1. Тренингкке қатысушыларға, ойынның мақсаты және шарттары түсіндіріледі. 2. Тақтаға қызыл – қара түстен тұратын таблица ілінеді, онда бірден, қырыққа дейінгі сандар жазылған. Әр қатысушы алдындағы дәптерге санды көрген бойда қандай түсті таблицада тұрғанын түсіру керек, ол үшін қара түсті - деп, ал қызыл түсті + деп белгілейді. Таплицадағы сандардың жазылуы әр түрлі болғандықтан, бұл тапсырма зейіннің ауысуын талап етеді, сондықтан тапсырма оңай емес, бір минуттан кейін ойын тоқтатылады. Үлгермей қалған оқушыларға зейінің ауыстыруға арналған тапсырмалар, үйге беріледі. 3. Мюнхенберг әдістемесі: бұнда парқта мағынасы бар сөздер, әр түрлі әріптердің арасында жасырылады, олар тегіс әріптерден тұратын қатарды құрайды. Әр оқушы алдындағы дәптерге мағынасы бар сөздерді көшіреді. Бір минуттан соң ойын тоқтатылады. Ең көп сөз көшірген бала ең зейінді аталаы, ал ең аз сөз көшірген оқушыға зейінін дамытуға арналған тапсырмалар үйге беріледі. 4. «Шыбын» ойыны: Тақтаға тігінен он клеткадан және көлденен он клеткадан тұратын төрт бұрыш сызылады, оның кезкелген жеріне нүкте салынады, Осы нүктені «шыбын» деп атаймыз. Сонан соң жүргізуші шыбын бір клетка жоғары, төрт клетка оңға, бес клетка солға, алты клетка төмен дегендей нұсқау береді, шыбын қонды деген кезде оқушылар «шыбын» қайда қонып тұрғаны туралы айтып нүктені сол жерге ауыстырады, дұрыс тапқан оқушы жүргізушінің орнын ауыстырып өзі «шыбынның» ұшу жолын айтады, қалған оқушылар оны табу керек. 5. «Пионино» әдістемесі: Оқушылар шеңбер құра отырып, екі жағындағы адамдардың тізесіне қолдарын қояды, Сонан соң жүргізуші қасындағы адамның тізесінен бір рет түртеді, келесі қол екі рет түрту керек, одан кейінгі қайтадан бір рет түрту керек. Ойын осылай жалғасын табады. Шатасып қалған оқушы ойыннан шығып отырады, шеңберде бір адам қалғанша ойын жалғасады, сонына дейін жеткен оқушы ең зейінді оқушы атанады. 6. Тренингкке қатысушылар ойынды талқылап, жүргізуші кері байланыс орнатады.Әр қатысушы тренингтегі қызықты жерлері және қиын мәселелер туралы айтады.
|