Білім саласына реформа емес революция қажет( екінші ұсыныс ) Бүгінгі Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесінде мектептің көптеген түрлері жұмыс істеп жатыр. Бізде толып жатқан “Дарын”, “ҚТЛ”, “НЗМ”, қосымша білім беретін т.с.с. мектептер де бар.Бір сөзбен айтқанда, орта білім жүйесі нағыз ізденіс пен талпыныс үстінде.Алайда барлығы жетіліп, өзгеріп, жайнап, кемеліне жетіп кетті дей алмаймыз. Дәлірек айтқанда,олардың бағдармалары, оқулықтары, мұғалімдердің шеберлік денгейі,білім беру сапасында айтулы айырмашылық бар,тіптен мұғалімдердің еңбек жүктемесі, жалақысына дейін алалық орын алып отыр. Осының бәрін теңестіріп,бір деңгейге келтіріп,оның тиімділігін арттыру бүгінгі күннің басты міндеті болмақ. Орта білім беру үш кезеңмен тәрбиелеу және оқыту сатылы, сабақтасқан, жүйеге көшу керек.Алғашқы кезең:(3-10 жас)- сауат ашып жетілу, (11-14 жас) дараланып даму.Осы күнгі мектепалды мекеме мен бастауыш мектеп бір арнаға түсіп, негізгі мектептің құрамдас бөлігіне айналу керек.(Мұны ғимараттық және әкімшілік бірігу деп ойлап қалмаңыз. Әңгіме, бағдар-малық,мазмұндық сабақтастық туралы болып отыр) Бүгінгі балабақша, балдырғанның уақытын алдарқатып өткізу орны да емес,сондай-ақ,оларды мектепке дайындау мекемесі де емес.Балдырған балбөбектерді дамытып жетілдіретін,оқытып үйрететін ерекше оқу орны екенін мойындау керек.Екінші жағынан, елімізде мектеп жасына дейінгі балалардың 98,2 пайызы балабақшаға қамтылу мүмкіндігі қолға келгенін ескерсек,ертең ақ 100 пайызға жететіні даусыз болғандықтан бұл ұсыныс орынсыз да емес.Мектепке дайындау да,алты жас аясында балабақшада бірнеше айлық уақытта жүргізіледі.3-10 жас аралығында барлық балалар сауат ашып жетілуге тиіс.Сауат ашып жетілу дегеніміз не? ЮНЕСКО-ның ұсынған білім философиясы бойынша осы заманда өмірге келген ұрпақ,есі дұрыс дені сау болса (қазақ бұларды текті жан деп атаған) он үш түрлі сауатын ашып жетілдіру арқылы кәсіп игеріп,ғылым негізін үйрене алады екен.Ең әуелі,ақыл-есі түзу,ойлап зерделей алу,тоқып еске сақтау сауаттылығы мен сөйлей алу сауатын ашуы тиіс. Білім шыңына үш жол апарады: ойлау жолы – бұл игі әрі қайырымдылық жол, Ұқсауға тырысу мен еліктеу бұл – жеңіл жол, Тәжірибе жинау жолы – ең құдіретті әрі абыройлы биік жол.Әл-Фараби бабамыз айтқан «туа бітті интеллекті» дамып,Нәзипа апамыздың ескерткен «сөйлеу өнерін» игерту осы жастағы балалар үшін басты білім.Ал, мектеп есігін аша сала оқу жазуы алдыңғы аталған сауаттарға ұштаса отырып дамытылуы ләзім. Н.Құлжанова: “Балаға сусындай керегінің бірі – сөйлеу. Түрлі білімнің түбірі, негізі – баланың сөйлеуі…»-деп,олардың ойлағанын ашық та,айқын толық жеткізе білуі,ғылым-білім игерудің алғышарты екенін өте дұрыс көрсеткен.Оки алу,жаза алу сауаты мектеп жасына жеткендердің ыждаһаттықпен игеретін асыл сауаты.Бүгінгі таңда мектеп жасындағы сәбилердің игермек сауаты осымен ғана бітпейді.Ұлық ұстаз А.Байтұрсынов: «Сауат ашу дегеніміз тек оқу-жазумен ғана шектелмейді …»-деген екен. Айталық еңбек ету сауаттылығынсыз,мәдениетінсіз адам баласы қашан да,тән және жан азығын тауып,дәмін татпағаны баршаға белгілі.Тән азығын нәресте шағынан игерген жас бала жан азығын анасының үнінен,сылдырмағының дыбысынан алады.Шақалақ үшін алғашқы еңбек –ауыздану.Осы дене еңбегін игеру сауаты күн сайын өсіп жетіліп,бекіп нығайып отыруы тиіс.Аунау,еңбектеу,тік тұру,қадам басу т.т. жалғаса береді.Нәресте әр күн сайын өмірмен танысып,қадам басқан сайын « жаңалық ашады.»Осы жаңалықты ашу үшін оған танып білу сауаттылығы қажет.Дәлірек айтқанда, жаңалық ашудың сәбиге тән әдіс-тәсілі болады. Сәбидің жасы қосылған сайын осы әдіс-тәсілдерлің саны,шанағы, дәрежесі үнемі артып отырады.Кейбір әдіс-тәсілдер бекіп,машық дағдыға айналады.Олай болса балаға білім беру,оны тәрбиелеу,дамыту дегеніміз олардың «ғылыми жаңалық» ашып,зерттеу машық дағдысын жетілдіруге көмек көрсету,қолайлы жағдай туғызу. Жаратушыдан берілген ақыл-парасаты молығып,нұрлануы шарт.Көкірек көзі ашылу басталып,ақыл көзі айқындала түсу керек.Бұл оқу-тоқу жасалмаса,оның интеллектуалдық дамуы жасалмаса иманды ұл,ибалы қыз қалыптаспайды. Осы заманғы ғылымның анықтауы бойынша адам интеллектісінің 40-50% бес жаста, 60-70% жеті жаста, 9 жаста 92%-ға дейін және 15 жаста толық қалыптасады.Қазақта осы жастағы балалардың интеллектісін қалыптастыратын арнаулы ойын-ойыншық,тақпақ,жаңылтпаш,жұмбақ (оның өзі бес бағытта),ән-күй, ертегі, есеп,әңгіме бар болған.Хат танытып,жазу сызу үйретпесе де олардың зердесін ашып, көкірек көзін оятатын,тамаша құралдары, оңтайлы әдіс амалдары жеткілікті еді.Осы заман алдынғы айтылған сауаттылықтарға:-есептеу сауаттылығы, қаржылық сауаттылық,ақпараттық сауаттылық,компьютерлік сауаттылық, өміртану сауаттылығын тіркеп отыр.Сауат ашып жетілдіру шағында балдырғандар еркін ойлайтын,келістіріп оқи алатын,шебер жаза алатын,ауызша және техникалық құрал пайдаланып терең есептей алатын,сауаттылығын өмірде көрсете алатын,пайдаланып іске жарата алатын,немесе сауаттылықта «алып та жығатын, шалыпта жығатын» пәрменді, қабылет қарымды болу керек. Осының бәрін 3-10 жас аралығында игертуге арналған жаңа мазмұнмен толықтырылған заманауи бағдарлама жасауымыз қажет.11-15 жас аралығында осы сауаттылығын тереңдетіп жетілдіріп,жеке басының қарым –қабылетіне сай,ынта-қызығу талпынысына сай,бейім ыңғайына сай еңбек пен өнер-білім жолына түсу таңдауын жасайтын болуы тиіс.Айталық,адам баласында әсемдікті игеру тума сауаттылық бар екен. Себебі,оны Жаратушы да,өмірге әкелген ана да,қоршаған орта да әсемдікке бөленген сырлы дүние.Текті жан солардың барлығынан алатын еншісін алып өмірге келеді.Егер осы дарын көзін ашып,сауаттылығын игертіп,жетелеп жетілдірсеңіз,сөзсіз ол,дара даму жолына түседі.