Жобалау технологиясы Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы (Түсіндірме сөздік)
Педагогикалық технология оқу үдерісіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал. Педагогикалық үдерісті нақты нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі және ол түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылымы. (Б.Т.Лихачев) Педагогикалық технология - бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті. (М.В. Кларин) Педагогикалық технология - оқу-тәрбие үдерісінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі.