Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Педагогика

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру.
[ Скачать с сервера (70.5 Kb) ] 2013-04-13, 4:22 PM
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Нургазиева Г .О. Ақтау қаласы.

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру.

Бүгінгі таңда оқушы қабілетін қанағаттандыра алатындай білім беру үшін оқыту үрдісінің сан алуан түрлерін пайдаланып отырғандығымыз белгілі. Осы жаңа әдістерді қолдану кезінде педагогикалық-психологиялық талаптарды біріктіре отырып, оқушының оқу материалын терең игеруіне жағдай жасау қажеттілігі көрініп отыр.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту кезеңінде мен әрбір оқушыға жаңа сабақтарды меңгертіп қана қоймай, оқушыдан жеке тұлға қалыптастыру қажеттілігін ескеремін. Көп жолығатын қиыншылық - қазақ әдебиеті пәнін өткізу барысында баланың өзіндік ой қорыта алмау, қазақша сөз мағынасын ашып айта алмау, шығарма жаза алмау сияқты кедергілер бар. Ой-пікір қабілеттілігін жетілдіру, білімді, саналы, тілге жетік тұлға дайындап шығару - мұғалімдердің мақсаты болатын болса, сол мақсатқа жету үшін шығармашылық жұмысты мұғалім өзі емес, оқушыларымен бірге іске асыру керек деп ойлаймын. Сабақта жоғарғы сапаға жету үшін, алдымен пәнге деген қызығушылығын ояту керек. Сондықтан жаңа технологиялық әдіс-тәсілдердің ішінде қазақ әдебиеті сабағында «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясы негізінде мына тақырыпта жұмыстанып келемін: Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру.
Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:
- шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сын көзбен қарау;
- күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешім қабылдауға құштарлық;
- үйрету мен үйрену бірлігінің, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.
Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы негізгі мақсатым:
1. Шәкірттеріме қазақ халқының өткені мен қазіргі тарихын үйрету.
2. Оқушының сөздік қорының көп болуына, сөйлей білуге үйрету.
3. Тың мәліметтерді тауып, зерттеуге, талдауға, қорытынды жасауға үйрету.
4. Пәнге деген қызғушылығын ояту.
5. Тақырыпқа қызығушылық танытқан оқушылармен жеке жұмыс, бағыт-бағдар беру.
6. Әр түрлі шығармашылық сайыстарға қатыстыру.
Мұғалімнің шығармашылық жұмысы ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, өтілетін сабақтың жоспарын құру, оны өткізу әдістері, оқушылардың қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, иллюстрация, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Мұғалімнің осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады. Ал, шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады. Оқушыны шығармашылық ойлауға, жылдамдыққа, икемділікке, тапқырлыққа үйрету ол мұғалімнің әр сабағында қалыптасып отыратыны анық. Қазіргі білім берудегі жаңа әдістер оқушының өз бетінше білім алуына, танымдық белсенділігін арттыруға, шығармашылығын қалыптастыруға, кез-келген мәселе жөнінде өз пікірінің болуы және оны дәлелдей алуына ықпал ететіндігі белгілі.М.