Главная » Файлы » В помощь учителю » Педагогика |
2013-11-05, 8:01 PM | |
Ибраева Гульмира Сакенқызы-Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі Сабақтың тақырыбы: «Химиялық байланыс.Зат құрылысы» тарауын қайталау сабақ ( «Құпия агенттердің шытырмандары») Мақсаты: «Химиялық байланыс.Зат құрылысы» тарауы бойынша қайталау сабақ Міндеті: 1. Білімділік: тақырып бойынша қайталау және бекіту, алған білім дәрежесін тексеру 2. Дамытушылық: пәнге деген қызығушылығын дамыту, эрудициясын, ойлау қабілетін, анализ жасауға, қорытынды жасап анық жеткізе білуге үйрету 3. Тәрбиелілік: жеке тұлға ретінде қалыптастыру, топпен бірге жұмыс жасауға үйрету. Байқағыштыққа, топ арасында жұмыс істеген кезде сыпайылылыққа және өзгенің жауабын тыңдауға үйрету. Сабақтың типі :қорытындылау сабақ, білімді жүйелеу. Сабақтың түрі : проблемалық ізденіс сабақ Сабақтың формасы : «детективтік тергеу» . Пед.технология : ТРИЗ,АҚТ Көрнекі құралдар мен материалдар: компьютерлік презентация, үлестірме тапсырмалар, жауап парағы, телеграмма, құпия агенттері үшін код номері мен аттары бар куәлік. Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастырушылқ бөлім 2. Тапқырлыққа тапсырма 3. Шапшаңдық пен ептілікке тапсырма 4. Шифрдың жеткізілу уақытын анықтау 5. Телефон номерін анықтау 6. Парольді анықтау 7. Шифрды шешіп көр 8. Қорытындылау Сабақ барысы 1.Ұйымдастырушылық бөлім. Мұғалім: Бүгін біздер құпия агенті боламыз, яғни құпия ұйымның қиын да шырмалаң тізбектің аралық звеносы болып, құнды ақпаратты алып, және оны жіберуіміз керек. Олай болса шытырман басталады. Құпия агенті болу үшін сіздер оқыту курсынан өтіп, түрлі сәйкес сұрақтарға жауап берулеріңіз керек. Сіздер құпия агенті бола аласыздар ма екен, қазір тексереміз. Кез келген құпия агенті болу үшін, сіздер өз жұмыстарыңызды жақсы орындауда қандай қасиет керек деп ойлайсыңыздар? (Оқушы жауаптары батырлық, ептілік, ақылдылық тапқырлық, шыдамдылық, шапшаңдық және т.б.) Әрине өте дұрыс, енді мен сіздердің тапқырлықтарыңызды тексергім келеді. Бірінші байқауды бастаймыз. 1-тур: Тапқырлыққа тапсырма. 2 топ химиялық сұрақтарға жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа 1 балл алады. Егер де топ дұрыс жауап бере алмаса, онда қарсы топ жауап беріп, 1 балл табуына болады. 1. химиялық байланыстың түрлері? 2. элементтердің электртерістіг дегеніміз не ? ол үғымды кім еңгізді? 3. ХЭПЖ электртерістік қалай өзгереді ? 4. кристалдық торлардың қандай түрлерін білесіңдер? 5. Тотығу дәреже дегеніміз не ? 6. Тотығу-тотықсыздану реакциялары? 7. Д.И.Менделеевтің периодтік жүйесінің ашылған жылы, 8. Заттардың физикалық қасиеттері немен анықталады? Балалар, сіздер бірінші байқаудан жақсы өттіңдер. Менің ойымша құпия агенті тапқыр болып қана қоймай, тез және епті болу керек. Олай болса, екінші байқауды бастайық 2-тур: Шапшаңдық пен ептілікке тапсырма. 2- топқа үлестірме карточка беріледі. Карточкада заттардың формуласы берілген..Берілген заттарды химиялық байланыстың тиісті аланыңа қою керек. 1-топ NH3 NaI I2 Аg Cl2 N2 NaCl H2O H2S CH4 KBr C(алмаз) HCl NaCl Li SiO2 CaCl2 NaI H3P Br2 2-топ H2S CH4 KBr Pb HCl NaCl H2O C (графит) HF KCl N2 HJ AlN CaO F2 NaCl, H2S MgBr2 Сs Fe Балалар, сіздер тапсырмаларды өте жақсы орындап шықтыңыздар.