Главная » Файлы » В помощь учителю » Психология |
2016-10-13, 8:01 AM | |
Тлеубаева Алия Муратжановна, Семей қаласындағы № 19 жалпы орта білім беретін мектептің педагог-психологы «Дарынды баланың ерекшелігі» Дарынды балалар мен жасөспірімдердің негізгі сипаттамаларының бірі – тәуелсіздік (автономность): әрекет етуде, ойлануда көпшіліктің пікірімен санаспайды. Бұл тұлғалық қасиеттің әрекет ету барысында көмегі болғанымен, оларды қоршаған ортасы үшін ыңғайсыз етеді. Дарынды бала тұлғасының қалыптасуындағы маңыздысы – ата-аналардың назары. Олар баласының оқуына айрықша назар аударады, қосымша кітаптар сатып әпереді, оны қалай оқыту жөнінде мұғаліммен кеңеседі. Бұл бала бойындағы қабілетті дамытудың жағымды факторы болып табылады. Дарындылықтың төмендегі түрлері және белгілері бар түрлері айқындалады: – практикалық әрекетте, көбінесе, қолөнері, спорттық және ұйымдастырушылық дарындылықтарды айтуға болады. – танымдық әрекетте - әрекеттің пәндік мазмұнына қатысты интеллектуалдық дарындылықтың сан түрі айқындалады (жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы, интеллектуалдық ойындар саласындағы, т.б. дарындылықтар); – көркем-эстетикалық әрекетте – хореграфиялық, әдеби-поэтикалық, бейнелеу және музыкалық дарындылықтар; – коммуникативтік әрекетте – лидерлік және аттрактивтік дарындылықтар; – рухани-құндылық әрекетте – жаңа рухани құндылықтар туғызудан және адамдарға қызмет етуден байқалатын дарындылықтар. Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырудың тәсілі ретінде оқыту әдістері білімді жемісті игерудің, сонымен қатар танымдық бейімділіктері мен тұлғалық сапаларын дамытудың маңызды факторы болып табылады. Интеллектуалдық дарынды оқушыларды оқытуда қолданылатын шығармашылық сипаттағы әдістердің негізгісі – проблемалық, ізденіс, эвристикалық, зерттеу, жобалау болып табылады, оларды өзіндік, дербес, топтық әдістермен үйлестіре қолданған жөн. Танымдық қажеттіліктің жоғары деңгейі, көп білуге құмарлық, ұнатын ісімен ынтызарлықпен айналысу дарынды балалардың ынталандырушылық белгісі болып табылады. Дарынды балалар ерте жастан білуге, проблемаға зейін қоюда таң қаларлық қабілет байқата отырып, ерекше қызығушылық танытады. Дарынды балалардың басым бөлігіне перфекционизм яғни әрекетті орындауда кемелділікке ұмтылу тән. | |
Просмотров: 720 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|