Өткен шақтағы қазақтың өнер майталмандары ордалы оқу орнын көрмесе де, осы сауаттылығын жетілдіріп дамыту арқылы аты жалпақ жұртқа,ел аумағына, асырып айтсаңыз әлемге танымал болған.Олай болса,осы күнгі негізгі мектеп аталып жүрген орта мектептің екінші басқышында дара дамыту басты ұстаным болуға тиіс.Осы жағдайда, музыкалық,бейнелеу-мүсін өнері,сөз өнері, би өнері,спорттық т.б. қарым-қабылетін ашып, олардың ынта жігеріне сай талант қажет ететін арнаулы мектептерге бағыттап баулып отыру керек. Ал,ғылымға және еңбекке қызықтыру, бейімдеу, ынталандыру осы кезеңдегі тәрбиелеу,оқыту ісінің негізгі бағыты болғаны дұрыс. Еңбекке баулудың өзі балалардың бейім ыңғайы,ынтасына сай келешек кәсібіне негіз боларлық бағытта жүрілуі тиіс.Мысалы оқушыларға ой еңбегімен айалысып жатқанын оның да сауаттылығы бар екенін ұқтырып,білім игерудің технологиясымен толық таныстыру қажет. Қол еңбегінің қарапайым технологиясы емес ең озық технологиясы үйрету керек Айтылған орта білім берудің қос сатысын: егер қазақ тілінде ,үйретіп ұқтырсаң,сауат ашып оны жетілдірсең, Қазақстан Республикасында қазақ тілінде оқытатын негізгі мектебін ашу,жұмыстату мүмкіндігі қолға келмек. Екінші жағынан бұл мектепте отбасында өз тілінде оқып-тәрбиеленген қазақ баласы ғана емес,орыс,неміс,кореец,өзбек,армиян т.б. этностардың кез-келгенінің балалары да осы мектепте оқып білім алып,сауат ашып дами алады. Орта мектептің алғашқы екі сатысында:сауат ашып,жетілдіріп және дара дамытуды оқытып-тәрбиелеу ісінің негізі болдырудың ең басты артықшылығы осында болып отыр. Ал,орта білімнің алғашқы екі сатысын ағылшын тілінде ,орыс тілінде,неміс тілінде,қытай т.б. тілінде жүзеге асырсаң Қазақстан Республикасында шет тілінде оқытатын мектеп ашу,жұмыстату мүмкіндігі қолға келеді.Кәзіргі орыс тілінде оқытатын мектептеріміз,қазақ тілінде оқытатын мектеп пәндерін орысша аударып ұсынған.Бұл шет тілінде оқытатын мектеп санатына жатпайды.Олар «аударма» білім, «аударма» тәрбие беретін ең зиянды мектеп. Ондай мектептің қауыптілігін Қордай ауданында орын алған келеңсіздік бізге толық ұғындырды. Орта білім берудің келесі сатысы 11-12 сынып оқушыларын оқытатын зияткерлік мектеп болады. Ғылым-білімнің белгілі бағытына ынта көңілі ауған,талғап таңдап оқуға, ғылым негізін тереңдетіп игеруге бейімделген,білім алу технологоиясын әжептәуір меңгерген оқушылардың мектебі болуы тиіс.Ол осы күнгі іріктеп алынған оқушылардың басқадан артықшылық иеленетін НЗМ –не ұқсас болғанымен,өзара алалық (бағдарламасында, оқулығында,оқу–білім беру дәрежесінде,сапасында,оқытушылардың жалақысында,т.б.) болмайды.Ешқандай емтихан тапсырмайды, оқушының қалауы, таңдауы шешеді. Қамтылған оқушы санына сай аудандарда 1-3, қалалар мен аумақты өлкелерде 5-6 -ға дейін құрылады.Қарапайымдау тілмен түсіндірсек 11-12 сыныбы бар барлық мектеп зияткерлік мектепке айналады,алайда ол мектепте 10-1-ге дейінгі сыныптар болмайды.