Жұмабаевтың «Педагогика » деген еңбегінде «Сабақ барысында мұғалім оқушыға тақырыпты жеткізу үшін алдымен балаға жаңа беретін білімді жат күйінше емес, баланың бұрынғы таныс біліміне байлап берсін » делінген. Қазіргі кезде қолданылып жүрген әдістерде бала бұрынғы өзі білетін нәрсенің ерекшеліктерін саралап, оның жетістігі мен қажеттілігі арқылы жаңа білімді алуға ұмтылады. Қазақ тілі мен әдебиетін пәнін өткен кезде, оқушылардың жазу мен оқуда сыни тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдерді қолданамын. Осы әдістеме қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолдану өте қолайлы, қоғамдық маңызы мен мәні зор идеяларды игеруге болатын нақты әдістер мен тәсілдер.Қайткенде де оқушының ойына, сезіміне серпіліс ендіруді мақсат еттім, дайын тақырыптар оқушыны қызықтырмайды, мұғалім оқушыны өзіне тең дәрежеде екенін есте шығармай, оны жеке тұлға екендігін қабылдап, сан алуан әрекет арқылы –ойды ұштау, жетілдіру, жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру- осының бәрі бүгінгі қажеттілік.Әлемдік психолог-педагогикалық әдебиеттерде адамның ойлауын дамытатын мәселелерді А.Н.Монтьев, С.П.Рубинштейн, М.В.Занков т.б. атақты ғалымдар теориялық тұрғыдан қарастырған. Ойлау дегеніміз – ақиқат дүниені өзара барлық байланыс қатынастарымен сәулелендіретін, миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленетін процесс. Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаевтың сөзімен алсақ: «Ойлау жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек».
Менің сабақ өтетін сыныптарым 9-10-11 сынып оқушылары болды. Сондықтан зерттеу обьектісі де сол оқушылардың жасына қарап анықталды.
1.Алғаш оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін анықтаудан бастадым. Мысалы, тіл байлығын зерттеу үшін шығарма, эссе жаздырдым.
2.Сабақта оқушыны көбірек сөйлетіп, әңгіме, ой толғау жазу сабақ үстінде, мәтінді жалғастыру.
3.Психологиялық тестер өткізу.
4. Ойталқы ұйымдастыру.
Сабағымда оқушыларды мәтінмен, (тақырып, өлең) таныстырып болған соң, жұппен, топпен талқылау ұйымдастырамын. Оқушылар ойланады, ізденеді, біріне-бірі түсіндіруіне болады. Белгілі өзінше бір қорытындыға келеді. Осы тәсіл арқылы көп нәтижеге қол жетуізуге болады. Мысалы, 9-сыныпта «Біржан мен Сара айтысы» тақырыбын өткен кезде, төмендегіше түсіндіруге болады.
1-кезең. Қызығушылық ояту. Бұл үйрену үрдісі. Оқушының бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастыру.
1. Айтыс дегеніміз не?
2. Қандай түрлері бар?
3. Топтастыр. (түрлерін ажыратып жазу, түсіндіру) Оқушылар талқылап, өздерінің не білетіндіктерін айтады. Еске түсіріп, қағазға жазады.
2-кезең. Ой шақыру.
1.Біржан сал кім? Ол туралы естулерің бар ма?
2.Сара Тастанбекқызының өмірі жайында деректерден не білесіңдер?
3. Жаңа сабақ. Бейнетаспа көрсету.Ойға шабуыл. Біржан мен Сара бейнесін суреттеу. Айтыстың немен аяқталғандығын түсіндіру, талқылау.
Венн диаграммасын салу. Ортақ қасиетін табу. Тақтада оқушылар жазады. Кітаппен жұмыс жүргізіледі. 172-173 беттен, оқушыларға оқыту.
«Санда», «Ақ иық, мұзбалақ», «Дарабоз», т.б сөздерінің мағынасын ашу. Дәптерлеріне жазу. Алдымен оқушыдан сұраймыз таба алмаған жағдайда мұғалім өзі айтып береді.

