Главная » Файлы » В помощь учителю » Психология |
2016-10-31, 9:02 AM | |
Рахмжанова Жанна Кунмухаметкызы, психолог, №25 жалпы орта білім беретін мектеп, Семей қаласы Ұлттық тағылым мен психология ғылымының бірізділігі Эстетиканың өмірлік, тұрмыстық, адами қарым-қатынастың саладағы алтын өзегі – әдеп. «Әдеп» сөзінің мәні қазақ тіліндегі ұлттық қолданыста халқымыздың мәдениетін ұғындырады. Әдеп – ұлттық тағылымның алтын арқауы, тәлімдік кредосы. Халықтық тағлымның қайнар бұлағы біздің заманымызға дейінгі дәуірден бастау алады. Ұлттық мәдениеттің тегі сол ұлттық ұлт болып қалыптаспай тұрған кезінен бастап-ақ жеке ұлыстардың ұрпағын тәрбиелеуден туындағаны белгілі. М.Жұмабаев бала тәрбиесінде ұлттық психологияны қалыптастыру, халықтық педагогиканың негізінде оқу-тәрбие жұмысын жүргізу қажетін басты назарда ұстау керек екенін айтады. "Әр тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі", – деп үлкен тұжырым жасайды. Халықтық игі мәдени дәстүрлері ізеттілік, қайырымдылық, мейірімділік, қонақжайлылық, имандылық, иманжүзділік – барлық мәдени үлгі-өнегелі іс-әрекеттердің көрінісі. Қазақ халқының осы игі дәстүрлерін айқындап, дәлелдей келе, халықты рухани тазалығы жағынан алып, қазақ халқын әдепті, яғни қайырымды, мейірімді халық деп атауға әбден болады. Бұл – ұлт мәдениетінің ең озық көрінісітері. Халықтық тағлым – ұрпақ тәрбиесінің өзекті арқауы. Игі әдеттердің өмір қолданысына айналуы - әдет-ғұрып, оның біржола өмір заңдылығына айналуы – салт-дәстүр деп аталады. Яғни дәстүр – қолданылмалы іс-әрекет. Халықтық тағлымдағы салт-дәстүрлердің ұлттық санасы сіңіп, біржола заңдандырылуы – салт-сана деп аталады. Ұлттық санаға сіңіп қалыптасқан салт-дәстүрлер сол ұлттың ой-санасының дәрежесін көрсетеді. Ұлттық сананың қозғаушы күші – ұлттық намыс, ұлттық абырой. Ол жеке тұлғалардың перзенттік борышын өтеу дәрежесіне сай өмірден өз көріністерін байқатады. Сондықтан әрбір әдет-ғұрыптық, салт-дәстүрдің салт-санасы әсер ететін тәрбиелік мәні зор. Қазақтың халық тағлымдары баланың пайымдауын қалыптастырып, ойлау жүйесін дамытып, үлгі-өнегелі іс-әрекеттерді үйретіп, кісілігін кемелдендіру арқылы ақыл-ой тәрбиесін іске асырады. Ол үшін халық мақал-мәтелдерді, өнегелі өсиет сөздерді, даналық уағыздарды, шешендік сөздерді пайдаланады. «Білікті бірді жығады, білмді мыңды жығады», «Кітап – білім бұлағы», «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп» деп, халық мақал-мәтелдер арқылы ғылым білімді зерттеп, ақыл-ойдың негізі пайымдауда екендігін ұрпаққа ұғындырып отырады. Халық баланың ойлау жүйесін дамыту үшін санамақтар мен жұмбақтарды пайдаланады, түрлі аңыз әңгімелер мен ертегілерді үлгі-өнеге етеді, өсиет сөздердің тәрбиелік мәнін жоғары бағалайды. | |
Просмотров: 716 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|