Мұндай мектептер бір кезде «ауыл аралық мектеп» аталған жағдай болған. Келешекте, негізгі мектепті бітірген түлектердің көбісі арнайы орта мектептер мен ТжКБ беретін мектептерге баруға ынталы болады.Аудан орталықтарында зияткерлік мектепке үзеңгілес, Шағын жинақты мектептер мен негізгі мектептерге тікелей көмек көрсететін «Жәрдем» орталықтары жұмыстап, жылжымалы кабинет,он-лайн сабақ өткізетін, құрылғылармен жабдықталған ақпарат тарату лабароториялары болуы қажет.Мұндай жәрдем ,көмек орталықтары Жапонияда, Америкада кәзір де бар. ШЖМ-де бірнеше пәнді бір мұғалім үйретіп жатқанын көріп қана жәрдемдеспей, негізгі мектептің бірінде орын алып жатқан сауаттылықтың жетіспей,дараланып дами алмағанын айтып қана отырумен шектелу қандай әлсіздік деңізші! Өзіміздегі ұстаз шеберлігі орталықтары мұндай ауқымды оқытуға қауқарсыз.тек мұғалімдер аумағынан аса алмай жүр.Кәзір жас мұғалімдердің айтып жүрген пікіріне құлақ түрсеңіз Қазақстанда ШЖМ-ден толық арылу мүмкіндігі бар екен.Тек урбанизацяны дұрыс басқару қажет.
Екінші бір мәселе зияткерлік мектептер ауданда құрылса интернатымен қоса болуы тиіс. Сондай-ақ,оның оқу- өндірістік базасы, еңбекке баулу,кәсіп игерту мүмкіндігі болу керек. Мұны жүзеге асырудың бізде екі түрлі жолы бар. Бірінші.Әр аудандардағы зияткерлік мектеп пен арнайы орта оқу орындары, кәсіптік-техникалық мектептердің өзара ынтымақтастығы мен байланысын жаңа белеске көтеріп, олардың материал техникалық базасын, өндірістік оқу орталықтарын бірігіп пайдалану, өндірістік оқу жүргізуге бейімдеу қажет.Бұл әлемдік тәжірибеден өтіп сыналған үрдіс. Олар өзара мектеп ауыстыру, мамандық игеруде еркін болу керек.Екінші.Әр зияткерлік мектептер өз аумағында және өндірістік мекемелер, фермерлер мен бизисмендер,шаруа қожалықтарымен келісім шартқа отырып, 8, 9,10 сынып оқушылары айлық немесе 45 күндік еңбек тоқсанын өткізу орынды.Мұның бастамалары өзімізде кәзір де бар. «Бұл жағдай әр жыл сайын 21 мыңға жуық мектеп түлегі кәсіби және жоғары оқу орындарына түсе алмай қалады.Жастардың бұл тобы жұмыссыздар мен маргиналдардың негізін құрайды. Олар амалының жоқтығынан қылмыстық және экстремистік ағымдардың ықпалына түсуде.»-деп президент айтып ескерткен олқылықты жоюға мүмкіндік береді.Екінші жағынан:«Біз оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет.Бұл саясат орта білім берудің ұлттық стандартының негізі болуы тиіс,»-деген президент тапсырмасын осылай жасасақ қана орындай аламыз. Сауаттылықты толық игерту,,оның құзыреттілігін арттыру мәселесі әлемдік білім беру жүйесінде тым терең талданып,өте нақтылыққа ие болуда.Ал,бізде сауаты толық ашылмаған жанға ғылым негізін оқытып,маман игеруге мәжбүрлеудеміз.Біркездегі бастауыш және тірек мектептер кәзір сауаттылыққа баулу, құүзыреттілікті игерту мектептеріне айналып барады. PISA-2018 (мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын тексеру) нәтижелері бойынша ЭЫДҰ елдері мен Қазақстанның орташа көрсеткіштері арасындағы алшақтық едәуір артқан.