Главная » Файлы » В помощь учителю » Классному руководителю |
[ Скачать с сервера (18.2 Kb) ] | 2016-03-17, 5:15 AM |
Жамбыл Облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімі «Әлтай Төлепбергенов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Кыдыралиева Шолпан Кенесбековна Бастауыш сынып мұғалімі Сыныптан тыс жұмыс Сынып: 2 Тақырыбы: Кім іскер және кім шебер? Мақсаты: Оқушыларға қазақтың мақал – мәтелдерін, салт – дәстүрін, қолөнерін үйрету арқылы еңбеккетәрбиелеу, ұшқырлық, ойлауқабілетіншыңдау. Сабақтың барысы:Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болуы керек. Ол үшін әрбір ата – ана балалардың білімділігін , мәдениеттілігі мен іскерлігін адамгершілік қасиеттерінің жетілуіне жан жақты көңіл бөлу қажет.“Үйрету - үлкеннен, үйрену – кішіден “ демекші өткеннің өнегесін дәстүрдің татымдысын сабақ үстінде бала бойына сіңіру әрбір ұстаздың міндеті. Ұйымдастыру кезеңі Топқа бөлу: Іскерлер тобы, Шеберлер тобы Мұхамед Қашқари былай деген екен (нақыл сөз) Балам саған айтайын, Өсиетін дананың. Білімдіні таны да, Соңына ері қарағым. Білімді үйрен данадан, Жалтаңдама басқаға. Өнерді үйрен шеберден, Өрлігіңді таста да. Жоспары: 1. Мақал - сөздің мәйегі 2.Мақал - мәтелдің жалғасын тап 3.Кім жүйрік? 4.Ою ойғанның ойы ұшқыр 5.Ақ сандық, көк сандық 6.Бейнені тап 7.Өнерлі бала өрге жүзер 1 – кезең. Мақал - сөздіңмәйегі( балаларсалт-дәстүртуралымақалмәтелайтады) 2 – кезең. Мақал - мәтелдің жалғасын тап 1. Еңбек етсең ерінбей.... (Тояды қарның тіленбей) 2. Кітап білім.... (бұлағы) 3. Еңбектің наны.... (тәтті, Жалқаудың жаны тәтті) 4. Өнер алды...... (қызыл тіл) 5. Бірлік бар жерде..... (тірлік бар) 6. Әкені көріп ұл өсер ....... (Ананы көріп қыз өсер) 7. Ырыс алды.....(ынтымақ) 8. Ақыл көпке жеткізер..........(өнер көкке жеткізер) 9. Еңбек түбі ...... (береке) 10. Мал өсірсең қой өсір.....(пайдасы оның көл - көсір) 3 – кезең. Кім жүйрік? ( берілген сұраққа жылдам жауап беру) 1. Қазақтың ұлттық аспаптарын ата? (домбыра, сазсырнай, қобыз, жетіген, сыбызғы т.б) 2. Төрт түлік малдың иесі қалай аталады?(Түйе – Ойсыл қара, Жылқы – Қамбар ата, Қой – Шопан ата, Сиыр – Зеңгі баба, Ешкі – Сексек ата) 3. Қазақша ай аттарын ата? (қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша) 4. Табиғи материалдарды ата? (бүршіктер, бұтақтар, жапырақтар, құс қанаты, тұқым, мүк) 5. Құрамақты неден құрастырады? (бүршіктер, ұлу қабығы, ермексаз, т.б.) 6. Симметрия дегеніміз не? (симметрия - бір затты қақ ортасынан беттестіргенде екі жартының бір – біріне дәлме – дәл келуі) 7. Аппликация деген не? (аппликация жапсырма мата қағаз материалдар қиықтарын желімдеу, жапсыру) 8. Әшекейлеу деген не? (әдемі ою – өрнектермен суреттермен сәндеу) 9. Мата неден жасалады? (табиғи және жасанды талшықтардан жасалады) Абайдың қандай өлеңдерін білесің? Жатқа айт 4- кезең. Ою ойғанның ойы ұшқыр ( әр топтан ою-өрнек жасалады) 5- кезең. Ақ сандық, көк сандық 1. Үш жүзді ата (Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз) 2. Үш көзді атаңыз? (су анасы бұлақ, жол анасы тұяқ, сөз анасы құлақ) 3. Үш арсыз (күлкі, тамақ, ұйқы) 4. Бес қару деген не? (садақ, қылыш, найза, айбалта, шоқпар) 5. Жеті атаны ата? (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене) 6. Жеті қазынаны ата? (ер жігіт, сұлу әйел, ақыл – білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы) 7. Қандай ұлттық ойын түрлерін білесің? (қыз қуу, ханталапай, ақсүйек, тоғызқұмалақ, қызыл ту, асық ойыны) 8. Ою түрлерін ата? (қошқар мүйіз, сынық мүйіз, ) 9. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата? (ет, қуырдақ, тары, жент т.б) Сүт тағамдарын ата? (айран, ірімшік, уыз, құрт, сүзбе, қымыз т.б) 6- кезең. Бейнені тап ( оқушылар берілген бейнеге сипаттама жасайды) 7 – кезең. Марапаттау | |
Просмотров: 1114 | Загрузок: 8 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|