Құпия агентінің деңгейіне жеттіңіздер, құттықтап сіздерге өте жақсы деген белгісін табыстаймын Енді ісімізге кірісейік. Мен айтқандай сіздер құпия агентсіздер, яғни құпия жазудың кілтін (шифр) алып, оны әрі қарай жеткізулеріңіз қажет. Егер де сіздер жолдағы кедергілерден өте алмасаңыздар, онда құнды құпия ақпаратты жоғалтып аласыздар. Ол үшін бәрін істей білу керек. Құпия кілтін керек уақыты мен керек жеріне жеткізулеріңіз керек. Сіздер әзірсіздер ме? Сәттілік тілеймін. Онда кеттік. Алдымен міндетті түрде шифрдың жеткізілу уақытын анықтап алуымыз қажет. Сіздерге мынадай интернет арқылы хабар түсті. Тапсырманы шешу арқылы уақытын табуымыз керек. Олай болса, 3-тур шифрдың жеткізілу уақытын анықтау. 3 тур: Шифрдың жеткізілу уақытын анықтау. 2 топқа карточка беріледі. Сан есептерін шығару арқылы шифрдың жеткізілу уақытын анықтау. Өте жақсы. Енді біздер шифрдың жеткізілу уақытын білеміз, енді оны қайда және қалай жеткіземіз. таптыңыздар. Бұл хат. Бұл хатты тезірек ашып жолдауды оқиық, мүмкін бұл жолдауда әрі қарайғы әрекетіміз жазылған болар. «Құрметті агент ! Шифрды әрі қарай жеткізу сіздерге міндетті түрде телефон номерін анықтау қажет. Өте мұқият болыңыздар, әйтпесе байланыс үзіліп, құнды ақпарат жоғалуы мүмкін. Сәттілік тілеймін!» Кәне балалар, тырысып көрейік ? Олай болса 4-турды бастаймыз. 4- тур: Шифрды жеткізу үшін телефон номерін анықтау. 2 топқа химиялық формула жазылған карточка беріледі. Оқушылар заттардағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтап, асты сызылған элементтердің тотығу дәрежесін жазып алу. 1 топ: (Na, H2SO4,AL2O3) KMnO4, CuO, LiNO3, Zn, MnCL2, CO2, H2Cr2O7 Дұрыс жауабы: (063) 7250246 2 топ: (Na, HSO , Al O ) HNO , CrO , LiPO , Cl, KJ, SO , KClO Балалар, сіздер қателеспепсіздер. Сіздер жақсы агент екенсіңдер. Қиын тапсырманы оңай шештіңіздер. Енді біздер шифрдың жеткізілу уақытын, телефон номерін білдік. Бірақ қоңырау соққан кезде парольсіз сізбен ешкім сөйлеспейді. Енді келесі қадам-парольді табу. Сіздер телефон номерін анықтап жатқан кезде маған тағы мынадай тапсырма келді. Тапсырманы орындасақ парольді білуге болады екен. Олай болса 5-турды бастайық. 5- тур: Парольді анықтау Өте жақсы, бұл тапсырманы да оырндап шықтыңыздар. Енді біздер құпия тапсырманы орындау үшін не керегін бәрін білеміз. Кез келген құпия агенті шифрды беріп және алып қана қоймайды, ол оны оқи да білу керек. Ол үшін қазір біз сіздермен әзірлік жүргіземіз. Яғни сіздер шешуге тырысып көріңдер. Дайынсыңдар ма ? 6-турды бастаймыз. Топтарға тапсырмалар беріледі: Ітоп: натрийдің электрондық формуласы.Кай элемент екенің тауып,осы элементтіХЭПЖ бойынша сипаттама беру керек. 1S22S22P63S1 1S22S22P63S23P5 ІІ топ: хлор 6- тур Құпия кілтін шешіп көр .Шығармашылық тапсырма. Ал, балалар, бұл тапсырманы да орындап шықтыңыздар. Мен сіздерді құттықтаймын. Мен әзірлеген қиын шырмалаң жолдардан өтіп шығуларыңызбен! Құпия агенті болу үшін сіздер зор құрметпен сыннан өттіңіздер. Мүмкін өмірлеріңізге қажетке жарап қалар. Ал, бүгін сабақта жақсы белсенділікпен қатысқан оқушыларға рахмет айтамын. Біздің қызықты шытырман қорытындылайық. Сабақты қорытындылау. | |
Просмотров: 3523 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|