Мысалы, (9 және 10 сынып оқушылары) Қазақстан математикадан сауаттылығы (600-ден)2015 2018 460 423 490 489 Қазақстан оқу сауаттылығы бойынша (600-ден) 2015 427 387 2018 493 487 Қазақстан The world’s largest ranking of countries and regions by English skills рейтингінде 100 қатысушыдан 93-ші орында тұр. Сонымен қатар мектеп оқушыларының TIMSS-2015 математикалық және жаратылыстану ғылымдары білімінің сапасын бағалау нәтижесі бойынша қалалық және ауылдық білім көрсеткіштерінде 29-37 балға дейін үлкен алшақтық сақталып келеді. PISA (2009, 2012, 2015, 2018) және TIMSS (2007, 2011, 2015) қорытындылары бойынша өңірлер, аймақтар (қала-ауыл), оқыту тілі мен отбасының әлеуметтік –экономикалық жағдайы бойынша мектептерде білім беру сапасында үлкен айырмашылық сақталып келеді. Сондай-ақ, аймақтар бойынша PISA-ның ең төменгі және ең жоғары көрсеткіштері арасындағы айырмашылық үш жылдық оқу мерзіміне сәйкес келеді. Бұл дегеніміз, бір облыстағы 9-шы сынып оқушыларының білімі басқа аймақтың 9-сынып оқушыларының білім деңгейінен үш жылға артта қалуы мүмкін екенін көрсетеді. Сауаттылықты толық игерту мәселесі кәзіргі тірек және бастауыш мектептердегі шеттілін үйрететін мұғалім мамандығын түбегейлі өзгертуді талап етеді.Енді олар «Сауаттану» пән педагогы атануға тура келеді.Анығырақ айтқанда сауатын қазақ тілінде ашып жатқан мектепке келіп,тірек мектептердің оқушыларынаының сауатын ағылшын тілінде,орыс тілінде ашатын қабылет қарым,педагогикалық шеберлік,үштілде сауат ашуға жетерлік тілдік білім қажет.Егер оқушы қандай бір тілде сауаттылығы толық ашылылса олар өзбетімен оны қандай бір әдіс амалдар мен жетілдіре алатындығы белгілі болын отыр.Себебі бүгінгі таңда адам өмірбойы үзіліссіз білім жинайды.Оны тек мектеп пен арнаулы және ЖОО қабырғыасында ғана жүзеге асырмайды. Мысалы араб тілінде оқытатын Казақстан мектебінде ол педагог, оқушылардың сауатын қазақ тілінде және ағылшын тілінде аша алу тиіс.Бүгінгі шеттілі мұғалімдері мұны жүзеге асыра алмайды.Жаңа жүйемен оларды дайындау керек. Бұрынғы жұмыстаушыларды қайта дайындау керек.Зияткерлік арнаулы білім беретін мектептермен және ЖОО-ла шет тілі маманы жұмыстайды,Олар ағылшын тілбілімі мен әдебиетінен, орыстіл білімі мен әдебиетінен дәріс беруші ғана емес аудармашылық маманы болу керек болып тұр.Қәзіргі жағдайда студент ағылшын тілінде (орыс,қытай,неміс, француз т.т. тілде) жазған рефератын (т.б. шығармасын ) редакторлату өте ауыр болып жүр.Тапсырыспен дайындалатын педагогтар,(жаратылыс тану пәндерін орыс тілінде,ағылшын тілінде оқыта алатын педагогтар т.б.) университеттердің халықаралық байланысы негізінде ұтқырлықты ұтымды пайдаланып жүзеге асырылуы тиіс.
Қобдабай Қабдыразақұлы (ғалым-жазушы)
|