Главная » Файлы » В помощь учителю » Психология |
2014-01-07, 12:02 PM | |
Оқушыларды ҰБТ-ге психологиялық дайындау «Біздің ресурстарымыз» тренингі Мақсаты: топты ұйымдастыра білу, эмпатиялық сезімді, жағымды көңіл күйді көтеру, белсенділікті арттыру және өмірлік күшті жинау. 1. «Сәлемдесу салт жорасы» жаттығуы 1- Қазақстан мемлекетінде қол берісіп сәлемдеседі; 2- Италия мемлекетінде – ыстық құшақтасады; 3- Зимбабия мемлекетінде - бір-бірінің арқаларын түйістіреді; 4- Македония мемлекетінде – шынтақпен амандасады; 5- Никарагуа мемлекетінде – бір-бірінің иықтарымен амандасады; 6- Австриялық аборигендерде сәлемдесудің 2 түрі қолданылады: алақанмен шапалақтау және секіру. 2. «Есімдер» жаттығуы 1-кезең. Сергіту сәті. Қазір біз өзіміз жайлы білуге тырысамыз. Мүмкін бұл ақпарат сіздерге жаңа болуы да мүмкін. Өз есімдеріңізді тігінен жазу. Әр бір әріптің қасына, яғни сол әріптен басталатын өзіңізге тән қасиетті жазасыз (5-7 минут). Ә-әділетті Д-дарынды І-ілтипатты Р-рақымшыл 2-кезең. Есімді көре білу. 1. Көзімізді жұмамыз (баяу әуен ойнайды). Үлкен ақ қағазға өзіңіздің есіміңіз үлкен әріппен жазылғанын елестетіңіз. Сәлден соң есіміңіздің әріптерін, түсін, өлшемін қалауыңыз бойынша өзгертіңіз. Сонымен қатар ақ парақтың түсін өзгерте аласыз: қызыл, сары, ақ, жасыл. Өзіңізге ұнаған түске тоқталасыз. 2. Бұл әріптер біртіндеп жойыла бастайды да, оның орнына хош иісті гүлдер пайда болады. 3. Бұл қандай гүл? Эксперимент жасап көріңіз. Гүл жапырақтарының өлшемін, түсін өзгертіңіз. Өзіңізге тән және өз атыңызға ұқсағанға дейін өзгертуге болады. 4. Сізді өз есіміңізбен атап шақырып жатқанын елестетіңіз. Бұл кім? Естімей жатсаңыз, тағы да қайталаңыз. Қандай сезім, эмоция алдыңыз? 5. Сіздің есіміңіздің дәмі, иісі, температурасы бар ма екенін елестетіңіз. Қандай олар? (10-15 минут). 3-кезең. Сурет салу. Таза ақ парақ қағазға өзіңнің есіміңді қалай көре білдің суретін салу (3-10 минут). 3. «Ертегі» жаттығуы Қазір біз бәрімізге ортақ ертегі құрастырамыз. Ол ертегінің басы мен аяғы белгілі. Біздіе мақсатымыз ертегінің ең негізгі бөлімін жасау. Ертегі шеңбер бойынша құрылады. Ертегі бір айналғаннан немесе бірнеше рет шеңберді айналғаннан аяқталмауы да мүмкін. Ертегінің басы: «Емтихан күні мен ояндым ...» және ертегінің аяғы «... сол кезден бастап, Астана қаласында ешқандай бақытсыз адам болған жоқ». 4. «Шындықты айтқанда» жаттығуы Сіздерге бірнеше қималар беріледі. Сол қималарда айқталмаған сөйлемдер бар. Берілген сөйлемдерді ойланбай, тез арада шындықты айтып аяқтау керек. Қималар мазмұны: - Шындықты айтқанда, алдымдағы емтиханды ойлаған кезде мен ... - Шындықты айтқанда, емтиханға дайындалар кезінде мен... - Шындықты айтқанда, алдағы емтиханда болатын стерстті ... - Шындықты айтқанда, мен үйге келген кезде ... - Шындықты айтқанда, мен беретін емтихан туралы ата-аналарымның қобалжуларын ойлаған кезде ... - Шындықты айтқанда, мен бос уақытымда... - Шындықты айтқанда, мен қыдыруға барған кезде немесе дискотекаға барғанда... - Шындықты айтқанда, мен қобалжыған кезде ... - Шындықты айтқанда, мен ойымды жинақтай алмаған жағдайда ... - Шындықты айтқанда, емтихан туралы естіген кезде ... - Шындықты айтқанда, мен консультацияға келгенде ... - Шындықты айтқанда, топтық тренингтерге қатысқан кезде ... Талқылау - Сөйлемдерді аяқтау қиынға соқты ма? - Өзіңе тиімді не алдың? 5. «Тілек шамы» жаттығуы Қатысушылар шеңбер жасап тұрады. Бір-біріне жүрек жарды тілектерін айтады. Мысалы: «Мен саған .............. тілеймін». | |
Просмотров: 2006 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|