Главная » Файлы » В помощь учителю » Психология |
[ Скачать с сервера (91.0 Kb) ] | 2012-04-08, 11:53 PM |
Пәні: Психология Тобы: 2 а КинФ. Уақыты: 02.12.09. Сабақтың тақырыбы: Іс - әрекет түрлері Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат - міндеттері: А) ақпараттық Б) коммуникативтік В) проблеманы шешу Студенттерден іс - әрекет, іс - әрекет түрлері туралы білімдерін сұрау, жинақтау. Іс - әрекеттің анықтамасы, түрлері, балада дамуы және қалыптасуы туралы алынған ақпаратты талдау, жинақтау, қорыту, құрылымдау, логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, қорыту, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеме, ұқсастығы бойынша дәлелдеме, моделдеу, ойлау эксперименті, материалдарды жүйелеу) колдана отырып, ақпараттарды өндеу; Іс- әрекеттің негізгі түрлерін ажырату, қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін акпараттарды қолдануға, тұлғаны қалыптастыратын іс - әрекеттің маңызды тұстары мен аспектілерін түсіну, ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдану; Іс - әрекеттің ерекшеліктерін ескеріп, дағдысы қалыптасып, өз іс - әрекетінде белсенділік көрсете алу, өз қызметіне мақсат қоюға, оны іске асыру үшін қажетті жағдайларды анықтауға, ондағы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға және ұйымдастыруға дайын болу, өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, өзінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыруға дайын болу; Сабақ типі: Практикалық сабақ. Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту Сабақтың әдісі: Графикалық негізде алгоритмдеу, модульдеу, салыстыру, түсіндіру, әңгімелесу, сөздік, көрнекілік, практикалық, ішінара зерттеу, проблемалық, эвристикалық, СТО стратегиялары: Венн диаграммасы, Галерияға саяхат, еркін жазу, Екі түрлі күнделік Пәнаралық байланыс: педагогика, тәрбие жұмысы әдістемесі, жаңа педагогикалық технология, физиология Оқыту құралдары: проектор, нитерактивті тақта, маркер, үлестірмелі – жапсырмалы қағаз, плакат Сабақ жоспары Сабақтың барысы: Оқытушының қызметі Студенттің қызметі Күтілетін нәтиже І. Ұйымдастыру бөлімі Амандасу, түгендеу. Студенттерді сабаққа дайындау. Амандасу. Сабаққа қажетті құралдарды әзірлейді. Сабаққа әзірлігін, жұмысқа даярлығын ұйымдастырады. II. Қызығушылықты ояту III. Мағынаны тану IV. Ой толғаныс V. Қорытындылау. Бағалау. Топқа бөлу Студенттерді 1,2,3 топқа өздері таңдаған фигуралар бойынша бөлінеді. 1 топ: Ойын 2 топ: Оқу 3 топ: Еңбек Бөлінген 1,2,3 топ мүшелері бес тапсырманы орындау қажеттігі айтылады. 1 тапсырма: Таныстыру Әр топқа өз іс - әрекет түрін таныстырып, жарнамалау тапсырылады. 2 тапсырма: Екі түрлі күнделік Дәптердің бетінің ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді түсініп оқып, түсінгендерін жазады Оңжағы Сол жағы Мәтінде қатты әсер еткен үзінділер жазылады. Сол әсер еткен үзінділерге өз ойларын, пікірлерін жазады. 3 тапсырма: Венн диаграммасы Бұл жеке өздеріне тән ерекшеліктері және ортақ ерекшкліктері бар екі пунктті салыстыру үшін қолданылады. Екі шеңбер айқасып сызылып ұқсастықтарын, айырмашылықтарын бөліп жазады. 1 топ: ойын мен оқу 2 топ: оқу мен еңбек 3 топ: еңбек мен ойын 4 тапсырма: Галерияға саяхат Берілген тақырыпқа, ойға өз ойларын бір парақ қағазға жазып, бөлме қабырғаларына жабыстырылады. Сонан соң барлық оқушылар бір-бірінің жазған ойларымен танысады. 5 тапсырма: Еркін жазу Тақырыбы: Іс - әрекеттің адам өміріндегі маңызы Біз студенттерден бір минуттың ішінде тоқтамастан тақырыптарын өздері тауып ойына келген оқиғаларды жазуын сұраймыз. Берілген уақыт өткен соң мерзімнің біткенін ескертіп және бір минут қосымша уақыт беруге болады. Сонан соң сол жазғандарын әріптестеріне оқып беруін сұраймыз. Оқытушының студенттердің өзіндік бағалауын және сарапшылардың бағаларын ескеріп бағалауы. Әрбір студент өздері келіп таңдаған фигуралар бойынша топқа бөлінеді. 1 топ: Ойын 2 топ: Оқу 3 топ: Еңбек Тапсырмалармен, сарапшылармен танысады Әр топ өз іс - әрекет түрін таныстырады Студенттер өз ойларын айтып, ортаға салады. Әр топтың мүшелерінің ойлары тыңдалып, айтқан мысалдары талқыланып, қағазға түсіріледі. топтық жұмыс тапсырмаларына сәйкес жауап береді. Әр студент өз іс- әрекет түрін дамыту және тәрбиелеу жолдарын қағазға жазып, қабырғаларға жабыстырады Тақырыбы: Іс - әрекеттің адам өміріндегі маңызы Тақырып бойынша жеке жұмыстанып, топтық талқыға салады. Өз әрекетінің нәтижесін бағалайды. Студенттер бірін – бірі бағалайды. Әр студент өз жұмыс тобымен қарым – қатынас жасайды. Сарапшылардың алдында жауапкершілігі қалыптасады. Іс - әрекеттің дамуына керекті шарттарды анықтайды, маңызын анықтайды. Өз ойларын ұсына отырып түсіндіреді өз қарым-қатынастарын дәйектейді. Түсінуге және нақтылауға арналған тапсырмалар мен сұрақтарға топ болып жұмыстанып, өз ойларын айтады. Алынған мәліметті нақтылайды, іс - әрекет түрлерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата алады Топтық жұмыс тапсырмаларына сәйкес жұмыстанады, өздеріне берілген әдісті қолдана отырып, жұмыс жасайды. Жауаптар тыңдалып, талқыланып, нақтыланады. Өзгелердің ойымен танысады Оқушылар өз ойларын ұсына отырып түсіндіреді немесе топтың өзге де мүшелерінің идеяларын өз қарым-қатынастарын дәйектейді. Өздерінің және өзге студенттердің іс- әрекеттерінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетеді; Өз қызметіндегі қызығушылығын анықтайды. VI. Үйге тапсырма Қосымша мәліметтермен танысу Жоба үлгісін жасау Қосымша мәліметтермен танысады Жоба үлгісін жасайды Өзіне қосымша мәліметтер алады, шығармашылық қабілеттері шыңдалады. | |
Просмотров: 8336 | Загрузок: 469 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|