Главная » Файлы » В помощь учителю » Психология |
2013-11-04, 7:28 PM | |
«Ертөстік» мектепке дейінгі балалар мекемесі. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕСТЕ ӨТКІЗІЛГЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТЕР. психолог: Тукмухамбетова Айман. «Бала» (сәби) жаттығуы. Мақсаты: педагогтардың балаға деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыру. Тәрбиешілер дөңгелене отырады да, әрқайсысы кезекпен «бала-сәби» деген сөзге анықтама бере бастайды.Мысалы: «бала-сәби-бұл бастауыш сынып оқушысы т.б.» Сөйлемнің басы дәл мынадай болып құрылуы қажет: «бала-сәби бұл....».Одан әрі мұғалім сөйлемді қалай аяқтағысы келсе, солай аяқтайды. Талқылау кезінде психолог топтың назарын дұрыс,жақсы әрі тиімді айтылған анықтамаларға аударады. «Кездесу» жаттығуы. Мақсаты:тәрбиешілердің балалық шақтарын естеріне түсіру,түйсік,түсіну қабілеттерін одан әрі дамыту, оның «балалық комплексін» (үлкен адамның өзін бала ретінде сезінуі) қалыптастыру. Топ бойынша өтетін бұл жаттығу медатативті сеанс ретінде ұйымдастырылады.Тәрбиешілер ыңғайлы түрде өз орындарына жайғасады.Олар жарты шеңбер жасап отыруы тиіс.Ал психолог олардың қарсы алдында тұруы қажет. -Бұлшық еттеріңізді бос ұстаңыздар, орнықты, еркін отырыңыз және бірнеше минут еркін демалуға тырысыңыз.Қазір менің сөздерімді мұқият тыңдап, сіздер бейнелі түрде,сурет ретінде елестетіп отыруларын қажет.Көзімізді жұмамыз. -«Сіз дәл қазір үйіңізде отырмын деп елестетіңіз.Сіз үйіңіздің ыңғайлы,жақсы,жайлы орныңызда отырсыз.Сіз іштей өзіңізге қажетті кездесуге дайындалудасыз.Сіз ойлану үстіндесіз және өзіңізге өзіңіз зер салып отырсы. Ал, енді сіз ойша тұрасыз да, есікке қарай жүресіз.Есікті ашып, теппе (баспалдақ) арқылы түменге түсесіз.Қараңғы кіре берістен шығып, жаздың сәулелі күнінің шуағына бөлінесіз.Ал сыртқа шыққан кезде сіздің қарсы алдыңызда сәби шығады.Ол сізге бірте-бірте жақындай береді.Дұрыстап көңіл аударыңыз, бұлсәби-сізсіз, яғни сіздің бастауыш сыныпта оқып жүргендегі түріңіз.Бұл кішкене баланың қалай киінгеніне,бет әлпетіне көңіл-күйіне зер салыңыз.Ол сәбиді анықтап қарауға тырысыңыз.Сәбиге өзіңізге ең қажетті деген сұрақты қойыңыз да, сәбидің қалай жауап бергенін қадағалаңыз.Осыдан соң жайлап артқа бұрылыңыз да, асықпай өз пәтеріңізге қайтыңыз». -Енді көздеріңізді ашып, балабақшаға оралыңыз.Жақсы,жарайсыздар қандай сезімде болдыңыздар?Ендеше әрқайсымыз мына сұрақтарға жауап берейік. 1.Бала кезіңіздегі қандай болғаныңызды,балалық шақтағы өз бейнеңізді суреттеп беріңіз?2.Сіздің ішкі қиялыңызда ол қандай көрініске ие?3.Сіз сәбиге қандай сұрақ қойдыңыз?4.Басыңыздан кешірген әсеріңізді айтып беріңіз? «Қырықаяқ» жаттығуы. Мақсаты: Тәрбиешілердің өздерінің арасындағы жақсы әсер орнату,педагог ұжымның тығыз байланыстылығын арттыру.Көңіл-күйлерін көтеру. Педагогтар пойыз болып тұрып,бір-бірінің белдерінен ұстап «қырықаяқ» құмырсқаны бейнелейді. Психологтың бұйрығы бойынша бірге сол аяқты көтеру,оң аяқты,отыру,тұру, жүгіру сияқты қимылдарды орындайды. | |
Просмотров: 2709 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|