Кошенова Жанат Сайдрахмановна, Семей қаласы, « № 47 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ, педагог-психолог «Ата-ана тәрбиесіндегі олқылықтар» Бала тәрбиесінде ата-ананың жауапкершілігі зор болып табылады. Өйткені, баланы үлкен өмірге жетелеп әкелу, жауапкершіліг мол тұлға қалыптастыру, өмірге көзқарасын дұрыс қалыптастырып, заман талабына сай азамат етіп тәрбиелеу оңай міндет емес. Айналасы арқылы тәлім-тәрбиені үйренеді, адам баласына тән қасиеттерге дағдыланады, жақсы-жаман қасиеттерге үйренеді, еңбекке, өнер-білімге бой ұрады. Үйде күнделікті болып жатқан ірілі-ұсақты оқиғалар: бір-бірімен қарым-қатынасы, баламен сөйлесуі, үй шаруасының атқарылуы, уақытты өткізуі, үлкендермен қарым-қатынасы, бәрі-бәрі балаларға тікелей әсер етеді, мінез-құлқы соған сәйкес өзгереді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген халық даналығы да осыған байланысты туса керек. Шын мәніндегі өнеге-ата-ананың да, мұғалімнің де бала тәрбиесінде үлкен көмек беретін, дұрыс бағыт сілтеп, басшылық ететін басты құралы. 3-4 жастан бастап балалар өзедерінің сан алуан сұрақтарына әр алуан жауап алтынына таң қалады, менің ата-анам бәрін біледі деген ой қалыптасады. Кейбір ата-ана баланы қаталдықпен ұстайды, айғайлап, ұрысу секілді өрескел мінез көрсетеді. Шектен асқан қаталдық баланы қорқақ, жасық етіп, тіпті ауруға да душар етеді. Мектепке әр түрлі психологиялық жағдаймен балалар келеді, солармен сөйлесіп, жағымды жағдай жасау-мұғалім мен мектеп психологының міндеті. Олармен әр түрлі жұмыстар жүргізіледі. Сұхбат, тест, ойын түрлері т.с.с. Көрнекті педагог А.С.Макаренко балаға қатаң талап қою да қажет екендігін, оларды құрметтей де білу керек екенін арнайы сөз еткен де болатын. Балаға талапты дұрыс, орынды, ойластырып қоя білу керек. Балаға бір нәрсені бірнеше рет қайталап айта берсең, ол сөздің қасиетін жояды. Халқымыздың ұлттық тәрбиесі негізінен жүйелі болған деп айтуға болады. Өйткені, тәрбиеге әке-шеше, отбасынан бастап ағайын-туыс, көрші-қолаңның бәрі араласып, бәрі де халықтың баласына ортақ қамқорлық жасаған.
|