4. Сергіту сәті.
Шығармашылық жұмыс «Егерде мен ақын болсам», «Сараның жеңілу себебі?». Оқушылар өз ойларын жазып, оқып береді.
5. Бағалау. ( Ең жақсы жауап берген оқушыны сынып оқушылары өздері айтса да болады).
6. Үйге тапсырма. Айтыспен түгел танысып оқу, жаттау, Қосымша мәлімет табу.
7. Қорытынды.
Сондай-ақ , шығарманы өткен кезде рольге боліп оқу, сол оқыған бейнені өзі талқылап, дәлелдеп беру сияқты әдіс-тәсілдер ұяң, өзіне сенімсіз оқушыларға пайдасы көп. Шығарманың не себепті осылай аяталғанына, не болмаса автордың өмірінің қиыншылықтары, тағдырдың қоғаммен байланысты екендігін өзінше түйін жасап, әрі қарай оқушы өзі ізденіп, мәңгілік есінде қалуына әсер етеді. Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасын сабақтарымда қолдану арқылы кәсібімнің қыр сырына тереңдей түстім. Бұрын маған тимеңіз деп партаның ең соңында отыратын оқушылар , өз пікірін айтуға, егер мұғалім оны қолдап жатса, сыныптастарының алдында мақтаныш пайда болып, сабаққа қызу араласатын болды. Ал тек сабақпен аяқталғысы келмегендер, жазушы өмірін тереңінен білгісі келетіндіктерін айтып, өздігінше кітапханаларға барып, іздеп, тауып оқитын болды. Шындығында, мен сабақта оқушы ойларын дұрыс немесе бұрыс деп айтпаймын. Олар өздігінше дәлелдеп шығуға тырысады. Мысалы, М.Әуезовтың «Абай жолы» романын өткен кезде, сынып екі топқа бөлініп, бірі Құнанбай образын «жағымды», екіншісі «жағымсыз» деп , оқушылар 2-сағат бойы бір түйінге келе алмай-ақ қойды. Сондағы байқағаным өз сөздерін дәлелдеймін деп романды бірнеше рет қайталап оқығандары да болды. Бұл әрине қуантатын жағдай. Эссе стратегиясы бойынша «Абайға хат» жаздық. Осы тәсіл арқылы оқушылар жазу стилін тапты. Эссе жазуды 6-7 сынып оқушыларынан бастап қолдана беруге болады. Бұрын шығарма жазғанда оқушылармен көп қиындыққа кезігетін едік. Өсе келе олар өз ойларын айтумен шектелмей, өз ойларын дәлелдеуге, қорытынды шығаруға үйрене бастады. Өзіндік жұмыстарына мақсатты бағдар, айқын міндеттер қоя білді. Бұл жерде бір қызығы оқушылар баға үшін емес, өз ойларын дәлелдеу үшін –ақ , іздену керектігін, шындықтың негізін табуға құштар болды.
Осындай сабақ барысында оқушылар өздерінің, бір-бірінің ой-пікірлеріне сын көзімен қарай отырып, жаңа тың идеялар туғызады. Сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуына, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Оқушылар мұндай сабақтарда оқудың қызықты әрі жеңіл өтетіндігін, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатыңдығын баяңдайды.Соңғы 2011-2012 оқу жылында әр тоқсан сайын салыстырғанда 9-сыныбым мынадай көрсеткіштер көрсетті.


«Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жетілдіруді қажет ететін, үнемі жаңаны табатын өнер», - деп Ж. Аймауытов айтқандай, сабақ беруді өнер деп бағалау тегін емес. Әдебиет сабағы- нағыз өнерге сүйіспеншілік оятатын, оқушыларды шығармашылыққа жетелейтін, терең ой мен мол эмоция беретін,
Қорыта келе, біз мұғалімдер-шәкірттердің арманы болғымыз келеді, ертең өскен кезде де біздің түлектер ұстаздарына зор құрмет, мақтанышпен қараса екен деймін. Қазіргі қазақ баласына «Сен мықты азамат боласың!» - деп үлкен сеніммен қарап, оған таныс нәрсемен, таңсықты бірге ала жүріп, оқушыны әр сабақта «Даналыққа ұмтылу-таңқалудан басталады», - деп таң қалдыра білуіміз қажет. Бүгінгі таңда тәлім-тәрбие алып жатқан бүлдіршіндер ертеңгі күннің тек білімді маманы емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тәрбиені және мәдениетті қастерлейтін рухани кемелденген азамат болып жетілу керек!
Категория: Педагогика | Добавил: galii
Просмотров: 10377 | Загрузок: 639 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 3.0/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 8:53 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru