Главная » Файлы » В помощь учителю » Психология |
2017-03-02, 2:11 PM | |
Аутист балалардың көру түйсігіндегі ерекшеліктері Дәрігер-офтальмолог Минат.М ҚММ "Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық-кеңесі" Қарағанды қаласы Аутизм-өзінен шынайы өмірден алшақтау немесе сыртқы әрекеттерге әсердің парадоксалдығы,пассивтілік немесе ортамен қарым-қатынаста ерекше жарақаттанғыштық түсінігі жатыр. Ең алғаш аутизм деген терминді 1912 жылы щвейцар психиатрі Э.Блэхер ұсынған.Аутизм ауруын бірінші ашып зерттеген АҚШ психиатрі-Лео Каннер. Зерттеу барысында аутизмнің жиілігі,уақыт өткен сайын ұлттық және басқа да факторларға қатыссыз өсу тенденциясына байланысты екені анықталды.Аутизм соқырлық,кереңдіктен де жиі кездеседі.Соңғы жылдарда аутизмнің кездесу жиілігі 10 мың жаңа туған балада 15-20 жағдай,онда да қыздардан гөрі ұлдарда 4 мәрте жиі кездеседі. Балалар аутизмін түзету әдістері АҚШ,Жапония және Батыс Европа елдерінде қалыптан тыс,сан түрлі.Олардың жақындарына деген эмоционалдық жауап қайтаруы әлсіз « аффективтік қорғаныс» көру және есту тітіркендіргіштеріне жауап қайтаруы жеткіліксіз,сондықтан бұл балалар соқыр және керең балаларға ұқсайды. Аутизммен ауыратын бала көзбе-көз қарым-қатынасқа түсуден қашқақтайды,өзге адамдардың сезімдерін түсіне алмайды.Бұндай балалардың назарын адамға,басқа нысанға аудару және бірнәрсе үйрету қиын.Олар орталық немесе тура көрумен емес,перифериялық немесе шеткі көрумен қарайды.Перифериялық көру немесе шеткі көру дегеніміз-тура алдыға қараған кездегі,екі жақ жаныңда тұрған заттарды көруді қабылдауды айтамыз. Олардың көруін жақсарту үшін әртүрлі гимнастикалар және сенсорлық техникалармен жұмыс жасаған дұрыс,мысалы компьютер,планшет,телевизормен.ПМПК-тен көмек алуға әртүлі ақауы бар балалар келеді,соның ішінде аутизм ауруына шалдыққан балаларда көптеп келеді.Оларға психо-медико-педагогикалық кеңес беріп,ауруының дәрежесіне байланысты,арнайы мектепке дейінгі мекемелерге,мектептерге,емдеу-сауықтыру орындарына жіберіледі. ПМПК-ден 2016 жылғы есеп бойынша,аутизммен ауыратын 107 бала қаралған.Офтальмолог-дәрігер ретінде бұндай балаларды қарау қиынға соғады.Бұндай балалардың көру өткірлігін тексере алмайсыз,өйткені олар сөйлемейді және тура қарамайды. Сонымен қатар қараңғы бөлмеде қараған кезде,көзбе-көз қарамай,көзі жүгіріп тұрады,мазасызданады,жылайды.Кейбір жағдайда скиоскопиялық сызғышпен қараған кезде,рефракциясы қалыпты +1.0 диоптрийға тең болады.Бұл дегеніміз қалыпты жағдай,көруі жақсы сияқты,бірақ олардың көру түйсігі дамымаған,кейбір заттарды көреді,кейбірін көре алмайды,немесе бір затты жартылай көруі мүмкін.Ал көз түбін қараған кезде,көз түбінде ерекше өзгерістер болмайды,қалыпты жағдайдағыдай.Көру нервісінің дискісі:бозғылт-күлгін түсті,шекарасы анық,қантамырлары қалыпты немесе аздап қантамырларының кеңеюі немесе тарылуы болуы мүмкін.торлы қабықта өзгеріссіз. Қорытындылай келе:ПМПК-тің тексеруі кезінде.аутист балалардың көру түйсігіндегі ерекшеліктері анықталған.Аутизм мен науқас балаларды көруге бейімдеп,әртүрлі жаттығулар,сенсорлы техникалармен жұмыстар жасауға болады (компьютер,планшет,теледидар т.б). Қолданылған әдебиеттер:
1. Р.Меделбек.Аутизмге шалдыққандарды бейімдеу кенжелеп тұр. 2. К.Гилберт. Аутизм медицинское и педогогическое воздействие.М-2003 г-144с. 3. А.Б.Айтбаева.Коррекциялық педагогика негіздері.Алматы 2011ж-160 б. 4. С.С.Морозова.Аутизм коррекционная работа при тяжелых и осложненных формах.П пособие для учителя-дефектолога. М-2007г-176с. | |
Просмотров: 946 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|