. Тұңғыш қазақ ғарышкері. А) Тоқтар Әубәкіров; Ә) Нүркен Әбдіров Б) Талғат Билелдинов 5. Қазақстанның ең үлкен көлі А) Зайсан Ә) Балхаш Б) Жосалы Диалог. «Менің Отаным» - Сәлем, Саша! - Сәлем, Вика! - Саша, сенің Отаның қай ел? - Менің Отаным Қазақстан. - Қазақстан қандай мемлекет? - Қазақстан бай, үлкен мемлекет. - Қазақстан жерінде қандай пайдалы қазбалар бар? - Қазақстан жерінде мұнай, көмір, мыс тағы басқа пайдалы қазбалар бар. - Қазақстан табиғаты қандай? - Қазақстан табиғаты тамаша, сұлу. - Ал, Вика, сен өз Отаныңды жақсы көресің бе? - Әрине, жақсы көремін, мақтан тұтамын. - Сұхбатыңа рахмет, Саша! Сау бол! - Сау бол! Мақал- мәтелдер.(Мұғалім бастайды, оқушылар аяқтайды) 1. Отан- елдің анасы, ....(ел – ердің анасы) 2. Отанды сүю ....(отбасынан басталады) 3. Отанын сүйген отқа жанбайды, .....(суға батпайды) 4. Туған жердің .... (жуасы да тәтті) 5. Туған жердің жері де көрікті, ...( елі де сүйікті) 6. Еліңді сүйсең, .... (ерлік істейсің) 7. Ел үмітін ер ақтар, ....(ер атағын ел сақтар) Қорытындылау. - Бүгінгі сабақта не білдім, не білгім келеді, не білемін. Сұрақтарына жауап беру. Оқушылардың білімін бағалау. | |
Просмотров: 653 | Загрузок: 15 | Комментарии: 3 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|